Этнопедагогиканың басқа ғылымдармен байланысы Этнопедагогика



бет1/7
Дата02.12.2022
өлшемі25,38 Kb.
#54299
  1   2   3   4   5   6   7

Этнопедагогиканың басқа ғылымдармен байланысы


1. Этнопедагогика – кіріктірілген ғылым, яғни этнография, педагогика, фольклор негізінде пайда болған педагогиканың ұлттық бөлімі. Этнопедагогика негізі – этнофилософия, этнос теориясы, этнопсихология, мәдениет философиясы, педагогика әдіснамасы. Этнопедагогика ұлттық рухани мәдениетке кіретін бөлік болғандықтан. Фальклор, халық даналығы маңыздыт этнопедагогикалық білімдер. Педагогика этнопедагогика ғылымында жетекші рөл атқарады. Этнопедагогиканың әдіснамалық негізі – этнопсихология, қазақ философиясы, этнология, ғылымдарының негізгі ережелері, зерттеу әдістері. Этнопедогогика педагогика ғылымына енетіндіктен оның заңдылықтарын, принциптерін қолданады. Этнопедагогиканың мақсаты – этнографияның тәрбиелік маңызын ашу.
Этнос дегеніміз – халық. Этнология – этнопедагогиканың, оның терминологиялық аппаратының негізін дамытатын ғылым.
Этнос – негізгі ұғым. Түрлері: ру, тайпа, ұлыс, ұлт. 5000-нан астам этносты құрайтын әлемде 5 млрд. Этнофор бар. Көбі ұлыс деңгейіне жетреген. 800 ұлыс ұлт деңгейіне көтерілген. Жер бетінде жойылғалы тұрған 33 этнос бар. Ең азы – 200 адамды құрайтын вудь этносы бар. Себебі, аумағы (территориясы), президенті бар. Қазақстанда 137 этнос бар. Оның ішінде қазақ (52,3 пайыз) негізгі болып есептелінеді.
Л. Н. Гумилев « Көне түріктер» деген еңбегінде эндогамдық принципті ұсынған. Ол этнос – адамдар қауымдастығы биологиялық бірлестік деген. Этносты біріктіретін шартты рефлекс түрінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін дәстүрге негізделетін этникалық стереотип екендігін дәлелдеді.
Үлкен мәдени өркениет этнос өзегі – дәстүр. Этногамия принципі бойынша аралас некеге тыйым салынады. Себебі ассимиляция нәтижесінде көп ұлттар аз ұлттың жер бетінен құрып кетуіне тікелей әсер етеді деген. Ю.В.Бромлей эндогамия принципін қостап, салт-дәстүр, ғұрып, тіл арқылы ұлт сақталады деген. Этноәлеуметтік ағза, бұл дегеніміз – аумақтық ерекшеліктер. Мысалы, өзбектердің географиялық жағдайы оларды моноэтникалық ұлтқа айналдырды. Еуразия тоғыз жолдың торабы болғандықтан Қазақстан көпұлтты республикаға айналды. Климат, экономика болмағанда этнос өзегі бұзылады. Этностардың мәдени эстетикалық функциялары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет