Етістіктің семантикалық ерекшеліктері. Қазақ тіліндегі етістіктерді лексикалық мағыналарындағы ортақ мағына арқылы М. Оразов 12 лексика-семантикалық топқа бөледі:
І. Амал-әрекет етістіктері. Бұл қатардағы етістіктерде іс-әрекеттің объектіге бағытталғанын білдіретін ортақ мағына бар. Сондықтан амал-әрекет етістіктері лексика-грамматикалық мағынасы арқылы сабақты етістік қатарына жатады. Амал-әрекет етістіктері өз ішінен бірнеше лексика-семантикалық топтарға жіктеле алады: