Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2020



Pdf көрінісі
бет14/140
Дата02.03.2022
өлшемі2,41 Mb.
#26898
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   140
А.З. Еслямова  
Еуразия гуманитарлық институты,  
гум. ғыл. магистрі 
 
Қ.Ш. Аубакирова  
Еуразия гуманитарлық институты,  
тар. ғыл. канд., доцент 
 
XIX ғасырдың 
екінші жартысы 
мен XX ғасырдың 
басындағы қазақ 
өлкесіндегі діни 
өзгерістер және 
отарлық саясат 
 


 
11 
әкімшіліктерге тапсырылды. Қажылықты реттейтін де бірнеше ережелер де қабылданды. 
«ХХ  ғ.  басында  «Временные  правила  о  паломничестве  мусульман»  атты  құжат  пен  осы 
мәселеге байланысты Ішкі істер министрінің тағы басқа да қосымша құжаттары бойынша 
мұсылмандардың  қажылық  құқықтары  православия  дініндегі  христиандардың 
Иерусалимге ғұрыптық  сапарына байланысты құқықтарымен ресми теңестірілді» [2, 11]. 
Қабылданған  бұл  реформаға  байланысты  қажылыққа  барушылардың  саны  қазақтар 
арасында жыл сайын артып отырды.  
Сонымен қатар, патша әкімшілігі татар тіліндегі діни оқулықтарды таратуға тыйым 
салынып,  цензура  дегенді  енгізді.  Мысалы,  К.П.  Кауфман  Халық  ағарту  министрі  граф 
Д.А.  Толстойға  жіберген  ашық  хатында  былай  деп  жазған:  «Маған  әр  түрлі  мұсылман 
басылымдарын  сататын  қазан  татарлары  туралы  мәліметтер  жиі  кездеседі.  Атаулы 
басылымдар  арзан,  ол  болса  көшпелі  халық  арасында  тегін  таратуға  мүмкіндік  береді. 
Менің ойымша, осы кітаптарды үгіттеу Орта Азияда біздің саясатымызға жағымсыз әсер 
етеді.  Жылдар  сайын  арзан  басылымдар  мен  сауда  жүргізетін  қазан  татарларының 
арқасында  қырғыз  (қазақ  –  А.Е.)  халқы  арасында  ислам  нығайып  келеді.  Ұлы  мәтебелі, 
сізден Ішкі  істер министрлігімен , басылым әкімшілігімен хабарласып, оларға мұсылман 
басылымын шектеуі туралы сұрауыңызды өтінемін» [2, 105].  
XIX  ғасырдың  соңы  мен  XX  ғасырдың  басында  патша  үкіметі  мұсылман 
халықтарының,  әсіресе,  қазақ  халқының  әлеуметтік-экономикалық  мәдени  дамуын 
барынша  тежеп,  пәрменді  орыстандыру,  шоқындыру  саясатын  үдете  түсті  және  оған 
мүмкіндігінше тежеу салып, қатал қадағалануға алынды. Мешіт, медреселерді рұқсатсыз 
тұрғызылуына тыйым салынды, олардың жабылуын көздеп, медреселерде орыс тілін оқу 
ең  басты  міндет  деп  енгізілді.  Ал  мешіт,  медреселердегі  молдаларды  отаршыл  үкіметтің 
өзі  тағайындайтын  болды.  Бұл  көрсетілген  міндеттер  орындалмаған  жағдайда  жергілікті 
әкімшілік  органдары  мешіт  медреселерді  жабуға  құқылы  болды.  Мәселен,  Ақмола 
облысының  әскери  губернаторы  Дала  генерал-губернаторына  жазған  мәлімдемесінде 
«Петропавл  уезінің  Станов  болысында  төрт  мешіт  бар,  олардың  екеуі  рұқсатсыз 
тұрғызылған.  Ішкі  істер  министрлігінің  №  6500  түсіндірмесі  бойынша  бұл  үш,  соның 
ішінде біреуі рұқсат етілген, мешіттер жабылуы тиіс» [3, 9 п.] – деп берілген.  
Патша  өкіметі  мектеп–медреселерге  мүлде  теріс  көзқарас  ұстанды.  Олардың 
айтуынша:  мектептерде  әрбір  кластарға  арналған  оқулықтар  белгіленбеген,  нақты 
бағдарламасы, келесі курсқа өтуге арналған белгілі бір кезеңі жоқ, сондықтан да бұл оқу 
орындарында ұзақ уақыт білім алған адамдар әлі де болса, қараңғы және сауатсыз болып 
қала  береді  деген.  1874  жылы  барлық  Қазақстан  мұсылман  мектептері  мен  медреселері 
Халық ағарту министрлігіне бағындырылды [4, 2-6-пп.]. 
Мәселен,  1872  жылы  Ақмола  облысында  10  мектеп-медресе  жұмыс  істеген.  Онда 
жалпы 365 оқушы оқыған, олардың 321-і ер бала, ал 44-і қыз бала еді. Яғни, Петропавлда 
7  мұсылман  мектебі,  олардың  4-еді  ер  балаларға,  3-еді  қыз  балаларға  арналған, 
Көкшетауда  2  ер  балаларға  арналған  және  Ақмола  қаласында  бір  ер  балалар  мектебі 
болды
 
[5, 25-26]. Сонымен қатар патша үкіметі 1876 жылы орыстандыру саясатының тағы 
бір  жолы  ретінде  мұсылман  оқу  орындарына  орыс  сыныптарын  енгізу  туралы  шешім 
қабылдады. Бірақ, қандай да болмасын шектеулерге қарамастан, мұсылман оқу орындары 
Ақмола  облысында  да  аз  да  болса  өз  қызметтерін  жалғастыра  берді.  Мұсылман 
мектептерін полицейлік бақылауға беріп, қадағалап отырды [6, 88-89 пп.]. 
Қазақтар  балаларын  мектеп-медреселерде  оқытқысы  келетін  ата-аналар  бұған  уезд 
бастықтарынан  арнайы  белгілеген  куәлік  түрінде  рұқсат  қағаз  алуға  міндетті  болды. 
Патша үкіметі жаңадан мектеп-медреселерді ашуға рұқсат етпеді. Дәстүрлі мектептер мен 
медреселер  өз  қызметін  орыс  тілі  мұғалімі  бар  орыс  кластары  болған  жағдайда  ғана 
жұмыстарын  жалғастыруға  мүмкіндік  берілді.  Егер  де  куәлік  алудан  бас  тартқан  ата-
аналарға айыппұл салынып, немесе жазаға тартылатын болған. Мысалы, олар бірінші рет 
10  сом  көлемінде,  екінші  рет  30  сом  айып  төлеулері  тиіс  болатын.  Ал  үшінші  ретте  5 


 
12 
тәуліктен  15  тәулікке  дейін  қамалып,  олардың  балаларын  мұсылман  мектептерінде 
оқытуға мүлдем тыйым салынды. 
Сол  кезден  бастап  мектептер  мен  медреселерді  басқаратын  меңгерушілер 
инспекторларға  әрбір  жылда  оқу  орындарында  оқитын  оқушылардың  тізімін  дәлме-дәл 
жазып,  тапсырып  тұрулары  қажет  болды.  «Молдалар  мен  медреселерді  басқаратын 
адамдар  инспекторға  өз  сабақтарының  оқу  құралдары  мен  басшылықтары  айқын 
көрсетілген  бағдарламасын  табыс  етуге  мәжбүр  етілді.  Жаңа  мектептер  мен  медреселер 
ашу  туралы  өтініштер  де  инспектроға  берілетін  болды.  Ол  өз  кезегінде  бұларды  округ 
тәрбиешісіне табыс ететін, егер өтініш жасаған кезде: а) мектептерді немесе медреселерді 
құрушылар есебінен орыс класын ұстау туралы міндеттемелер; ә) ашылатын мектептерді 
немесе  медреселерді  материалдық  жағынан  жеткілікті  дәрежеде  қамтамасыз  етуге 
арналған  құжат  көрсетіліп,  тілек  білдірілген  жағдайда  ғана  мұсылман  оқу  орнын  ашуға 
рұқсат  етілетін»  [7,  48-49].  Яғни,  дәстүрлі  мұсылман  оқу  орындарына  көптеген  қатаң 
талаптар  қойылды.  Бұл  жай  ғана  талап  болған  жоқ,  сонымен  қатар,  отаршыл  әкімшілік 
тарапынан  қатаң  қудаланды.  Мектептер  мен  медреселердің  жалпы  саны  Ақмола 
облысында, 1896 жылы 13-ке жеткен, онда 547 оқушы оқыған, [8, 5] Ал, 1898 жылы – 11 
мектеп-медресе,  оқушының  саны  425,
 
[8,  10]  1907  жылы  –  15,  970  оқушы  білім  алған 
болатын [8, 12]. 
Патша жарлықтары бойынша болыста тек қана 1 молда мен 1 мешіт болуы тиіс еді 
және мұсылман діни басқармасы әр жыл сайын ашылған медреселер, ондағы ұстаздар мен 
шәкірттер жайлы мәлімет беріп отыруы тиіс болды. [9, 1-2 пп.] Егер заңға қайшы келетін 
мектеп  –  медреселер  болса  оларды  бірден  жауып  тастаған  еді.  Мәселен,  Көкшетау 
уезіндегі  медресе  жайлы  мына  деректе:  «Существующая  ныне  в  Кокчетавском  уезде 
медресе,  уклонившийся  в  своей  практике  от  преподанных  Министерством  Народного 
Просвешения правил, был оставлен лишь до конца текущего учебного года, а затем был 
закрыт...» [10, 43 п.].  
Қазақстанда  соның  ішінде  солтүстік  Қазақстанда  шоқындыру  саясаты  қарқынды 
түрде  жүргізіле  бастады.  Жергілікті  қазақ  халқының  арасында  христиан  дінін 
уағыздаумен, оларды шоқындырумен қазақ жерінде ашылған миссиялар жұмыс атқарды. 
Қазақтарды христиан дініне көшіруді шіркеу қызметкерлері жүргізді. 1881 жылы Қырғыз 
діни  миссиясы  ашылды.  Қазақстанның  солтүстігінде  орналасқан  Тобол  епархиясы 
көптеген  қалаларда:  Көкшетау,  Петропавл,  Атбасар,  Ақмола,  Қарқаралы,  Омбыда  өзінің 
діни  миссияларын  ашты.  Оның  бастамасымен  1883  жылдан  бастап-ақ  Қазақстанда  14 
миссионерлік  стан  пайда  болып  олардың  жанынан  қазақ  балаларына  арналған  17 
миссионерлік  мектеп  ашылған  [11,  31].  Христиан  дінін  уағыздауда  елеулі  жетістіктерге 
жету  үшін  миссионерлік  стандардың  жанынан  училиелер,  жетімханалар,  госпитальдер 
салыну қажет деп саналды, бұл қазақтарды орыстардың христиан дініне бет бұрғандарға 
қаншалықты қайырымды екендігіне және төзімділігіне сендіруі тиіс еді. 
ХIХ  ғасырдың  басынан  бастап  отаршылдар  қазақтардың  жерін  тартып  алды, 
сондықтан да бұқара халықтың шаруашылығы күйзелді. Патша үкіметі қазақтардан алым-
салықтың  түрлерін  көптеп  алды,  сонымен  қатар,  өзіміздің  бай-шонжарларымыздың 
озбырлығы  халықтың  жағдайын  нашарлатып  жіберді.  Міне,  осы  жағдайды  пайдаланған 
патша  өкіметі  шоқынған  қазақтарға  көптеген  көмектер  беріледі  деп  елдің  ішінде  іріткі 
салды.  Соған  сенген  кейбір  қазақтар  шоқына  бастады.  Бұл  жайлы  Қ.Кеменгерұлы  өз 
зерттеуінде кейбір қазақтардың христиан дінін қабылдаған фактілерін көрсете келе, бірақ 
ондайлардың  аз  болғандығы,  тек  өте  кедейленген,  әлсіз  топтардан  ғана  шыққандығы 
туралы  былай  жазады:  «Дүниеге  қызығып  орыс  қалаларындағы  қазақ  жұмыскерлерден, 
ашаршылық жылдарда өлім халіне жеткендерден, рудан пана таба алмай қалаға тығылған 
ғашық  жарлардан  бірен-саран  шоқынғандар  болды.  Бұлардың  ішінен  де  көбі  біраз  жыл 
тұрып, сахараны сағынып, қайтадан қазаққа шығып кетті»
 
[12, 59]. 


 
13 
Миссионерлер  шоқындыруды  ойдағыдай  жүргізудің  тиімді  бір  жолы,  қазақтарды 
орыс шаруаларымен араластырып орналастыру мен казак сословиесіне енгізу деп қарады. 
Мысалы, «1896 жылы Ақмола облысында 99399 жаңа қоныстанушылар тұратын 132 село 
болды, ал 1900 жылы селолардың саны 200-ге, көшіп келушілердің саны 16009-ға жетті» 
[13,  14].  Қазақтарды  шоқындырудан  бұрын  патша  өкіметі  қазақ  халқынан  басқа  (татар, 
шуас,  мордва,  башқұрт,  саха,  ноғай  тағы  басқа)  халықтарды  шоқындыруда  көптеген 
тәжірибе  жинақтаған  еді  [14,  46].  Әрине,  бұл  халықтарды  шоқындыруда  күштеу,  алдап-
арбау жолдарын ұстанды. Халық арасында бұған қарсылықтар да көрсетіп жатты. 
Патша  өкіметінің  бұратана  халықтары  үшін  ашылған  аралас  мектептерде  қазақ 
халқын сауаттандыру, ғылым, білімге үйрету емес, керсінше, отарлаушыларға күнделікті 
саяси-әлеуметтік  мұң-мұқтаждарына  жұмыс  істейтін  төменгі  дәрежелі  кызметкерлер 
даярлау  мақсатын  ұстанды.  Орыс-қазақ  мектептер,  мұғалімдер  семинариясы,  тағы 
басқаларында шамаға  қарай миссионерлік ағартушылық мақсатта ұстап отырды [13, 20]. 
Осы кезеңде отарлық езгіге қарсы қарулы көтеріліс жүріп жатса, екіншісінде ұлт азаттық 
күрестің  ондай  түрі  аяқталып,  енді  екінші  кезеңі  басталды.  Бұл  кезең  жәдиттік 
қозғалыстың дүниеге келуімен сипатталады. 
Жәдидтік  қозғалыс  біз  зерттеп  отырған  өлкеде,  әсіресе  Көкше  жерінде  де 
насихатталған  болатын.  Бұл  идеяны  ағартушы,  мұсылманшылықтың  шапағатын  жоюға 
бүкіл  өмірін  арнаған  Науан  Хазірет  бірден  қабылдап,  оны  Көкше  жеріне  іске  асыру 
жұмысымен айналысты. Наурызбай Таласұлы, халық арасында Науан Хазірет деп аталған. 
Ол 1843 жылы Баратай ауылының маңындағы Жылкелді өңірінде Талас Құтболат ұлының 
отбасында туған. Шыққан тегі Қарауыл руының Есенбай-Шұңғырша тармағынан [14, 6]. 
Жастайынан  зерек  Наурызбай  ауыл  молдасынан  хат  танығаннан  кейін,  Қызылжар 
медресесінде  оқуын  жалғастырады.  Оны  үздік  оқып  бітірген  соң,  ол  ерекше  дарынды 
түлек  ретінде  сол  кездегі  діни  жоғарғы  оқу  орны  Бұхар  медресесіне  жолдама  алады.  Он 
бес жыл оқып, медресені де үздік бітірген Наурызбайды медресе ғалымдары мұсылман дін 
орталығы болған Бағдат шаһарына жібереді. «Онда ол ұстаздық етеді. Бірақ көкшетаулық 
мұсылмандар қауымы Солтүстік Қазақстан өңірінде жоғарғы білімді имамның жоқтығын 
тілге тиек етіп, Наурызбайды еліне қайтаруды өтінеді. Бұл өтініштері орындалып, ол еліне 
қайтарылады».  Бұл  туралы  Әлихан  Бөкейханов:  «Науан  15  жыл  Бұхарада  оқыды,  сонда 
жоғары мектепті бітірді. Өзінің ерекше дарындылығының арқасында карьерасын жасады. 
Науан  Бұхарада  жоғары  мектепте  сабақ  оқытушы  қызметінде  жүргенде,  көкшетаулық 
қазақтар ерекше делегат жіберіп оны шақыртып алды» - деп жазды
 
[15, 74].  
Міне,  осындай  жағдайда  Науан  Хазірет  те  халық  арасында  дін-исламның,  ұлттық 
дәстүрдің  қорғаушысы  ретінде  үлкен  беделге  ие  болды.  Ол  ислам  дініне  Ресей 
патшалығының  орыстандыру,  шоқындыру  саясатына  қарсы  тұра  алатын  рухани  күш 
ретінде  карады.  Бірақ  Науан  Хазірет  бастаған  мұсылмандар  қозғалысында  рухани-
адамгершілік идеялары саяси талаптардан басым болғандығы шабуылдан гөрі, қорғанысқа 
бейімделген  еді.  Гектограф  арқылы  көбейтілген  үндеулерде  заңға  қайшы  әрекеттерге 
шақыру  туралы  айтылмайды  [13,  17].  Ал  бұл  қозғалыстың  негізгі  мақсаты:  ислам  дінін 
ұстануға патша үкіметінен рұқсат алу, ұлттық мектептер ашу, қазақтың әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлерін  ислам  діні  рәсімдері  бойынша  жүзеге  асыру  болатын.  Патша  үкіметі  бұл 
істердің  барлығы  заңға  қайшы  деп  тауып,  жауапқа  тарту  жолдарын  қарастыра  бастады. 
Бұл жайлы мұрағат деректеріне сүйене отырып жазған тарихшы Қ. Абуев «Науан Хазірет» 
атты  кітабында  былай  деп  жазған:  «1901  жылғы  20  мамыр  күні  ояз  бастығы  келіп, 
Таласовтың қызметіне тыйым салынады деп, іс қағаздарын алып кеткен. 19-ші қыркүйек 
күні  7 болыстың өкілдері  бас қосқан төтенше съезде жиналады. Ол  жиналыста сөйлеген 
сөзінде  ояз  бастығы:  «Сендерде,  киргизде,  дін  жоқ,  бұдан  былай  шариғат  жолымен  іс 
атқаруға тыйым салынады» [13, 20]. Әрине, бұған қарсы шыққан халық жоғарғы жақтарға 
хат  жолдай  бастайды.  Ал  жергілікті  әкімшілік  Н.Хазірет  пен  оның  шәкірті  Ш. 
Қосшығұловты  қудалай  бастайды.  Болған  жағдай  туралы  Ақмола  облысының  әскери 


 
14 
губернаторы  дереу  дала  губернаторына  телеграф  соғып,  Көкшетау  оязының  бастығына 
мынадай  нұсқау  берген:  «Тез  арада  Көкшетаудағы  мешіт  жанынан  заңсыз  ашылған 
интернатты  жауып,  ондағы  оқушыларды  таратып  жіберу,  молла  Таласовтың  үстінен 
заңсыз бақылау жасау қажет» [13, 21].  
Тиісті органдардың жауабы көп күттірген жоқ. Ішкі істер министрлігінің 1903 жылы 
17-ші  шілдедегі  арнаулы  мәжілісі  молла  Таласовпен  қамауда  отырған  оның  көмекшісі 
Қосшығұловқа «үкіметтің қаулыларына қазақтарды қарсы қоюшылар» деп айып тағылды. 
Ішкі  істер  министрі  қол  қойған  бұл  қаулыда  былай  делінген:  «Аталған  екі  адам  Шығыс 
Сібірге  жер  аударып,  Иркутск  генерал-губернаторының  қарамағына  жіберілсін. 
Қосшығұловқа  – 5 жыл, Таласовқа  – 3 жыл  мерзім кесілсін. Шешім 1903 жылдың 12-ші 
маусымынан күшіне енсін» [16, 23 п.]. 
Бұл  тұлғалардың  жер  аударылуы  халықтың  ашу-ызасын  тудырып,  оларды  азат  ету 
туралы министрлікке дейін қазақ зиялы қауым өкілдерінің (Ә. Бөкейханов, М. Сердалин) 
жазған  өтініштерінің  нәтижесінде  Н.  Хазірет  пен  Ш.  Қосшығұловтың  мерзімінен  бұрын 
бостандыққа  шығуына  қол  жеткізді.  Айдаудан  келген  соң,  Н.  Хазірет  Көкшетау 
қаласындағы  мешіттің  имамы  қызметін  жалғастырады.  Ал  Ш.  Қосшығұлов  болса, 
саясатпен айналасуға кірісті. Ол Ресейдегі 1906-1907 жылдары шақырылған Мемлекеттік 
1-ші және 2-ші Думаға депутат болып сайланды. 
Қорыта айтсақ, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамының 
діни  сана-сезімінде  кең  түрде  таратылған  мұсылман  діні  мен  христиан  діні  идеологиясы 
қамтылған кезең болатын. Сонымен бірге Ресей патша отаршылдары қазақ халқының жері 
мен оның табиғи байлығын иеленіп қана қойған жоқ, олар қазақтарды рухани жағынан да 
отарлады:  орыстандыру,  шоқындыру,  қазақ  тілінен,  дінінен  айыру  шаралары  жүзеге 
асырылды.  Соның  нәтижесінде,  қазақ  халқын  ата-баба  дінінен,  тілінен,  әдет-ғұрыпынан, 
салтынан, дәстүрінен айырылу процесі басталған еді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет