Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2020



Pdf көрінісі
бет130/140
Дата02.03.2022
өлшемі2,41 Mb.
#26898
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   140
(лингвостатистикалық 
талдау негізінде) 
 
Аннотация 
Мақалада  қазақтың  бас  ақыны  Абай 
Құнанбайұлының  қарасөздері  бойынша  жиілік 
сөздік 
жасап, 
соның 
негізінде 
ақын 
шығармаларындағы  қолданыс  жиілігі  жоғары 
сөздердің  ішінен  концептілік  мәні  бар  сөздерді 
анықтау, 
қарасөздер 
аясында 
олардың 
концептуалдық 
өрісін 
айқындау 
негізінде 
ақынның тілдік тұлғасын ашу көзделді. 
Түйін  сөздер:  жиілік  сөздік,  сөзқолданыс, 
концепт, концептуалдық өріс, тілдік тұлға. 
 
 
Жиілік  сөздіктер  –  ақынның  немесе 
жазушының 
белгілі 
бір 
немесе 
бүкіл 
шығармасындағы  сөздердің  қолданылу  жиілігін 
айқындайтын  сөздік  түрі.  Қазақ  тілінде  мұндай 
зерттеу 
үлгісін 
А. 
Ахабаевтың, 
С. 
Мырзабековтың, 
Қ. 
Молдабековтің, 
А. 
Белботаевтың,  Б.  Қалыбековтің  [1]  еңбектерінен 
көреміз.  70-жылдардың  соңында  ұлы  жазушы 
М.О. Әуезовтің «Абай жолы» романының жиілік 
сөздігі [2] жарыққа шықса, кейін жазушының 20 
томдық  шығармалар  жинағының  жиілік  сөздігі 
жарияланды [3]. Осындай сөздіктердің арасында 
«Абай  тілі  сөздігі»  еңбегінің  [4]  алатын  орны 
ерекше.  
Жиілік  сөздіктер  жазушының  немесе 
ақынның  қандай  мәселелерді  қарастырғанын, 
неге  айрықша  мән  бергенін  көрсетеді.  «Жиiлiк 
параметрi сөздiң тiлде тұрақты қолданылатынын 
көрсетсе,  бұл  осы  сөздiң  аса  құндылығының 
белгiсi.  Жалпы  алғанда,  қазіргі  кезеңдегі  ғылым 
көкжиегі  тұрғысынан,  жазушы  тілінің  жиілік 
сөздігі  –  автордың  көркем  образдар  әлемін 
қалпына  келтірудің  негізгі  құралы  болып 
саналады» [5, 97]. 
Қазақтың 
бас 
ақыны 
Абай 
Құнанбайұлының  тілдік  тұлғасын  анықтауда  әрі 
жиілік,  әрі  түсіндірме  сөздік  болып  есептелетін 
«Абай  тілі  сөздігінің»  маңызы  ерекше.  Онда 
ақынның 
бүкіл 
шығармаларының 
тілі 
жинақталып  берілген.  Біздің  мақсатымыз  – 
ақынның  бүкіл  шығармасы  емес,  қара  сөздері 
негізінде  ақынның  көп  қолданған  сөздерін 
анықтап, сол арқылы ақын тілінің концептуалды 
жүйесін, ақынның тілдік тұлғасын айқындау. 
 


 
222 
Осы мақсатқа орай ең алдымен жиілік сөздік жасаумен айналыстық. Microsoft Word 
және Excel құралдарының көмегімен жиілік сөздік жасаудың өз техникасы бар. Оны жасау 
жолдарын  ғалым  Б.Нұржанова  өзінің  диссертациялық  жұмысында  жан-жақты  сипаттап 
берген  [6,  119-126].  Біз  сол  зерттеуге  сүйене  отырып,  сөздікті  төмендегідей  жүйемен 
түздік. 
Ең  алдымен,  ақынның  бүкіл  қарасөздерінің  электрондық  нұсқасы  жасалды.  Оның 
ішінен тақырыптар, әрқайсының соңындағы жылдар алынып тасталды. Мәтінді сөзтізбеге 
түсірмес бұрын ондағы бүкіл тыныс белгілер алынып тасталды, бас әріптер кіші әріптерге 
ауыстырылды. 
Келесі  кезекте  мәтінді  сөзтізбеге  айналдыру  жұмысы  жүргізілді.  Ол  үшін  «найти» 
және  «заменить»  батырмалары  қолданылады.  «Найти»  белгісіне  бос  белгі  (пробел) 
қойылып, «заменить» деген жерге абзац белгісі қойылады. 
Word-тағы  сөзтізбені  Excel  форматына  көшіріп  саламыз  да,  оны  әліпби  тәртібіне 
түсіреміз. Ол үшін «Сортировка и фильтр» белгісі пайдаланылады. 
Осындағы  «жиілік  сөздік»  белгісінің  тұсына  белгі  қойып,  оны  «Значение»  мәніне 
апарсақ,  сөзтізбенің  қасынан  сөздердің  қолданылу  жиілігі  шығады.  Әліпбиге  салынған 
сөзтізбенің  жиілік  санын  анықтау  мақсатында  «бірінші  жолға  «Жиілік  сөздік»  деген 
атауды  жазып,  одан  кейін  «Вставка»  белгісінің  ішінен  «Сводная  таблица»  белгісін  басу 
керек.  Сол  жақтағы  сортировка»  белгісінен  «Сортировка  от  максимального  к 
минимальному» жазуын басқанда, ең көп қолданылған сөздер тізімнің басына шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет