Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2020



Pdf көрінісі
бет47/140
Дата02.03.2022
өлшемі2,41 Mb.
#26898
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   140
Байланысты:
Vestnik-EAGI-2-2020

М.А. Кусайнова  
Е.А. Бөкетов атындағы 
Қарағанды мемлекеттік 
университеті, 
PhD докторанты 
 
Н.Ж. Сәрсенбеков  
Қарағанды мемлекеттік 
техникалық университеті, 
магистр 
 
М.С. Қайырбек  
Қарағанды мемлекеттік 
техникалық университеті, 
магистр 
 
Ғ.МӘбілқасов  
Қарағанды мемлекеттік 
техникалық университеті, 
магистр 
 
Бастауыш сынып 
оқушыларын 
тәрбиелеуде қазақ 
халқының салт-
дәстүрлері және 
халық 
педагогикасының 
элементтерін 
қолдану жолдары 
 
Аннотация 
Мақалада  бастауыш  сынып  оқушылары 
тәрбиелеуде  қазақ  халқының  салт-дәстүрлері 
және  халық  педагогикасының  элементтерін 
қолдану 
арқылы 
тәрбиелеу 
мәселелері 
қарастырылған.  Ұлттық  тәрбие,  рухани-мәдени 
құндылықтар,  ана  тілі  және  қазақ  халқының 
салт-дәстүрі  негізінде  тұлғаны  қалыптастыруға 
ықпал  жасайды.  Адамның  ішкі  рухани  жан 
дүниесі  байлығын  ашуға,  адамгершілікке 
тәрбиелеуге,  тілі  мен  қиялын  дамытуға 
мүмкіндік  береді.  Ұлттық  тәрбиенің  зерттелуі 
мен  жүзеге  асуындағы  басты  әдіснамалық 
мәселенің бірі – жалпы адамзаттық және ұлттық 
ерекшеліктерді  үйлестіру,  әр  ұлттың  қоршаған 
табиғат  ерекшеліктеріне  сай  өмір  салты 
негізінде 
ғасырлар 
бойы 
жинақталған 
тұрмыстық және рухани мұрасы болумен қатар, 
адам  болмысындағы,  қарым-қатынасындағы 
адами  құндылықтарды  оқушылардың  бойына 
сіңдіруді ұстаздың парызы ретінде нақтылау.  
Түйін  сөздер:  ұлттық  тәрбие,  білім  беру, 
салт-дәстүр, құндылықтар, этномәдениет, халық 
педагогика.
 
 
 
Бүгінгі  таңда  тәуелсіз  мемлекетіміздің 
білім  саласындағы  басты  мақсаты  –  білімнің 
жаңа  ұлттық  үлгісін  енгізу  және  оны 
қалыптастыруға  толық  негіз  қалау.  Тарихтың 
даму 
белестерінде 
әрбір 
халық,саяси-
әлеуметтік, 
мәдени 
және 
идеологиялық 
жағдайына  сай  рухани-дәстүрлік,  адамгершілік 
қасиеттерін  қалыптастырып,  оны  ұрпақтар 
игілігіне қалдырып отырады. 
Тәуелсіздік туын көтерген елімізде ұлттық 
тәрбие  ұстанымының  өзіндік  қыры  мен  сыры 
бар.  Өйткені  қазақ  халқының  тарихи  дамуында 
кездескен  қиындық  қыспақтар,  билеп-төстеу 
дәуірі ұлттық сана-сезімді әлсіреткені белгілі.  
Қазіргі кезеңде білім беру мекемелері мен 
педагогикалық  ғылым  алдында  ұлттық  білім 
берудің  философиялық  негіздеріне,  білім 
жүйесінің  стратегиялық  бағыттарына,  мақсаты 
мен  мазмұнына,  оны  орындаудың  әдіс-
тәсілдеріне   жаңаша  көзқарастар  қалыптасуда. 
 


 
79 
Бүгінгі таңда көптеген мектептерде білім беру мен тәрбие жұмыстарын жаңаша жүргізуде 
көптеген әрекеттер істелуде. Бастауыш білім беру сатысы оқушыларымен ұлттық тәрбие 
жүйесі  ең  жауапты  және  ерекшелігі  мол  кезеңге  жатады.  Олардың  жас  ерекшелігі  мен 
өсімтал сана-сезімдері осыны талап етеді [1, 76]. 
Ұлттық тәрбиенің зерттелуі мен жүзеге асуындағы басты әдіснамалық мәселенің бірі 
– жалпы адамзаттық және ұлттық ерекшеліктерді үйлестіріп отыру. Бұл мәселеде ұлттық 
шектелушілік дұрыс емес. Әрбір ұлттың бала тәрбиелеуде ескіден келе жатқан жолы бар. 
Ұлт  тәрбиесі  баяғыдан  бері  сыналып  келе  жатқандықтан,  әрбір  тәрбиеші,  сөз  жоқ,  ұлт 
баласы  өз  ұлтының  арасында  өз  ұлты  үшін  қызмет  қылатын  болғандықтан,  тәрбиеші 
баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті. Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері 
өмір сүруде. Ұлттық тәрбиенің қарама-қайшылығы мен қиындығының бір түйіні осында. 
Соған орай барлық ұлттың ар-ожданын тең құрметтей отырып ортақ Отанымыздың рухын 
жан-жақты  тереңдету  тәрбиесі  пайдалы.  Бұл  белгілі  мерзімде  жаңа  оқу-тәрбие  үдерісі 
арқылы  қалыптасады.  Сондықтан  ұлттық  тәрбиенің  талап  ететін  өзіндік  қажетті 
заңдылықтары  бар.  Бастауыш  сыныптардағы  балалардың  ой-өрісі,  әлеуметтік-саяси 
ұстанымы, айналадағы қоғамдық құбылыстарға көзқарасы, тарихи санасының қалыптасуы 
орнықпаған күйде болатыны белгілі. 
Ендеше  ұлттық  тәрбиенің  аса  қажетті  кезеңі  әрі  оның  іргетасын  нығыздай  түсудің 
көкейкестілігі  де осымен байланысты. Ұлттық  тәрбиенің топтастырылу жүйесіне келсек, 
бұл  мәселе  оның  әдіснамалық  негізділігіне  тікелей  қатысты.  Оның  қалыптасу  табиғаты 
мен  оған  ықпал  жасайтын  тарихи-әлеуметтік,  оқу-тәрбиелік  т.б.  факторларды  анықтау 
басты  талапқа  жатады.  Қазақстан  Республикасында  қазақ  ұлтының  ұлттық  бірегейленуі 
жүріп жатқаны мәлім. Бұл тарихи міндетті жүзеге асыруға ұлттық тәрбие зор ықпал етеді. 
Ол  үшін  халқымыздың  тарихи  жетістігі  мен  мақтанышын  арқау  етіп,  бүгінгі  қоғам 
жағдайымен үйлестіре жүргізілген тәрбие ғана пәрменді болмақ. 
Ұлтымыздың  тарихи  өрнегі  бар  табандылығы  мен  жігерін,  батырлығы  мен 
жасампаздығын,  адамгершілігі  мен  дәстүрлі  мәдениетін  отандас  ұлттарға  үлгі  етуге 
ұмтылуымыз  керек.  Өйткені  ел  мен  жер  –  қазақтың  өз  игілігі,  байлығы.  Оған  қазақтан 
артық  ешкім  жанашыр  бола  алмайды.  Ұлттық  тәрбие  тек  қазақ  ұрпағы  үшін  емес, 
еліміздегі  барлық  ұлттардың  ортақ  өнегесін  қалыптастыруды  мақсат  етуі  керек.  Ұлттық 
тәрбие  тек  өз  ұлтының  құндылықтары  ғана  емес,  басқа  да  халықтардың  рухани 
мәдениетінен  нәр  алуға  тиіс.  Ондағы  ұлттық  мұраттар,  қонақжайлылық,  бостандық, 
сүйіспеншілік,  қайырымдылық,  ізеттілік  және  т.б.  қасиеттері  ұлттық  мазмұны  арқылы 
жалпы адамзаттық пайдалануға беріледі. 
Ұлттық  тәрбиенің  өзегі  –  отбасы,  маңызды  бөлігі  –  халық  тарихы  мен  дәстүрлі 
мәдениеті  саналады.  Бұл  ретте  де  көптеген  рухани  жұмыстар  кезегін  күтіп  тұр.  Себебі, 
тарихи салт-сана, ұлттық зерде – мәдениетті азаматтың иек артар рухани қазынасы. Өзінің 
тегін білуге, ұлттық ерекшелік негізіне арқа сүйеуге тиіс.  Оның адамгершілік, өнегелілік 
тәрбиесі  қазіргі  дәуірдің  –  жалпы  қазақстандық  шаңырақтың  мұраттарына  сәйкестенуі 
қажет. Білім беру жүйесіндегі ұлттық және азаматтық қазыналар мыналар: 
–  жеке  адамның  рухани  және  күш-қуат  мүмкіндіктерін  ашу,  адамгершілік  пен 
имандылық  өмір  салтының  берік  негіздерін  қалыптастыру,  әрбір  адамды  дамыту  үшін 
қажет жағдайлар жасау
–  қоғамның  және  мемлекеттің  алдындағы  және  құқықтары  мен  міндеттерін 
түсіндіруді,  сондай-ақ,  республиканың  мәдени,  қоғамдық,  экономикалық  және  саяси 
өміріне қатысуы [2, 236].
 
Қазақ халқының бүгінгі күні өз ұлтымыздың ұлттық тәрбиесін насихаттауда тәрбие 
құралы ретіндегі салт-дәстүрі: бала тәрбиесі, тұрмыс-салт, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүр 
болып  үш  топқа  бөлінеді.  Бала  тәрбиесіне  байланысты  әдет-ғұрыпқа  баланың  дүниеге 
келген  күнінен  бастап  жүргізілетін  тәлім-тәрбиелік  дәстүрлерден  (шілдехана,  сүйінші, 
балаға  ат  қою, бесікке  бөлеу, қырқынан шығару, тілін дамыту, сүндет  тойы т.б.) бастап, 


 
80 
қыз  бала  мен  ұл  баланы  болашақ  отбасын  құруға,  өмірге,  еңбекке  бейімдеуге  арналған 
азаматтық  жөн-жоралғылар  кіреді.  Ал  тұрмыс-салт  дәстүрлеріне  қазақтың  киіз  үй,  оның 
жиһаздары,  ұлттық  киімдер  мен  тағамдар,  аңшылық,  балықшылық,  бағбаншылыққа 
қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері жатады. 
Қазақ халқындағы «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген ұлағатты сөз 
бекер айтылмаған. Ата-бабаларымыз ұлдарын өздеріндей еңбексүйгіш, малсақ, жауынгер, 
әнші,  күйші,  аңшы,  құсбегі  сияқты  қазақтың  қанынан  сіңген  кәсіптің  біріне  тәрбиелеуді 
мақсат  еткен.  Ал  қыздарын  отбасының  ұйытқысы  ретінде  үй  жиһаздарын,  теріден 
істелетін ыдыстар, киіз үй бұйымдарын жасауға, қол өнерге, ісмерлікке, дастарқан мәзірін 
даярлай  білуге  баулыған  Ұлттық  салт-дәстүрлер  –  тарихи  көне  үрдіс.  Өйткені,  олар 
халықтардың  тіршілік  кәсібіне,  наным-сеніміне  байланысты  ұрпақтан  ұрпаққа  ауысып 
отырған.  Ұлттық  дәстүрлерді,  мінез-құлық  ережелерін  эмоциялық-мағыналық  талдау 
арқылы оқушылардың осы дәстүрлерді саналы қабылдауы жүзеге асады.  
Қазақтың салт-дәстүрлері ондағы әртүрлі рәсімдердің орындалу тәртібі әр отбасында 
сақталып, атадан балаға беріліп отырады. Қазақ халқының әдет-ғұрып рәсімдерін балалар 
отбасында  көріп  өседі,  олардың  түгелі  дерлік  балалардың  қатысуымен  орындалып 
отырады.  Оларды  бақылай  отырып,  балалар  өлең  сөздерін,  қимыл-әрекеттерін  естеріне 
сақтап  қалады.  Халық  «баланы-жастан»  деп  бекер  айтпаған.  Олар  түрлі  бас  қосуларда 
үлкен  адамдардың  мінез-құлқын,  үлгі-өнеге  етіп  отырған,  әңгіме  сөз  арасында  солардай 
болуды  насихаттаған.  «Жаманнан  жирендіріп,  жақсыға  жақындатып»  отырған.  Ересек 
адам  –  бұл  баланың  қылықтарын  және  тәртібін  бақылаушы  ғана  емес,  «жақсы»  және 
«жаман»,  «әділдік»  және  «әділетсіздік»  сияқты  ұғымдарды  бағдарлай  білуге  ішкі  түрткі 
болып  табылады.  Сондықтан,  үлкендер  үлгі  ретінде  салт,  дәстүрлердегі  символдық  іс-
қимылдарды,  қарым-қатынастағы  ұлттық  ырым-рәсімдерді  орындап  отыруы  баланың 
құндылық бағдарлы мінез-құлқына ықпал етеді. Өйткені балаға сыртқы әсерлер мен өзінің 
ішкі белсенділігінің бірлігін іске асыру үшін, өз әрекеттерінің құндылық жағын көруі мен 
құндылық таңдаулар жасауында ата-ана басты үлгі болып табылады. 
Профессор  М.  Ғабдуллин  өзінің  «Ата  –  аналарға  тәрбие  туралы  кеңес»  атты 
еңбегінде «Бүгінгі  жастарды елжандылық  рухта тәрбиелеуде ақын  – жыраулардың өнеге 
сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені хақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер 
жастарға  жат  емес.  Халықты  сүй,  халық  үшін  ерлік  еңбек  ет,  ел  –  жұртқа  қорған  бол 
деушілік  қазіргі  күнде  ескірген  сөздер  емес,  қайта  мағыналы,  мәнді  сөздер.  Сондықтан 
бұлардың  ішінен  жастарымыздың  тәрбиелеуде  әсер  ететіндерінтаңдап  алып,  орнымен 
пайдалана  білсек,  нұр  үстіне  нұр  болар  еді»  дейді.  Осытұрғыдан  алғанда  қазақтың  ұлы 
ойшылдарының кемеңгерлік ой – пікірлерін оқу–тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, 
оқушы – жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу-әрбір тәрбиеші ұстаздың басты парызы [3, 
63]. 
Оқушыларға  өз  ұлтының  дәстүрлерін,  әдет,  ғұрыптарын  үйренуге  қызығушылық 
туғызу  баланың  эмоциялық  сферасының  ерекшелігіне  байланысты  болады.  Дәстүр, 
рәсімдерді  орындау  барысында  қуанышты  жағдайларды,  көтеріңкі  көңіл-күйді  бастан 
кешіре  отырып,  олар  елгезектік,  эмоциялық  еліктегіштік,  әрқашан  қарым-қатынаста 
жағымды  бағыттылық  дағдыларын  меңгереді.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  ұлттық 
құндылық бағдарға эмоциялық қатынасы олардың қызығуларының, икемділіктерінің және 
жағымды мотивациялары мен қажеттіліктерінің дамуының негізін құрайды. 
Қазақ халқында үлкен кісіге, ақ сақалды қарияға, ата мен анаға иіліп сәлем етіп, есік 
ашу,  кебісін  кигізу,  жол  беру  халқымыздың  қанына  сіңген  ізгі,  ізетті  әрекет  үлгілері. 
Бұндай сый құрметке үлкендер де алғысын айтып  «Бақытты бол балам!»-деп ақ батасын 
береді.  Үлкендерден  бата  алу  зор  ғанибет  болып  саналады.  Айналадағыларға  қарап, 
бастауыш сынып оқушысы өздеріне адамдар өміріндегі маңызды деген қасиеттерді алады. 
Сол  қасиеттер  бойынша  бала  маңызды  қарым-қатынастан  қанағаттану  немесе 


 
81 
қанағаттанбау  сезімін  бастан  өткеріп,  айналадағылармен,  жақындарымен  қарым-
қатынасын құрады [4, 84]. 
Сонымен, салт-дәстүр халықтық тәрбиенің өзегі, әлеуметтік мәдени құндылықтарды 
беру  құралы,  соның  нәтижесінде  ұлттық  құндылықтар  қалыптасатындығы  анық. 
Оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыруда театрландырылған мерекелер 
мен  сайыс  ойын  сәттерін,  ойын-мерекелерді  көптеп  пайдаланған  жөн.  Бұның  өзі 
балалардың ойынға деген қажеттілігін жүзеге асырып, қозғалыс белсенділігін жетілдіреді. 
Ойын  мерекелер  балалардың  ақыл-ой  мүмкіндіктерін  жұмылдырып,  өзіндік  тәртіп 
дағдыларын  қалыптастырады.  Мерекедегі  жарқын  көңіл-күй  балалардың  санасында 
ерекше  із  қалдырып,  өзіне-өзі  риза  болуы  және  өз  әрекетін  объективті  бағалауы  жетіле 
түседі.  Соның  нәтижесінде  баланың  өзін-өзі  бағалауы,  құндылық  бағдары  жағымды 
болады.  Ұлттық  құндылықтарға  бағыттайтын  ойын-мерекелер  арқылы  балалардың  ішкі 
жан-дүниесіне әсер етіп, олардың жүрек тәрбиесін іске асыруға мүмкіндіктер болады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет