Ататүркі тілінде көсемшелер сирек кездеседі.Құрмалас сөйлемдерде көсемшелер, көбінесе, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып келеді.
Мысалы: Ол сабығ есідіп, түн удысықым келмеді (Ол сөзді естіп, түн ұйқым келмеді).
Қыпшақ тілінде етістік түбірден көсемше жасайтын арнаулы жұрнақтар бар. Белсенді қолданылатын қосымшалар қатарына -п, -ып//-іп, -уп//-үп; -а//-е көрсеткіштері жатады.
Бірінші топтағы жұрнақтар бұрынғы өткен шақ мағынасында жұмсалса(йатып, қодып (қойып), йаңылып (жаңылып), құбранып (бірігіп), есідіп (естіп),
–а/-е көсемше тұлғасының іздерін ата түркі тіліндегі кейбір сөздер құрамынан кездестіреміз.Салыстыр, аса (аса, өте), біртүре (міндіре), кече (кеше),
Мұнан басқа көне түркі тілдерінде көсемшелер -п, -ып//-іп көрсеткіші түрінде: кече туруп йорыр едім, қара қызыл бөрі көрдүм (түнде тұрып жүріп едім, қара , қызыл бөрі көрдім)
-б (-ыб, -іб, -уб, -үб) тұлғасында: мені көрүб йесі ағды (мені көріп есі шықты).
–(ы)пан /(-(е)пен, –бан (-ыбан, -ібен, -убан, -үбен) түрлерінде кездеседі.Салыстыр, олурыпан (отырып), гөздәрүбән (көрсетіп), барчын кезібен (жібек киініп).
Мұнан басқа өнімсіз қолданылатын-ғалы//-гелі, -қалы//-келі, -ғынча//-гінче, -қынча//-кінче, -ғач//геч, -қач//-кеч тұлғалары да кездеседі.
Қазіргі қазақ тілінде –ғалы/-гелі аффикстері мақсат мәнді етістіктер жасайды. Мысалы: Көне түркі тілінде: кісі оғлы қоп öлгäлі тöрÿміс (Кү, 50).
Г.И.Рамстедт келер шақ қалау райдың -ғалы/-гелі аффиксі мен –лы (иелік мәнді) көрсеткіштердің бірігуінен жасалған деп көрсетеді. Н.А.Баскаковтың болжамынша, -ғалы<-ған (есімше аффиксі) –лы (иелік мәнді) аффикстерінің нәтижесі болып табылады
Бақылау сұрақтары
1.Көне жазбалар тіліндегі етістіктер құрамы
2.Етістіктердің жасалуы
3.Есімше категориясының қалыптасуы
4.Көсемше категориясының қалыптасуы
Әдебиеттер
Баскаков Н. А. Введение в изучение тюркских языков. Изд. 2,—М.1969.
Котвич В.Исследование по алтайским языкам. Москва:Изд. ин.лит.,1962
Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. – Алматы, 2002.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1999.
Кононов А.Н. Грамматика языка тюркских рунических памятников VІІ-ІХ вв. Л., 1980.
Рамстедт Г.И. Введение в алтайское языкознание. М., 1957.