Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2020



Pdf көрінісі
бет13/140
Дата02.03.2022
өлшемі2,41 Mb.
#26898
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   140
Байланысты:
Vestnik-EAGI-2-2020

ТҮЙІН 
 
Мақалада Неплюев және Сібір кадеттік корпустарының қалыптасуы мен қызметінің және 
онда  қазақ  жасөспірімдері  оқуының  тарихы  қарастырылған,  осы  оқу  орындарының  қазақтан 
шыққан  әйгілі  түлектері  туралы  мәліметтер  келтірілген,  сонымен  қатар  осы  әскери  оқу 
орындарының қазақ интеллигенциясының қалыптасу алғышарттарының пайда болуындағы орны 
мен роліне баға берілген.  
 
RESUME  
 
In  this  article  the  author  considers  the  history  of  creating  and  functioning  of  the  Neplyuyev  and 
Siberian cadet corps and training of the Kazakh young people in them.  
The author gives the data about the famous Kazakh graduates of these educational establishments 
and gives assessment of the place and role of these military  – educational establishments in forming the 
prerequisites of the Kazakh intelligentsia.  
 


 
10 
ӘОЖ 355.48  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аннотация  
Мақалада  тарих  ғылымындағы  өзекті 
тақырыптардың  бірі  –  қазақ  халқының  рухани 
өміріндегі діни өзгерістер қарастырылады. Патша 
үкіметінің 
қазақ 
халқының 
әлеуметтік-
экономикалық  мәдени  дамуын  барынша  тежеп, 
пәрменді  орыстандыру,  шоқындыру  саясатын 
үдете түскендігі жайлы талданады. 
Түйін  сөздер:  дін,  жәдидшілдік,  отарлау, 
шоқындыру, мешіт, медресе. 
 
 
Қазақ  халқының  рухани  дәстүрлері  өзінің 
зерттелуі жағынан жас болғанымен, даму тарихы 
өте ерте дәуірлерге кететін, өзіндік бастан кешкен 
кезеңдері  бар дәстүр.  Қазақ халқы  қанша жасаса, 
оның  руханилығы  да  сонша  жасап,  талай 
дәуірлерді артқа тастады. Әрбір халықтың рухани 
дәстүрлері  ғасырлар  бойы  даму  барысында 
жасалған,  ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып  отыратын 
мұра. Басқа халықтар сияқты, қазақ халқының да 
өзіне тән тарихы, бастан кешкен өрлеу сатылары, 
лайықты мәдени мұрасы, рухани дәстүрлері бар. 
XIX 
ғасырда 
Ресей 
империясының 
отаршылдық 
әрекеттері 
қазақ 
қоғамының 
дәстүрлі  жағдайын  өзгертті.  Көшпелі  тіршіліктің 
аясы тарылып, қоғам дағдарысқа тап болды.  
Патша  әкімшілігін  толғандырған  тағы  бір 
мәселелердің  бірі  –  қажылыққа  бару  болды. 
Өйткені XIX ғасырдың аяғында қажылықтың өріс 
алуы  қазақ  даласында  ислам  дінінің  ықпалын 
күшейтетін  фактор  еді.  «Алайда,  кейбір  орыс 
шенеуніктерінің 
пайымдауынша, 
қазақ 
даласындағы  қажылықты  реттеу  экономикалық 
табыс  көзіне  айналуы  тиіс  болды.  Бірақ,  Ресей 
патшалығы  алғашында  ислам  дінін  қолдау 
саясатынан  бас  тартып,  орыстандыру  және 
шоқындыру  саясатына  ауысуы  да  қажылыққа 
деген көзқарастың өзгеруіне себеп болды» [1, 8].  
Сондықтан  патша  үкіметі  қазақ  даласында 
ислам дінінің тереңдеп дамуына және қажылыққа 
баруға мүмкіндігінше шек қоюға тырысып бақты. 
Осыған  байланысты  1868  жылға  дейін  Орынбор 
мұсылман  Діни  жиналысы  құзырында  болған 
қазақтардың    діни    мәселесі     енді     жергілікті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет