Этнопедагогика пәні, оның оқытудағы әдістері мен мәні


Халық педагогикасы мен этнопедагогиканың, халықтық психология мен этнопсихологияның өзара байланысы мен ортақтастығы



бет2/3
Дата28.09.2023
өлшемі68,72 Kb.
#111249
1   2   3
Байланысты:
этнопед

2.Халық педагогикасы мен этнопедагогиканың, халықтық психология мен этнопсихологияның өзара байланысы мен ортақтастығы.


Академик Н.Г. Волковтың пікірінше, халықтық педагогиканың ерекшелігі: оның адам баласының дүниеге келген күннен бастап бірге жасасып келуінде ; адамдардың қоғамды құруда, қошаған ортаны- табиғаты өзіне икемдеп игеруінде; еңбек тәрбиесінің алғашқы адамдар өмірінде бастырөл атқаратыны, тәрбиенің басқа түрлерінің кейін туғандығы, халықтық тәрбие жөніндегі қағидалары өмірлік тәжірибеге негіздеген эмприкалық білім болып келуі;оның ұлттар мен ұлыстардың жазу мәдениеті шықпай тұрған кезінде пайда болып, халық арасында ауызша тарауы, сондықтан да оны шығарушы авторларының аты-жөні халық жадында сақталмай, бүкіл халықтық мұраға айналып кетуі, халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі озық тәжірибелері мен ой түйіндері сол халықтың ой-тілегімен, арманымен ұштасып келгендіктен, озық үлгілерінің мәңгі сақталып, ал тозығының біртіндеп тәрбие жүйесінен шығып қалуы; халық педагогикасы өнерге, еңбекке негізделгендіктен, үнемі жетілдіру, ұшталу үстінде болуы; сон дай-ақ халық педагогикасының ғылыми жүйеге теорияларға құрылмай, жеке бастық тәрбиенің озық үлгілеріне және оның нәтижесіне құрылуы; тәрбие тәжірибесінің ғасырлар бойы жалғасып келуі, алғашқы тәрбие түрлерінің қоғамда бөлінбей тұтас түрінде берілуі ( мысалы, қол, би, музыка өнерлерінде ой еңбегі мен дене еңбегі, ақыл-ой тәрбиесі мен еңбек тәрбиесінің бірге ұштасып келуінде) деп саралай көрсетіп келеді де, “халық педагогикасы ру, тайпа,ұлттар мен ұлыстардың ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесінде негізделіп, халықтың тәрбие құралдары (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойын түрлері, ауыз әдебиеті үлгілері)арқылы іске асыруға құрылса, ал этнопедагогика теориялық ойларға ғылымға негізделеді

2.Халық педагогикасы мен этнопедагогиканың, халықтық психология мен этнопсихологияның өзара байланысы мен ортақтастығы.


Ол халықтың этнографиялық салт-дәстүрін, тұрмыс тіршілігін педагогикалық, логикалық ғылыми жүйе тұрғысынан зерттеп қарастырады…Яғни, халық педагогикасы ғылымға шикі материял даярлаушы мәліметтер көзі болып табылса, сөйтіп педагогика ғылымына қызмететушінің рөлін атқарса, ал этнопедагогика халықтың бала тәрбиелеу тәжірибесін, педагогикалық мәдениетін зерттеп оның прогрессивтік үлгілерін бүгінгі оқу- тәрбие ісіне жаратудың жолдарын ғылыми тұрғыдан қарастырады”.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет