Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2020



Pdf көрінісі
бет98/140
Дата02.03.2022
өлшемі2,41 Mb.
#26898
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   140
Г.Е. Абылова 
Еуразия гуманитарлық институты,  
филол. ғыл. канд., доцент 
 
Алтай тілдерінің 
синтаксистік 
жүйесі: қабыса 
байланысқан сөз 
тіркестері 
 
Аннотация  
Бұл  мақалада  қазіргі  алтай  тілдеріндегі 
қазақ, 
қалмақ 
және 
нанай 
тілдерінің 
материалдары  негізінде  қабыса  байланысқан  сөз 
тіркестерін 
салыстырмалы-салғастырмалы 
аспектіде қарастыру мәселесі баяндалады.  
Түйін сөздер: алтай тілдері, қабысу, қалмақ 
тілі,  нанай  тілі,  салыстырмалы-салғастырмалы, 
сөз тіркесі. 
 
 
Тілдің  басқа  салалары  сияқты,  оның 
синтаксистік  құрылысы  да  даму  барысында 
өзгеріске 
түсіп 
отырады. 
Синтаксистік 
құрылыстағы өзгерістер қоғам өміріндегі сондай 
құбылыстармен  тығыз  байланысты  болып 
келетіні  тіл  білімінде  әр  кез  айтылып  жүрген 
жайт.  Ал  синтаксистік  құрылымның  үлкен  бір 
саласы  –  сөз  тіркесі.  Енді  осы  сөз  тіркесінің 
зерттелу  тарихына  тоқталсақ,  алтай  тілдері 
бойынша жазылған еңбектерде сөйлем мүшелері, 
олардың  байланысы,  орын  тәртібі  көбірек  сөз 
болады  да,  ал  сөз  тіркестеріне,  байланысты 
мәселелер көп ауызға алынбады. 
Қазіргі  алтай  тілдерінің  сөз  тіркесі  жүйесі 
синтаксистік 
деңгей 
ретінде 
барлық 
грамматикалық  жүйенің  ұзақ  тарихи  дамуының 
нәтижесі  болып  табылады,  себебі  сөз  тіркесі 
жеке  толық  мағыналы  сөз  таптарының  кеңею 
негізінде  қаланады  және  олардың  категориялық 
қасиеттеріне  тәуелді  (субстантивті,  адъективті, 
етістікті,  үстеу  сөз  тіркестері).  Нәтижесінде  сөз 
тіркесі сөз таптарының морфологиясымен тығыз 
байланысты  және  синтаксистің  ең  тұрақты  және 
ұлттық өзіндік деңгейі болып келеді. 
Қазіргі  ғылым  кеңістігінде  алтай  тілдері 
фонетикалық, 
лексикалық, 
морфологиялық 
салалар  бойынша  жан-жақты  зерттелгенімен, 
синтаксистік  қыры  терең  қарастырылған  емес. 
Әсіресе,  алтай  тілдерінің  синтаксисінде  сөз 
тіркесінің 
түрлері, 
сөздердің 
байланысу 
тәсілдері, 
синтаксистік 
байланыстарды 
салыстырмалы-салғастырмалы 
тұрғыдан 
зерттеуге  үстірт  көңіл  бөлінген.  Қазіргі  алтай 
тілдеріндегі  сөз  тіркестерінің  құрылымдық  және 
мағыналық  ерекшеліктерін,  олардың  түрлі 
моделдерін  айқындау,  сөз  тіркестерінің  барлық 
құрамын  сипаттау  қазіргі  алтаистика  мен 
түркологияның  өзекті  мәселелерінің  қатарынан 
орын алады.  
 
 


 
164 
Салыстырмалы-салғастырмалы  зерттеу  арқылы  туыс  және  туыс  емес  тілдердің 
функционалды  заңдылықтарын  жүйелі  терең  тануға  қол  жеткізуге,  олардың  арасындағы 
ұқсастық  және  айырмашылықтар  айқындауға  болады.  Қазіргі  қазақ,  моңғол  және  нанай 
тілдеріндегі сөз тіркестерін салыстыра зерттеудің нәтижелері бұл тілдердегі құрылымдық 
модельдердің жалпы ортақ және өзіндік сипаттарын анықтауға мүмкіндік беретіні сөзсіз.  
Кез келген тілдегі синтаксистік байланыстар өзінің зерттелуінің ұзақ тарихына және 
біршама  жан-жақты  зерделенуіне  қарамастан,  синтаксис  ғылымында  өзекті  болып 
қалатын және белсенді талқыланатын мәселелердің бірі. Бұл сөзімізге дәлел ретінде О.П. 
Суниктің  алтаистиканың  өзекті  мәселелері  туралы  айтқан  пікірін  келтіре  аламыз: 
«Важность сравнительно-исторического исследования алтайских языков, взятых в целом, 
или  их  отдельных  групп  –  тюркской,  монгольской,  тунгусо-маньчжурской,  а  также 
корейской  и  японской  –  не  вызывает  каких-либо  серьезных  сомнений,  несмотря  на 
значительные  трудности,  возникающие  в  данной  отрасли  компаративистики.  Этим 
определяется  и  особая  актуальность  ряда  теоретических  проблем  алтаистики,  многие  из 
которых являются остродискуссионными. Центральной из них была и остается проблема 
происхождения  материальной и  структурно-типологической  общности  алтайских  языков 
–  общности,  выявленной  в  результате  довольно  длительного  сравнительно-
сопоставительного,  а  затем  и  сравнительно-исторического  изучения  указанных  языков 
лингвистами различных специальностей, школ и направлений» [1].  
Соңғы  жарты  ғасырда  қазіргі  алтаистиканың  негізін  қалаушылар  үшін  алтай 
тілдерінің  өте  байырғы  туыстығы  даусыз  болып  табылады.  Бұл  тұжырымның 
шындығының  негізі  бар  екеніне  алтай  тілдеріне  енетін  топтар  арасындағы,  ең  алдымен 
түркі,  моңғол  және  тұңғыс-маньчжур  арасындағы  алтаист-компаративисттер  айқындаған 
фонетикалық, морфологиялық ұқсастықтар растайды [2].  
Э.Р. Тенишевтің байымдауынша, типологиялық  жағынан алғанда, Алтай  тілдерінде 
фонетикалық  және  морфологиялық тұрғыдан ұқсастықтарымен  қатар  синтаксистік  ортақ 
құбылыстар  бағыныңқы  элементтің  негізгі  сөздің  алдында  тұруы,  табыс  септігіндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет