Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2020



Pdf көрінісі
бет107/140
Дата02.03.2022
өлшемі2,41 Mb.
#26898
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   140
политика  /саясат,  музыка  /саз  сияқты  терминдерді  бұл  қатарға  жатқызуға 
болады.Аталған  терминдердің  құрылуында  метафоралану  үдерісі  көрініс  таппаса  да, 
кейбір  жағдайларда  кездесетін  бейтерминдену  барысында  олар  жасырын  салыстыру 
арқылы қосымша мағынаға ие болып, жаңа мазмұнда қайта жаңғыруы мүмкін.  
Екінші  топқа  арнайы  ұғымды  білдіретін  және  тек  сол  сала  мамандарына  ғана 
түсінікті  терминдер  тобы  қіреді.  Бұл  қатарда  барлық  терминологиялық  жүйелердегі 
терминдердің  ауқымды  бөлшегі  қамтылады.  Мысалы,  акалефы  (геол.),  аргус  (биол.), 
вентиль  (тех.)  және  т.б.  терминдердің  мағынасы  тек  геология,  биология,  техника 
салаларының мамандарына ғана белгілі.  
Сонымен  бірге,  егер  бір  тілдегі  сөздің  мағынасы  баршаға  түсінікті  болып, 
халықаралық дәрежеге көтеріле алса, аталған сөз де халықаралық терминге айнала алады. 
Мысалы, орыс тіліндегі спутник сөзі «жолаушы, жолсерік» мағынасы арқылы тек адамға 
байланысты  айтылса,  уақыт  өте  келе  сөзің  ауыспалы  мағынасындағы  нұсқасы 
терминделіп,  халықаралық  терминге  айналып  отыр.  Спутник  термині  астрономияда 
бекітіліп, көптеген басқа шет тілдердің тілдік қорына еніп отырғаны баршаға мәлім.  
Грек,  латын  тілінің  негізінде  құралған  терминдер–кең  таралған  бірліктер  және 
көптеген  тілдерге  ортақ.  Терминдердің  грек,  латын  тілдерінің  элементтерін  қамтуы  – 
көптеген  тілдерге,  соның  ішінде  сол  тілдегі  терминологиялық  жүйелерге  тән  құбылыс. 
Семантикалықтәсіл  арқылы  сөздердің  терминденуі  де  жиі  кездесетін  факторлардың  бірі. 
Мысалы,  геологиядағы,  сонымен  бірге  минерологиядағы  қолданылатын  акантит, 
алеврит,  аллодельфит,  амарантит  терминдері  грек  тілінен  енген  сөздер.  Аталған 


 
176 
сөздердің  термин  ретінде  қалыптасуына  –итморфемасы  және  олардың  түпкі  мағынасы 
септігін  тигізеді.  Мысалға  алынған  барлық  атау  бірліктері  ауыспалы  мағынада 
қолданылып,  терминдік  қатарды  толықтырады.Акантит  «ине»  мағынасын  берсе, 
аллодельфит «ағайын» мағынасын білдіреді. Сонымен бірге латын тілінен енген сөздерді 
бөлек  қарастыруға  да  болады,  себебі  бұл  қатарда  метафоралы  интернационализм-
терминдер  көптеп  кездеседі:  аффиск  (лингв.)  –  жапсыру,  жабыстыру;десквамация  (мед., 
геол)  –қабыршақты  тазалау;дигиталис  (биол.)  –  саусақ  және  т.б.  [4].  Грек  және  латын 
тілдерінің терминдерінің ерекшелігінің бірі – тұпнұсқа тілдің болмауы, сол себепті ұлттық 
ерекшеліктерді  ажырату  қиындықтудырып,  нақты  мағынасын  ашуға  мүмкіндік  бола 
бермейді. 
Халықаралық  терминдерге  талдау  жүргізу  барысында  анықтағанымыздай,  кейбір 
жағдайларда  терминнің  ұғымын  қайталайтын  баламасы  табылып,  ол  көптеген 
жағдайларда  метафоралану  үдерісі  арқылы  басқалай  өзгерістерге  ұшырап  жатады. 
Мысалы,  орыс  тіліндегі  онтология  термині  әдебиеттану  саласында  жинақ  мағынасында 
қолданылады. Қазақ тілінде де осы терминмен қатар  жинақнұсқасы бар. Онтология сөзі 
грек  тілінен  аударғанда  бір  құшақ  гүл  //  букет  цветов  деген  мазмұнға  ие.  Сөздің 
түпнұсқадағы  баламасына  назар  аударсақ,ассоцияциялық қатар  жүргізіліп  тұрғанына  көз 
жеткіземіз.  
Халықаралық  терминдер  мәселесін  қарастыру  барысындағы  күрделі  жағдайлардың 
бірі  –  терминдерді  аудару.  Геология,  биология,  химия  сияқты  жаратылыстану 
салаларының терминдері негізінен аудармасыз сол қалпында тілге еніп, қолданысқа кіріп 
жатады.  Жалпы  халықаралық  терминдердіаудару  –қайшылықтарға  толы,  шешуі  күрделі 
мәселелердің бірі. Соның ішінде терминге ұғымдық баламасын табу қиындық туғызатын 
проблемалардың  бірі.  Бұл  мәселені  шешуде  субъективтік  факторларды  да  ескеру  қажет. 
Халықаралық терминдерді сол қалпында өзгеріссіз қабылдау түрлі ұлт өкілдері арасында 
бір-бірін тез түсінуін жеңілдетіп,  тіл байланыстарының жылдамжәне оңай дамуынаықпал 
жасайды,  яғни  бұл  факторлар  халықаралық  терминдерді  аудармасыз  қабылдаудың 
артықшылықтары деп білеміз. Екінші жағынан, бұл пікіргеқарама-қарсы келетін пуристік 
көзқарасты  да  ескеру  қажет.  Бұл  пікір  бойынша,  тілдің  «тазалығын»  сақтау  –  бірінші 
орындағы  міндет.  Демек,  терминдергеана  тілінің  тілдік  қорынан  балама  табу  немесе 
сөзжасамдық  әлеуетін  кеңірек  қолдану  қажет,  соның  ішінде  көнерген  сөздерді  жаңа 
мағынада  қолдану  немесе  түрлі  элементтерден  сөз  құрастыру  қажеттілігі  туындайды. 
Аталған  екі  жақтың  да  өзіндік  ерекшеліктері,  рационалды  «дәні»  бар,  сонымен 
біргекемшіліктері жоқ емес. Сол себепті біржақты шешім қабылдап, кесіп айту қиындық 
туғызатын,  қарама-қайшылыққа  толы  мәселе.Соңғы  жылдары  шыққан  терминологиялық 
бюллетеньдер  мен  аударма  сөздіктерінен  байқағанымыз  –  халықаралық,  соның  ішінде 
орыс  тіліндегі  терминдерді  қазақ  тіліне  аударып,  қазақша  баламасын  беру  үрдісі  дамып 
келеді,  яғни  ана  тілінің  ресурстарын  пайдалану  және  ғылым  тілін  ана  тілінде  дамыту 
кеңінен таралып келетін үдеріс. 
Терминдердің  мағынанылқ  сипаты  түрлі  жіктеулерге  негіздеме  бола  алады.  Нақты 
заттардың  абстрактылы  ұғымдарды  білдіру  немесе  керісінше  абстарктылы  ұғымдардың 
нақты  заттарды  белгілеу,  атау  функциясында  қолданылуы  –  жиі  кездесетін 
құбылыстардың  бірі.  Мысалы,  осы  қатарға  жоғарыда  келтірілген  онтология  терминін 
жатқызуға  болады  деп  есептейміз.  Терминдік  мағына  мен  номинативтік  тура  мағына 
арасындағы «жинақтау, шоғырлау» сияқты сема байланыстырушы қызметін атқарып тұр. 
Сонымен қатар, біздің ойымызша, музыка саласының термині багатель (француз тілінен 
аударғанда  безделушка),  әдебиет  пен  өнертану  саласында  кездесетін  барокко  термині 
(португал  тілінен  аударғанда  жемчужина/меруерт),  экономикалық  биржа  (неміс  тілінен 
аударғанда  кошелек/әмиян),  лингвистикалық  климакс  (грек  тілінен  аударғанда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет