Есімше тұлғалары ежелгі жазбалар тілінде кеңінен қолданылғанын анықтауға болады.
Кейіннен түркі тілдерінде есімше тұлғаларында жұмсалған бірсыпыра сөздердің есім сөз топтарына ауысу процесін, кейбір есімше тұлғалардың мағынасының көмескіленуі нәтижесінде қолданыстан шығып, бірен-саран сөздер құрамында ғана сақталып қалғандығын анықтауға болады.
Мысалы, –асы, -есі( бу йа қурду оғур ермес– бұл үй құратын уақыт емес); –ғу, -гу(бу турғу йер ермес -бұл тұратын жер емес (ІІ,71).
келер шақтық мәнде сирек қолданылғанын анықтауға болады.Мысалы, мен барғалырман (мен бармақшымын, баруға жиналудамын).: бу олтурачақ йир дур (Бұ – отыратын жер).
Есімшенің -ғалыр (-қалыр, -гелір), -ачақ//-ечек өзі қосымшалары ескерткіштер тілінде
-з жұрнағы арқылы беріледі: болмаз (болмас), алмаз (алмас), йетмез (жетпес).
Есімшенің келер шақ болымсыз түрі
Қазіргі қазақ тілінде қимыл есімі, зат есім мәнді сөздер жасайтын -ма, -ме,–дуқ, -дүк,–мыш, -міш, -р //-ар, -ер, -ур, -үр, -ыр, -ір,–мас, -мес//-ма+с, -ме+с тұлғалары есімше мағыналы сөздер қызметінде жұмсалған.
өрме сач (өрілген шаш, өрме шаш), булмадуқ неңе севінмен (табылмаған нәрсеге қуанба), құрмыш йа (тартылған садақ), қайнар өкүз кечіксіз болмас (Ағыны қатты өзен кешпесіз болмас) етістік қызметінде жиі ұшырасады, жақ көрсеткіштерін жасайды.
Мұндағы –дуқ,–мыш көрсеткіштері оғыз, қыпшақ тілдерінде өткен шақ мәнін беретін қосымшалар ретінде жұмсалғанымен, қазіргі қазақ тілінде мұндай мәнде қолданылмайтыны белгілі.
Қазіргі қазақ тілінде –ған бұрынғы өткен шақ мәнінде, әрі есімше қызметінде жарыса қолданылса, көне жазбалар тілінде де сол қызметте көрінеді.Салыстыр, қазған (пайдаланған), табысған (табысқан).Қашқари бұндай есімшелерді «іс пен әрекетің жиі қайталамылығын, созылыңқылығын білдіретін есімшелер» деп көрсетеді
Мұнан басқа жазбалар тілінде ежелгі есімшенің -(ы) ғсақ, -(і)гсек,–(ы)ғсы, -(і)гсі қосымшалары «істеуші істі істеуді ойлағанын, орындағысы келгенін білдіруші етістік тұлғасында»(ІІ, 298) жұмсалған.Мысалы,Ол кіші ол бізге келігсек (Оның бізге келгісі бар).
Көне жазбалар тілінде өзара мәндес, синонимдес қолданылатын құранды аффикстердің қатарына –(ы)ғлы, -(ы)ғлық, (-іглік, -іглік), –ғулук, -гүлү, –дачы, -деч,–ңучы //-қучы, -гүчі, -күчі (қимыл есімінің -ғу, -гү тұлғасы мен –лүк, –лү, –чы аффикстерінің бірігуі арқылы жасалған) тұлғаларын жатқызуға болады. Мән сәңә барығлымән – Мен саған баратын едім.
Мысалы, өлүртечі (өлуші), келтечі (келуші), йарамачы (жарамайтын
Орхон–енисей ескерткіші тілінде -чы, -чі жұрнағы осы шақ есімше мәнінде жұмсалады.
М.Қашқари аталған тұлға көне түркілік іс иесін білдіруші -gaчы (-ушы) көрсеткішінің қалыптасуына өткен шақ -ды жұрнағы негіз болған деп есептейді.
Ежелгі жазбалар тіліндегі -дуқ тұлғасының өткен шақтық басқа тұлғалардан басты ерекшелігі–оның жақ қосымшаларын қабылдамайтындығы, жақ, сан жағынан өзгермейтіндігі.
Өткен шақ мәнде қолданылатын көрсеткіштер қатарына -дуқ, -дүк, -туқ, -түк (қазғантуқ үчүн (пайдаланған үшін),орта ғасырда ол аны урдуқ (Ол оны ұрды). тұлғасы да жатады.”