Этнографияның негізгі зерттейтін саласы – дәстүрлі-тұрмыстық мәдениет. Этникалық мәдениет – этникалық тәрбиенің құралы және мазмұны.
Табиғи-экологиялық мәдениет – материалдық өндіріс мәдениеті. Қоғамдық-экологиялық мәдениет –бір қоғамның басқа қоғаммен дипломатиялық, техникалық, ғылыми сауда, жолымен қарым-қатынас жасауы. Әлеуметті реттейтін мәдениет адамдардың бірлескен іс-әрекетін реттейді. Тіл қалыптасқан соң мәдениет әуеуметті реттейтін құралға айналады. Мораль, дін, өнер, құқық, идеология, ғылым, саяси және әкімшілік жүйелер, рәсімдер, әдет-ғұрыптар әлеуметті реттейтін мәдениетке жатады. Білім – осы бөліктің маңызды бөлімі.
Сонымен әлеуметті реттейтін табиғи-экологиялық, мәдениет – бір-біріне тәуелді, адам іс-әрекетінің құралдары. Мәдениет әлеуметтік тап, топтарды біріктіреді, саралайды. Этникалық дәстүр этнос мәдениетіне енеді.
Материалдық мәдениет Рухани мәдениет заттар білім, адам
еңбек құралдары, қару әдет-ғұрып
көшу құралдары өнер
мекен, киім, азық діни сенім
үй жануарлары
мәдени өсімдіктер
шаш қою
сәндік заттар Э.С.Маркарян материалдық мәдениетке адамның материалдық қажетін өтейтін заттарды, рухани мәдениетке рухани қажеттіліктерді өтейтін мәдениетті жатқызады.
Этнопедагогика этнографиялық ұғымдарды педагогикалық мәнін білу үшін талдайды.
Сонымен этнопедагогика, этнопсихология, этнофилософия, этномәдениеттану ғылымдарымен тығыз байланысты. Аталған ғылым салалары – этнопедагогиканың бастау бұлағы.
5. Әдіснама –ғылыми еңбек жазудың әліппесі, педагогика ғылымына бағыт беретін, объектіні тануға көмектесетін білімдер. Әдіснама – «Зерттеуді қалай ұйымдастыру керек?», «Қандай философиялық теорияға сүйенеміз?» деген сұраққа жауап беретін, зерттеушінің өз саласын толық білуге тікелей ықпал ететін, білім қорларын анықтауға көмектесіп, әдебиеттердің оқу бағыттарын көрсететін, педагогикалық құбылыстарды зерттеу және тану әдістерінің жиынтығы. Этнопедагогика әдіснамасының мақсаты –ұлт тәрбиесін терең тануға көмектесетін әдістерді табу. Талдаусыз жүргізілген терең тануға көмектесетін әдістерді табу. Талдаусыз жүргізілген зерттеу жұмыстарының әдіснамалық деңгейі төмен болады. Әдіснама принциптері; объективтік, даму, тарихилық, теория мен практика бірлігі – қазақ этнопедагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздерін дәлелдеуде маңызды рөл атқаратын халықтық принципі.
Этнопедагогика әрбір ұлттың тәрбиесін зерттейді
Зерттеу жұмысының негізі – объекті, оны тану әдісі.