Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2020



Pdf көрінісі
бет120/140
Дата02.03.2022
өлшемі2,41 Mb.
#26898
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   140
Байланысты:
Vestnik-EAGI-2-2020

С.Ж. Жуанышпаева 
М. Қозыбаев атындағы 
Солтүстік Қазақстан 
университеті,  
филол. ғыл. канд., доцент 
 
Т.А. Ахметова 
М. Қозыбаев атындағы 
Солтүстік Қазақстан 
университеті,  
пед. ғыл. канд., доцент 
 
А.К. Кабденова  
М. Қозыбаев атындағы 
Солтүстік Қазақстан 
университеті,  
пед. ғыл. магистрі 
 
Көркем 
туындыдағы 
поэтонимдердің 
номинациялық 
принциптері 
 
Аннотация 
Бұл  мақалада  қазақ  қаламгерлерінің  көркем 
туындыларында 
кездесетін 
поэтонимдердің 
номинациялық  принциптері  қарастырылады.  Сол 
арқылы  «тіл-сана-ұлт»  ауқымында  жинақталған 
таным 
тәжірибесі 
ұлттық 
арнада, 
этнолингвистикалық 
тұтастықта 
сипатталады. 
Сонымен  қатар  поэтонимдер  қоршаған  болмысты 
ментальді 
түрде 
суреттейтін 
ономастикалық 
концептілер ретінде зерделенеді.  
Түйін  сөздер:  көркем  туынды,  поэтонимдердің 
номинациялық  принциптері,  рухани  мәдениет, 
атауыштық қызмет, мәтін лингвистикасы. 
 
 
Қайшылыққа  толы  қазіргі  кезеңде  көптеген 
көлеңкелі 
жақтарға 
жарық 
түсіп, 
рухани 
бұлақтардың  көздері  ашылып,  өткенге  құрмет 
көрсетіле  бастағаны  белгілі.  Осымен  байланысты 
халықтың  өмір  көріністерін,  рухани,  материалдық 
мәдениетін,  кейбір  ұғым-түсініктерді  оның  ішінде 
көркем шығармада кездесетін поэтонимдердің мәнін 
зерделеу  барысында  ұлт  пен  тілді  бір  тұтастықта 
сабақтастыру  негізінде  тілді  зерттеудің  жаңа  да 
өзекті  үрдістері  пайда  болды.  Соның  бәріне  жауап 
беретін  тіліміздің  танымдық,  тәрбиелік  мәнді 
қайнарларының шығар көзі   көркем туынды. Жеке 
авторлық қолданыстағы поэтонимдердің атауыштық 
принциптері мен фондық негіздерінің лингвомәдени 
аспектіде 
және 
олардың 
этнолингвистикалық 
сипатымен 
қолданылу 
ерекшеліктерінің 
зерттелмегендігімен  байланысты  болып  отыр. 
Көркем  туындыдағы  поэтонимдердің  ең  басты 
ерекшелігі - олардың айқын көрініс табатын фондық 
негіздері халықтың тұрмыс-тіршілігі мен санасының 
айнасы,  оның  рухани-материалдық  мәдениетімен 
тығыз  байланыста  болуы.  Әдеби  туындыдағы 
поэтонимдердің әр алуан түрлерінің болуы, олардың 
мәтінде  қолданылу  ерекшеліктері  көркем  мәтіннің 
жанрлық  жүйесімен  де,  өзіндік  сипатымен  де 
байланысты.  Сондықтан  тілдің  лексикалық  қорын, 
ондағы  сөздерді  шығуы,  дамуы,  мағынасы, 
құрылымы  жағынан  түрлі  тілдік  бағытта  зерттеу 
жұмысы  тіл  тарихымен  қатар  қоғам  үшін  де 
маңызды болып табылады. 
 


 
198 
Ономопоэтика  –  көркем  шығарма  тілінде  кездесетін  жалқы  есімдерді,  олардың 
құрылым-құрылысын,  таңдалу  принципін,  поэтикалық  мәнерін,  мәтіндегі  қолданысын 
зерттейтін, оқырманның қабылдауы мен қаламгердің эстетикалық  көзқарасын білдіретін, 
мақсатын  айқындайтын  ономастиканың  бір  тармағы  [1,  23].  Мәтін  лингвистикасында 
поэтоним  термині  көркем  әдебиеттегі  жалқы  есімдердің  тілдік-поэтикалық  және 
мәнмәтіндік  мағынасын  ашу  мақсатында  қолданылады.  Көркем  туындыға  байланысты 
«кейіпкер есімі» ұғымына В.А. Никонов мынадай анықтама береді: «Кейіпкер есімі – бұл 
көркем  бейне  (образ)  жасаудағы  тәсілдің  бір  түрі.  Ол  кейіпкердің  әлеуметтік  жағдайын 
бере  алады,  ұлттық  және  жергілікті  колоритті  көрсетеді.  Ал  егер  оқиға  өткен  ғасырда 
болып  жатса,  онда  ол  тарихи  шындықты  суреттейді»  [1,  47].  Демек,  көркем  шығарма 
тілінде  кездесетін  жалқы  есімдердің  барлық  түрін  поэтоним  деп  тани  отыра,  біз  өз 
тарапымыздан  бұл  ұғымға  мынадай  анықтама  береміз:  Поэтоним  –  қаламгердің  көркем 
таным әлемінің индивидуалдық ерекшелігін жалпы тілдік ономастиконмен ұштастыратын, 
көркем шығарманың сюжет желісі мен көркемдік әлемін түзуде поэтикалық тілдік құрал 
қызметінде жұмсалатын, кейіпкер бейнесін сомдауға қатысатын ономастикалық бірліктер.  
Қазақ  тіл  білімінің  теориялық  негіздемесін  жасаған  профессор  Қ.  Жұбанов  «Қазақ 
сөйлеміндегі сөз тәртібінің тарихынан» деген еңбегінде біріккен тұлғалы кісі есімдерінің 
синтаксистік  құрылысына  ерекше  назар  аударып,  жан-жақты  талдау  жасайды.  Ғалым 
біріккен  тұлғалы  кісі  аттары  компоненттерінің  орын  тәртібін,  синтаксистік  құрылысын 
тексере  отырып,  олардың  тілдік,  грамматикалық  құрылысының  даму  жайын,  өзгеру 
сатысын сөз ете отырып, тіліміздегі Қойлыбай, Малдыбай сияқты есімдер мен Жылқыбай, 
Сиырбай  секілді  есімдердің  мағыналық  әрі  құрылымдық  жағынан  бірдей  еместігін 
дәлелдейді.  Қазақ  тіліндегі  араб-иран  тілдерінен  енген  есімдер,  фамилиялардың 
қосымшалары  мен  жазылуы  туралы  алғашқы  ой-пікірлер  І.  Кеңесбаев  зерттеулерінде 
көрініс  береді.  Ал  қазақ  тіліндегі  кісі  есімдерін  топтастыру,  жіктеу  мәселелері  С. 
Аманжолов  зерттеулерінде,  қазақ  есімдерінің  тарихи-тілдік  негіздері  Ғ.  Мұсабаев 
еңбектерінде сөз етілді [2, 39].  
Поэтонимдердің ұлттық-мәдени ерекшелігі туралы сөз қозғау үшін нақты негіз болу 
керек. Нақты денотат атауында бейне, лексикалық ая осындай негіз болып табылады, яғни 
аталмыш объектке қатысты білім мен ақпарат жиынтығы болу керек. Жалқы есімдер атақ 
таққан  белгілер  (белгі,  символ,  мифологемалар  т.б.)  оның  санасында  туындайды  және 
ойлау  қабілетімен  негізделген,  адам  тұрмысына  байланысты  болады  [2,  125].  Жазушы 
Ғабиден Мұстафин өз туындысында нақты осы мақсатты діттеген сияқты. – Жанған ішке 
қанатымен  су  сепкен  қарлығашым,  –  деді  Шолпан,  баланы  кеудесіне  қыса,  анаң  байғұс 
торға түсіп қалған соң, сенің атың Азат қойылып еді. Бізбен бірге жер ауасың-ау! Күнәсіз 
періштем, сені әкеткен кімнің кесірі екен? Тірі болсақ, талай мұңдасармыз. Арғын атанған 
елде,  айдын  көлді,  асқар  таулы,  көк  арай  шалғын,  көк  мөлдір  өзенді  Арқа  деген  жерде 
тудың  десем  сенермісің.  Сенсең  сол  ел  мен  жерден  түңіле  ме  деп  қорқам.  Сенбесең  тас 
бауыр  жетімек  болып  кете  ме  деп  қорқам.  Жаратқан-ай,  тілегім  тіпті  аз  еді  ғой:  тек 
арсыздықтан, жалғыздықтан сақта дегенім қайда? Шолпан егіле жылады. Бірақ, езу жимай 
күле  береді.  Қарақат  көзінен  бұрынғысындай  от  жарқылдайды.  Жүдеу,  солғын  жүзінде 
бұрынғысындай қан ойнайды. Дереу шам жақты. Таңырқаған Азатқа Таймасты «ағаң» деп 
таныстырды [3, 416]. 
Жоғарыда аталған Азат, Азатжан есімі – ерікті, еркін, тәуелсіз адам деген мағынаны 
білдіреді.  Ол  жеке  сөз  ретінде  де  қолданылады,  сонымен  қатар  Азатжан  құрамында 
еркелету  мәнінде  қолданылып  тұр.  Бұл  есімді  балаға  ешкімге  бағынбайтын  тәуелсіз,  өз 
еркі  өзінде  болсын  деген  ниетпен  қояды.  Роман  соңында  кейіпкеріне  осындай  ат  беруі 
кейінгі  жас  ұрпақ  азат  елдің  азаматы  болсын  деген  жазушы  арманынан  туғандай. 
Жоғарыдағы келтірілген үзіндіден кішкентай Азаттың атын не себептен қойылғана көңіл 
қоюмен қатар, шешесі Шолпанның образының да бір қырын тани аламыз.  


 
199 
«Дауылдан  кейін»  романы  –  кеңес  үкіметі  кезеңіндегі  қазақ  жерінде  болып  жатқан 
жағдайларға байланысты туған шығарма. Шолпан  – «Дауылдан кейін» романындағы бас 
кейіпкерлердің бірі. Бәрімізге белгілі сол уақыттарда қазақтың жас қыздарын еріктен тыс 
бай-шонжарлар  қалыңдыққа  алып  отырған.  Шолпан  –  Шәкен  мырзаға  еріксіз  күйеуге 
шыққан,  жас  жағынан  көп  кіші,  уылжығын  жас  тоқалы.  Жазушы  романда  кейіпкеріне 
Шолпан  есімін  тағып,  сол  замандағы  қазақтың  нағыз  әйел  образын  жасаған.  Шолпан 
есімін  қазақ  жазушылары  өздерінің  кейіпкерлеріне  біршама  қолданады.  Сонымен  қатар 
қазіргі таңда да қыздарға көптеп қойылады. Жалпы қазақ халқы ат таңдаған кезде көбінде 
тарихта  немесе  белгілі  бір  шығармада  жақсы  сипатталған,  танымал  есімдерді  қоюға 
тырысады. Сондай-ақ әрбір есімнің астарынан мағынаны іздейді. Ал енді осы негізде ары 
қарай  талдап  көрейік:  –  Шолпан,  қымыз  құй!  –  деді  бай,  жуан  кеудесімен  тоқалына 
бұрыла  қарап.  Шолпан  ақырын  жүріп  екеуіне  екі  аяқ  қымыз  әкеліп  ұсынғанды  [3,  314]. 
Бұл  үзінді  де  жазушы  қазақ  қызының  образын  жасаумен  қатар,  этностың  өмір  сүру 
сипатындағы  ұлттық  сусын  қазақтың  қымызын  беру  арқылы  мәдени  фон  жасап  отыр.  – 
Бәтеңкемді  шешші!  –  деді  тоқалға.  Ботинкадан  бастап,  сырт  киімдерін  түгел  шешті. 
Көйлек-дамбалшаң, мамық жастыққа шынтақтап жатып, тағы бір әдетін істеді: – Аяғымды 
сипашы! Қызыл тоқал жүндес, жуан аяқты алдына сұлатып, сипай берді, сипай берді [3, 
219].  Бұл  үзіндіден,  қандай  жағдаймен  тұрмысқа  шықса  да,  жаны  басқа  біреуді  қалап 
тұрса  да,  қазақ  халқының  әйелдерінің  өз  отағасын  сыйлауын,  бағалауын  көре  аламыз. 
Яғни,  жазушы  ұлттық  менталитет  пен кейіпкерлердің  мінез-құлықтары  арқылы  кейіпкер 
атымен мәдени фон жасап отырғанын байқау қиын емес.  
Шолпан - зат есім. Күнге жақын жүретін планеталардың бірі, жарық жұлдыз [4, 257]. 
Бұл  есімде  халықтың  Шолпан  сөзіне  қатысты  ассоциативті  концептілік  құрылымы 
сомдалған.  Образдың  сана  жүйесінде  іске  асырылуы  субьект  санасының  метакогнитивті 
белсенділігіне 
байланысты 
болады. 
Соның 
нәтижесінде 
жасалған 
образ 
психолингвистикалық  негізде  құрастырылған  концептілік  жүйесіндегі  мағынасымен 
сипатталады. 
Жазушы  «Дауылдан  кейін»  атты  романындағы  өз  кейіпкерінің  бейнесін  сомдау 
кезінде  басқа  жазушылардың  шығармаларындағы  кейіпкерлердің  образын  қолдану 
арқылы ұлттық лингвомәдени фон жасайды: 
Мырқымбай, Мырқымбай,  
Жүрмейсің жай. 
Нең бар еді, құдай-ай! 
Ауылнайды боқтапсың, 
Шаршап зорға тоқтапсың. 
Несиеден қоқып, 
Сары атты сатпапсың. 
Енді ол өшікті 
Шауып алудан тайынбас, 
Түріп қойып есікті. 
Баланы арқаға қағып, қантты берген соң: 
– Аға, бұны Бейімбет деген ақын жазыпты, – деді Аман. – Дәл біздің Байбол емес пе 
осындағы ауылнай? [3, 62]  
Мырқымбай  –  қарапайым  қыр  қазағының  бойынан  бүкіл  ұлтқа  тән  қасиеттер: 
адалдық  пен  аңқаулық,  көнгіштік  пен  көмбістік,  т.б  жинақтаған  әдеби  кейіпкер.  Осы 
жинақталған  бейне  бірте-бірте  жалпыланып  қарабайыр  тірлігіне  дән  риза,  өз  жайымен 
жүрген  қазақи  адамы  ретінде  ұлт  жүрегінен  орын  алды.  Сөйтіп,  осы  күнге  дейін  ел 
аузынан  түспей,  нақыл  сөзге  айналып  кетті.  Мырқымбай  атын  бүгін  айтпаған  күнде  cол 
кездің  өзінде-ақ  мырқымбайшылау,  мырқымбайлар  деген  сөз  жалпақ  жұрттың  аузында 
жүрді  және  көптеген  жазушылардың  шығармаларына  да  арқау  болып  жатады.  Оған 
жоғарыдағы  мысалымыз  дәлел  бола  алады.  Сондай-ақ  І.  Жансүгіровтің  «Газет  емес, 


 
200 
концерт»  фельетонында  «Қостанай  мырқымбайлары»,  «мырқымбайлар  қалаға  ағылды», 
«Мырқымбайлардың  екі  көзі  сахнада»,  «Ардақты  Мырқымбай»,  «Қопаңдаған 
мырқымбайлар»  деген  қолданысының  өзі  қазақ  шаруа  бейнесін  Мырқымбайдан  артық 
елестету мүмкін еместігінің дәлелі.  
Ғ.  Мұстафин  Мырқымбай  деп  көркем  шығармасына  кейіпкер  атын  қоймағанымен 
де, соған ұқсайтын кейіпкер мінезін суреттеу арқылы сол образды ұлтқа тән қасиеттерімен 
толық жеткізе біледі. 
Байбол  –  бала  бай,  ауқатты  болсын  деген  тілекпен  қойылған  есім  [4,  48].  Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігінде: 1. Еңбекші кедей, жалшы-малшының еңбегін қанау арқылы 
жеке  меншігіне  көп  мал-мүлік  жинап  алған  қазақ  ауылындағы  феодал.  2.  Әйелдің  ері, 
күйеуі. 3. Құнарлы шөбінен майы тамған. 4. Феодал, ел билеуші бай ауыс. беделді, қадірлі 
5. Сын. мықты, берік. Өте, тым, аса, тіпті [5, 125]. Екі  түбірден құрылған біріккен сөз.  - 
Бол  етістік.  өз  алдына  жеке  қолданылмайтын,  бір  сөзге  қосақтала  айтылатын  көмекші 
етістік [5, 118]. Байбол екі түбірден құрылған біріккен сөз. Бай (сын есім) + бол (етістік). 
Сауда - қаржы ұғымына байланысты. 
«Ауылнай  жымың  еткенде,  жадағай  жатқан  жалпақ  мұрны  бір  делдиді.  Осы  үйден 
былтыр  сұрап  алған  сия  қарындаштың  тұқылы  ғана  қалған  екен,  соны  кертіп  байлап, 
жіңішке  кендірмен  омырауына  арқандап  тастапты,  ала  сала  жалап  қойып,  жаза  бастады. 
Ақ  киіз  сумка  тізеде,  түтеленген  қойын  дәптер  қолда,  басында  мырзаның  ескі  шляпасы, 
аяғында саптама етік, сұқ қолына атын жаздырып, добалдай күміс жүзік салыпты» [3, 43]. 
Байқаған кісіге ауылнайдың сыртқы тұрпаты да көп нәрсені аңғартып тұрғандай. «Байбол 
қолын  қойнына  тығып  жіберіп,  мықшиып  тұрып,  алыстағы  ішкі  қолтық  қалтадан  ескі 
шүберек  алып  шықты.  Шүберектің  ішінен  дөңгелек  мөрдің  жұқа  резинкасын  шығарды. 
Оны әуелі түкіріктеп, оған жарымаған соң тура тілімен жалап, сия қарындашты езді де, ақ 
қағазға  баса  берді.  Мырза:  «Жетер  енді»  -  дегенде  ғана  тоқтады»  [3,  44].  Бұл  үзіндіден 
көріп тұрғанымыздай жазушы Байболдың мінезін таныту арқылы Кеңес үкіметі кезіндегі 
заманның  қиындығын,  қазақ  халқының  әуре  сарсанға  түсіп  жатқан  халін  суреттеп  отыр. 
Яғни,  көркем  туындыдағы  әрбір  кейіпкер  аты  жан-жағындағы  болып  жатқан  оқиғамен, 
адамдардың мінез-құлықтарымен де байланысты. Мұндағы кейіпкер Байбол болып тұрса, 
оның  мінезі,  іс-әрекеті,  адамдармен  сөйлесуі,  болып  жатқан  оқиғаны  әсерлеуші  фоны 
болып  табылады.  Осы  ойымыз  тұжырымды  болу  үшін  ғалым  В.А.  Никоновтың 
поэтонимдерге  берген  мынадай  анықтамасына  тоқталайық:  «Имя  персонажа  –  одно  из 
средств,  создающих  художественный  образ,  оно  может  характеризовать  социальную 
принадлежность  персонажа,  передавать  национальный  и  местный  колорит,  а  если 
действие происходит в прошлом, то воссоздавать историческую правду (или разрушать ее, 
если имя выбрано вопреки правде)» [1, 225].  
Қазақ  танымында  Қобыланды,  Алпамыс,  Ер  Тарғын,  Қамбар  батыр  есімдері 
ғасырдан-ғасырға  ұрпақтан-ұрпаққа  ерліктің,  кеңдіктің,  зор  тұлғалы  батырлықтың,  күш-
жігердің  белгісідей,  Бекежан,  Қодар  есімдері  озбырлық  пен  зұлымдықтықтың 
көрінісіндей,  Баян  мен  Қыз  жібек  сұлулықтың  символы  ретінде  лексикамызда 
қолданылады.  Аталмыш  романдағы  поэтонимдердің  ұлттық  танымда  сол  мәдениетті 
қабылдаушылар  үшін  осындай  қосымша  мағыналары  бар.  Осындай  есімдер  қатарына 
Маржан, Шолпан, Ақтамақ аттарын жатқызуға болады. 
Әнші, қымызшы, көркем Ақтамақ әнін айтып келеді: 
Жасым бар жиырма бесте, жылым мешін,  
Өлімнің кім біледі ерте-кешін. 
Барында базарымның ән шырқаймын. 
«Ақтамақ ала кетті» жұрт демесін [3, 406].  
Ақтамаққа  «Қазақ  тілінің  түсіндірме»  сөздігінде  төмендегідей  анықтама  берген: 
Ақтамақ гүл. Тасжарған тұқымдасына жататын, әсемдік үшін өсірілетін гүлді өсімдік; ақ 
жұпар. Ақтамақ гүлі парфюмерия өнеркәсібінде пайдаланылады. Сонымен қатар Ақтамақ 


 
201 
бейнелеу  түрінде  қойылған  есім  болып  та  табылады  [5,  9].  Ақтамақ  атауы  қазақ 
танымында  қыз  балалардың  барлығына  да  атау  бола  алады.  Себебі,  Ақтамақ  әдемілікті, 
сұлулықтың символы. Бұдан жазушының қазақи қыздың бейнесін бейнелеудегі мақсатты 
ойын көреміз.  
Мәдениетті  танушы  да,  жеткізуші  тіл  болғандықтан,  тіл  мен  мәдениет  арасындағы 
ажырамас  байланыс  барын  мойындауымызға  тура  келеді.  Өйткені  тіл  қарым-қатынас 
құралы  ғана  емес,  ол  ұлттық  мәдениеттің  басты  формасы  болғандықтан,  тіл  мен 
мәдениетті бір – бірінен бөліп қарастыруға болмайды. Тілде адамның осы әлемді түсінуге 
тырысқан  таным  жолдарының  ізі  сақталады,  ұлт  өмірі  туралы  жан-жақты  мәлімет 
жинақталады. Сол мәдениеттер арқылы әрбір ұлттың өзіндік ерекшеліктері көз алдымызға 
келеді. Мұның нақты ғылыми тұжырымын ғалым Э. Сепир анықтаған: «Тілдің бір тұғыры 
бар.  Ол  мәдениеттен  тыс  өмір  сүрмейді.  Ол  дәстүр  болып  жалғасқан  біздің  тыныс-
тіршілігіміз  мүлде  қабысып  кеткен  салт-дәстүр  мен  наным-сенімдерден  арыла  алмайды. 
Тілдегі лексика өзі қызмет етіп отырған мәдениетті өз қалпында көрсетеді. Осы тұрғыдан 
алғанда тілдің тарихы мен мәдениет тарихы жапсарлас дамиды деуге болады» [6, 186].  
Қорыта  келе  айтарымыз,  қазақ  халқының  танымында,  мәдениетінде,  яғни 
қолданысында  бар  жалқы  есімдерді  Ғабиден  Мұстафин  өз  шығармасында  ұтымды 
пайдаланған.  Яғни  өзіндік  логикалық  тұжырымдау,  философиялық  ойлау,  қоғамдық 
бағалау тұрғысынан лингвотанымдық жүйеде кейіпкер есімдерін қолдана білген. Көркем 
сөз  шеберінің  қолданысындағы  поэтонимдер  арқылы  ұлттық  танымның  тілдегі  көрінісін 
арқылы  тіл  фактілері  мен  халықтың  танымдық,  этикалық-эстетикалық  категорияларын, 
рухани  мәдениетін  тану,  олардың  қызметі  мен  орнын  анықтау  қиынға  соқпайды  деп 
түйіндей аламыз.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет