Этнопедагогиканың басқа ғылымдармен байланысы Этнопедагогика



бет2/7
Дата02.12.2022
өлшемі25,38 Kb.
#54299
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Этнопедагогиканың басқа ғылымдармен байланысы

Этностың 1 компоненті – этностың жер-жерге шоғырлануы.
D компоненті – этностың өнімі, демографиялық құрылымы.
E компоненті – өңдірістік-экономикалық әрекет.
S компоненті – әлеуметтік қатынастар жүйесі мен иституттары. Мысалы: әжелер клубы, « Ұрпақтар сабақтастығы» клубы.
L компоненті – тіл, тілдік нормалар.
K компоненті – мәдениетті сақтау және дамыту.
C компоненті – тұрмыс, салт-дәстүр, ғұрып.
F компоненті – дәстүрлі фальклор (ойын өлеңдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-иәтелдер, ертегілер, бата, айтыс, өлең-жырлар, аңыз-әңгімелер).
P компоненті – өз этносын қабылдаудың психологиялық жақтары. Қазақтың қазақты менсінбеуі – жаман мінез.
R компоненті – өзара қарым-қатынас жүйесі. Мысалы: өз жұрты - әкенің туысқандары. Неміс, еврей қлтында өз жұрты шешесінен тарайды. Қазақта нағашы жұрты, қайын жқрты деген бар. Бала қай ортада болса да байсалдылықпен өз орнын білді.
2. Ұлттық мектептің маңызды міндеті – этнопсихологиялық ерекшеліктерді зерттеу.
Этнопсихология – ұлттық мінез-құлықты, жүріс-тұрысты, оның басқа ұлттардан ерекшеліктерін, ұлттық сананы қалыптастыратын жағдайларды зерттейтін психология ғылымының саласы. Қ. Жарықбаев: «Халық психологиясы – адамдарлың фольклорда, дінде, тілде, мәдениетте, дәстүрлерде көрініс тапқан психикалық іс-әркеті, өмір салты, тұрмыс туралы білімдер», - деп көрсетеді. Этнопсихология адамдардың іс-әрекеті мен мідениетінің мінезге ісер ететіндігін дәлелдеді. Осы пікірлер этнопедагогика ме этнопсихологияның ұқсастығын, екеуі де ұлттық сана-сезім, мінезді қалыптастыру мәселелерін шешумен айналысатындығын көрсетеді.
Психология ғылымының докторы, профессор В.К.Шабельников этнопсихология кеңестік дәуірде ұлттық айырмашылықтар ескінің сарқыншағы, болашақта ұлттар болмайды деген теріс көзқарастың кесірінен дами алмағандығын жазады. Ұлттық психологияның міндеті халықтың өткен замандағы мінезін зерттеу, халық мінезінде болатын өзгерістерді алдын ала айту. Мінезге аймақтағы экономикалық өзгерістер де әсер етеді. Қазақстандағы тың жерлерді игеру, қалада өнеркәсіп дамуына байланысты дәстүрлі ауыл шаруашылығының өзгеруі, адамдардың қалаларға қоныс аударуы – олардан жаңаша ойлауды, сезімдік сфераларды дамытуды талап етті. Биосфераның өзгеруі қоғамға үлкен өзгеріс әкелді. Адамдардың мінезі өзгерді. Олар қиын кезде тіршілік етудің жаңа тәсілдеріне үйренді. Жаңа жағдайда адамдардың қарым-қатынасын реттеп тұрған тәртіп ережелері, рулық байланыстар бұзылып, олардың арасындағы дәстүрлі туысқандық байланыстар әлсірей бастады.
Әлеуметтік – экономикалық, саяси, экологиялық өмірдегі түбірлі өзгерістер қазақ ұлттының да мінезіне үлкен жаңалықтар әкелгенің
Н. Сәрсенбаев, Н. Жангельдин, Қ. Жүкеш, Н. Елікбаев зерттеулері анықтады. Қ. Жүкеш «Ұлттық психологияның сипаты» деген еңбегінде қазақтардың бірлігі жасанды түрде бұзылғаның анықтайды. Ол ұлт бар жерде ұлттық психолгия болатының дәлелдеді. Әдебиет, тіл, мәдениеттің, тұрмыстың ұлт мінезіне әсер ететінің атап көрсетті.
Ғалым ұлттық психолгия бөліктеріне ұлттық мінезді, ұлттық мүддені, ұлттық сананы енгізді. Қазақтың жақсы мінез белгілері ретінде жауапкершілікті, өнерге деген сүйіспеншілікті, балаға деген махаббатты, үлкендерді құрметтеуді, ақтықты, аңғалдықты атады. Қазақтың жаман мінезіне еліктеушілікті жатқызған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет