Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2020



Pdf көрінісі
бет67/140
Дата02.03.2022
өлшемі2,41 Mb.
#26898
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   140
Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол 
арқылы  өз  тәжірибесін,  еңбегін  өзгерте  алуы  жатқызылады.  Шығармашыл  мұғалім  үшін 
біреудің  тәжірибесін  қайталағаннан  гөрі  өз  жаңалықтарын,  білгендері  мен  түйгендерін 
басқаларға  ұсына  алуының,  шығармашылық  бағыттылықтың  болуының  мәні  зор. 
Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы бәрімізге мәлім [4]. 
Кәсіби даму – (лат. profiteor – өз ісімді хабарлаймын) – еңбек әлемінде, соның ішінде 
жекеленген  кәсіби  рөлдердің,  кәсіби  мотивацияның,  кәсіби  білімдер  мен  дағдылардың 
әртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның онтегенезде болып жатқан әлеуметтену 
үрдісі.  Кәсіби  дамудың  негізгі  қозғаушы  күші  әлеуметтік  топтар  мен  институттарға 
идентификациялану  негізінде  әлеуметтік  контекстке  интеграциялануға  тұлғаның 
талпынысы болып табылады. 
Кәсіби  даму  –  нәтижесінде  адамның  өзінің  барлық  өмірінің  барысында  өз  кәсіби 
дағдылары  мен  іскерліктерінің  деңгейін  және  сапасын  сақтауға  мүмкіндік  алатын  үрдіс. 
Бір  рет  қана  кәсіби  маман  болу  мүмкін  емес.  Кәсіби  маман  болып  қалу  үшін,  тұлғаның, 
яғни болашақ педагог-психологтің үнемі кәсіби дамуы қажет. 


 
110 
Кәсіби  даму  –  бұл  жүйелі  беку,  білім  саласында  жетілу  және  кеңею,  тұлғалық 
сапалардың  дамуы,  жаңа  кәсіби  білімдер  мен  дағдыларды  меңгерудегі  қажеттілік,  өзінің 
барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу. 
Педагогтің  кәсіби  дамуының  психологиялық  теориясының  басты  идеясы  мынадай 
негізгі жағдайларда қалыптасады: егер оқу – танымдық үрдіс орын алса, онда оның даму 
үрдісі  де  орын  алады.  Сондықтан  білім  мен  түрткілер  тұлғаның  кәсіби  дамуының  негізі 
болады.  Әр  тұлға  өзінің  білімін  жетілдіріп,  түрлі  түрткілерден  қуаттанып,  әрекетке 
көшетіні анық дүние. Кәсіби тұрғыдан үнемі дамып отырған педагог психологиясы айқын 
сезіліп, жұмыстануға, өзгені де дамытуға оң ықпалын тигізері сөзсіз. 
Психологиялық  қызмет  мамандары  білім  беру  мекемелерінде  оқуды  жеңіл  және 
тиімді  етіп,  жағымды  эмоция  қалдыруда  үлесін  тигізеді:  өзін  –  өзі  реттеу  тәсілдерін 
үйретеді,  хабарлама  жасауға,  реферат  жазуға,  конференцияларға  қатысуға  сөйлеу 
дағдыларын  жетілдіруге  тренингтер  өткізеді,  мазасызданудың,  үрейдің,  стресстің  алдын 
алу шараларын ұйымдастырады. Психологиялық дайындықтан өткен адам өзін еркін және 
сенімді ұстап, ерекше ықыласпен, талпыныспен жұмыстанады [5]. 
Жұмыстың  нәтижелі  болуына,  эмоциялық  интеллект  жұмыс  орнында  әлеуметтік 
қиындықтарға бағдарлануға, басқаруға және оларды түрткілендіруге, жетістіктерге жетуге 
көмектеседі.  Сондықтан  эмоциялық  интеллектіні  кәсіби  мүмкіндік  ретінде  қарастыруға 
болады.  
Физикалық  денсаулыққа.  Егер  стресс  жағдайын  басқара  алмаса,  ол  қиын 
мәселелердің  туындауына  әкеледі.  Стрессті  қадағалап,  басқара  алмаудан  қан  қысымы 
көтеріліп,  иммуындық  жүйе  әлсірейді,  жүрек  ұстамасының  тәуекелдігі  артады,  қартаю 
үрдісі тездейді. 
Психикалық денсаулыққа. Басқарылмайтын стресс психикалық денсаулыққа да әсер 
етпей  қоймайды,  адам  мазасыздық,  депрессияға  ұрымтал  болып  келеді.  Егер  адам  өз 
эмоцияларын  басқара  алмаса,  ұнжырғасы  түсіп,  көңіл-күйі  де  болмайды.  Оның  үстіне 
басқалармен берік қатынастар орната алмаудан адам жалғыздық күйін кешеді. 
Қарым-қатынасқа.  Егер  адам  өз  эмоцияларын  түсініп,  оларды  бақылай  білсе, 
өзгелерге де түсіністікпен қарап, жеке өмірінде де, қызметте де үйлесімді қарым-қатынас 
орната  алады.  Сондықтан  эмоциялық  интеллект  әлеуметтік-психологиялық  бейімделу, 
кәсіби іс-әрекет нәтижелілігінің факторы ретінде қарастырылуымен ерекшеленеді.  
Қазақстанның  бүгіні  мен  ертеңі  жас  ұрпақтың  еншісінде.  Ал  жас  ұрпақты  жан-
жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір 
жолы-білім  алушыға  білімді  терең  игертудің  тиімді  әдіс-тәсілдерін  іздестіру, 
шығармашылыққа жетелеу [6]. 
Д. Гоулман өз зерттеулерінде эмоционалды интеллектіні адам өміріндегі жетістіктер 
оның  жалпы  ақыл-ой  деңгейімен  емес,  оның  ерекшеліктерімен,  өзін-өзі  тану  және 
эмоционалды  өзін  басқару  алу  қабілеті,  өз  сезімін  білдіре  алу,  түсіну  және  оған  дұрыс 
көзқараспен  қарау  қабілеттерін  көрсеткен  [7].  Эмоционалды  интеллектінің  даму  деңгейі, 
адамның өмірлік және кәсіби жетістіктерін анықтайды.  
Кейінгі  кезде  жоғарғы  оқу  орнының  бағдарламаларында  болашақ  педагог-
психологтердің  эмоциялық  интеллектісін  дамытуға  арналған  оқу  жоспарындағы  таңдау 
курстарын  енгізген.  Оқу  процесінде  болашақ  педагогтардың  психологиялық  мәдениетін 
көтеруге  арналған  мәселелі  –  бағдарлық  және  белсенді  әлеуметтік-психологиялық  әдіс 
арқылы  өткізу  жақсы  нәтиже  береді  деп  санайды.  Бұл  курстар  ішкітұлғалық  және 
тұлғааралық аспектіде эмоциялық интеллектіні дамытуда жағымды әсер береді. Жоғарыда 
айтылғандардың негізінде педагогикалық білім беру мекемелеріндегі студенттерді кәсіби 
дайындауда эмоциялық интеллектіні дамыту аса маңызды екенін көруге болады. 
О.И.  Ефремова  бойынша  студенттің  оқудағы  жетістігі  кәсіби  оқу  мақсатының 
жағымды нәтижесі ретінде көрінеді [8]. 


 
111 
ҚР тұңғыш Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Әр оқушының 
білімі мен қабілеті деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек» деп 
көрсетілген. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру 
жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрсетілген. Оны шешуге педагог-психологтың 
қосатын үлесі өте үлкен [9, 10]. 
Ал,  білім  беруде  кәсіби  маман  -  мамандығы  бойынша  өз пәнін  жетік  білетін,  білім 
алушының  шығармашылығы  мен  дарындылығының  дамуына  жағдай  жасай  алатын, 
тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын 
жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және 
білімдік  мониторинг  негізінде  ақпараттарды  тауып,  оларды  таңдап  сараптай  алатын, 
отандық  және  шетелдік  тәжірибелерді  шығармашылықпен  қолдана  білетін  кәсіби  маман 
педагог-психологті айтамыз.  
Кәсібиліктің  бірден  келе  салмайтындығы  бәрімізге  мәлім  болғандықтан,  болашақ 
педагог-психологтер  оқытылған  пәндерді  толық  меңгергендігін,  тұлғалық-ізгілік 
бағыттылығы жоғары екендігін, алған білімдерін және кәсіби қасиеттерін педагогикалық 
және өндірістік іс-тәжірибе барысында көрсетіп шыңдайды.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет