бет 2/33 Дата 06.01.2022 өлшемі 158,43 Kb. #12848
Байланысты:
Етістік Бұл бет үшін навигация:1.1 Қоректену етістіктері: ішу, жеу, ұрттау, қарпу, қарбыту, жұту, сораптау, жалау, сору, сораптау, т.б.; 1.3 Қыру, жою етістіктері: бұзу, күлін көкке ұшыру, жырту, шабу, сою, бауыздау, балталау,т.б.; 1.5 Объектіні қозғалту етістіктері: алу, беру, итеру, қозғау, шашу, көтеру, лақтыру, түсіру, құлату, т.б.; 1.7 Объектінің қалпын өзгертетін етістіктер: төңкеру, аудару, бүктеу, жазу, т.б.; І. Амал-әрекет етістіктері. Бұл қатардағы етістіктерде іс-әрекеттің объектіге бағытталғанын білдіретін ортақ мағына бар. Сондықтан амал-әрекет етістіктері лексика-грамматикалық мағынасы арқылы сабақты етістік қатарына жатады. Амал-әрекет етістіктері өз ішінен бірнеше лексика-семантикалық топтарға жіктеле алады: 1.1 Қоректену етістіктері: ішу, жеу, ұрттау, қарпу, қарбыту, жұту, сораптау, жалау, сору, сораптау, т.б.; 1.2 Жасау, құру етістіктері: құру, жасау, жарату, сөгу, өру, тоқу, тігу, т.б.; 1.3 Қыру, жою етістіктері: бұзу, күлін көкке ұшыру, жырту, шабу, сою, бауыздау, балталау,т.б.; 1.4 Өзгерту етістіктері: бояу, өрнектеу, қырлау, тазалау, бұйралау, өңдеу,т.б.; 1.5 Объектіні қозғалту етістіктері: алу, беру, итеру, қозғау, шашу, көтеру, лақтыру, түсіру, құлату, т.б.; 1.6 Объектіні толық қамтымайтын етістіктер: керту, найзалау, шымшу, қамшылау, сипау, түрту, сұғу, т.б.; 1.7 Объектінің қалпын өзгертетін етістіктер: төңкеру, аудару, бүктеу, жазу, т.б.; Достарыңызбен бөлісу: