адам бол -8, кісі бол -6, бай бол -4,
жарлы бол -1, жақсы бол -2, тірі
бол -4, артық бол -4, пайда бол -5,
әуре бол -4, тату бол -4, малды бол -
2, қор бол – 4, зор бол-1, алаң бол -1,
т.б.
Ғибадаты ғибадат болмайды, салғырттың иманы
бар деп болмайды, өкінгені пайда болмайды,
үйреніп әлек болмайды, үйреніп әлек болмайды,
адам ата-анадан туғанда есті болмайды, еш
адамның көңілінде екі қуаныш бірдей болмайды, екі
ынтық құмарлық бірдей болмайды, екі қорқыныш,
екі қайғы - олар да бірдей болмайды, өлшеулімен
өлшеусізді білуге болмайды, ағайынның азары
болса да, безері болмайды, талап балада да бар,
оған талас қылуға болмайды.
225
Бол-болма оппозициясы арқылы ақын адамдық қасиеттерді салыстырмалы түрде
сипаттап, үлгі-өсиет мәнді сөздер айтады. Адам кім болуы керек, қандай болмауы керек
деген риторикалық сұраққа жауап береді.
Өзім, өзге концептілері
Өз - 288 ( оның ішінде өзім - 24)
Өзге - 26
Мысал: Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар
дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден
қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді?
(10)
Адам баласы өзі қай жолда, қай майданда жүрсе, сол майдандағы кісімен сырлас
болады. Оның үшін өзге жолдағылардан «бәрекелдіні» оңды күтпейді (44).
Өзім, өзге оппозициясы қарама-қайшылықта ақынның өзі және айналасы туралы
толық мәлімет береді.
Адам, кісі концептілері
Адам сөзі 167 ретқолданылған. Адам сөзі 41 рет баласы сөзімен тіркессе, адам бол -
8, адам емес -1, адамдық -17, адамшылық -14 реткездеседі.
Кісі сөзі 117 рет мынадай тіркестермен келген: ақылды кісі -1, ақылсыз кісі-1, есті
кісі-1, есер кісі -1, жақсы кісі-1, жаман кісі -1, таза кісі -1, сәулелі кісі -1, мықты кісі -1,
өзге кісі-1, кісі еңбегі -1, кісіге иман -2,кісіге ғибадат -1, кісі көңілі -1.
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен бастау алған «адам болу» идиоглоссасы
қарасөздерінде де жалғасын тауып, «толық адам» болу пәлсапасына ұласты. Адам болуға
қажетті жақсы қасиеттер (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) жаман қасиеттерге
(еріншектік, бекер мал шашпақтық, харекетсіздік, адам аулау, адам сауу) қарсы қойылып,
ақын тіліндегі әлемнің тілдік бейнесін танытатын базалық концепт дәрежесіне жетті.
Бар, жоқ концептісі
Бар - 124 рет
Жоқ - 158 рет
Сұрауы бар, шарты бар, иманы бар,
арманы бар, іс бар, нәрсе бар, жайы бар,
ат бар, адам бар, қала бар, қазақ бар,
керегі бар, лайығы бар, ақылы бар,
себеп бар, өлім бар, қайраты бар, құдай
бар, өмір бар, орным бар, ұят бар, өкпесі
бар.
Бай жоқ, амал жоқ, есті кісі жоқ, қасиеті жоқ,
амал жоқ, ақыл жоқ, міні жоқ, лайығы жоқ,
ой жоқ, балуандығы жоқ, ақылдылығы жоқ,
адамдығы жоқ, арлылығы жоқ, ұяты жоқ,
баяны жоқ, әділеті жоқ, шүкірлігі жоқ, ғұмыр
жоқ, кәмәлат жоқ, тыю жоқ, дау жоқ, тағат
жоқ.
226
Бар, жоқ сөздері адамның ізгі қасиеттері мен жағымсыз қасиеттерін қарсы қоюға
қызмет етіп тұр. Бұл сөздермен келген тіркестер қазақтың мінезімен қатар, түрлі іс-
әрекетке бейімділігін көрсетеді.
Керек концептісі (109 рет)
Мал табу керек, өнер керек, араб, парсы керек, оқу керек, білмек керек (10), орынды
харекет керек, бірлік қылса керек, ғылым табу керек, үйрене берсе керек, көңілі берік
болуы керек, малды не жерден, не аққан терден іздеу керек, сөзге сақ болу керек, ғылым
үйренбек керек, ерінбей істей беру керек, т.б.
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік
болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп,
тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып
ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер
кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-
күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт
нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
Керек концептісі қазаққа не керек, адам адам болып қалуы үшін не істеуі керек деген
философияға толы. Бұған «қазақ» сөзінің көп қолданылғаны дәлел: оның қарындас,
мұсылман деген сөздермен қатар жалқау, талапсыз, алдағыш, алдатқыш секілді жағымсыз
сипатта қолданылуы ақынның халықты сүйіп қана қоймай, түрлі кеселдерден аулақ болуға
шақырғаны, халықтың қамын ойлағаны деп білеміз.
Қазақ концептісі
Қорыта келгенде, бол, бар, жоқ, керек, ақыл, өзім, өзге секілді абстракты
ұғымдармен қатар, адам, кісі, бала, мал секілді сөздерді өте көп мөлшерде қолдануы,
сонымен қатар ақын ғақлияларында оқу, білім, өнер сөздерінің, жаратқан, құдай, тәңір,
иман, Алла, намаз сөздерінің біршама мөлшерде кездесуі осы ұғым-түсініктердің де ақын
өмірінде ерекше құнды екендігімен байланысты деп ойлаймыз. Адамның ойы тілінде
десек, ақынның осы сөздерді көп қолдануының бір ғана себебі бар: бұлар – ақын үшін
құндылығы жоғары, өмірлік ұстанымын танытанын сөздер.
Жоғарыда талданған сөздердің барлығы ақын өлеңдерінің өзегіне айналған «толық
адам» концептісінің концептілік өрісін құраумен қатар, ақынның өзінің тілдік тұлғасын
ашуға негіз болатын бірліктер. Осындай бірліктер арқылы «Абай кім?» деген сұраққа да
жауап алуымызға болады. Абай – адамды сүйген, қазағын дін мұсылман баласы, қарындас
деп білген, адам баласын қадір тұтқан, халық халық болып қалуы үшін оған не керек
227
екенін білген, қандай болу керек, қандай болмау керек дегенді ажыратып берген, несі бар,
несі жоқ екенін көрсетіп, келешекке жол сілтеген дана, философ.
Достарыңызбен бөлісу: |