Кеңістік пен уақыт, философияда – философиялық категориялар
Кеңістік пен уақыт, философияда – философиялық категориялар Кеңістік пен уақыт категориялары бір-бірімен тығыз байланысты, олардың бірлігі кез келген жүйенің қозғалысы мен дамуынан көрініс табады. Ежелгі дәуір философиясы мен ғылымында Кеңістік пен уақыт категорияларын жүйелеу принципі өзгешелеу болды. Ежелгі грек ойшылдары (Платон, Аристотель) физ. нысандар мен құбылыстарға матем. (геометриялық) сипаттама беру ықтималдығын жоққа шығарды. Орта ғасырлар ойшылы Ф.Аквинский матем. кеңістік пен ақырғы нақты физ. кеңістік (орын) арасындағы айырманы ажыратып қарады. Қайта өрлеу дәуірінде қиялдағы геом. фигуралар және олардың арақатынасы ретінде көрініс тапқан кеңістік ұғымы, атап айтқандакескіндеме өнерінің келешегі туралы ілімнің дамуына байланысты, алдыңғы қатарға шықты. Жаңа дәуір ғылымы мен философиясы схоластикалық дәстүрге қарама-қарсы бағытты ұстанды, кеңістік туралы бұрынғы түсініктерді жоққа шығарды. Спиноза тұрқылықты (протяженность) жалғыз құдайлық субстанцияның шексіз белгілерінің бірі деп қарастырды; оның пайымдауынша, мұнда адамның ақыл-ойы танып-білетін белгілі екі нәрсе ғана бар, олар: тұрқылық пен ойлау. Декарт та кеңістікті тұрқылыққа теңеді, оны ойлаумен бірге өздігінен бар тәуелсіз субстанция сипатындағы материяға ұқсастырды, яғни кеңістікті өзінің өмір сүруі үшін бірыңғай және жалғыз субстанция болып табылатын Құдайдан басқа ештеңеге мұқтаж емес мәңгі бар болу деп пайымдады.
Этникалық стереотиптер
Этникалық стереотиптер дәстүрлі мәдениет жүйесіндегі фольклор туындылары мен аңыздар негізінде қалыптасқан бейнелер негізінде жа- салады. Этникалық стереотиптерді зерттеумен этнографтар, этнологтар, мәдениеттанушылар, фольклористер, этнолингвистер айналысады. Психолог Ю.А. Клейнердің айтуынша этника- лық стереотип «... өз ұлты мен өзге ұлттық топтарға байланысты қалыптасқан халық санасындағы бейне. Әдетте мұндай суреттер не- месе түсініктер қоғамда кең тарауға бейім, соған сәйкесінше, стереотиптер өте қарапайым және объективті шындыққа сенгіш келеді».
Этномәдени стереотиптер бағыты бойын- ша этноәлеуметтік стереотиптерге ұқсас, алай- да оларға қарағанда неғұрлым жалпы сипатқа ие. Этномәдени стереотиптер кең таралған,
сондықтан жиі қайталанады және тұрақты. В.A. Маслова: «...этномәдени стереотиптер – бұл қандай да бір халықты сипаттайтын ерек- шеліктер туралы жалпыланған көрініс», – дейді.