Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2013



Pdf көрінісі
бет16/25
Дата12.01.2017
өлшемі3,35 Mb.
#1742
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
арнаған жолдауы «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасы. - Астана, 2013.  
2
 
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. // Педагогика. - 2006. - 482б. 
3
 
Сухомлинский В. А.Балаға жүрек жылуы. Алматы: Мектеп,1976. - 324б. 
4
 
Коменский Я.А. Законы хорошо организованной школы. - М.: Издательский Дом 
Шалвы Амонашвили, 1996. – 224 б. 
5
 
Макаренко А.С.Ұстаздық дастан. – Алматы: Мектеп, 1983. – 488 б. 
6
 
Жақыпов С.М. Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекет психологиясы. – Алматы: 
«Алла прима» ЖШС, 2008. - 216
 
б. 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  данной  статье  рассматриваются  проблемы  социально-психологического  климата  в 
педагогическом коллективе, а также теоретические аспекты его благоприятного формирования. 
 
RESUME 
 
The  article  contains  problems  of  the  social-psychological  climate  in  the  teaching  staff  and  the 
theoretical aspects of its favorable climate formation. 
 
 
 

 
156 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Филология 

 
157 
ӘОЖ 82.09 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Д. Әлтай 
Л.Н. Гумилев атындағы  
Еуразия ұлттық университеті, 
ф.ғ.д., профессор 
Балалар 
әдебиетіндегі 
көркемдік даму 
 
Аннотация 
Мақалада  қазақ  балалар  поэзиясының 
дамуы  қарастырылады.  Осы  орайда  бүгінде 
жеке  әдебиет  саласы  ретінде  қалыптаса 
бастаған 
балалар 
поэзиясының 
алғашқы 
қадамынан  бастап-ақ  әдеби-көркемдік  және 
тәрбиелеушілік 
міндеттерді 
ұштастыра 
алғандығы дәлелденіп, тұжырымдар жасалады. 
Түйін 
сөздер: 
балалар 
поэзиясы, 
көркемдік  даму,  жаңашыл  ізденістер,  әдеби-
көркемдік,  шығармашылық  өнер,  шығарма-
шылық тұлға. 
 
 
Балалар  поэзиясын  бүгінде  проза,  драма 
сияқты  қажетті  әдеби  түрлері  мен  жанрларын 
түгендеп  үлгерген  қазақ  балалар  әдебиетінің 
көшбасшы  саласы  деуге  келеді.  Біз  бұл  тұста 
ХІХ  ғасырда  Ы.Алтынсарин  қаламынан  туған 
прозалық  шығармаларды  жоққа  шығарғалы 
отырған  жоқпыз.  Мәселе  қазақ  балалар 
әдебиетінің  жеке  сала  ретінде  танылып, 
дамыған  уақытына  байланысты.  Ал  бұл 
кезеңдегі, 
яғни 
өткен 
ғасырдың 
20-30 
жылдарынан 
бергі 
аралықтағы, 
балалар 
әдебиетінің  алғашқы  жылдарында  балаларға 
арналған  шығармалардың  поэзиялық  үлгіде 
болғаны белгілі. Оның да өзіндік себептері бар. 
Ең  басты  себеп  поэзияның  ерекшелігіне 
байланысты.  “Поэзия,  -  дейді  З.Ахметов,  -  сөз 
өнері, көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ озық 
үлгісі.  Оның  үстіне  поэзияның  аса  маңызды 
әлеуметтік,  қоғамдық  құбылыстарды  бейнелеп 
көрсете  алатын  зор  мүмкіншілігі  бар.  Ол  – 
айналамыздағы  дүниені,  өмірді  танып-білудің 
күшті құралы, біздің қоғамдық ой-санамыздың, 
көркемдік,  эстетикалық  сезіміміздің  үлкен, 
өнімді  саласы.  Сондықтан  поэзиядағы  сөз 
суреттілігі,  бейнелілігі  өмір  шындығынан  нәр 
алып, соған тікелей жалғас туады. Сөз қолдану 
шеберлігі,  көркемдік  шеберлік  дегеніміз  өмір 
құбылыстарын 
танып-білу, 
ұғып-түсіну 
қабілетімен,  көркем  ой-сезім  қуаттылығымен 
терең  тамырласып,  қабысып  жатады”  [1,  7]. 
Сонымен  бірге  бұл  тұста  поэзияның  қазақ 
әдебиеті  үшін  көркемдік  дәстүрі  кемел  үлгі 
екендігін де назарда ұстау қажет. 
 

 
158 
Балалар  поэзиясының  жеке  әдебиет  саласы  ретінде  дамуға  бет  түзеуі,  біріншіден, 
қазақ  әдебиеті  тарихында  профессионалдық  мазмұндағы  балалар  әдебиетінің  пайда 
болғандығын  айғақтаса;  екіншіден,  ұлттық  жазба  әдебиеттің  салалана  өркендеуге  бет 
түзегенін,  яғни  кемелдену  кезеңіне  бағдар  алғанын  байқатты.  Уақыт  оза  келе  бұл  екі 
жағдай да тарихи шындыққа айналды. 
Профессионалдық  үлгідегі  қазақ  балалар  поэзиясы  алғашқы  қадамынан  бастап-ақ 
балалар  әдебиетіне  жүктелер  қос  міндетті  –  әдеби-көркемдік  және  тәрбиелеушілік 
міндеттерді – болмыс-бітімінде тел ұштастыра алды. Оның негізгі сыры – ұлттық балалар 
поэзиясының  ізашар  сүрлеуінің  бастауында  М.Жұмабаев,  С.Сейфуллин,  І.Жансүгіров, 
Б.Майлин сынды әдебиет алыптарының тұрғандығына байланысты. 
Қазақ балалар поэзиясының даму жолында да осыған ұқсас жағдайлар болды. Қысқа 
қайырғанда,  Ы.Алтынсарин,  А.Құнанбаевтардан  басталған  ағартушы-демократтық 
әдебиет  өкілдерінің  шығармаларындағы  балаларға  қатысты  мәселелер,  негізінен,  өнер-
білімге,  ғылым-мәдениетке  үндеу  бағытында  келіп,  тағылымдық-тәрбиелік  мазмұнда 
көрінгені  белгілі.  Алайда  бұл  жағдай  балалар  поэзиясының  түп  бастауында  тұрған 
Ыбырай, Абай шығармаларында көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатты деуге негіз бола 
алмайды.  Өйткені  сол  дәуірдегі  біртұтас  ұлт  әдебиеті  құрамында  жекелеген  көріністер 
сипатында  танылған  балалар  поэзиясының  алғашқы  үлгілерінің  өзінде  көркемдік  және 
педагогикалық мақсаттар өріле көрінді.  
Бұл  тұста  назар  аударуды  қажетсінетін  мәселе  –  қазақ  жазба  балалар  поэзиясының 
М.Жұмабаев,  С.Сейфуллин,  І.Жансүгіров,  Б.Майлиндердің  балаларға  арналған 
шығармалары  арқылы  бірден  көркем  әдебиет  саласы  ретінде  танылғандығы. 
Профессионалдық балалар поэзиясының ізашар алыптары ұлт әдебиетінде жаңа құбылыс 
ретінде  танылған  бұл  саланың  көркемдік  және  тәрбиелеушілік  мақсаттарды  тел 
ұштастырған  өзіндік  ерекшеліктерін  белгілеуде  де,  төл  жанрларын  айқындауда  да 
маңызды  роль  атқарды.  Нақтылай  айтқанда,  халық  әдебиетінде  дәстүрі  қалыптасқан 
көркемдік үлгілерді жазба балалар поэзиясының талаптарына, уақыт өзгерісіне лайықтай 
жаңғыртты, жаңа мазмұн үстеді.  
Сонымен  бірге  өз  тараптарынан  жаңашыл  ізденістер  жасай  отырып,  балалар 
поэзиясының  төл  жанрларын  айқындады,  ол  жанрлардың  көркемдік  бағыт-бағдарын 
белгіледі.  Балалар  поэзиясын  шығармашылық  өнер  ретінде  танып,  балаларға  арналған 
туындының көркемдік маңызына, шынайылығына, әсерлі болуына және тәрбиелік мәніне 
айрықша  ден  қойды.  Сондықтан  да  олардың шығармалары  балалар  поэзиясының  белгілі 
бір кезеңдегі ізашары болып қана қалмай, қазіргі уақыт үдесінен де табылып отыр.  
Олардың  балаларға  арналған  шығармаларының  өміршең  болуының  тағы  бір  сыры 
аталған  ақындардың  шығармашылық  тұлға  ретіндегі  ұстанымдарының  дұрыстығында, 
яғни өмірлік шындыққа сүйенуінде жатыр. Бұл ретте: “Суреткер әдетте кәдімгі табиғатта 
бар  заттар  баламасы  бойынша  жаңа  дүниелер  жасауға  тырысады.  Байырғы  жаратылыс 
ажары қосалқы көп белгілерінен арылып,  тазарып, адам  жанының рухани ізгі  туындысы 
ретінде  көрінетін  өнер  сұлулығының  өміршеңдік  сипаты  да  осы  нақтылық,  ұқсастық 
өнегесінде жатыр” [2, 103], - деген пікірдегі ой дұрыстығына ден қойсақ, ұлттық балалар 
поэзиясының  ізашар  тобының  суреткерлік  өнегесінің  мәні  шығармаларында  өмірлік 
шындықты  арқау  етуінде  жатқандығы  байқалады.  Демек,  жазба  балалар  поэзиясының 
бастауында тұрған М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиндердің ең маңызды 
қызметі ұлттық балалар әдебиетінің реалистік дәстүрде өрістеуіне нұсқа көрсетуі болды. 
Аталған  ақындардың  шығармашылық  тағылымдарының  бірі  -  халық  ауыз 
әдебиетіндегі дәстүрлі жанрлардың кейбірін балаларға арналған поэзияда жаңғыртып, сол 
арқылы кейінгі буынға әдеби дәстүрді игерудің өнегелі жолын көрсетуі болса, келесі бірі 
үлкендер  әдебиетіндегі  жанрларды  балалар  поэзиясы  талаптарына  лайықтай 
пайдаланудың үлгілерін ұсынуы болғаны анық.  
Ұлттық  балалар  поэзиясының  табиғатында  болуға  тиісті  көркемдік  және 
педагогикалық негізгі сипаттардың айқындалуында да осы буынның үлесі зор болды. Осы 

 
159 
орайда  жалпы  балалар  әдебиетіне  қойылатын  талаптар  жайында  айтылған  кейінгі 
кезеңдегі  пікірлердің  біріне  назар  аударсақ,  онда:  “Біріншіден,  балаларға  арналған 
шығармалардың  идеялық  тақырыбы  мен  сюжеттік  арқауы  жеңілдеу  келсе,  оның  есесіне 
сол сюжеттің өрнегі саналатын фабуласы шытырман да жалтарғыш, кесте түрі келісті де 
қызықты,  өрнек  бояуы  ойнақы  да  өзгерімпаз  болуға  тиісті.  Басқаша  айтқанда,  үнемі  бір 
күрт  құбылысты,  үнемі  бір  шұғыл  қимылды,  декорациялық  көріністерін  де  тез  ауысуын 
тілейтін,  кәдімгі  бала  оқырмандардың  өз  талаптарына  сай  алуан  әрекетті  болуы  шарт. 
Екіншіден,  балалар  әдебиеті  балғын  оқырмандардың  өз  масштабтарына,  дүние  тану 
түсініктеріне лайық болуға, олардың көңілді, балғын өмірлерімен үндесіп жатуға, балалық 
әлеміне  жаңа  адамдар,  жаңа  құбылыстар  ендіруге  тиісті.  ...балалар  кітаптарының 
кейіпкерлері барынша батыл әрекет иелері, мақсатты күрес отын тұтандыра білетін өткір 
де  тік,  көңілді  де  жарқын,  тіпті  сотқарлықтан  да  қаражаяу  емес,  жігерлі  адамдар  болуы 
керек.  Кейіпкерлер  арасында  қайшылықтар  мен  қақтығыстар  болып  тұруы  да  шарт. 
Әрине,  ұнамды  кейіпкер  сүйкімді  де  батыл  әрекеттері  арқылы  оқырман  мейірімін  өзіне 
аударуға  тиісті”  [3,  369-370],  -  деп  көрсетілетін  талаптардың  қай-қайсы  да  балалар 
поэзиясындағы  ізашар  буынның  шығармаларында  өз  дәрежесінде  көрініс  тапқанын 
аңғарамыз.  Мысал  үшін  М.Жұмабаевтың  “Сал,  сал  білек,  сал  білек”  аталатын  халықтық 
тақпақ үлгісінде жазылған шығармасына зер салалық: 
...Сал, сал білек, сал білек, 
Сабағыңа бар, білек. 
Қыдыра берме қалтиып, 
Етегіңмен қар күреп. 
Сал, сал білек, сал білек, 
Сұлу талдай тал білек,  
Оқып-оқып, бір асқан 
Әлім болып қал, білек. 
 
Мағжанның бұл шығармасының жанры – тақпақ.  
Ал  шығарманың  жанр  талабына  қаншалықты  жауап  бере  алғандығын  әрі  ақын 
жаңалығын бағамдау үшін, әуелгі  кезекте, “тақпақ” жанры жайында айтылған  пікірлерді 
назарға  алған  жөн.  А.Байтұрсынов  анықтамасы:  “Салт-санасына  сәйкес  пікірлерді 
келтесінен  келтіріп,  өлең  түрінде  ұйқастырып  айту  –  тақпақ  болады.  Тақпақ  қысқара-
қысқара  маңызданып  барып  мақалға  айналып  кететін  де  жері  бар.  Мақалдарды 
құрастырып  қосып  айтқанда,  мақалдар  тақпаққа  айналып  кететін  де  жері  бар”  [4,  248],- 
деп  келсе,  балалар  фольклорын  зерттеуші  К.Ісләмжанұлы:  “...балалар  репертуарындағы 
тақпақтардың көпшілігі, негізінен, үлкендер шығармашылығынан ауысқан. Мұның себебі 
бұл  жанрдың  табиғи  ерекшеліктеріне  тікелей  байланысты.  Яғни,  оның  көлемінің 
шағындығы,  үндестігі  күшті  толымды  ұйқасқа  құрылатындығы,  дыбыстық,  сөздік 
қайталаулардың  молдығы,  айшықты  оралымдарға  байлығы  –  осылардың  барлығының 
өлеңді жаттап алып, мәнерлеп айтуға (тақпақтап айтуға) жеңілдік жасайтыны – балаларды 
өзіне  баурай  тартады,-  дей  келіп,-  ...біздің  тілге  тиек  етіп  отырғанымыз  бала  талғамына 
лайық  шағын  көлемді,  өлең  құрылысы  мәнерлеп  айтуға  оңтайлы,  бүлдіршіндер 
репертуарында  кең  тараған  шығармалар.  Мұндай  шығармаларды  балалар  шағын  көлемі, 
ойнақы,  әуезді,  жеңіл  құрылымы  үшін  ғана  ынтыға  жаттамайды,  өздерінің  таным 
түсінігіне, күнделікті тірлігіне етене жақын мазмұн-болмысы үшін де құлай сүйеді” [5, 73-
74], - деп түйеді. 
Халық  ауыз  әдебиетіне  тән  тақпақ  жанрына  байланысты  айтылған  бұл 
анықтамалардағы  ой  мазмұнын  жинақтай  түйсек,  халықтық  дәстүрлі  тақпақ  –  шағын 
көлемді,  ұйқасы  толымды,  тілі  әуезді,  сөздік  қайталаулар  жиі  кездесетін,  жеңіл 
жатталатын  поэзиялық  шығарма.  М.Жұмабаев  тақпағына  осы  тұрғыдан  зер  салсақ, 
дәстүрлі тақпақ талаптарына толық жауап табылады.  

 
160 
Ал  ақынның  өзі  қосқан  жаңалық  қандай?  Ақын  жаңалығы,  біріншіден,  тақпақ 
тақырыбында. Тақырып – оқу, білім. Екіншіден, тақырыптан туындайтын идеяда. Идея – 
елгезектік, тілалғыштық білімділік сияқты жақсы қасиеттерді үлгі ету. Үшіншіден, көркем 
сюжеттің  әсерлі  де  түсінікті  көрініс  табуында.  Сюжеттің  әсерлі  болу  сыры  –  сүйсіне 
жақсы көру (“Балдан тәтті бал білек”), өтіну (“Әжеңнің тілін ал, білек”), әзілдеу (“Қыдыра 
берме қалтиып, Етегіңмен қар күреп”), арман-тілек ету (“Әлім болып қал, білек”) сияқты 
түрлі  сезімдердің  шынайы  берілуінде.  Төртіншіден,  тәрбиелік-педагогикалық  мақсаттың 
ашық  насихат  түрінде  айтылмай,  тақпақтың  өне  бойында  бейнелі  сюжет  арқылы 
ұсынылуында. 
Міне, бұл – қазақ балалар поэзиясындағы ізашар буынның халықтық әдеби дәстүрді 
жаңғырту бағытындағы шығармашылық ізденістерінің оң нәтижелі бір үлгісі. 
Ал,  осы  ақындардың  балалар  поэзиясына  әкелген  жанрлық  жаңалықтары  қандай 
сипатта  көрінді?  Біріншіден,  балалар  поэзиясы  жанрларының  тақырыптық-идеялық 
кеңістігін  ұлғайтуы  болса;  екіншіден,  дидактикалық  ұлағаттан  бой  тартып,  көркем 
бейнелілікке  маңыз  беруі  болды.  Осындай  жаңашылдықтар  нәтижесінде  балалар 
поэзиясының барлық жанрында көркемдік талаптары бірінші кезекке шықты.  
Мәселен,  негізгі  ерекшелігі  балалардың  күнделікті  тірлігінен  алынған  мазмұнды 
жаттауға  жеңіл  тілмен  ұйқастыра  ұсыну  болып  келетін  фольклорлық  тақпақ  жанрының 
аталған  ақындардың  авторлық  тақпақтарында  қалай  түрленгенін  аңғару  үшін 
С.Сейфуллиннің “Бозторғай” аталатын тақпағын еске түсірелік: 
Міне, торғай, 
Үйін қорғай, 
Жер бауырлап зырлайды. 
Шырқап биік, 
Күнге күйіп, 
Қалмай сайрап жырлайды. 
 
Көрініп  тұрғандай,  С.Сейфуллин  шығармасында  дәстүрлі  тақпақ  жанрының 
ерекшеліктері  толық  сақталған.  Жаңалық  –  тақпақ  жанры  үшін  тақырыптың 
сонылығында,  мазмұнның  суреттілігінде,  бейнелілігінде.  Дәстүрлі  тақпақтар  тақырыбы 
күнделікті  тұрмыс-тіршілікке,  салт-дәстүрге  байланысты  болып  келсе,  авторлық  тақпақ 
тақырыбына  табиғаттың  бір  суреті  алынған  да,  көркемдік  мазмұн  бозторғай  әрекетін 
бейнелеу  арқылы  көрініс  тапқан.  Бозторғай  әрекетін  суреттеуге  негізделген  сюжет 
динамикаға  толы.  Осы  сипаттардың  нәтижесінде  тақпақ  жанры  көркемдік  жағынан 
толысып, өлең іспетті мән иеленген. 
Бүгінгі балалар поэзиясында қалыптасқан тақпақ пен өлеңнің көп жағдайда жанрлық 
ара-жігін  ажыратуда  қиындық  туып  жатуының  бір  себебі  де  халықтық  әдебиетте, 
негізінен,  салт-ғұрыптық  мазмұн  иеленген  сауықтық  яки  тағылымдық  тақпақ  жанрының 
көркем туындыға айналуында жатыр. 
М.Жұмабаев,  С.Сейфуллин,  І.Жансүгіров,  Б.Майлин  ізденістері  нәтижесінде 
мазмұны  жаңарып,  тақырып  көкжиегі  кеңейген,  ашық  тағылымдық  ойды  бейнелі  идея 
алмастырған тақпақ немесе авторлық тақпақ кейінгі кезеңдердегі балалар поэзиясында кең 
таралған жанр болып отыр. Көркем тақпақтар бүгінгі балалар ақындарының қай-қайсынан 
да мол ұшырасады. Мәселен, Х.Талғаровтың “Торғай” тақпағындағы көркем бейнелілікке 
назар аударайық: 
Торғай, торғай, торғайсың, 
Таяу келіп қонғайсың. 
Жем шашайын, тойып ал
Сонда аязға тоңбайсың. 
 
Бір ғана торғайға арналған С.Сейфуллин тақпағы мен Х.Талғаров тақпағында көркем 
бейнелілік тұрғысынан үлкен айырмашылық бар. С.Сейфуллин тақпағында бозторғайдың 

 
161 
бейнесі  жасалса,  Х.Талғаров  тақпағында  қысқы  аязға  шыдамай  тынымсыз  ұшып  қонған 
торғайға  жаны  ашыған  бала  –  лирикалық  кейіпкердің  сезімі  мен  ойы  бейнеленген.  Бұл 
ерекшеліктің  өзі  авторлық  тақпақтақтардың  бейнелеу  мүмкіндігінің  кеңейгендігін 
айғақтаса керек. 
Халық  ауыз  әдебиетіне  тән  дәстүрлі  тақпақ  пен  бүгінгі  балалар  поэзиясында 
қалыптасқан  авторлық  тақпақтар  жайына  баса  назар  аударғандағы  мақсатымыз, 
біріншіден,  авторлық  тақпақтардың  өзіндік  ерекшеліктерге  ие  жеке  жанр  екендігін 
аңғарту;  екіншіден,  қазақ  балалар  поэзиясындағы  авторлық  тақпақтардың  бастауында 
тұрған  ақындардың  шығармашылық  жаңашылдықтарын  көрсету;  үшіншіден,  авторлық 
тақпақтардың көркемдік тұрғысынан даму үстіндегі жанр екендігін аңдату болды. 
Сонымен,  бүгінгі  балалар  поэзиясында  кеңінен  таралған  авторлық  тақпақ  дегеніміз 
қандай  жанр?  Жоғарыда  айтылған  мәселелерді  ескере  келіп,  ой  түйінін  жасар  болсақ, 
авторлық  тақпақ  –  балалардың  жаттап  айтуын  көздегендіктен,  сөздік  қолданысы  тілге 
жеңіл,  композициялық  құрылымы  қарапайым,  көркемдік  мазмұны  мен  ұсынар  идеясы 
бала түсінігіне лайықты, шағын көлемді әдеби-көркем туынды. 
Халықтық  көркемдік  дәстүрді  жаңғырту  бағытындағы  М.Жұмабаев  пен 
С.Сейфуллин  ізденістері  бесік  жыры,  тақпақ  жанрларында,  І.Жансүгіровте  тақпақ, 
Б.Майлинде  бесік жыры немесе әлди өлең, тұсау кесу өлеңі  жанрларынан танылады. Ал 
балалар поэзиясында қалыптастырған жанрлық жаңалықтары суретті кітапшалар, әртүрлі 
тақырыптағы өлеңдер, мысал мәндес өлеңдер, әдеби ертегілер болып табылады.  
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы, 1973.  
2
 
Серікқалиұлы  З.  Дүниетану  даналығы.  Ғылыми  және  көркемдік  таным 
ерекшеліктері. – Алматы, 1994.  
3
 
Сәрсенбаев  Ә.  Балалар  әдебиеті  төңірегіндегі  ойлар  //  Ә.Сәрсенбаев.  Ұстаздар 
мен тұстастар. – Алматы, 1985.  
4
 
Байтұрсынов  А.  Шығармалары:  Өлеңдер,  аудармалар,  зерттеулер.  –  Алматы, 
1989.  
5
 
Ісләмжанұлы К. Рухани уыз (Қазақ балалар фольклоры). – Алматы, 1995.  
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В статье рассматривается развитие казахской детской поэзии. В этом аспекте анализируются 
литературно-художественные и воспитательные особенности детской поэзии и делаются выводы. 
 
RESUME 
 
In  the  article  the  development  of  Kazakh  children  poetry
 
is  considered.  From  this  aspect  it  is 
vividly seen from the first steps of this newly founded branch of literature, i.e. Kazakh children poetry, it 
succeeded in combining fiction and upbringing tasks. 

 
162 
ӘОЖ 821.512.122-3.09 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
С.Ш. Айтуғанова 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті, ф.ғ.к., доцент 
Мемуарлық 
шығармалардағы 
замана шындығы  
және көркемдік  
 
Аннотация 
Мақалада
 
мемуарлық 
шығармалардағы 
шындықтың  берілу  ерекшеліктері  қарастырылады. 
Осы мақсатта белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның 
«Ай  мен  Айша»  романының  көркемдігі  талданып, 
тұжырымдар жасалады.
 
 
Түйін  сөздер:  деректілік,  күнделік,  көркемдік 
ізденіс,  көркемдік  әдіс,  шындық,  дәстүр,  баяндау, 
авторлық сана. 
 
 
Соңғы  бiр  ғасырда  жазылған  қазақ  мемуарлық 
романдарының  саны  біршама.  Солардың  арасында 
Кеңес  үкiметiнiң  қалыптасу  кезеңiнде  жазылған 
мемуарлардың  шоқтығы  биiк  деуге  болады.  Оларға 
С.Сейфуллиннiң 
«Тар 
жол, 
тайғақ 
кешу», 
С.Мұқановтың  «Өмiр  мектебi»,  Ғ.Мұстафинның 
«Көз  көрген»,  С.Көбеевтiң  «Орындалған  арман» 
сияқты  туындыларын  жатқызуға  болады.  Бұл 
мемуарлардың  оқиғалары  тарихи-қоғамдық  күрделi 
өзгерiстер,  аласапырандар  кезiне  сай  келген-дi. 
Сондықтан  олар  iрi,  кесек  мәселелердi  қозғады, 
сюжеттi  желiлерi  мен  шиеленiстерi  де  күрделi 
болды.  Ал,  кеңестiк  идеология  күшiне  әбден  енген 
тұста  жазылған  мемуарларда  осындай  iрiлiк, 
кесектiк байқалмады. Олардың авторлары өзi ғұмыр 
кешкен  ортадағы  қоғамдық-саяси  оқиғалардың 
шынайы көрiнiсiн бейнелей алмады. Дегенмен, олар 
сол  кездегi  тарихи  оқиғаларды  баяндауымен 
маңызды. 
Қандай  да  болсын  көркем  шығарманың 
идеялық  негізі  көркемдік  іргетасы  шынайы  өмір 
болып  табылса,  мемуарлық  туындының  қайнар  көзі 
сол  реалистік  шындықтың  өзі  деп  тұжырымдауға 
болады.  Себебі,  оның  ең  алдымен  арқа  сүйейтіні  - 
деректілік.  Және  мемуарлық  шығарманың  қайсысы 
болмасын,  сол  шындықтың  ең  маңызды,  өзекті 
жақтарын көрсетеді. 
Мемуарлық  роман  жазу  қай  қаламгерден  де 
үлкен  жауапкершілікті  талап  етеді.  Әсіресе, 
мемлекеттің,  халықтың  тарихына  қатысты  оқиғалар 
туралы  қалам  тербеуде,  ең  алдымен,  шыншылдық 
керек.  
Қазіргі  қазақ  прозасындағы  табиғаты  жағынан 
алып  қарағанда  таза  мемуарлық  шығармалар  мен 
мемуарға 
жақын 
болып 
келетін 
естелік 
туындылардың 
мазмұндық, 
идеялық-көркемдік 
ерекшеліктерін  ажырата  білу  қажет.  Естелік  очерк, 
күнделік, ой-толғаныстар, хат және эпистолярлық, 

 
163 
ақпараттық-деректік  сипатта  жазылған  шығармалар  қазіргі  таңда  өте  көп.  Олардың 
бәрінің  де  ортақтастығы  –  өмір  дерегіне,  нақты  фактіге  құрылуы.  Қатардағы  деректі 
туындыдан мемуар несімен ерекшеленеді дегенге келетін болсақ, алдымен олардың ұқсас 
жақтары бар ма, бар болса, қандай деген сұраққа жауап іздеген дұрыс.  
Елiмiз  тәуелсiздiк  алған  соң  да  мемуарлар  аз  жазылған  жоқ.  Айталық,
 
Ә.Нұршайықовтың  «Мен  және  менiң  замандастарым»  деген  дилогиялық  мемуары, 
Х.Әдiбаевтың  «Өмiрдария», Ш.Мұртазаның  «Ай мен Айша» дилогиясы, Қ.Жұмадiловтiң 
«Таңғажайып  дүние»,  Қ.Ысқақтың  «Келмес  күндер  елесi»  және  М.Мағауиннiң  «Мен» 
деген романдары қазiргi қазақ мемуарларының арасында ерекше орын алады. 
Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдары  жазылып,  оқырман  назарына  ұсынылған  көрнекті 
қаламгер  Ш.Мұртазаның  «Ай  мен  Айша»  роман-эссесі  жанрлық  тұрғыдан  мемуарлық 
шығармалар қатарына жатқызылады.  
Шығармада  оқиғалар  желісі  шағын  тақырыптарға  бөлініп  баяндалады.  Бұл 
оқиғалардың барлығы жинақтала келіп тұтастай бір заманның бейнесін танытады. Роман « 
– Сен қайдан келдің? – дегенде бір данышпан: – Мен балалық елінен келдім, – деген екен» 
деген  сөздермен  басталады.  Автор  сол  балалық  еліне  сапар  шегіп,  қасіретті  мен 
қақтығысы  көп  кезеңге  тап  келген  балалық  шағын  сөз  етеді.  Әкесі  Мұртазаны  «халық 
жауы» деген жаламен ұстап әкеткенде Барсхан бес жаста ғана еді. Міне, сол кезден бастап 
үлкен өмірмен бетпе-бет келу, басқа түскен қиындықтар; жетімектерін жетелеп, жарының 
қайғысын азалаған Айша ананың қасіреті мен қайраты романның өзегіне алынған. Соғыс 
уақытындағы тыл өмірінде еңбек еткен әйелдер бейнесі Айша образы арқылы бейнеленсе, 
тура осындай еңбек өтінде жүрген жас балалардың халі, жайы шығарманың бас кейіркері 
Барысхан арқылы көрінеді. Айша таңсәріден тұрып, егіс даласында күні бойы еңбек етіп, 
қас қарайғанда үйіне  шаршап-шалдығып оралса, ұлының мойнындағы жүк те өз жасына 
қарағанда әлдеқайда ауыр.  
Жала  жабылып  айдалып  кеткен  әкесінің  сол  қалпы  қайтып  оралмауы,  шиеттей  үш 
баламен  тірідей  жесір  қалған  шешесі  Айшаның  ауыр  тағдыры,  отағасынан  айырылған 
отбасының  бірінен  соң  бірі  таусылмас  озбырлыққа  ұшырауы,  қаншама  қайғы-қасірет 
тартса  да,  мойымай,  алға  ұмтылып,  күрессе  де  жеңіліске  ұшырай  берген  ұзақ  жылдар  – 
адамды барлық жағынан шаршатып жіберетін жағдайлар. Шығарма кейіпкерлері Айша да, 
жас бала Барысхан да ел қатарлы қиындықтарды, зорлықты көре жүріп, күндерін көреді. 
Бұл  жолда  олардың  жеңістерінен  гөрі  жеңілістері  көп.  Жетім,  жесір  деп  есіркемей, 
керісінше,  үстемдіктерін  көрсетіп,  өмірлерін  қиындата  түсетіндер  қай  кезеңде  де 
табылатыны белгілі. Мұндай өктемдік жасаушы адамдардың романдағы өкілдері – Тасбет 
бригадир,  Жуанқұл  бастық,  Олар  Айша  мен  Барысханға  әуелден  теріс  көзбен  қарап, 
қырына ала береді. Ана мен бала таңның атысынан күннің батысына дейін далада колхоз 
жұмысында  аянбай  еңбек  етсе  де,  бригадирдің  көңілінен  бір  шықпайды.  Осындай 
әділетсіз  қиянаттың  бірінде  Барысхан  оған  айыр  ала  жүгіреді.  Осы  оқиғадан  кейін 
зорлықшылардың жазасынан қорқып, Айша жалғыз ұлын нағашыларына жібереді. Ауыл 
жуандарының  қорлығы  әбден  батқан  соң,  өзі  де  балаларын  жетектеп,  ұрланып  көшуге 
мәжбүр  болады.  Алайда  Тасбет  оларды  жай  жібермей,  арбаға  жеккен  өгіздерін  тартып 
алып,  өздерін  далаға  қаңғыртып  тастап  кетеді.  Бұл  олардың  жағдайын  одан  сайын 
ауырлата түседі. 
Барған ауылдарында да ұзақ тұра алмай, Әулиеата қаласына келеді. Ол жерде әйтеуір 
өлместің күнін көріп, соғыс біткеннен кейін ғана еліне қарай қайта бет алады.  
Кейіпкердің  бастан  кешкен  оқиғаларының  қамтитын  уақыты  –  он  шақты  жылдың 
көлемі ғана. Осынау қысқа кезеңде оның алдынан сан қилы тағдыр иелері, әртүрлі мінезді 
адамдар жолығады. Олардың ішінде өмірлері трагедиялық жағдаймен аяқталатындары да 
бар.  Мәселен,  өзі  қатарлас  Сүлеймен  –  құрт  ауру.  Құрдасына  жаны  ашыған  Барысхан 
«шіркін,  қымыз  болса,  жазылып  кетер  еді»  деп  армандайды.  Осы  ойдан  арыла  алмаған 
оның  емдік  қасиеті  бар  сусынды  іздеп  сандалуы  логикалық  тұрғыдан  дәлелді. 

 
164 
Жуанқұлдың әйелінен әрең сұрап алған қымызды жолда кезіккен Жуанқұлдың қамшымен 
тартып қалып, ақтарып тастауы – осы сюжеттің шарықтау шегі.  
Барысханның  нағашы  апасы  Зибаның  да  тағдыры  Сүлеймендікіне  ұқсас.  Күйеуі  ел 
қатарлы  соғысқа  кетіп,  соңында  аман-сау  оралғанымен,  оның  басты  трагедиясы  –  ауыр 
науқасқа душар болуында. Дерті айықпас емес, дұрыстап емделер болса, жазылып кетуге 
болатынын бала да болса Барысхан да түсінеді. Бәріне кінәлі – қолдың қысқалығы. Өмірге 
құштар  әйелді  құтқарып  қала  алмау  бұл  желідегі  оқиғаның  салмағын  ауырлата  түскен. 
Зибаның  аузы  аққа  тисе  ауруынан  сауығып  кетер  деген  үмітпен,  туысқандарына  қосып 
қойған  сиырын  алып  келуге  Барысханды  жұмсайды.  Алайда  жақындарының  аузына 
келгенін айтып оны қуып жіберуі – оқиғаның түйінді тұсы. Бұл оқиғалардан туындайтын 
әлеуметтік қорытынды – қысылтаяң кезеңде адамдардың пиғылының осылайша тарылып 
кететіндігі.  
Романның бас кейіпкері жазушының өзі екенін байқау қиын емес. Шығармаға да өзі 
басынан  өткерген  шынайы  оқиғалар  арқау  болған.  Шығарманы  оқып  шыққаннан  соң 
оқырманның  ең  алдымен  түйетін  ойы  –  жазушының  балалық  шағындағы  оқиғалардың 
қоюлығы,  бастан  кешкен  жайларының,  өмір  соқпағында  ұшырасқан  адамдарының  алуан 
түрлігі  мен  молдығы.  Өмір  кеңістігіне  енді  ғана  қадам  басқан  жас  баланың  алдынан 
ұшырасып,  тағдырына  араласқан  әрбір  адам  өз  алдына  дара  бір  сюжеттің  туындауына, 
бұрынғы  айтылып  келе  жатқандарға  ұқсамайтын  жаңаша  ойдың  түйінделуіне  себепші. 
Мәселен,  мектепке  барғысы  келген  Барысханды  «халық  жауының»  баласы  деп  мектепке 
алмай  қояды.  Бұған  намыстанып  үйіне  жылап  қайтып  келе  жатқанда  алдынан  шыққан 
комсомол қызметінде жүрген Ноха есімді жігіт көмектесіп, мектепке алдырады. Бұл білім 
алуға  құштар  жас  бала  үшін  ұмтылмастай  әсер  қалдырған  оқиға  болады.  1941  жылдың 
күзінде соғысқа кеткен Ноха содан қайтып оралмайды. «Осы күні қолымда бел ортасынан 
жыртылған  суреті  бар...  Мен  алпыстан  асып,  егде  тарттым.  Ол  жап-жас,  уыз  жас. 
Үйленген  де  жоқ.  Ұрпағы  да  жоқ»,  -  деп  жазады  автор  осы  кейіпкерінің  трагедиялық 
тағдыры туралы.  
Бір  кейіпкердің  тағдыры  арқылы  соғысқа  атттанып,  қайта  оралмаған,  соңында  ізі 
қалмаған  қыршындар  өмірінен  де  хабар  береді.  Бас  көтерер  азаматтың  бәрі  соғысқа 
аттанған  ауылдың  да  халі  жақсы  болған  жоқ.  Ауылдағы  бар  жұмыс  бала-шаға  мен 
әйелдерге қарап қалды. Олар өздері аш жүрсе де, тапқандарының бәрін майданға жіберіп 
отырды.  Осындай  ауылдағы  ауыр  жағдайды  шығармадағы  мына  бір  үзіндіден  көруге 
болады:  «Шәй  ішіп  отырмыз.  Дастархан  жүдеу.  Жарты  таба  нан.  Айша  көзінің 
қарашығындай сандыққа салып сақтап жүретін кішкентай қозы қарын майдан бір қасық 
қана  алып  мейманның  алдына  қойды.  Оны  менің  көзім  тесіп  барады.  Таба  нанға  май 
жағып  жеу  деген  –  арман.  Қарындасым  мен  інім  де  жетісіп  отырған  жоқ.  Бірақ 
шыдайсың.  Айшаның  айбарынан  қорқамыз.  Иә,  бұлар  нан  жемегелі  қашан.  Үнемі 
қызылша  пісіріп  жейді.  Айша  кейде  қос  уыс  бидай  қуырып,  үш  баласына  теңдей  бөліп 
береді.  Сол  дәнді  бұлар  ауыздарына  бір-ақ  салмай,  бір-бір  талдап  қытырлатып, 
неғұрлым  ұзағырақ  таусуға  тырысатын.  Қайтеді,  жағдай  солай».  Осылайша  шағын 
ауылдағы  қарапайым  бір  отбасының  тіршілігі  арқылы  сол  кездегі  кез  келген  қазақ 
аулындағы өмір шындықтарымен танысамыз. 
«Ай  мен  Айша»  -  өмірбаяндық  романның  жаңа  үлгісін  танытатын,  адамның 
қалыптасуы  мен  қоғамның  дамуын  сабақтастыра  суреттеген  шығарма.  Мұндағы  адам 
тағдырлары  сұрқай  заман  шындығы  ойлантпай,  толғантпай  қоймайды.  Автор  адам  жан-
дүниесін  көркемдік  тұрғыдан  зерттей  отырып,  кейіпкер  мінезін  ашу  арқылы  оның  адам 
ретіндегі болмысын жан-жақты ашуға тырысады.  
Мемуарлық  роман  дегенде  оқырманның  есінде  тұратыны  –  автордың  бәрінің  де 
әңгімені  өзінің  балалық  шағынан  бастап,  оқиғаларды  өмір  белестерімен  ары  қарай 
өрбітетіндігі. Олар алдымен өздері өмірге келген ортаны, ата-тегін, одан кейін ата-анасы 
туралы  мағлұматтарды  келтіре  отырып,  өзінің  балалық  шағына  барлау  жасап  алады. 
Сонан кейін жетілдіре отырып әңгімелеп кететіні – ес біліп, етек жапқан кездерінде бастан 

 
165 
кешкен  оқиғалары.  Бас  кейіпкердің  автордың  санасы  ашылып,  түсінік-танымы,  өресі 
кеңейе  түскен  сайын  жүрген  ортасымен,  қоршаған  қоғамымен  қарым-қатынасы  да  арта 
береді, өзі мен қоғам арасындағы қайшылықты жағдайлар молая түседі. 
Жалпы  мемуар  жазудың  мұндай  қалыптасқан  қалпын  өзгертіп,  тыңнан  тосын  үлгі 
ұсыну  қиындау.  Өйткені  адам  өмірінің  өзі  бұлжымайтын,  ешқандай  да  өзгертуге 
көнбейтін дәл осындай қалыпты белестерден тұрады. Мысалы, нәрестелік кезең, сәбилік 
шақтан  бұрын  жеткіншектік  кезеңнің  болуы  мүмкін  емес  екендігін  сезіне  білгендіктен, 
оқырман мемуарлық туындының осындай қалпына наразылық білдірместен, бой ұсынып, 
көркемдік қабылдауға дайын тұрады. 
Дегенмен, әр жазушы шығармасын жазу барысында өз басынан өткізген оқиғаларды 
тізбектеп  бере  салмай,  оларды  көркемдеп,  оқырманға  қызықты  етіп  жеткізе  білуге 
тырысады. Бұл тұрғыдан келгенде,  «Ай мен Айша» романының да көркемдік табыстары 
аз  емес.  Ш.Мұртазаның  өзіне  тән  шығармашылық  ерекшелігі  -  қысқа  жаза  отырып, 
салмақты  ой  айтатындығы.  Автор  бірыңғай  баяндау,  шылқымай  суреттеу,  орынсыз 
тәптіштеуге  орын  алдырмайды.  Осы  ретте  романның  қысқа-қысқа  әңгімелерге  бөлініп 
берілуі  де  сюжеттік  желінің  жинақы  шығуын,  композициялық  бітімнің  жинақылығын 
ойластырудан  табылған  көркемдік  тәсіл  деуге  болады.  Автор  қаламына  тән  лирикалық 
әуен бұл туындысында барынша тереңдеген. Өзімен тұстас жазылған басқа да мемуарлық 
шығармалармен  салыстырғанда  лирикалық  реңкі  ерекше  бұл  роман-дилогиянының 
орталық  кейіпкері  –  Барысхан.  Сондай-ақ  осы  Барысханмен  үнемі  қосарлана,  егізделе, 
тұтаса  суреттелетін  Айша,  сағынышқа  айналған  Мұртаза,  жұмбақ  сырлы  Ай  шығарма 
оқиғасына  нәзік  сыршылдықты  үстеген.  Мұндағы  Ай,  кәдімгі  қара  түнді  жарық  қылып, 
әлемге нұрын шашқан Ай үлкен символдық мәнге ие. Шығарманың басынан аяғына дейін 
Ай  Айшамен  бірге  қатарласып  суреттеліп  отырады.  Сол  кезеңдегі  қытымыр  заманның 
ызғарын сәл де болса жылытып, адамның жабырқау тартқан жанына жылу себетін осы Ай 
сияқты. Тағдыр тауқыметін тартып, көп қиыншылық көрген Айшаның да көңіліне желеу 
болар  жалғыз  жарық,  жалғыз  шуақ,  жалғыз  үміт  те  осы  -  Ай.  Шығарманың  басында 
Мұртаза ұсталатын түнгі ай суретіне назар аударайық: «Айша аспандағы топ-толық айға 
қарап: 
-
 
«О,  Жаратқан,  басқа-басқа  мына  үрпек  балапандай  үш  нәрестенің  не  жазығы 
бар еді? – деді. 
Толықсып тұрған Ай бір аунап түскендей болды. 
Жаңа ғана жарқырап тұрған Ай бұлт ішіне сүңгіп кетті де, жетімдіктің алғашқы 
түні жан жақтан қаптап келе жатты». Ай суретін жазушы кейіпкерлерінің басындағы 
ауыр  жағдайды  шынайы  жеткізуде  ұтымды  пайдаланған.  Айшаның  отбасына  аяқ  асты 
келген  қиындық  секілді  жаңа  ғана  жарқырап  тұрған  Ай  да  қараңғылыққа  сүңгіп  жоқ 
болып  кетті.  Әділетсіздікті  көре  тұрып,  шарасыздық  танытқанына  ұялғандай.  Шығарма 
басынан  осылайша  көрінетін  Ай  аяғына  дейін  Айшамен  қатарласа  беріліп  отырады. 
Мұртаза бар кездегі толы Ай, ол ұсталып кетіп, отбасы ауыр жағдайда болғанда жарты Ай 
болып  беріледі.  Ол  әрдайым  бұлт  арасынан  сығалап,  олардың  тіршілігін  бақылап 
тұратындай.  
Айша да үнемі Айға қарап, бір жақсылық күтетіндей. Шығармада беріліп отыратын 
Ай суреттеріне назар аударып көрелік: 
«Боран басылып, аспан ашылайын деді ме, терезеден ауру көздей Ай көрінді». 
«Батыстан  Жабағылы  тұсында  қан  қызыл  Күн  ұясына  батып  бара  жатқанда 
Шығыстан құп-қу болып, өңі қашып тұрған Ай көрінді». 
«Үйге  кеш  оралдық.  Түнгі  аспан  ашық,  жұлдыздар  самсап,  Ай  толықсып  тұрды. 
Мыңбұлақтан бүгін бұлт арылды». 
«Батысқа  көшкен  жартыкеш  Ай  тым-тым  бозарып  кетіпті.  Қылаңытып  әрең 
көрінеді». 
Қарап  отырсақ,  Ай  бейнесі  де  кейіпкерлер  өміріндегі  оқиғаларға  сәйкес  өзгеріп 
отырады, солардың көңіл-күйін меңзейтіндей. Шығарма соңында Айшалар туған ауылына 

 
166 
оралып келе жатқандағы Ай көрінісі тіпті бөлек: «Қарашы, Барсхан, туған жердің Айы да 
бөлекше... Дұрыстап қара, мына жарықтық Ай бізге мейірін төгіп тұр ғой», - дейді Айша 
нұрын төккен Айға қарап.  
Иә,  Айша  ғана  байқайды  оны.  Ай  мейірленсе,  қату  заманның  да  жұмсара 
бастағаны». 
Міне,  мұның  бәрі  шығармада  суреттеліп  отырған  уақыт,  заман  шындығын 
танытумен  қатар  Айшаның  да  жан  толқынысын,  күйінішін,  сүйінішін  тереңдете  түсуге 
қызмет  етіп  тұр.  Сонымен  бірге  романдағы  негізгі  оқиға  мен  адам  тағдырына  деген 
оқырман  ықыласын  да  күшейте  түсетін  эмоциялық  жүк  арқалап  тұрғанын  айтуымыз 
керек.  Бұл  орталық  кейіпкерлер  бейнесінің  сәтті  шығуы  шығарма  концепциясын 
тереңдете  түсу  жолындағы  жазушы  ізденісінен  туған  көркемдік  әдіс,  көркемдік  табыс 
деуге болады.  
Романда ұлттық мінез бен болмысқа да ерекше мән берілген. Халқымызға тән ұлттық 
ерекшеліктер,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  салт  пен  ғұрыптың,  ырым  мен  тыйымның 
қастерленуі роман кейіпкерлерінің сөздері мен істерінен анық көрінеді.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет