Адамның өмір тәжірибесінде қабылдағаны басынан кешкен ой-сезім, әрекеті ізсіз жоғалып кетпейді, баста сақталады, кейін қайта жаңғыртылады. Бұрын қабылдаған зат, құбылыс образдарын өз-көңіл күйлерін ойда сақтап, қайта жаңғыртатын психикалық процесті ес дейміз.
Естің физиологиялық сипатын орыс физиологы И.П.Павлов зерттеді. Ол ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп атады.
Психикалық белсенділікке қарай;
Қозғалыс есі: еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып, оны қайта жаңғырту есі;
Сезімдік ес: бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру;
Бейнелі ес: заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту;
Сөз логикалық ес: бұл адамның ойының түрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз.
Мақсатқа қарай;
Ырықты ес- түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы;
Ырықсыз ес- адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы.
Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай;
Қысқа мерзімді есте қалдыру;
Ұзақ мерзімді есте қалдыру (ұзақ мерзімді ес);
Оперативті ес - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғырту.
Осыған байланысты; Қазақ ғұламасы Абай ес туралы “Отыз бірінші сөзінде”: “Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: бірінші — көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде иә көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек”, — дейді.
Ес- дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, үмытылуын бейнелейтін процесс.
Ес — күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден тұрады.