Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2020



Pdf көрінісі
бет127/140
Дата02.03.2022
өлшемі2,41 Mb.
#26898
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   140
Байланысты:
Vestnik-EAGI-2-2020

Аннотация 
Мақалада  семантикалық  деривация  түрлері 
тілдегі  басқа  елеулі  өзгерістер  тұрғысынан,  тіл 
білімі шеңберіндегі семантикалық деривацияның 
даму 
тарихының 
қысқаша 
суреттемесі 
қарастырылады.  Тіпті  19  ғасырда  семантикалық 
өзгерістерді  зерттеген  көптеген  лингвисттер 
семантикалық  ауысулардың  белгілі  бір  түрлерін 
топтастыру 
қажеттілігін 
мойындады. 
Сол 
уақыттың 
лингвистикалық 
әдебиеттерінде 
семантикалық 
өзгерістерді 
топтастыруының 
түрлі  қағидалары  ұсынылды.  Қазіргі  таңда  әр 
лексикалық  бірлікке  қайта  мән  беруді  белгілеу 
үшін  тіл  иелері  «семантикалық  деривация» 
түсінігін кеңінен қолданады. Басқа семантикалық 
өзгерістер түрімен салыстырғанда, семантикалық 
деривация  кез  келген  тілдің  сөздік  қорын 
кеңейтуге  бағытталған  ең  нәтижелі  тәсілі 
болғандықтан, мақала өзектілігі айқын көрінеді. 
Түйін сөздер: семантикалық деривация, сөз 
мағынасының  кеңеюі  мен  тарылуы,  метафора, 
метонимия, екінші аталым. 
 
 
Тілдің  дамуы  мен  оның  қолданысы  тілдік 
динамизм  көрінетін  екі  күштің  әрекетіне 
байланысты 
болады. 
Е.С. 
Кубрякованың 
айтуынша, біріншіден, сөздің құрылымы өзгеріп, 
тілдік 
өзгерістерге 
алып 
келетін 
болса, 
екіншіден, 
құрылымы 
сақталған 
сөздің 
мағыналық өзгерісі тілдік түрленуге алып келеді. 
Осылайша  тілдің  тұтастығы  мен  бірлігі  сақтала 
отыра, оның үздіксіз әрі бірізді эволюциясы үшін 
жағдай жасалады. 
Зерттеушілердің  пайымдауы  бойынша, 
деривация  зерделеу  үшін  өте  қиын  құбылыс 
болып  саналады.  Бұл  оның  көп  өлшемділігі  мен 
адами  ойлаудың  когнитивті  процесстерінің 
динамикасымен түсіндіріледі. 
Семантикалық  деривация  түсінігі  өте 
қажет,  себебі  ол,  О.Б.  Пономареваның  айтуы 
бойынша,  адамның  қоршаған  ортаны  тану  мен 
оны 
интерпретациялаудың 
күрделі 
процесстерінің  механизмдерін  түсіндіру  және 
тілдің  барлық  семантикалық  ерекшеліктері  мен 
маңыздылығының зерделенуіне үлес қоса алады. 
[1, 4]. 
 


 
215 
Қазіргі  таңда  жаңа  мағыналардың  дамуы  өте  белсенді  екені  белгілі.  Дериваттар 
алуан-түрлі  болғанымен,  аз  уақыт  ішінде  актуалдылығын  жоғалтып,  күнделікті  сөз 
қолданысынан жоғалады. 
Семантикалық  деривация  сөз  тұлғасын  сақтап,  оның  мағынасының  өзгеруін  шарт 
етеді.  Мағына  өзгерісі  толық  немесе  ішінара  болуы  мүмкін.  Толық  өзгерісте  мағынаның 
көлемі мен мазмұны, ал ішінара өзгерісте тек мазмұны ғана өзгеріске ұшырайды. Көбіне 
мағынаның өзгерісіне мағына көлемінің өзгерісі себеп болады, яғни белгілі бір сөз басқа 
топ заттарының атауы ретінде қолданыла бастайды. 
Сөз семантикасының тарихи дамуы консерватизммен ерекшеленіп, адами ойлау мен 
танымдық әрекеттерінің заңдарымен анықталатын белгілі бір ережелерге бағынады. Бұл, 
ең алдымен, Г. Пауль, Г. Стерн, С. Ульманмен ұсынылған топтастырулар. 
Ресейлік  тіл  білімінде  сөздің  семантикалық  вариативтілігінің  зерттелуі  ең  алдымен 
В.В.  Виноградова  мен  А.И.  Смирницкий  аттарымен  байланысты.  Лексика-семантикалық 
түрленуге  И.В.  Арнольд,  О.С.  Ахманова,  Е.С.  Кубрякова,  А.А.  Уфимцева  сияқты 
зерттеушілер  де  ат  салысты.  Олар  сөздің  түрленуін  лексиканы  жүйелік  ұйымдастыру, 
зерттелінетін  лексеманың  тұтастығы  мен  оның  басқа  лексемалармен  байланысын 
қамтамасыз  ететін  семантикалық  байланыстар  және  коммуникативтік  жағдайлар  көз-
қарасынан қарастырды. 
А.А.  Потебня  «сөздің  ең  жақын  этимологиялық  мағынасы»  туралы  «сөздің  ішкі 
формасы»  теориясын  негіздеп,  жетілдіре  түсті.  А.А.  Потебняның  пайымдауы  бойынша, 
ішкі  форма  арқылы  сөздердің  жаңа  мағыналарының  пайда  болуын  түсіндіруге  болады. 
Сонымен қатар, теория сол тіл иелерінің жаңа сөз мағынасын түсінуін де қарастырады [2, 
52]. 
Тіпті  ХIХ  ғасырда  зерттеушілер  семантикалық  өзгерістерді  топтастыру  және 
семантикалық ауысулардың белгілі бір түрлерін бөліп көрсету қажеттілігіне тап болды. 
Г.  Пауль,  Г.  Штейнтальдің  тілдік  құбылыстардың  психологиялық  негіздемелерін 
пайдалана  отыра,  семантикалық  өзгерістер  себебін  сөйлейтін  индивид  пен  адамның 
сөздерді  қолданған  кездегі  мағынаны  түрлендіретін  индивидуалды  ерекшеліктерінде 
көрген. 
Пауль  алғаш  рет  узуалды  және  окказионалды  мағыналарды  ажыратып,  олардың 
айырмашылықтары  мағынаның  өзгерісіне  бірінші  қадам  болатынын  көрсетті.  Г.  Пауль 
өзінің  топтастыруына  семантикалық  өзгерістердің  көлемі  мен  мағынасы  жағынан  және 
белгілі  бір  түсініктер  сөздерінің  ара  қатынасын  белгілеп,  мағыналық  өзгерістердің  үш 
негізгі түрін атап көрсетті: 
1.  Мағынаның  тарылуы,  немесе  оны  арнайыландыру,  ұғым  көлемінің  тарылуы  мен 
мазмұнының байытылуының нәтижесі ретінде;  
2.  Мағынаның  кеңеюі  түсініктер  көлемінің  кеңеюі  мен  мазмұнының  кедейленуінің 
нәтижесі ретінде;  
3.  Шектестік, 
себеп-салдардың  өзара  қатынастары  немесе  ассоциативтік 
байланыстарға мағынаны алмастыру;  
4.  Басқа  жағдайлар  –  гипербола,  литота,  эвфемизмдер,  пейорация,  мағынаны 
амелиорациялау және т.б. 
Паульдің  топтастыруы  оны  дәйексіз  деп  санаған  зерттеушілер  тарапынан  сынға 
ұшырады.  Алайда  дәл  Пауль  тіл  білімінде  берік  орныққан  «мағынаның  тарылуы», 
«мағынаның кеңеюі» терминдерін лингвистикалық қолданысқа енгізді. 
Семантикалық өзгеріс процесін Г. Пауль келесі түрде суреттеген: «...әр жаңа сөйлеу, 
тыңдау,  ойлау  әрекетімен  бірге  бұрыннан  мәлім  мазмұнға  жаңа  мазмұн  қосылып 
отырады...  Сонымен,  бұрынғы  элементтердің  әлсіреуі  мен  күшеюінің  нәтижесінде,  жаңа 
элементтердің пайда болуымен қатар, ағзада ассоциациялар арасындағы қатынас өзгереді» 
[3, 49]. 


 
216 
ХХ  ғасырдың  басында  лингвистикалық  семантикадағы  зерттеулер  диахронды 
аспекттен синхрондыға ауысты. 
«Деривация»  термині  семантикалық  мағынада  алғаш  рет  ХХ  ғасырдың  30-шы 
жылдарында  Е.  Куриловичпен  сөзжасам  үдерісін  сипаттау  үшін  қолданылған.  Оның 
«Очерки  по  лингвистике»  еңбегінде  лексикалық  және  синтаксистік  деривация  бөлініп, 
жеке  көрсетілген.  Деривация  процесі  екіншілік,  нәтижелі  бірліктің  және  белгілі  бір 
деривациялық  қатынастардың  (сөзжасамдық  туындылық  қатынастар)  құрылуын  талап 
етеді. 
Қазақстан  ғалымы  Ш.  Шарапатұлы  түркі  лексикасының  тарихи  семантикасының 
деривациясын  зерттеген.  Деривация  –  өзгеріс,  өзгеріс  болғандықтан  процесс. 
Деривациялық  процестің  бастапқы  және  кейінгі  қалыптарын  ажыратады.  Семантикалық 
деривацияда бастапқы қалып – бастапқы мағына, кейінгі қалып – кейінгі мағына. Өзгеріс 
сан сипатты болады. Сондықтан да өзгерістерді:  
−  бағытына қарай: ілгері өзгеріс, кері өзгеріс; 
−  көлеміне қарай: кең ауқымды өзгеріс, тар ауқымды өзгеріс; 
−  сан-мөлшеріне қарай: көп мөлшерлі өзгеріс, аз мөлшерлі өзгеріс; 
−  сапасына қарай: мардымды өзгеріс, мардымсыз өзгеріс деп жіктеуді ұсынған. 
Ш.  Шарапатұлы  өзінің  монографиясында  қазақ  лексикасының  семантикалық 
деривациясын зерттеудің пионері ретінде профессор Ә. Құрышжановты атады. Оған дәлел 
–  оның  1960  жылы  жазған  «Қазақ  тіліндегі  «тон»  сөзінің  мағыналары»  деген  мақаласы. 
Мақала – семантикалық деривацияны зерттеудің озық үлгісі [4, 26]. 
И.М.  Некипелованың  пайымдауы  бойынша,  семантикалық  деривация  –  сөзде 
семантикалық туынды немесе қосымша мағыналардың, семантикалық коннотациялардың 
пайда болу  процесі,  яғни семантикалық синкретизмге алып келетін сөздің семантикалық 
көлемінің  кеңею  процесі,  ал  кейін  полисемия  құбылысына  алып  келетін  семантикалық 
синкретизмнің ыдырау процесі. Деривацияның негізгі түрлерін анықтайтын семантикалық 
деривацияның  өзгеріс  бағыттары  болады:  сөздің  семантикалық  құрылымындағы 
метонимиялық және метафоралық өзгеріс процестері [5, 36]. 
Бірнеше  зерттеушілер  семантикалық  деривацияның  тілден  тыс  және  тілдік 
себептерін  бір-бірінен  ажырата  отыра,  топтастыру  түріндегі,  сөзде  таңбалық  және 
мағыналық  жақтарын  бөліп  көрсетуіне  негізделетін,  тілдік  себептерден  пайда  болған 
өзгерістерді  ұсынады.  Осылайша,  Г.Стерн  тілдік  факторлармен  шартталған  өзгерістер 
арасында  семантикалық  өзгерістердің  негізгі  механизмдерін  бөліп  көрсетіп,  оларға 
толықтай психологиялық негіздеме береді: 
−  субституция  (substitution)  –  мағынаның  өзгерісі  а)  референттегі  нақты 
өзгерістермен,  ә)  референттер  туралы  айқын  түсініктер  мен  білімдердің 
өзгерісімен, б) белгілі бір референттердің бағасының өзгерісімен байланысты; 
−  аналогия  (analogy)  –  бір  сөзде  оған  семантикалық  байланысты  басқа  сөзбен 
ұқсасына қарай жаңа мағынаның пайда болуы; 
−  қысқарту  (shortening)  –  сөз  тіркесінің  ықшамдалу  негізінде  жаңа  мағынаның 
пайда болуы; 
−  номинация (nomination) – әртүрлі референттер топтарының ұқсастығы негізінде 
атаудың  ниетті  тасымалдануы немесе  ашылған жаңалықтарды, жаңа өнімдерді, 
киім үлгісін белгілеу үшін жалқы есімдерді қолдану; 
−  тұрақты  ауысым  (regular  transfer)  –  қысқарту  негізіндегі  бір  референттен 
екіншісіне атаудың кенеттен ауысуы; 
−  ауыстырылу (permutation)  – референттердің шектестігі негізінде метонимиялық 
сипаттағы тасымал;  
−  теңестіру  (adequation)  –  сөйлеушінің  референтке  шынайы  түрде  тән 
мінездемелерін қабылдауына сәйкес сөз мағынасының өзгеруі [6, 20]. 


 
217 
Өзінің «Принципы семасиологии» еңбегінде төрткомпоненттік жүйені  көрсеткен Г. 
Стерннің  топтастыруы  С.  Ульманға  үлкен  әсер  етті.  Төрт  компоненттік  жүйенің  негізі 
семантикалық деривацияның шартты болуында: 
1) екі сөз мағынасының арасындағы ұқсастық; 
2) екі сөз мағынасының арасындағы байланыс; 
3) екі атау арасындағы ұқсастық; 
4) екі атау арасындағы байланыс. 
Г. Ульман семантикалық өзгерістердің түрлерін төмендегідей көрсеткен: 
−  түрлі «метафоралар»; түрлі «метонимиялар»;  
−  «халықтық  этимология»  құбылыстары  жатады,  белгілі  бір  сөзге  оның  басқа 
сөзбен сыртқы дыбыстық ұқсастығының негізінде қайта мән беру; 
−  екі сөздің сөйлемдегі азды-көпті көршілестігі қысқартуға алып келе алады, яғни 
екі  сөздің  біреуінің  алынып  тастануы,  ал  қалған  сөз  барлық  сөз  тіркесінің 
мағынасын  түсіндіре  алуы;  мысалы  сын  есімнің  зат  есімге  айналу  жағдайлары 
[7, 19].  
Бұл  сұраққа  өзінің  топтастыруында  мағынаның  тарылуы,  мағынаның  кеңеюі, 
метафора,  метонимия,  синекдоха,  гипербола,  литота,  мағынаның  жақсаруы  мен 
нашарлауы деген сияқты дәстүрлі формаларды қолданған Л. Блумфилд те қатынасты. 
Алдыңғы топтастыруларды ескере отыра, М.Н. Лапшина сөзге семантикалық қайта 
мән берудің келесі жүйелендіруін ұсынады: 
−  семантикалық жылжу - бір ұғымдық өріс аясындағы және тарылу, кеңею, жылжу 
процестерімен көрсетілген семантикалық қайта мән берулер; 
−  семантикалық тасымал – түрлі концептуалды салалардың өзара әрекеттесуі негіз 
болатын  семантикалық  инновациялар.  Олар  метафора  мен  метонимиямен 
көрсетілген. 
Е.С.  Кубрякова,  өз  кезегінде,  туынды  сөзде  байқалатын  семантикалық  жылжуды 
сөзжасамдық  туындылықтың  қатынастарының  көрсеткіші  деп  санайды.  «Егер 
семантикалық жылжу болмаса, сөзжасамдық туындылық та болмайды» [8, 120]. 
Ю.Д. Апресянның пікірі бойынша, мағына өзгерісінің себебі объективті болмыстың 
өзгеруі  де,  ішкі  жүйелік  тілдік  өзгерістер  де  болуы  мүмкін.  Сөздер  мағынасы  жаңа 
заттардың  пайда  болуы  немесе  белгілі  заттардың  болмысын  тереңірек  тану  және  оларға 
әлеуметтік-саналы қатынастың ауысу кезінде өзгереді. Осылайша, лексика-семантикалық 
өзгерістердің бұл факторы тілден тыс болып табылады. 
Өзінің  тілдік  мәселелерімен,  тілдің  қолданысымен  (аналогия  принципі,  синоним 
кірме  сөздер,  т.б.)  шартталуы  түрінде  интерпретациялана  алатын  семантикалық 
жылжуларды табуға болады. 
Семантикалық  деривация  сөзге  қайта  мән  беру,  тілдің  сөздік  құрамы  дамуының 
міндетті  заңдылығы  болатын  тілдегі  бар  аталымдық  құралдардың  өзі  үшін  жаңа  ат  қою 
функциясын  қамтиды.  Бұл,  ең  алдымен,  адами  ойлау  табиғатына  тілдегі  қоршаған  орта 
құбылыстарын  жалпылауға,  тілдік  емес  болмыстың  тілдік  объекттерін  жүйелеуге 
мүмкіндік береді.  
Л.К.  Жаналинаның  пікірінше,  лексикалық  деривация,  бірінші  кезекте,  сөз 
жасаушылық  процесте  фокусталады,  себебі  ол  жаңа  білім  бар  туынды  сөздерді  жасап, 
номинативті әрекет мақсаттарына сәйкес келеді [9, 114]. 
Дәл  семантикалық  деривация  процесінде,  яғни  бар  бірліктердің  жаңа  мағынада 
қолданылуында,  қосымша  ассоциативті  мағыналардың  кешені  пайда  болады. 
Семантикалық жылжу жаңа және арнаулы мінездемелерге орын босататын объект түрінің 
өзгерісі нәтижесінде болады. Сөздің семантикалық дамуына тек қана бастапқы, негізгі мән 
емес,  сонымен  қатар,  оған  сәйкес  прототипикалық  жағдай  да  негіз  болады.  [10,  85]. 
Әртүрлі  объекттер  мен  түрлі  жағдайларды  ортақ  ойды  жүзеге  асыру  мақсатында 
біріктірілген,  аз-аздап  универсал,  абстрактті  түрде  және  туынды  түрде  пайда  болған, 


 
218 
физикалық  субстанциядан  кетірілген  бірыңғай  когнитивті  схема  көзі.  Бұл  прототиптік 
жағдай,  бастапқы  мағынада  белгіленбейтін,  бірақ  кейбірлеріне  көптеген  метафоралық 
және метафоралық емес мағыналар негізделген, көптеген импликациялардың көзі. 
М.Г.  Шкуропацкаяның  пайымдауы  бойынша,  мағыналардың  метафоралық 
байланысы  кезінде  ортақ  бөлік  ретінде,  әдетте,  импликационал  семалары  болады,  яғни 
туынды  мағынада  айырым  белгілері  рөлін  ұстанатын  мағынаның  шеткері  компоненті, 
сирек  кезде  бастапқы  мәннің  интенсионалы.  Туынды  мағынаның  архисемасына  келетін 
болсақ, айырым белгілерімен айқындалатын (гипосема), ішкі топтары бөлініп көрсетілген, 
топтар  туралы  түсінік  оның  рөлін  атқарады.  Мысалы  «есек»  (жануар)  сөзінің 
импликационалында келесі белгілер болуы мүмкін: ақылсыз, ебедейсіз, қырсық және т.б. 
Осы  белгілердің  кез-келгенінде  жеке  түрде  немесе  басқа  сөзбен  байланыста  бола  тұра, 
метафоралық  негізде  туынды  мағыналардың  құрылуына  қатысу  мүмкіндігі  бар.  Бірі 
узуалды  болса,  басқалары  окказионалды  мағыналы  немесе  потенциалды  болады. 
Ауыспалы  мәндегі  сөз  өзінің  біріншілік  мағынасының  ең  алуан  түрлі  импликационалын 
жүзеге  асырады,  бұған  қоса  екіншілік  семантика  мен  дәлелдемелік  белгілердің  құрамы 
үнемі түсінікті бола бермейді. Оның маңызды бөлігі мәнмәтінге байланысты болып, өзінің 
мағынасын  мәнмәтіннің  байланыс  қисынына  жарамды  болуынан  анықтайды.  Осылайша, 
семантикалық деривацияның кеңінен тараған түрлерінің бірі метафора болады. 
Дж.  Лакофф  пен  М.  Джонсон  өздерінің  әйгілі  «Метафоры,  которыми  мы  живем» 
еңбегінде адами ойлау процестері көбіне метафоралық екенін пайымдайды, яғни адамның 
концептуалды жүйесі құрылымдалған және метафора көмегімен анықталған [11, 25]. Н.Д. 
Арутюнованың  пікірінше,  метафорада  ойлау  негіздері  мен  әлемге  деген  ұлттық-
айрықшалық  көз-қарастың  құрылу  процестерін  ғана  емес,  сонымен  қатар  оның  әмбебап 
бейнесін де көре бастады [12, 6]. 
Тілді  зерттеудің  антропоцентризмдік  тәсілдемесін  есепке  ала  отыра,  метафора,  бір 
жағынан,  екінші  аталымның  құрылу  механизмі  ретінде,  екінші  жағынан,  жаһанды 
танымдық механизм ретінде қарастырылуы мүмкін. 
Дж.  Лакофф  «көпшілік  қабылдаған  мағынадан  тыс  бір  немесе  бірнеше  сөздердің 
белгілі  бір  құбылысты  суреттеу  мақсатында  қолданылатын  жаңа  ақындық  сөз»  деп 
матефораның  дәстүрлі  анықтамасын  сыни  бағалай  отыра,  метафоралық  өрнекті 
тудыратын тіл емес, сана деп санаған. Бұл оны мүлде жаңа анықтаманың құрылуына алып 
келеді:  «Метафора  –  концептуалды  өрістегі  бірнеше  ұғымдық  салалардың  қиылысуы. 
Метафораның  мәні  бір  түрдің  құбылыстарына  екінші  түрдің  терминдерімен  қайта  мән 
берілуінде»  [11,  10].  Егер  адамның  ұғымдық  жүйесі  реттеліп,  метафоралық  түрде 
анықталатын болса, демек, адамның ойлау процестерінде де метафоралық мінез бар. 
Дж. Лакофф пен М. Джонсонға сәйкес метафораның екінші аталым тәсілі ретіндегі 
әмбебаптығы  мен  айрықшалығы  оның  басқа  семантикалық  деривация  түрлерінде  жоқ 
бейне-ассоциациялық  ұқсауға  сүйеніп  іс  қылуында.  Метафора  күрделі  әрі  маңызды 
құбылыс  деп  көрсетіледі.  Соңғы  зерттеулердің  нәтижесі  негізінде  метафора  әлемнің 
тұлғалық  моделінің  құрылуына  қатынасады,  адамның  сезім-бейнелік  және  вербалды 
жүйелерінің интеграциясында аса маңызды роль атқарады, сонымен қатар тіл, ойлау және 
қабылдаудың категориялауында негізгі элемент болатынын болжауға болады. Сондықтан, 
қазіргі таңда метафора тек қана лингвистикада емес, психологияда, когнитивті ғылым мен 
жасанды сана теорияларында да зерттелініп жатыр. 
Когнитивті  бағыт  көз  қарасынан,  метафора  –  екі  ұғымдық  өрісті  байланыстырып, 
жаңа  өрісті  концептуалдау  үшін  негіз  болатын  өріс  құрылымдау  әлеуетін  пайдалану 
мүмкіндігін жасайтын негізгі менталды әрекет. Білімнің бір мазмұнды саладан екіншісіне 
тасымалдау  аналогия  негізінде  жатыр.  Когнитивті  тәсілді  қолдаушылардың  пікірі 
бойынша, аналогия адамдардың күнделікті семантикалық қорытындыларында басты рөлді 
атқарады. Бұл тараптан метафора – адами ойлаудың аналогты мүмкіндіктері мен олардың 
тілдік  бейнеленуі.  Метафоралар  адамдардың  ойлау  мен  әрекет  жасау  үлгілері  ретінде 


 
219 
көрсетіледі.  Олардың  негізі  адамның  ұғымдық  жүйесінде  болады.  Сонымен,  когнитивті 
тәсіл  метафораның  негізгі  танымдық  процесті  бейнелейтін  тілдік  құбылыс  ретінде 
есептелуімен байланысты. 
Семантикалық  деривацияның  нәтижелік  жағынан  екінші  болатын  -  метонимия. 
Метонимия  логикалық  импликацияларға  негізделіп,  пікір  айту  формасын  қысқартатын 
екінші  аталымның  бір  түрі.  Нәтижесінде  метонимия  мағынаны  тасымалдаудың  кең 
тараған түрі болады. Метонимияның семантикалық уәжілдеуі заттар мен құбылыстардың 
ұқсастығына  негізделеді,  демек  бастапқы  мағынамен  бөлек  белгілермен  емес,  барлық 
мағына көлемімен байланысты. Метафорамен қатар, когнитивті аспекттегі метонимиялық 
тасымал  тек  белгілі  бір  мәтін  шеңберінде  дискурсивті  феномен  ретінде  көрсетіледі. 
Метонимия  күрделілігі  әртүрлі  болатын  бірліктермен  көрсетілуі  мүмкін:  сөздер,  сөз 
тіркестері,  сөйлемдер.  Метонимиялық  қатынас  сөз  тудырушы  және  туынды  сөздің 
арасында ғана емес, бір сөзжасамдық қатардағы туынды сөздер арасында болады.  
Е.С.  Кубрякованың  еңбектерінде  метонимия  ең  маңызды  танымдық  қағида  ретінде 
қарастырылады.  Оның  негізінде  адамның  менталдылығының  категориялары  мен 
грамматикалық  категориялар  құрылады.  М.Г.Шкуропацкаяға  сәйкес  семантикалық 
деривация  кезіндегі  метонимиялық  тасымал  құрылады:  сөздің  біріншілік  мағынасы 
екіншілік  туынды  мағынаның  (объективті  әлем  мәндерінің  ұқсастығы,  шектесуі,  бір 
жағдайға  қатысты  болуы)  категориялы  лексикалық  семаны  (архисема,  гиперсема) 
ықпаландырады, ал өзі оның ажыратушы семасын (гипосема) құрайды.  
Сөздердегі  жаңа  мағыналардың  даму  процесі  семантикалық  модельдер  арқылы 
жүзеге асырылады. Әртүрлі семантикалық деривация түрлерінің (мағына модификациясы, 
атау  тасымалы)  арасында  атаудың  метафоралық  және  метонимиялық  тасымалдануы  ең 
тиімді.  Тілдіңноминативті  қызметінің  жүзеге  асырылуы  кезінде  аталған  әр  түр  жаңа 
лексикалық бірліктер құрылуының тұрақты механизмі болып табылады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет