Қазақ тілінде етістің төрт түрі бар: 1) Өздік етіс. Қосымшасы: -н,- ын, -ін. Мысалы: жуын, киін, таран, т.б.; 2) Өзгелік етіс. Қосымшалары: а) –ғыз, -гіз, -қыз, -кіз. Мысалы, жүргіз, айтқыз, жеткіз, т.б.; ә) –дыр, -дір, -тыр, -тір. Мысалы, келтір, толтыр, күлдір, т.б.; б) -ыр, -ір, -ар. Мысалы, өшір, шығар, татыр, т.б.; в) –т. Мысалы, оқыт, тойлат, кекет, т.б.. 3) Ырықсыз етіс. Қосымшалары: а) –н,- ын,-ін. Мысалы, білін, тазалан, т.б.; ә) -л, -ыл, -іл. Мысалы, қозғал, жинал, т.б.. 4) Ортақ етіс. Қосымшасы: -с, -ыс, -іс. Мысалы, жинас, салыс, т.б..
Достарыңызбен бөлісу: |