Етістік сөз табының қалыптасу тарихы



бет1/3
Дата20.07.2023
өлшемі393,04 Kb.
#104547
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
Дәріс 11

Етістік сөз табының қалыптасу тарихы

Жоспары

1.Көне жазбалар тіліндегі етістіктер құрамы

2.Етістіктердің жасалуы

3.Есімше категориясының қалыптасуы

4.Көсемше категориясының қалыптасуы

Көне жазбалар тіліндегі етістіктер құрамы


Ата түркі тілі дәуірінде белгілі дәрежеде даму жолынан өткен сөз табы ретінде көрініс тапқан.
Сол кезеңнің өзінде осы, келер, өткен шақты білдіретін етістіктің шақ жүйесі қолданылған.
Етістіктің сөзжасам жүйесінде көптеген аффикстер, оның ішінде іс-әрекет қимылдың дүркінділігін білдіретін аффикстер саны мол кездеседі.
Етіс тұлғалары мен болымсыз етістіктің жұрнақтары өмір сүрген.
Кейбір зат есімнің қимыл есімі арқылы жасалған етістіктің шақ тұлғалары (мысалы, -ды / -ді көрсеткішті өткен шақ тұлғасы) сол дәуірде таза етістіктер қатарында қаралған.
Түркі тілдерінде есім мен етістік сөз табының пайда болуын түркі синкретизмі құбылысымен байланыстырады.
Бұл болжамның қалыптасуына тілдің ежелгі дамуында есім мен етістік сөздердің дыбыстық және семантикалық жағынан сәйкесуі ықпал еткен.
қаз.той (зат е.) ~ той (етістік), көш (зат е.) ~ көш (етістік), азірб. аҗ - «ашығу» (етістік), аҗ – «аш» (сын е.), қырғ. сез – «сезіну» (етістік), сез «сезім» (зат е.) т. б.
Көне жазбалар тіліндегі
етістіктер құрамына қарай төмендегідей топтарға бөлінеді.
1.Негізгі (түбір) етістіктер:
адыр (айыр), алқын (алқыну, әлсіреу), ас (ас), ай (айт), ач (аш), елт (жүргіз), есід (есіт), қорқ (қорық), тут (тұт, ұста), тег (ти), ті (де, айт)
2.Туынды етістіктер
негізгі түбір етістіктен, не басқа сөз таптарынан арнаулы жұрнақтар жалғану арқылы жасалады.

Етістіктердің жасалуы


Туынды етістіктер етістік негізді және есім негізді болып екіге бөлінеді
Есім негізді етістіктер төмендегідей жұрнақтар арқылы есім сөздерден жасалады:-а, -е: сан – сана (сана), тіл – тіле). -ла, -ле: ат – атла (аттан), боғуз – боғузла (бауызда), топ – топла (топта), қан – қанлан (қандан), сү – сүле (соғыс) ік (-ық, -қ): іч – ічік (бағын). -л (-ыл, -іл): тіріл (тіріл, жинал).
Етістік негізді туынды түбірлер төмендегідей жұрнақтар жалғану арқылы жасалады: -н (-ын, -ін, -ун, -үн):,тутун (тұтын), өтүн (өтін, сұран). -т, (-ыт, -іт): бас – басыт (бастыр), йүгүр – йүгүрт (жүгірт). -з (-ыз, -із): удыз (жіберт). -қ (-ық, -ік): тасық (тасы), ічік (бағын).
А.А. Юлдашев қазіргі күні сөз тудыру қабілетін жоғалтып, өнімсіз қосымшаға айналған етістік жасаушы –sa, -se қосымшасын осы –la,-le тұлғасының алломорфы деп есептейді. Салыстыр: көне түркі тілі. jumsa – қаз. жұмса, qursa– қаз.құрса, osa– қаз.ұқса.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет