Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2014



Pdf көрінісі
бет3/31
Дата30.01.2017
өлшемі2,64 Mb.
#3056
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Стариков Ф.М. Откуда взялись казаки (исторический очерк). – СПб., 1884. - 322-б.  
2.
 
Гагемейстер Ю. Статистическое обозрение Сибирии. – СПб., 1854. – Книга 1. – Часть 
ІІІ. 80-б. 
3.
 
Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. - Алматы, 1994. - 125-б. 
4.
 
Катанаев  Г.Е.  Краткий  исторический  обзор  службы  Сибирского  казачьего  войска  с 
1582 по 1908 гг. – Омск., 1908. - 36-б. 
5.
 
Попов Ю. Кенесары Касымов: жизнь после смерти //Центральный Казахстан. – 1995. – 
5 июля.  
6.
 
Қазақстан  Республикасының  Орталық  мемлекеттік  мұрағаты  (әрі  қарай  -  ҚР  ОММ), 
338-қ, 1-т, 66-іс, 121-122- пп. 
7.
 
Ресей  Федерациясының  Омбы  облысының  мемлекеттік  мұрағаты  әрі  қарай  -  РФ 
ООММ), 336-қ, 1-т, 190-іс, 4-6-пп. 
8.
 
Путинцев  Н.Г.  Хронологический  перечень  из  истории  Сибирского  казачьего  войска 
(со  времени  водворения  западно-сибирских  казаков  на  занимаемой  ими  ныне 
территории). – Омск, 1891. - 162-б. 
9.
 
РФ ООММ, 366-қ, 1-т, 170-іс, 2-п. 
10.
 
ҚР ОММ, 774-қ, 1-т, 162-іс, 63-п. 
11.
 
РФ ООММ, 366-қ, 1-т, 195-іс, 6-п. 
12.
 
ҚР ОММ, 374-қ, 1-т, 609-іс, 1-п; 599-іс, 1-3 пп. 
13.
 
РФ ООММ, 6-қ, 1-т, 141-іс, 4-п. 
14.
 
Ахметов К. Когда основано село Улытау? // Казахстанская правда. – 1998. – 16 апреля. 
– С.4. 
15.
 
Вяткин М. Очерки истории Казахской ССР. – Алма-Ата. – 1941. 279-б. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассматривается  роль  и  место  сибирского  казачества  в  подавлении  национально-
освободительного  движения  казахского  народа  под  предводительством  Кенесары  Касымова  в 
1837-1847  гг.  Раскрывается  роль  сибирского  казачества  в  качестве  основной  карательной  силы  в 
борьбе с повстанцами. В отличие от других казачьих войск, решающую роль в борьбе с Кенесары 
Касымовым сыграли именно сибирские казаки. 
 
RESUME 
 
The role and place of the Siberian Cossacks in the suppression of national liberation movement of 
Kazakh people under Kenesary Kasymov's leadership in 1837-1847 is considered in the given article. The 
role of the Siberian Cossacks as the main retaliatory force in the fight against insurgents is revealed. The 
author comes to the conclusion that the crucial role in  the struggle with Kenesary Kasymov was played 
just by the Siberian Cossacks in difference from other Cossack troops. 

 
 
23 
ӘОЖ 33.025.88 (574) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
К.М. Ілиясова 
ҚР БҒМ ҒК 
Мемлекет тарихы 
институты, т.ғ.к., доцент 
 
З.Ө. Маханова 
Оңтүстік Қазақстан 
политехникалық колледжі, 
оқытушы 
«Астана – жаңа  
қала» арнайы  
экономикалық 
аймағының құрылу 
тарихы
 
Аннотация 
Мақалада  құрылу  тарихы  1996,  2001 
жылдардан басталатын Ақмола (Астана)  Арнайы 
экономикалық  аймағының  (АЭА)  қалыптасу, 
даму  және  өрлеу  кезеңдеріндегі  маңызды 
оқиғалар 
және 
осы 
аймақтың 
алғашқы 
басшылары  Аманжол  Бөлекбаев  пен  Николай 
Тихонюктің  қызметіне  басымдық  берілген. 
«Астана  –  жаңа  қала»  АЭА-ның  қызметі  ұлттық 
экономиканың  құрамдас  бір  бөлігі  ретінде 
қарастырылады. 
Түйін  сөздер:  Тәуелсіздік,  экономика, 
арнайы экономикалық аймақ, инвестиция. 
 
 
Қазақстандағы 
алғашқы 
арнайы 
экономикалық  аймақтар  тарихы  1991-1992 
жылдардан  басталады.  Осы  кезде  Арнайы 
экономикалық  аймақтардың  жалпы  саны  9 
болған. 
Олар: 
Жәйрем-Атасу 
(Жезқазған 
облысы), 
Алакөл, 
Жаркент 
(Талдықорған 
облысы), 
Лисаковск 
(Қостанай 
облысы), 
«Атакент»  еркін  сауда  аймағы  (Алматы  қ.), 
Қызылорда  АЭА  (Қызылорда  қ.),  Ақмола  АЭА 
(1999  жылдың  31  наурызынан  бастап  Астана 
АЭА) болып қайта құрылған [1, 19-20 пп].  
Мемлекет  басшысы  2001  жылы  «Астана-
жаңа  қала»  арнайы  экономикалық  аймағын 
құруды  ұсынды.  Сөйтіп,  астананың  еліміздің 
оңтүстігінен 
солтүстігіне 
ауыстырылуына 
байланысты,  1996-2001  жылдар  аралығында 
АЭА-ның атауы 3 рет өзгертілген: Ақмола (1996), 
Астана (1999), «Астана-жаңа қала» (2001). Қазіргі 
кезде бес аймақта 10 АЭА жұмыс істейді.  
Бұл 
АЭА-лардың 
құрылуы 
елдің 
әлеуметтік-экономикалық 
әлеуетін 
көтеруге 
едәуір септігін тигізді. Нәтижесінде Есіл өзенінің 
сол  жағалауынан  жаңа  қаланың  іргесі  қаланды. 
Бұл  процесс  құрылыс  саласының  қарқынды 
дамуына  жол  ашты,  жергілікті  халық  жұмыспен 
қамтамасыз етілді.  
Жаңа  астананы  салу  идеясы  1992  жылы 
туған 
еді. 
Ол 
жөнінде 
«...Қазақстанның 
Президенттігіне бүкіл халық болып сайланғаннан 
кейін,  мен  Ақмолаға  келдім»,  -  деп  еске  алады 
Елбасы,  -  Есілден  көлденең  тартылған  ескі 
көпірдің  ортасында  тұрып,  өзенге  қарадым. 
Маған  қаланың  ортасында  ағып  өзен  жатқан 
болса, қашанда  сол ұнайтын, өзен қалаға ерекше 
бір    көрік    береді,    мәртебесін   көтереді.   ...Ал  
 

 
 
24 
Ақмола қаласы Қазақстан мен бүкіл Еуразияның орталығында орналасқан» [2, 335 б].
 
Тарихта  дәл  осындай  идеялар  болған.  Оған  Әлихан  Бөкейханның  «Григорий 
Николаевич  Потанин»  деп  аталатын  мақаласындағы  «Қазақты  автономия  қылсақ, 
Қараөткел  –  Алаштың  ортасы,  сонда  университет  салып,  қазақтың  ұл-қызын  оқытсақ, 
«Қозы  Көрпеш  –  Баянды»  шығарған  Шоқан,  Абай,  Міржақыпты  тапқан  қазақтың  кім 
екенін  Еуропа  сонда  білер  еді-ау»  деген  сөздері  дәлел  [3].  Шын  мәнісінде,  бұрынғы 
Қараөткел,  Ақмола,  Целиноград,  қазіргі  Астана  қаласы  Қазақ  елінің  кіндігінде 
орналасқаны анық.  
Деректерге  зер  салсақ,  Арқа  төсіне  көшкен  кезде  Ақмоладағы  (Астана)  тұрғындар 
саны 290 мың адам [4, 153 б], ал кейбір мәліметтерде 225 мың адам болған [5]. Ал, соңғы 
жылдары  астаналықтар  саны  800  мыңнан  асып  жығылды.  Бұл  процесс  1999  жылдан 
қарқын алды және ішкі көші-қон есебінен жүрді. Айталық, тек бір жылдың ішінде (2013 
жылы) Астанаға 40 мыңнан астам адам табан тіреген [6]. 
Ақмола қаласының тарихы бірнеше өрлеу кезеңдерінен тұрады. Біріншісі VІІІ-ХVІІІ 
ғасырларда  өмір  сүрген  Бозоқ  қаласымен,  екіншісі  1920-1990  жылдар  аралығындағы 
кеңестік  кезеңмен,  үшіншісі  1991  жылдан  бүгінге  дейінгі  тәуелсіздік  кезеңімен 
байланысты  айтылады.  Қала  Астанаға  айналғаннан  кейін,  өз  тарихының  үшінші  дәуірін 
бастады [7, 337 б.]. 
Осы  кезеңде  Астана  қалалық  мұрағат  қорының  материалдары  бойынша  1997 
жылдың  1  қаңтарында  қала  халқының  саны  277,1  мың  адамға  жеткен,  бұл  облыс 
халқының 34,7 %-н құраған. Ал, тұрғындардың өсу динамикасы төмендегідей берілген: 
 
Атауы 
1959 
1970 
1979 
1985 
1991 
1997 
Ақмола қ. 
тұрғындары 
102,3 
181,3 
253,3 
266,4 
288,8 
277,1 
Халықтың 
орташа 
жылдық өсу 
қарқыны %  

5,35 
3,8 
0,85 
2,6 
-0,7 
 
Ер адамдардың үлесі 48,3%, әйелдердің үлесі 51,7%. Республикамыз үшін жыныстық 
арақатынасы қалыпты есептеледі. Қаладағы отбасының орташа мөлшері – 3,5 адам болған 
[8, 21 п].  
1998  жылғы  мәліметтер  бойынша  Ақмола  қаласының  жер  аумағы  254720  гектар 
(257.2 шаршы метр), қала негізінен оң жағалауда орналасқан.  
Қаланың  өнеркәсібінде  құрылыс,  тамақ,  кәсіпорындар,  қала  шаруашылығының 
қызметі,  тұтыну  тауарлары  мен  ауыл  шаруашылығы  машиналарын  жасау  өндірісі  бар. 
Кәсіпорындардың  басым  бөлігі  қаланың  солтүстік  бөлігіндегі  өнеркәсіптік  аймақта 
орналасқан [8, 22 п].  
Тәуелсіздік  тарихында  Астана  қаласының  маңызды  оқиғалары  Мемлекет 
басшысының  астананы  көшіру  туралы  идеясын  қайта  жаңғыртқан  1994  жылмен, 
Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  «Қазақстан  Республикасының  астанасын  көшіру 
туралы» тарихи қаулы қабылдаған 1996 жылмен, Қазақстан Республикасы Президентінің 
«Ақмола  қаласын  Қазақстан  Республиксының  астанасы  деп  жариялау  туралы»  Жарлығы 
қабылданған  1997  жылмен,  Астананың  ресми  тұсаукесері  болған  1998  жылмен  және 
ЮНЕСКО-ның шешімімен «Бейбітшілік қаласы атанған 1999 жылмен сабақтасады.  
1994 жылдың 6 шілдесінде Жаңа астананы таңдау 32 өлшем бойынша анықталғаны 
белгілі. Астана болудан Қарағанды, Жезқазған, Ақтөбе қалалары да үмітті еді. Солардың 
ішінде  әлеуметтік-экономикалық  көрсеткіштер,  климат,  ландшафт,  сейсмикалық 
жағдайят,  қоршаған  орта,  инженерлік  және  көліктік  инфрақұрылымның  болуы,  әрі  оны 

 
 
25 
дамытудың келешегі, құрылыс кешені, еңбек ресурстары және басқа да өлшемдер болды. 
Елдің стратегиялық мүдделері де алыс болашаққа арнап есептелді [2, 93 б].  
Алайда  «Қазақстан  Республикасының  астанасы  туралы»  1995  жылғы  15 
қыркүйектегі  Жарлығына  сәйкес  Алматы  қаласы  ҚР-ның  Үкіметі  мен  Парламенті 
түпкілікті  көшіп  келгенше,  астана  болып  саналды.  Ал  Астанада  Н.М.  Макиевскийдің 
жетекшілігімен  жоғарғы  және  орталық  мемлекеттік  мекемелерді  жаңа  астанаға  көшіру 
жұмыстарын  ұйымдастыру  жөніндегі  Мемлекеттік  комиссия  құрылады.  Қазақстан 
Үкіметіне бюджеттен тыс «Жаңа астана» қорын құру тапсырылады.  
1995  жылдың  27  қарашасында  Түркия  Республикасының  елшілігі ҚР  Сыртқы  Істер 
министрлігі  арқылы  Ақмола  құрылыс  жұмыстарына  қатысуға  ниетті  екендіктерін 
жеткізеді.  
1996 жылдың 14 қазанында жоғарыда аталған Президент Жарлығын іске асыру және 
Мемлекеттік комиссияның Алматы облыстық құрылыс басқармасы жанындағы тұрғын үй 
құрылысы  туралы  шешімдерін  орындау  мақсатында  «Жаңа  астана»  қоғамдық  қоры 
құрылады [9, 145-146 бб].  
Бұл қордың қаражаты Ақмола қаласын одан әрі дамыту мен қайта салу құрылысына, 
қызметі  аймақтың  дамуына  бағыталатын  шаруашылық  субьектілерін  несиелендіруге 
бағытталды [10, 22-23 пп].  
Астананы  ауыстырған  кезде  Қазақстанда  тұрғын  үй  құрылысын  дамытуға  тұтас  50 
миллион  доллар  бөлінді.  Жаңа  астанадағы  9  шағын  аудан  осы  ақшаға  салынған.  1996 
жылы Президент жарлығымен Арнайы экономикалық аймақ құрылды [2, 93 б].  
Астана қалалық мемлекеттік мұрағат құжаттары бойынша Ақмола қаласының дамуы 
3  кезеңге  бөлінеді.  Қазақстан  Республикасының  жоғары  және  орталық  мемлекеттік 
мекемелерінің  Ақмола  қаласына  көшірілуі,  Ақмола  қаласының  мемлекеттің  астанасы 
ретінде даму бағдарламасына сәйкес келеді.  
Бірінші  кезеңде  (1996-1997)  жоғары  мемлекеттік  мекемелер,  экономикалық, 
өндірістік және қарулы күштер министрліктері мен ведомостволары орналастырылды.  
Екінші  кезеңде  (1998-2000)  орталық  мемлекеттік  мекемелерді  Ақмола  қаласына 
орналастыру  процесі  аяқталды.  Үш  жылға  созылған  осы  ұлы  көштің  соңы,  Президент 
айтқандай,  «темір  жол  вокзалынан  министрлер  мен  Парламент  депутаттарын  қарсы 
алумен аяқталды.  
1998  жылы  әлемдік  сәулет  шеберлері  арасында  Астана  қаласы  Бас  жоспарының 
эскиз  идеясын  дайындауға  арналған  ашық  конкурста  жапон  архитекторы  Кисе 
Курокаваның жобасы үздік деп танылғаны белгілі.  
Үшінші  кезеңде  (2001  жылдан  бүгінге  дейін)  Ақмола  қаласы  және  ірі  өндірістік, 
әкімшілік  және  мәдени  орталықтары  ретіндегі,  оның  ықпалды  аймақтарының  одан  әрі 
дамуы жүзеге асырылып жатыр. Бұл кезең 2027 жылға дейінгі ұзақ мерзімге созылады.  
АЭА  қоры  құрыла  салысымен,  шетелдік  компаниялардан  200  млн.  доллар 
инвестиция тікелей тартылды. Оған «Астана-Бәйтерек», әкімшіліктің жаңа ғимараты мен 
Президенттің бірінші резиденциясы салынды.  
«Астананы  салуға  тартылған  инвестициялар  көлемі  2  млрд.-тай  долларды  құрады. 
Бір атап өтерлігі, соның 70 пайызы біздің өз инвестициямыз» болды [2, 97-99 бб].  
Осы  кезде  «Астана  қаласының  арнайы  экономикалық  аймағы»  атауының  өзгеруіне 
байланысты Ақмола арнайы экономикалық аймағы туралы Жарлыққа өзгерістер енгізіледі 
және оны басқару Бөлекбаев Аманжол Қуанышұлына жүктеледі. Ол еш уақытта асығып-
аптығып, жоқтан өзгеге бола біреумен ұрыспайды екен. Қашанда ашық-жарқын сөйлесіп, 
қара  аспанды  төндіріп  жүргендердің  бүйрінен  түртіп,  қалжыңын  айтып,  шеттеу 
орындықтың  біреуіне  отыра  кететін...  Сөз  өзіне  тигенде  жауаптан  тұлтармай,  қаржының 
қайда  жұмсалатынын  нақты  дәлелдермен  қағазсыз-ақ  айтып  береді  екен  [11,  51  б].  Көз 
көрген  замандастарының  айтуынша,  1941  жылы  туылған  Астананың  тұңғыш  қалабасы 
Аманжол Бөлекбаев өмірінің соңына дейін халыққа қалтқысыз қызмет еткен абыройлы да, 

 
 
26 
асқақ азамат болды. Өзінің іскерлігімен Елбасының назарына іліккен Аманжол Бөлекбаев, 
адами қадыр-қасиетін жоғалтпаған азамат ретінде танылды.  
2001  жылы  қайта  құрылған  «Астана  –  жаңа  қала»  АЭА-ны  басқаруға  кәсіби 
құрылысшы Николай Петрович Тихонюк келді, оған жергілікті экономикалық кеңістікте 
тиімді  құрылыс  салу  және  инвестицияларды  ынталандыру  үшін  жеті  жылдық  кезеңге 
арналған  еркін  экономикалық  аймақтың  бүкіл  әлеуетті  артықшылықтарын  іске  асыру 
міндеті тапсырылды.  
«Астана шежіресіндегі жаңа кезең - Сол жағалауды игеру және «нөлден бастап» деп 
аталатын мүлде жаңа бөлігін құру кезеңі басталды.  
2002 жылы  «Астана – жаңа қала» АЭА-ны басқару маған бұйырды, деп еске алады 
Ақмола  қаласының  1947  жылғы  тумасы  Николай  Тихонюк,  -  ол  кезде  Есілдің  қос 
қапталында  жүргізілген  құрылыс  нысандарында  барлығы  20  мыңға  жуық  адам  жұмыс 
істеді. Тіркелген ірі құрылыс компанияларының саны – 200-ден асып жығылды. Солардың 
10 шақтысы ғана шетелдікі, қалғандары өзіміздің құрылысшылар болатын. Ал «Астана – 
жаңа  қала»  АЭА  алғаш  құрылғаннан  бері  елорданың  сол  қапталында  280-нан  астам 
нысанның пайдалануға берілуін сол жұмыстардың нәтижесі деуге болады» [5].  
Қазір  біреу  білер,  біреу  білмес,  жергілікті  биліктің  сондай  жеңілдіктерін,  қолдау-
қолпашын  тиімді  пайдалана  білген  Әділбек  Жақсыбеков,  Асқар  Мамин,  Марат  Нәбиев 
сияқты  азаматтарымыз  төрт-бес  жылдың  ішінде  ірі-ірі  корпорациялар,  фирмалар  құрып, 
мыңдаған адамдарға жұмыс тауып берді, қалалық бюджетке қомақты қаржы құя бастады 
[11, 52 б.].  
Кезінде  Арнайы  экономикалық  аймақ  көші-қон  есебінен  2005  жылға  дейін  халық 
санын 600 мың адамға көбейтуді көздеген еді [8, 24 п]. Бұл міндет тәуелсіздіктің алғашқы 
екі онжылдығында өз шешімін тапты.  
2012  жылғы  мәлiмет  бойынша,  қалада  743  014  адам,  2013  жылғы  мәліметтерде  800 
мың  адам  ресми  тiркелген.  Астана  тұрғындары  санының  өсу  динамикасы  соңғы 
жылдардағы халық санақтары бойынша мынадай: 
1989 жылы – 281,3 мың адам (санақ) 
1999 жылы – 326,9 мың адам (санақ) 
2009 жылы – 613,6  мың адам (санақ). Ал, 2013 жылғы статистикалық мәліметтерге 
сүйенсек,  халықтың  табиғи  өсімі  4092  адамды,  ал  көші-қон  өсімі  3384  адамды  құраған 
[12].  
Қорыта  келгенде,  Қазақстандағы  АЭА-ларды,  соның  ішінде  «Астана-жаңа  қала» 
АЭА-н  құрудың  қоғамға  пайдалы,  тиімді  жақтары  көп  болды.  Айталық,  отандық  және 
шетелдік  кәсіпкерлерге  жеңілдіктер  беру  жұмысы  реттелді.  Сонымен  қатар 
инфрақұрылымды  дамыту,  басқа  да  өндірістік  салаларды  ашу,  құрылыс  саласын  дамыту 
және  жергілікті  халықты  жұмыспен  қамтуда  ілгерілеушіліктер  байқалды.  Басқаша 
айтқанда,  астананың  орталыққа  көшірілуіне  байланысты  құрылған  «Астана-жаңа  қала» 
АЭА – ұлттық экономикамыздың құрамдас бір бөлігі ретінде дәлелденді және осы аймақ 
арқылы еліміз бір орталыққа шоғырланды.  
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  
 
1.
 
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты. 10-қор. 1 (қосымша) тізім. 5-іс. Протокол 
№1 заседания коллегии Министерства экономики республики Казахстан и документы 
к нему. 14.02.1997.). 
2.
 
Назарбаев Н. Еуразия жүрегінде. – Алматы: Атамұра, 2005. – 192 б. 
3.
 
Қыр  баласы.  Григорий  Николаевич  Потанин.  Әлихан  Бөкейханов.  Шығармалар 
/Құрастырған М.Қойгелдиев. Алматы: «Қазақстан», 1994. – 384 б.  
4.
 
Кабульдинов З.Е. История Астаны. – Астана, 2007. – 200 с. 

 
 
27 
5.
 
Николай 
Тихонюк: 
Астананың 
алғашқы 
қадасын 
қағыстым 
/http://i-
news.kz/news/2013/07/06/7084670-nikolai_tihonyuk_astananyn_algashky_kadasyn_ 
kagyst.html  
6.
 
Астана халқының саны 800 мыңға жетті/http:kaztrk.kz.news/society/2013. 
7.
 
Назарбаев Н. Қазақстан жолы. – Астана, 2007. – 372 б. 
8.
 
Астана  қалалық  мемлекеттік  мұрағаты.  424-қор,  1-тізім,  19-іс.  Программа 
международного конкурса на эскиз-идею генерального плана развития нового центра 
города Акмолы (1998 г.). 
9.
 
Столицы Казахстана: Сборник документов и материалов. – Астана, 2008 – 278 с. 
10.
 
Астана қалалық мемлекеттік мұрағаты. 36-қор, 2-тізім, 3-іс. 
11.
 
Жұмағұлов  К.  Аманжол  Бөлекбаев  тұңғыш  қалабасы  //Мәдени  мұра.  Культурное 
наследие. - №2. – 2013. - 49-53 бб. 
12.
 
Астана қаласындағы демографиялық жағдай туралы /http://www.astana.stat.kz 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассматривается  история  развития  города  Астана,  в  особенности  становление 
Акмолинской  специальной  экономической  зоны  (впоследствии  CЭЗ  «Астана  -  новый  город»). 
Вместе  с  тем  приведены  конкретные  сведения  об  Аманжоле  Булекпаеве  и  Николае  Тихонюке, 
внесших значительный вклад в развитие города Астана. 
 
RESUME 
 
The  history  of  the  development  of  Astana  city,  especially  the  formation  of  Akmolinsky  special 
economic zone (SEZ) (later SEZ«Astana – New City») is considered in the article. With that the concrete 
wittings about Amanzhol Bulekpayev and Nikolai Tikhonjuk who made a noticeable contribution to the 
development of Astana city are given. 

 
 
28 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Саясаттану
 

 
 
29 
ӘОЖ 327.7 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
К.А. Байтуреева 
М. Әуезов атындағы Оңтүстік 
Қазақстан мемлекеттік 
университеті, т.ғ.к., доцент 
 
Неміс геосаяси 
мектебінің 
қалыптасуы және 
дамуы 
 
Аннотация 
Мақалада  ХІХ  ғасырдың  соңы  ХХ 
ғасырдың  басындағы  Германиядағы  геосаясат 
ғылымы дамуының алғышарттары мен кезеңдері 
қарастырылған.  Герман  геосаяси  мектебінің 
туындауы 
және 
қалыптасуына 
талдау 
жасалынады. 
Герман 
геосаясатшыларының 
геосаяси көзқарастары айқындалған. 
Түйін 
сөздер: 
геосаясат, 
Германия, 
Ф.Ратцель,  К.Хаусхофер,  фашизм,  геосаяси 
мектеп. 
 
 
ХХІ  ғасырдың  басындағы  халықаралық 
қатынастардағы  түбегейлі  өзгерістер,  әлемдік 
саясаттағы  оқиғалар  аясында  ғылыми  ортада 
геосаясатқа деген, оның тарихына, қалыптасуына 
және  геосаяси  ілімдердің  дамуына  елеулі  ықпал 
еткен  геосаяси  ұлттық  мектептерге  деген 
қызығушылықты арттырып отыр.  
Геосаяси  ұлттық  мектептердің  қалыптасуы 
өз  кезегінде,  геосаяси  ғылымының  дамуына 
ауқымды  үлес  қосқан.  Осындай  геосаяси 
орталықтардың біріне классикалық геосаясаттың 
неміс мектебі де жатады. 
Неміс геосаяси мектебінің қалыптасуы және 
оның  даму  кезеңдерінің  ерекшеліктері  отандық 
ғылымда  толыққанды  зерттелмей  отыр.  Осы 
орайда  мақалада  берілген  неміс  геосаясатының 
ерекшеліктері кешенді қарастыруды қажет ететін 
мәселе болып табылады. 
Неміс  геосаясатының  даму  ерекшеліктерін, 
геосаяси  мектебінің  даму  кезеңдерін  зерттеп 
жүрген 
ғалымдардың 
ішінен 
ресейлік 
геосаясатшылар 
А.Г.Дугин, 
Б.А.Исаев, 
Ю.В.Тихонравов,  Т.А.Михайлова,  Р.Т.Мухаев, 
Э.А.Поздняков,  П.М.Рукавицындерді  атап  өтуге 
болады. 
Неміс  геосаяси  мектебінің  қызметі,  оның 
фашистік  режиммен  өзара  қатынасы  сияқты 
мәселелер  шетелдік  ғалымдар  К.-Х.Харбек, 
Р.Шпренгель, Б.Хиплер және Р.Матерн, Г.Бриль, 
Ф.Эбелинг еңбектерінде көрініс тапқан. 
Геосаяси 
көзқарастар 
ХІХ 
ғасырдың 
соңында,  неміс  ойшылдарының  еңбегінде  белең 
ала  бастаған.  Бұл  кезеңдерде  кеңістік  факторы, 
демек,  мемлекеттің  географиялық  орналасуы 
халықаралық қатынастарда әрбір ел үшін өмірлік 
маңызы бар роль атқара бастады.  
И.  Кант  өз  еңбектерінде  география  және 
тарих  байланысын  іздестіріп қарастырған болса, 

 
 
30 
Гегель  тарихи  -  философиялық  тұжырымдарында  географиялық  факторлар  мәселесіне 
басты  назар  аударған.  Иоганн  Готфрид  Гердер  табиғат  және  тарих  арасындағы  жүйелі 
өзара  байланысын  зерттеуге  ден  қойып,  мемлекеттің  сыртқы  саясатының  географиялық 
факторлерге байланысты екенін тұжырымдаған [1, 106].  
Герман  геосаяси  мектебі  географиялық  және  құқықтық  ғылымдар  аясында 
туындаған.  Саясатпен  айналысып,  мемлекет  туралы  ілімдерді  дамыта  отыра  герман 
геосаясатының  негізін  қалаған  ғалымдар  Фридрих  Ратцель,  Рудольф  Челлен  осы  ағым 
өкілдері болып табылады.  
Геосаяси  ғылымының  дамуына  көрнекті  неміс  ғалымы  Фридрих  Ратцельдің  еңбегі 
зор  (1844-1904).  A.  Ратцельдің  саяси  география  бойынша  басты  еңбектеріне: 
«Мемлекеттің кеңістіктік өсуінің Заңдары» (1896 ж.); «Саяси география» (1897 ж.); «Теңіз 
халық күшінің көзі ретінде» (1900 ж.) жатады.  
Ф.Ратцель  еңбектерінде  табиғи  ортаның  халықтың  мәдениетіне,  діліне  және 
әлеуметтік-саяси  қатынастарына  жасайтын  ықпалы  туралы  жазды.  Ратцель  адамның,  ал 
егер кеңірек алсақ, ұлттың сыртқы ортаға икемденуінің қажеттігін жазды. Икемдену іске 
асырылған  соң,  ұлт  өсу  керек,  ол  үшін  ең  басты  фактор  -  жердің,  аумақтың  үлкен,  кең 
болуы.  Егер,  аумақ  аз  болып,  «географиялық  организмге»  қауіп  төнсе,  онда  ол  өзінің 
«өмір  кеңістігін»  кеңейту  керек  деп  есептеген.  Бұл  аумақтық  экспансия  немесе  соғыс 
дегенді  білдіреді.  Осы  проблеманы  шешу  үшін  неміс  ұлтшылдары  бірқатар  жалған 
теорияларды ойлап шығарады (неміс ұлтының басқа ұлттарға қарағандағы артықшылығы, 
ұлттарды  категорияларға  бөлу,  нәсілшілдік,  т.б.).  Олар  неміс  билеуші  топтарының 
саясатын  -  «артықтардың»  өз  өмір  кеңістігін  «кем»  көршілерінің  есебінен  кеңейту 
идеясын ғылыми тұрғыдан негіздеуді іске асырды [2, 989]. 
Ратцель  өз  еңбектерінде,  «Жердің  азғана  бөлігінде  адамның  саны  көбейіп  келеді. 
Отарлау  арқылы  жаңа  кеңістіктерге  ие  болмаса  тығыз  орналасқан  адамдар  бір-бірімен 
күреске түседі» деп жаза отыра, саясат және география арасындағы байланысты қарастыра 
отыра, ұлттың кеңеюге деген құлшынысы мемлекеттің дамуындағы маңызды фактор деп 
қарастырған [2, 989].  
Ратцельдің  ұлт  тарихы  «лебенераумға»  -  өмiр  сүру  кеңiстiгiне  қарай  қалыптасады 
дейтiн  идеясын  кейiн  Карл  Хаусхофер  дамытып,  осы  негiзде  Мюнхен  университетi 
жанынан  Геосаясат  институтын  құрған  (институт  «Туле  ложасының»  жариядағы  ресми 
бүркемесi, ал Хаусхофер ложаның көрнектi мүшесi едi). Доктор герман жастарын бағзыда 
арий  нәсiлi  мекендеген  Азияға  баруға  үндедi.  Хаусхофер  тевтондық  «Дранг  нах  Остен» 
(Шығысқа, славян жерiне бет алу) ұранын көтердi. 
Ол  Мюнхен  университетінің  профессоры  бола  жүріп,  Мюнхенде  геосаясат 
институтының  негізін  қалап,  «Геосаясат  журналын»  шығарды.  Ратцельдің,  Челеннің, 
Маккиндердің  идеяларын  және  Бисмарктың  орыс-герман  одағы  идеясын  дамыта  келе, 
Хаусхофер «континенталдық блок» немесе «өмір кеңістігі» теориясын ойлап шығарды.  
Неміс  геосаяси  тарихын  зерттеп  жүрген  герман  зерттеушісі  К.-Х.  Харбек 
К.Хаусхофер  туралы  «геосаясаттың  дербес  пән  ретінде  қалыптасуы  Карл  Хаусхофер 
есімімен тығыз байланысты. Ол неміс геосаясатының негізін қалаушы болып табылады» 
деп жазады [3, 6]. 
Хаусхофердің  теориясындағы  негізгі  түсініктер  -  «қан  мен  топырак»,  «кеңістік  пен 
орналасу»,  «күш  пен  кеңістік»,  «өмір  кеңістігі»  болды.  Ол  мемлекеттің  негізгі  мақсаты 
өмір кеңістігін қамтамасыз ету мен кеңейту деп есептеді. Өзінің өмір кеңістігін кеңейткен 
мемлекет  экономикалық  тұрғыдан  көршілеріне  тәуелді  болмайды  және  осындай 
бостандыққа қол жеткізген мемлекет  шынымен де ұлы держава атануға лайықты болды. 
Осындай  державаның  аумақтық  кеңеюіне  басқа  ұсақ  көршілерінің  жерін  басып  алу 
жеткізеді  деп  есептелінді.  Сондықтан  Хаусхофер  әлеуметтік  дарвинизмді  заңдылық  деп 
қарастырды. 

 
 
31 
Хаусхофердің 
концепциясы 
дүниежүзіндегі 
өзгерістерді 
ескере 
отырып, 
Германияның  басшылығымен  болатын  жаңа  еуропалық  тәртіпті  орнатуды  көздеді.  Теңіз 
державаларының,  әсіресе  Ұлыбританияның  құлдырауға  түскенін  пайдаланып,  Орталық 
Еуропада  Германияның  тірегін  орнатып,  Шығысты  герман  экспансиясының  негізгі 
бағыты деп қарастырды. 
1925 жылы Хаусхофер: «Германия болашақта өз таңдауын жасау керек, бір жағынан 
ол  англосаксондық  одаққа  бірігіп  Кеңестік  Ресейге  қарсы  шығуы  қажет  немесе  Пан-
азиаттық  одаққа  бірігіп  Еуропа  және  Америкаға  қарсы  болуы  қажет.  Германия  Ресейге 
жақын орналасқандықтан немістер ғана орыстардың жан-дүниесін түсіне біледі. Германия 
және Ресей одақтас болуы тиіс» [4], - деп жазды. 
Ол  Берлин  –  Москва  –  Токио  бірлігі  идесын  ұсына  отыра  Германия  мәдениетін 
азиялық дәстүрдің жалғасы ретінде қарастырды. Жалпы Хаусхофер Германияның КСРО-
мен соғысына қарсы болды, дегенмен әлемдік күштердің араласуымен Хаусхофер ұсынған 
Берлин – Москва -Токио осінің орнына, Берлин – Токио – Рим үштігі құрылған. Егер де 
ғалымның  идеясы  жүзеге  асқан  күнде  қазіргі  таңдағы  әлемнің  саяси  картасы  да  өзгеше 
болмауына кім кепілдік бере алады. 
Фашистік  басшылардың  бірі  -  Гесспен  достығына  қатысты  Хаусхофердің  ілімдері 
кейіннен  фашистік  бағыт  деп  айыпталған  болатын.  Дегенмен  Хаусхофер  өмірі  мен 
шығармашылығын зерттеп жүрген ғалым Ф. Эбелинг пікірінше, Хаусхофер өзін ғылымға 
арнаған шынайы ғалым және ол өз білімін жаулап алуға,  соғыс және империализм үшін 
пайдалануға  еш  уақытта  ұмтылған  емес.  Бірақ  та  геосаясаттың  зерттеу  нысаны  саясат 
элементтері,  билік  үшін  күрес  болып  табылатындықтан,  Хаусхофер  нацистік  билік 
өкілдерімен қатынаста қажетті ара қашықтықты ұстап тұра алмаған» [5, 243]. 
Хаусхофер  кезеңіндегі  неміс  геоаяси  мектебінің  аясында  бірқатар  географтар, 
тарихшылар, 
саясаттанушылар 
бірігіп, 
елдің 
болашақтағы 
даму 
жолының 
тұжырымдамаларын жасауға кіріскен.  
Жалпы,  Герман  классикалық  геосаяси  мектебінің  дамуы  төрт  негізгі  кезеңде 
дамыған:  бірінші  кезеңде  мектептің  қалыптасуы  болса,  екінші  кезеңде  оның  дамуы, 
үшінші кезеңде, фашистік және антифашистік бағыттарға бөліну, төртінші кезеңде неміс 
геосаяси  мектебіндегі  негізгі  фашистік  ой  пікірлердің  гитлер  режимінен  қолдау  табу 
кезеңіне жатады.  
Германия геосаясатының дамуы ХХ ғасырдың 20-40 жылдарынан бастау алады. Осы 
жылдарда,  Карл  Хаусхофер,  Карл  Шмитт,  Эрих  Обет,  Курт  Вовинкель,  Адольф 
Грабовский  сияқты  ғалымдар  геосаяси  институттардың  негізін  қалап,  Германиядағы 
әлеуметтік-саяси процестердің дамуына белсенді түрде ықпал еткен [6, 162].  
Геосаяси  мектептің  дамуының  бірінші  кезеңінде  (1919-1924  жж.)  неміс  геосаяси 
мектебі  қалыптаса  бастап,  «Геосаясат  журналын»  шығаруға  дайындық  жүргізілді. 
Журналды шығару мәселесімен саясаттанушы Курт Вовинкель айналысты. 1923 жылдың 
соңында  неміс  ғалымдарының  арасынан  «Геосаясат  журналының»  редакциялық  кеңесі 
құрылып,  осы  кеңес  неміс  геосаяси  мектебінің  өзегіне  айналған.  К.  Хаусхофердің 
шақыруымен,  кеңес  мүшелігіне  Ганновер  политехникалық  институтының  кафедра 
меңгерушісі Эрих Обст және Герман Лаутензах тартылған. 
Курт  Вовинкель  ұсынысымен  редакциялық  кеңестің  мүшелігіне  мемлекеттанушы 
Курт Гессе өткен. 1923 жылы 15-16 желтоқсанында Берлин қаласында редакция мүшелері 
кеңесінің  алғашқы  конференциясы  өткізілді.  Осылайша,  1923  жылдың  соңына  қарай  К. 
Хаусхофер  бастаған  неміс  классикалық  геосаясатының  негізін  құрған  топ  құрылды. 
Герман  геосаясаты  екі  бағытта  дамыған.  Біріншісі  -  ұлтшылдық  бағыттағы  ағым 
Германияның  бірінші  дүниежүзілік  соғыстағы  жеңілісі  және  отарлық  империялық 
бөлістегі Германияның шеттетілуіне байланысты неміс саясаткерлері және ғалымдарының 
наразылығынан туындаған ағым болып табылады. Оның негізін қалаған Карл Хаусхофер 
болды.  Геосаяси  мектеп  өкілдерінің  көзқарастары,  Германияның  бірінші  дүниежүзілік 

 
 
32 
соғыста  жеңіліп  қалуы,  сөйтіп  жаңа  жерлер  басып  алу  мақсатын  әскери  жолмен  шеше 
алмауы, тіпті жеңілу нәтижесінде соғысқа дейінгі билеген бірқатар территорияларынан да 
және саяси ықпалынан да айырылып қалуы нәтижесінде қалыптасты [7, 123]. 
Осы  кезеңдегі  неміс  геосаясатының  жетекші  теоретиктері  геосаясат  бағдарламасын 
төмендегідей түрде ұсынған: 
1. Геосаясат дегеніміз - саяси оқиғалардың жермен байланысын дәйектейтін ілім. 
2.  Геосаясат  ғылымы  саяси  кеңістіктік  және  олардың  құрылымы  туралы  ілім 
ретіндегі саяси географияға негізделген. 
3. Жер шарының кеңістігінен геосаяси шеңберлер туындайды. 
4. Геосаясат арқылы саяси ықпал күшейеді. 
5. Геосаясат мемлекеттің географиялық ар- ожданына айналуы тиіс. 
Осындай  жағдайда,  ел  Версаль  келісімінің  қамытын  киіп,  тап  күресінің  қызған 
кезінде,  Германияда  ұлтшыл,  шовинистік,  бағыттағы  қозғалыс  пайда  болды.  Бұл,  әрине, 
неміс геосаясатшыларының бағытына, көзқарастарына үлкен ықпалын тигізді. 
Неміс геосаяси мектебі тарихының екінші кезеңінде (1924-1931жж) герман геосаяси 
мектебі  толық  қалыптасып,  аталған  мектеп  шеңберінде  ұлттық-консервативтік 
(антифашистік)  және  фашистік  бағыттар  қалыптаса  бастаған.  Классикалық  герман 
геосаяси  мектебінің  жетекші  өкілдері  –  Э.  Обст,  О.  Мауль  және  Г.  Лаутензах  фашизмге 
қарсы  шыққан  геосаясатшылар  болды  [6,  163]  1931  жылдың  соңына  қарай,  «Геосаясат 
журналының»  басшысы  және  фашистік  бағыттағы  геосаяси  бағыттың  жетекшісі  Курт 
Вовинкель шешімі бойынша аталған геосаясатшылар журналдың редакциялық кеңесінен 
шығарылды.  
1932  жылы  герман  геосаяси  мектебінің  дамуының  үшінші  кезеңі  басталды.  Осы 
жылы геосаясат Одағы құрылып, бұл ұйым фашистік режиммен тығыз байланыс орнатты. 
1937  жылы  түрлі  мемлекеттік  ведомствалардың  20  өкілдерін  біріктірген  бұл  ұйымның 
жетекшілігін К. Вовинкель басқарды [8, 265]  
Ал  герман  геосаясатының  екінші  бағыты  –  интернационалистік,  солшыл,  социал-
демократиялық- ағымы, Георг Граф, Карл Виттфогель сияқты ғалымдар еңбегінен көрініс 
табады. 
1919  жылдың  басына  қарай  Германияда  фашистік  партия  пайда  болды.  Ол  1933 
жылы  30  қаңтарда  монополистік  буржуазияға,  рейхсвердегі  реакцияшыл  топтарға, 
юнкерлік  -  дворяндық  топтарға  сүйене  отырып  билік  басына  келді.  Осылайша  билік 
басына  келген  Германия  фашистік  режимінің  негізгі  сыртқы  саясаты  дүниежүзінде 
үстемдік құру болатын. 
1933  жылдың  қаңтар  айынан  бастап  билік  басына  келген  неміс  ұлтшылдары  және 
геосаясат мектебінің арасындағы өзара қатынастар туралы мәселе туындады. Ұлтшылдар 
герман  геосаяси  мектебінің  өкілдерінің  ілімдерін,  олардың  ғылыми  әлеуетін  және 
ғалымдардың  беделін  өз  мүдделерін  жүзеге  асыру  барысындағы  идеологияның  ұраны 
ретінде қолдануды көздеді. 
Геосаясатшылардың Версаль бітім шартының жалпы сипатын жоққа шығаруы, «тар 
территориялық  жағдайларда  өмір  сүрушілер»  үшін  жаңа  өмірлік  кеңістікті  меңгеру 
қажеттігі  туралы  көтерген  мәселелері  герман  билік  басына  келген  ұлтшылдардың 
агрессиялық жоспарларын жүзеге асыруда пайдалы болды.  
Фашистер  өз  мақсатында  геосаяси  ғылымын  пайдаланды.  Гитлершілер  шовинистік 
теория-геосаясатты  қолдады.  Ол  бойынша  гитлершілердің  ресми  доктринасы  болып 
табылатын,  басқа  мемлекеттің  есебінен  шекараны  кеңейтуді  дәлелдеуге  тырысты.  В. 
Вовинкельдің  ықпалы  нәтижесінде  геосаяси  мектеп  өкілдері  өз  ілімдерін  мемлекеттік 
және партиялық құрылымдарға тарата бастады.  
К. Хаусхофер 1936 жылы «Геосаясат журналының» оқырмандарына арнауында, Ұлы 
Германияны  қайта  жаңғыртып  отырған  герман  ұлтының  фюрерін  қолдауға  шақырып 
төмендегідей  жазды:  «мыңжылдық  жоспарлар  арқылы  болашаққа  жол  жасап  отырған 

 
 
33 
тұлғадан  үлгі  алу  қажет.  Біз  тар  кеңістікпен  шектеліп  қалмай,  құрлықтар,  мұхиттарды 
игеру жолында фюрерді қолдауымыз қажет» [6, 164]. 
Фашистік  Германия  кезеңінде  геосаясат  кең  қолдау  тауып,  негізгі  пән  ретінде 
университеттерге  енгізілді.  Геосаяси  еңбектер  гитлерлік  баспаханаларда  шығарылды.  К. 
Хаусхофер және оның екі ұлы Гитлер және Герингтің кеңесшілеріне айналды. Осылайша, 
Ратцель,  Челлен,  К.  Хаусхофер  геосаяси  ілімдері  фашистік  мемлекеттің  ресми 
доктринасына айналды. 
1935  жылы  неміс  геосаяси  мектебінің  өкілдері  арасында  отарлық  мәселеге 
байланысты бірқатар қайшылықтар туындады. К. Хаусхофер өмірлік кеңістіктің жетіспеуі 
мәселесін шешудің жолын Германияға отарларды қайтару деп қарастырса, К. Вовинкель 
бұл мәселені тек қана жаулап алу түрінде ғана шешуге болады деп санады [9, 114]. 
Қорытындылай  келе,  неміс  геосаяси  мектебінің  дамып,  қалыптасу  кезеңінде  жаңа 
идеялар дүниеге келіп, табиғат және қоғам, табиғат және сыртқы саясат арасындағы өзара 
байланыстардың  жаңа  жүйесін  орнатқан  ілімдер  қалыптасты.  Бұл  ілімдер  Германияның 
және немістердің әлемдегі орнын анықтаудағы жаңа көзқарастарды туындатты деп айтуға 
болады. 
Фашистік  кезеңге  тұспа-тұс  келген  неміс  геосаяси  мектебі  кейіннен  фашистік 
бағыттағы  ілім  деп  айыпталып,  қуғынға  ұшырағанымен,  қазіргі  таңдағы  геосаяси 
ілімдердің негізін қалаған геосаяси мектеп ретінде қарастырылады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет