Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



Pdf көрінісі
бет5/24
Дата11.01.2017
өлшемі3,83 Mb.
#1676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

РЕЗЮМЕ 
 
В статье рассматриваются этнополитические события XV в. в фольклорных источниках.  
 
RESUME 
 
The  ethnopolitical  events  of  the  XV
th
  century  described  in  folklore  sources  are  examined  in  the 
article. 

 
37 
ӘОЖ 930.85(574) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Т. Садықов  
Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті
тар. ғыл. д-ры, профессор 
 
Н.Н. Ақпанбет 
Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті, 
PhD докторанты  
 
 
Мәңгілік ел идеясы – 
Қазақстан 
мемлекетінің 
іргетасы 
Аннотация 
Мақала  тәуелсіз  Қазақстан  мемлекетінің 
іргетасы, 
бағдаршамы 
болып 
табылатын 
«Мәңгілік  ел»  идеясының  маңызына,  оның 
бүгінгі қоғамдық саяси ортадағы ұғым-түсінігіне, 
оның қабылдауына арналды.  
Сонау көне заманнан бастауын алып, түркі 
дәуірінде  этносты  біріктіретін  идеологияға 
айналған  «Мәңгілік  ел»  идеясының  бүгінгі 
тәуелсіздік  кезеңінде  халықты  біріктіруші 
рухани  байлық,  болашаққа  жол  сілтер  айқын 
мақсат,  саяси  күш  екенін  Елбасы  өзінің 
Жолдауында  айтып  өтті.  Ендеше  бұл  идеяның 
енді  қалыптасып,  қанат  жайып  келе  жатқан 
тәуелсіз  Қазақстанның  жас  мемлекеті  үшін 
маңызды 
негіз, 
тұрақты 
іргетас 
болып 
табылатынына  еш  күмән  болмаса  керек. 
Мақаланың  арқауы  болған  осындай  өзекті 
мәселелер  жан-жақты  қарастырылды.  Жолдауда 
айтылғандай  «Мәңгілік  ел»  болу  идеясының 
басты  мақсаты  –  елдің  қауіпсіздігін  қамтамасыз 
ететін 
барлық 
факторларды 
жинақтайтын 
идеологиялық  платформа  құру.  Сол  себепті  осы 
идея бүгінгі қазақ елінің басты ұранына айналды.  
«Мәңгілік  ел»  идеясының  баянды  болуы 
бүгінгі  тәуелсіз  Қазақстанның  әлеуметтік-саяси, 
экономикалық  және  рухани  жетістіктерінің 
қарыштап дамуына және әлемдік қауымдастықта 
орны  берік,  терезесі  тең  мемлекет  болуына 
тікелей  байланысты.  Қазақ  елінің  дүние 
жүзіндегі  бәсекеге  қабілетті  30  дамыған  елдің 
қатарына  кіру  жөніндегі  талпынысы  осының 
айғағы болып табылады.  
Түйін  сөздер:  Тәуелсіз  Қазақстан,  мемле-
кеттік саясат, «Мәңгілік ел» идеясы, ұлт тарихы. 
 
 
Тәуелсіздік  -  ең  алдымен,  Қазақ  халқының 
бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар 
рухының  жемісі.  Сондықтан  да  біз  үшін 
Тәуелсіздік  күні  –  ең  қастерлі  күн.  Еліміз 
тәуелсіздігін  жариялап,  дербес  мемлекет  ретінде 
әлемге  танылды.  Осы  жылдар  ішінде  қыруар 
істер  атқарылды.  Атап  айтсақ  жеріміздің 
шекарасы  халықаралық  шарттарға  сай  бекітілді. 
Мемлекеттік  рәміздеріміз,  Ата  заңымыз,  ұлттық 
валютамыз  және  Сарыарқаның  кең  жазық 
даласында   барша   елдің   өзінің    тез    көркейіп 

 
38 
өсуімен  таң  қалдырып,  жаңа  Астанамыз  дүниеге  келді.  Әлемдік  қауымдастық  алдында 
«Қазақстан  Республикасы»  деген  асқақ  рухты  елдің  бар  екенін  мойындаттық.  Ел 
экономикасы жылдан - жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде 
[1, 126 б.].  
2015  жыл  –  Қазақ  елінің  тарихында  елеулі  оқиғаларды  тоғыстырған  жыл  болып 
есептелінеді.  Олардың  ішіндегі  ең  негізгісі  –  Қазақ  хандығының  құрылғанына  550  жыл 
мерейтойы аталып өтті.  
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде: «... Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан 
тарихы  үшін  белесті  кезең...  Бұл  оқиғаның  саяси  hәм  қоғамдық  мән-мағынасы  қазақ 
хандығының Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғандығында жатыр», – деп 
қазақ хандығының Орта Азия елдері тарихындағы ерекше орнын атап көрсеткен болатын 
[2, 48 б.].  
Ал 2015 жылғы 15 желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында сөйлеген құттықтау 
сөзінде  Елбасы:  «Әрбір  елдің  жылнамасында  оның  жаңа  тарихының  бастауы  болған 
тағдыршешті  таңдар  болады.  Біз  үшін  жаңа  дәуірдің  арайлы  таңы  1991  жылы  16 
желтоқсанда  атты.  Сол  күні  әлем  көгінде  «Қазақстан  Республикасы»  атты  жаңа  жұлдыз 
жарқырай  туды»,  -  дей  келіп,  халқымыз  Тәуелсіздіктің  мызғымас  тұғырын  бекітіп, 
Мәңгілік Ел болуға бет бұрғанын атап өтті. 
Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  – 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  арналған 
жолдауын  тәуелсіздік  күні  қарсаңында  жария  еткені  баршамызға  аян.  Жыл  сайын 
жолдаулардың өресі  кеңіген сайын еліміздің даму қарқыны шапшаңдап, мемлекетіміздің 
өсуімен жолдаулардың мазмұнының тереңдегенін аңғару қиын емес. Азаттық алған азғана 
уақыттың  ішіндегі  мемлекетіміздің  жеткен  жетістіктері,  тұрақтылығы  әрбір 
қазақстандықтың  жүрегіне  жарқын  болашаққа  деген  сенімін  ұялатып,  көңілін 
саябырлатқандай.  Бұл  жайында  Жолдаудың  мына  бір  жолдарында:  «Біз  үлгілі  дамудың 
өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз 
мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен 
қарайды», – деген пайымдаудан тындырылған істерге ризалық сезіммен бірге жолдауларға 
да артылар жауапкершілік зор екенін меңзегендей. 
Сонымен  қатар,  осы  Жолдаудың  тағы  бір  ерекшелігі  еліміздің  болашағын  болжап, 
келешегін кемелдейтін «Мәңгілік ел» идеясының ұсынылуы. Ақылгөй, шешен Төле бидің 
«Береке мен байлық бірлігі мықты елде ғана болады. Берекелі ел ғана болашағын болжай 
алады»  деген  аталы  сөзін  есімізге  түсірсек,  Елбасының  сол  Жолдауында  жарияланған 
Мәңгілік Ел ұлттық идеясы – Тәуелсіз Қазақстанның төрт құбыласы түгенделіп, берекелі 
ел болған мезетте көтеріліп, халқымыздың болашағына бағдар, ұрпағының алдына үлкен 
мақсат пен міндеттер қойып отыр.  
Тамырын  тереңге  жайған  Қазақ  елі  үшін  Мәңгілік  Ел  идеясы  заңдылық,  себебі, 
мұның  аясында  қазақ  халқының  мыңдаған  жылғы  дүбірлі  тарихынан,  Тәуелсіздік 
жылдары  жүріп  өткен  даңғыл  жолынан,  бүгінгі  нақты  атқарылған  істер  арқылы  қол 
жеткізілген жетістіктерінен туындаған ұлттық идея жатыр. 
«Идея»  (грек.  ідеа  –  түсінік,  елес,  бейне)  –  теориялық  жүйенің,  логикалық 
құрылымының,  соның  ішінде  дүниетанымның  негізінде  жатқан  анықтаушы  түсінік 
мағынасында қолданылатын философиялық термин.  
Бүгінгі  таңда  әлем  кеңістігіндегі  тыныштықтың  бұзылып,  жағдайдың  шиеленісіп 
жатқан кезеңінде, тіпті, өзгелерді былай қойғанда кешегі күні өзімізбен бауырлас болған 
мемлекеттердің  басына  қара  түнек  төніп,  тәуелсіздіктері  сынға  түсіп  жатқанда  Елбасы 
өзінің  көрегендігімен  Қазақстанның  болашағын  нақты  айқындап,  ата-бабамыздың  салып 
берген  сара  жолын  жалғастырушы  саясаткер  екендігін  көрсетті.  Оған  дәлел  Жолдауда 
келтірілген  мына  бір  жолдарда  айқын  байқалады:  «Мәңгілік  Ел  ата-бабамыздың  сан 
мыңдаған  жылдар  бойғы  асыл  арманы  екені  баршамызға  белгілі.  Ол  арман  –  әлем 

 
39 
елдерімен  терезесі  тең,  әлем  қатынасынан  ойып  тұрып  орын  алатын  Тәуелсіз  мемлекет 
атану  еді,  ол  арман  тұрмысы  бақуатты,  түтіні  түзу  ұшқан,  ұрпағы  ертеңіне  сеніммен 
қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің 
іргесін қаладық. Ендеше Қазақ Елінің ұлттық идеясы Мәңгілік ел» [3, 25 б.].  
Әңгімеміздің негізгі өзегі де осы Мәңгілік ел идеясының тарихи негіздеріне арналып 
отыр.  Бұл  идея  бір  күннің  ішінде  пайда  болған,  аспаннан  түсе  қалған  идея  емес,  өзінің 
тарихи бастауларын сонау ықылым замандардан алып, бүгінгі күні Тәуелсіз еліміз түрінде 
лайықты жалғасын тапқан жасампаз ұлттық идея екенін көрсетті. Ұлттық идеяның тарихи 
орнын, оның кешегі, бүгінгі, ертеңгі болмыс-бітімін анықтау үшін алдымен «ұлт», «идея» 
ұғым-түсініктеріне тоқтала кеткенді жөн көрдік. 
Ендеше,  Мәңгілік  Ел  идеясы  –  Қазақ  елі  үшін  заңдылық,  себебі,  бұл  –  қазақ 
халқының  мыңдаған  жылғы  тарихынан,  Тәуелсіздік  жылдары  жүріп  өткен  жолынан, 
бүгінгі  нақты  істер  арқылы  қол  жеткізген  жетістіктерінен  туындаған  ұлттық  идея  [3,        
29 б.].  
«Мәңгілік ел» - мұраты түрік төрінің (билігінің) мұраты деп осыдан 1300 жыл бұрын 
мәңгілік  идея  ұсынған.  «Мәңгілік  ел»  идеясының  саясатын  Көк  Түрік  империясының 
билеушілері іске асырған. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ мемлекттілігінің бас ұранына 
айналып  отыр.  Осылайша  Көк  Түрік  қағанатының  ақылгөй  абызы  Тұй  –  ұқұқ  ұрпағына 
мәңгілік өсиет қалдырған [4, 20 б.]. 
Жалпы,  «ұлт»  терминінің  мәніне  үңілсек,  бұл  «этникалық  топтар»  ұғымынан  гөрі 
кеңірек, белгілі бір мемлекеттегі басым этникалық топтың төңірегінде біріккен, сол елдің 
өткенімен,  қазіргі  халымен  және  болашағымен  өз  тағдырларын  тамырлас  еткен  түрлі 
этникалық топтарға қатысты жалпы халықтық атау. 
«Мәңгілік  ел»  болу  идеясының  мақсаты  елдің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін 
геосаяси  және  ішкі,  сыртқы  қорғаныс  шеңберін  жасау  еді.  Сол  идея,  сол  мұрат  бүгінгі 
қазақ елінің бас ұранына айналуда. «Күлтегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нақышына 
келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті 
жер-суы  былай  депті:  Түркі  халқы  жоқ  болмасын  дейін,  халық  болсын  дейін...»  –  деген 
жолдар  бар.  Бұл  жерде  елдің  тарих  сахнасынан  кетпей,  сақталуын  тілейді.  Бір  қызығы, 
түркілерден  бастау  алған  бұл  идеологияның  Шыңғыс  хан  негізін  қалаған  Моңғол 
империясында  да  өз  жалғасын  тапты.  Мұның  себебі  біреу  ғана,  этникалық  жағынан 
Моңғол  мемлекеті  негізінен  көшпелі  түркі  тілдес  тайпалардан  тұрды.  Олардың  өн 
бойында,  тарихи  жадында  сақталған  Мәңгілік  ел  идеясы  үнемі  тарих  сахнасына  шығып 
отырды [5, 290 б.].  
«Мәңгілік  ел»  қолдан  жасалған  утопиялық  жасанды  идея  емес.  Бұл  іргетасы 
мәңгілік,  мыңдаған  жылдар  бойы  қалыптасқан  халықтың  дәстүрлі  дүниетанымының 
үстінде орнатылған сенімді идея болды. Ал осы мәңгілік елдің тұғыры болып саналатын 
дәстүрлі  дүниетаным  қандай?  Тарих  түсінікті,  ал  қазіргі  жағдайда  дәстүрлі 
дүниетанымымыз ұлтты біріктіру қауқарына әлі де ие ме? ХХI ғасырда көне элементтер 
мен  ислам  дінімен  үндесе  қалыптасқан  қазақтың  дүниетанымдық  жүйесі  ұлттық 
идеологияның жан–жақты талаптарына жауап бере ала ма?  
Тарихи  таным  көрсеткендей,  Қазақстан  діни  толеранттылық  пен  конфессияаралық 
келісім ісінде игі дәстүрлерге ие. Қазақстан көне заманнан бері сан алуан мәдениеттер мен 
діндердің  тоғысу  мекені  болған.  Қазіргі  Қазақстан  аумағында  бірнеше  ғасырлар  бойы 
тәңіршілік, зороастризм, манихейлік, буддизм, христиандық (оның әсіресе несториандық 
және  яковиттік  тармақтары)  және  ислам  сияқты  әр  түрлі  нанымдар  бейбіт  қатар  өмір 
сүрген, яғни толеранттылық пен конфессияаралық келісімнің үлгісі болған. 
«Мәңгілік  елдің»  өзегі  –  қазақ  халқының  дәстүрлі  дүниетанымы.  Қазақ  халқының 
дәстүрлі  дүниетанымы  исламмен  кереғар  келмейтін  көне  нанымдық  жүйелерді  жаңа 
дінмен шебер үндестіре білген сенім жүйесі. Ислам дінін қабылдау  арқылы қазақтардың 
дүниетанымдық жүйесі жаңа сатыға көтерілді, материалдық және рухани элементтермен 

 
40 
толыға түсті. Бұған ислам дінінің әмбебаптығы да игі әсерін тигізбей қоймады – жаңа дін 
халықтың көне сенім қалдықтарын өз бойына сіңірді және қазақ халқының мәдениеті мен 
өркениетінің қалыптасуына өз үлесін қосты [5, 29 б.]. 
Қазіргі  таңда  адамзат  арасында  әлеуметтік,  саяси  мүдделерге  орай  адам  игілігіне 
қызмет  етуі  тиіс  дін,  керісінше,  сенушілер  арасындағы  өзара  өшпенділікті  қоздыратын 
құбылысқа айналды. 
Қазақстан  жағдайында  да  егер  діндердің  қайшылықты  түрдегі  формаларының 
қандай  да  бір  түрі  насихат  нысанына  айналса  онда  адамзат  қателігін  қайталаған  болар 
едік.  Сондықтан  да  әлемдік  діндердегі  бір-бірін  толықтыратын  ортақ  адамзаттық 
құндылықтар насихатталуы тиіс. 
Әлемдік діндер арасындағы татулық, бірақ адамзатқа тән ортақ адами ізгіліктерден 
тұрады.  Әлемдік  діндерді  бір-біріне  жақындататын  да  осы  имандағы  ортақтықтар.  Егер 
адамзат діндері осы имандағы ортақтықтар негізінде бір – біріне жақындасса, онда әлемде 
татулық пен ізгілік орнайды [5, 292 б.]. 
Халқымыздың  ата-бабадан  мұраға  қалып,  тарихи  сабақтастықта  жетілген  және 
қазақтың  дәстүрлі  дүниетанымынан  нәр  алған  идеясы  қазіргі  «Мәңгілік  ел»  идеясы.  Бұл 
идеяның  түп  мақсаты  –  қазіргі  әлемді  дағдарысқа  тіреген  рационалды  идеяларға  балама 
ретінде қазақ халқының тарих сынынан өткен ұлттық дүниетанымын ұлттық, қала берді, 
барынша гуманистік идея ретінде әлемдік идеяға айналдырып, нәтижесінде тек Қазақстан 
мемлекетінің ғана емес, әлемдік қауымдастықтың, барша адамзаттың да бағдары болатын 
рухани темірқазығына айналдыру. 
«Стратегия  –  күннен–күнге,  жылдан–жылға  елімізді,  қазақстандықтардың  өмірін 
жарқын  ете  түсетін  нақты  практикалық  істер  бағдарламасы.  Бірақ  нарықтық  жағдайда 
аспаннан  нәпақа  күтпей,  тиімді  еңбектену  керектігін  әркім–ақ  түсінуі  тиіс.  Мемлекеттің 
міндеті – осыған барлық жағдайды жасау.  
Халқымыздың  ата

бабадан  мұраға  қалып,  тарихи  сабақтастықта  жетілген  және 
қазақтың  дәстүрлі  дүниетанымы  мен  ғасырлар  бойғы  мемлекеттік  идеологиясынан  нәр 
алған  бабаларымыздың  «Мәңгілік  ел»  идеясы  ХХI  ғасырдағы  Қазақ  Елінің  ұлттық 
идеясына  айналып,  өзінің  өміршеңдігі  мен  жасампаздығын  әлемге  көрсетіп  отыр  [5,      
298 б.]. 
ХХ  ғасыр  басы  тек  қазақ  халқының  ғана  емес,  бүкіл  адамзатқа  ауыр  қасірет  алып 
келген  оқиғалармен  байланысты  болды.  Осындай  жағдайда  Ұлттық  идея  өзінің  рухани 
және әлеуметтік эволюциясы барысында «Алаш» идеясы түрінде көрінді. Қазақ халқының 
түсінігінде  «Алаш»  идеясы  түркі  халықтарын  біріктіретін  «алты  алаш»  ұғымын 
білдіргендіктен,  отарлық  езгіден  мешеу  қалған  халықтардың  ұлттық  өзіндік  санасының 
оянуына орай, «түрікшілдік» идеясы өзіндік сипат алған еді.  
Қазақ  халқының  ұлттық,  саяси  санасын  қалыптастырудағы  ең  биік  белес  болған 
Алаш  қозғалысы  десек,  сол  ұлы  арманды  халқына  жеткізуге  талпынған  «Жас  тұлпар» 
ұйымы  болды.  Жастұлпарлықтар  Алаш  зиялыларының  ұлттық  идеяларын  ту  қылып 
ұстады.  Өнер  атаулының  барлығы  ұлттық  рухтың  көрінісі  деп  есептеді.  Қазақтың  өмірі 
мен өнері  егіз! Өздерінің ой-мақсаттарын бұқара халыққа жай жалынды сөздерімен ғана 
емес,  ұлттың  жан  сарайынан  шыққан  ән  мен  күй  арқылы  жеткізуге  тырысты.  Ана  тілін, 
дінін,  ұлттық  мәдениеті  мен  салт-дәстүрін  күрес  құралының  көзіне  айналдырды.  Бұдан 
кейін де жастардың қозғалысы толастаған жоқ. Күні кеше алаңға шығып, халық мүддесін 
жеткізе білген «желтоқсаншылардың» ерлігі нағыз ұлттық идеяның көрінісі. 
Тәуелсіздік таңы атысымен ұлтық идеяның аясы кеңіп, белсенді түрде қолға алына 
бастады.  Дегенмен,  түрлі  көзқарастардан  туындаған  пікірлер  ұлттық  идеяның  бірден 
қоғамдық  сипат  алуына  кедергі  жасады.  Жұлдызды  сәт  Елбасының  «Қазақстан  жолы–
2050:  бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  халыққа  Жолдауын  жариялаумен  туды. 
Осы  тұрғыда  Мәңгілік  елді  мемлекеттің  ғасырлар  тоғысында,  ірі  державалар  арасында 
бәсекеге  төтеп  беріп,  өзіндік  қорғаныс  саясатын  ұстану  деп  түсінуге  болады.  Елімізді 

 
41 
мәңгілік  деп  жариялау,  біреуге  кереметтілігімізді,  күштілігімізді  дәлелдеу  емес,  ата-
бабамыздан  қалған  мұраны  ұрпаққа  жеткізу,  ұрпақ  үндестігі  мен  сабақтастығы  арқылы 
мәңгілік болу [6, 270 б.].  
2015  жылы  Ұлы  Отан  соғысының  70  жылдығы  және  Халықтар  Достастығы 
Ассамблеясының 20 жылдық мерей тойлары аталып өтілді. 
2016  жылы  Алаш  көсемі,  қоғам  және  мемлекет  қайраткері,  журналист,  ғалым, 
халқымыздың  ардақты  ұлы  Әлихан  Бөкейханның  150  жылдық  мерейтойы  ЮНЕСКО 
көлемінде аталып өтпек. ЮНЕСКО-ның 2015 жылы 18 қарашада Парижде аяқталған Бас 
конференциясының 38-ші сессиясында осындай қаулы қабылданды. 
2016  жылы  Бөкей  Ордасының  құрылғанына  215  жыл,  2016  жылы  Желтоқсан 
көтерілісіне  30  жыл,  2016  жылы  Исатай  мен  Махамбет  бастаған  көтеріліске  (1836  жыл) 
180 жыл, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығы. Есімдері халық жүрегінде 
сақталған, халқымыз бен жерімізді қорғап, өздері сол жолда құрбан болған батырларымыз 
да,  еселі  еңбек  сіңірген  немесе  ұлтына  рухани  мол  мұра  қалдырған  қайраткерлеріміз  де 
көп. Биыл бірқатар арыстарымыздың мерейтойы аталып өтеді. 
«Мәңгілік ел» халқы – моральдық – рухани тұрғыда жоғары, дендері сау, әлеуметтік 
жағдайлары  жақсы,  генетикалық  жағынан  жетілген  алдыңғы  қатарлы  ұлт.  Қазақстан 
халқы да, жері де, мемлекеті де мәңгі. «Мәңгілік елдің» мәңгілігіне нұқсан келтіретін кез 
келген  құбылыс  қатерлі.  Қатермен  бірігіп  күресіп,  ел  болашағы  үшін  аянбай  тер  төгу 
Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір қазақтың абыройлы міндеті [5, 258 б.].  
Қазақстан тағдыры үшін, өткен ата-бабалар  мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы 
құндылығымыз  -  егемендігімізді  сақтап,  мұратымызға  айналған  «Мәңгілік  ел»  болу 
идеясын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ете білейік! 
 
 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Қазіргі Қазақстан тарихы. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А.  - Алматы: Раритет, 
2010. – 448 б. 
2
 
Тарих  тағылымының  теориясы  мен  әдіснамасы.Қазақ  хандығының  550-  жылдығына 
арналған, халықаралық ғылыми-практикалық конференция. - Қостанай: ЦМПИ, 2015. 
– 405 б. 
3
 
Садықов Т. Тарих тағылымы. - Астана:Мастер По ЖШС. – 401 б. 
4
 
«Мәңгілік  ел».  Халықаралық  ғылыми-көпшілік  тарихи  журналы.  Қаржаубай 
Сартқожаұлы. «Мәңгілік ел» идеясы қалай туды... - Астана, 2013. – 20 б. 
5
 
«Мәңгілік ел идеясы». Сыздықов С., Қанаев С., Жеңіс Ж.  - Астана: Фолиант, 2013. – 
320 б. 
6
 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясы:  жиырма  жылдық  тарих.  -  Алматы:  «ҚАЗақпарат», 
2015. – 400 б. 
 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматриваются  вопросы  политического  развития  республики,  становления 
идеологии независимого Казахстана. Как отмечено в послании «Мәңгілік ел», главная цель идеи – 
создание  идеологической  платформы  всех  факторов,  обеспечивающих  безопасность  страны. 
Поэтому  сегодня  главная  идея  стала  девизом  страны.  Исследования  в  исторической  науке  на 
современном этапе способствуют позитивным проявлениям в развитии методологии посредством 
различных методов. 
RESUME 
The article is devoted to the significance and the concept on the adoption of the idea Eternal Nation 
which  is  the  basis  and  foundation  of  Kazakhstan.  As  it  is  said  in  the  message  the  main  purpose  of 
«Eternal Nation» idea is to create an ideological platform uniting all factors which provide the national 
security. That is why this idea became the main appeal of the Kazakh nation. 

 
42 
ӘОЖ 81’272:323.329 (045) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ә.М. Қоскеева 
Л.Н. Гумилев атындағы  
Еуразия ұлттық университеті, 
PhD докторанты 
 
З.О. Дүкенбаева  
Л.Н. Гумилев атындағы  
Еуразия ұлттық университеті, 
тар. ғыл. д-ры, профессор 
Ұлт зиялыларының 
ұстанымдарындағы 
тіл мәселесі 
 
Аннотация 
Мақалада  кеңестік  кезеңдегі  қазақ  тілінің 
мәселелері  қарастырылады.  Сол  кезеңдегі  ұлт 
зиялыларының  ұстанымдарындағы  тілге  деген 
жанкешті 
еңбектерінің 
негізі 
тұрғысынан 
тұжырымдалады.  Қазақ  зиялыларының  тіл 
мәселесіне  қатысты  ғылыми  ойлары  сараланып, 
талданады. 
Түйін сөздер: ұлт зиялылары, қазақ тілі, тіл 
мәселесі, ұлт мүддесі. 
 
 
Тәуелсіздігіміздің  ең  басты  белгісі  –  оның 
ана  тілі,  ұлттық  мәдениеті.  Бұлар  жоқ  жерде  ел 
ешқашан  да  тәуелсіз  бола  алмайды,  болуы  да 
мүмкін емес. 
Дербес  мемлекеттігін  құрған  халқымыз 
өткеннің  рухани-тілдік  мұрасын  кемеңгерлікпен 
кәдеге  жарата  отырып,  өзіне  ғана  тән  тілін, 
мәдениетін,  салт-дәстүрін  қалыптастыра  алды. 
Бірнеше  мыңжылдықтың  қазынасына  сүйенген 
үш  ғасыр  даму  арқасында  тілдік  қоры  мейлінше 
бай  қазақ  халқына  әлемдік  өркениеттің  бел 
ортасынан  орын  тебуге  қол  жеткізді  [1,  45  б.]. 
Бұған айғақ та, дәлел де жеткілікті.  
Қазақ  хандығы  тұсында  дүниеге  келген 
өлең-жырларды, толғауларды, шешендік сөздерді 
[2,  56  б.]  былай  қойғанда,  ХІХ  ғасырда  отар 
өлкеге  келген  басқа  жұрт  өкілдері  тіліміздің 
әсемдігін,  байлығын,  әсерлілігін  қалтықсыз 
мойындап, қағазға жазып кетті. А.И. Левшин [3, 
152  б.],  А.М.  Янушкевич  [4,  23.]  сынды 
тұлғалардың  қазақ  тілі  жайлы  айтқандары 
көпшілікке  жақсы  мәлім.  Ал  патша  заманында 
өлкеде  лауазымды  қызмет  атқарып,  қазақтарға 
теріс 
көзқарасын 
жасыра 
алмаған 
С. 
Броневскийдің  біздің  тіл  байлығымыз  бен 
шешендік  өнерімізді  мойындауы  біраз  жайды 
аңғартса керек [5, 205 б.]. 
Ресейлік 
отарлаумен 
қазақ 
тілін 
ығыстырудың,  оның  атқаратын  функцияларын 
шектеудің  бірінші  кезеңі  басталды.  Ол  бірнеше 
бағытпен  жүзеге  асырылды.  Ең  алдымен,  өлкені 
басқаруға  құрылған  мемлекеттік  мекемелерде 
қазақ  тілі  қолданыс  таппады.  Іс  қағаздары  орыс 
тілінде  жүргізілді.  Қоғамдық-саяси  терминдер 
мен  ұғымдардың  Абай  өлеңдерінде,  қара 
сөздерінде,   тіпті   ХХ   ғасыр   басындағы  Алаш 

 
43 
зиялыларының  еңбектерінде  орысша  мол  кездесетіні  осыдан  деп  ойлаймыз.  «Военный 
қызмет  іздеме, оқалы киім киюге»,  «...Губернатордың назначениесімен болады десе, бұл 
халыққа  бек  пайдалы  болар  еді»,  «Оған  дознание-тергеу  шығарады»,  «Балам  закон  білді 
деп,  қуанар  ата-анасы»,  «Кәтелешке  көбейді,  сөгіс  естіп  тозды  ажар»,  «Бұзықтық 
шығарған  адамдар  өз  болысының  приговоры  мен  немесе  осы  положения  бойынша 
билердің  билігімен  ақшаға  яки  тиісті  абақтыға  жазаланады»  [6,  7  б.]  деген  жолдар 
кеңселік қазақ тілінің мүшкіл халін суреттеп отыр. 
Қазақ  тілінің  тағдырына  төнген  қауіп-қатерді  тереңінен  ұғынғандар  Алаш 
зиялылары еді. Олар тығырықтан шығудың нақты жолдарын көрсете алды [66, б.].  
Алаш  зиялыларының  білім  саласындағы  мақсаттары  отарлаудың  зорлық-
зомбылығын  аз  көрмеген  қазақ  тілінің  беделін  көтеріп  қана  қоймай,  қоғамдағы  жетекші 
мәдени-рухани  рөлін  асқақтатуды  көздеді.  Бастауыш  мектептерде  алғашқы  үш  сыныпты 
ана тілінде оқу күн тәртібінде қойылды. Егер бастауыш мектепті аяқтаған баланың жасы 
10-11-ге  толатынын  айтсақ,  бұл  ұрпақ  ана  тілін  ешқашан  ұмытпайтынын  ұғыну  қиын 
емес.  Кезінде  мұны  А.Байтұрсынов  кешенді  дәлелдеп  шыққан  болатын.  1914  жылы 
«Қазақ» газетінің бетінде жарияланған «Бастауыш мектеп» атты мақаласында ол былайша 
ой толғады: «Бастауыш мектепте кілең қазақ тілінде үйретілетін нәрселер: оқу, жазу, дін, 
ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрапия, шаруа-кәсіп, жаратылыс жайы. Бастауыш мектептің 
кілең  орысша  оқитын  екі  жылында  үйретілетін  білім  гимназиясының  яки  реальный 
мектептердің төменгі кластарына кірерлік болу тиіс. Бастауыш мектептер осындай болса, 
бұлардан  әрі  мұсылманша  я  орысша  оқыту  үшін  қазақ балаларының  бастауыш  мектепте 
үйренген  білімі  негіз  болуға  жарайды»  [7,  99  б.].  Осы  жағдайды  қазіргі  заманда 
балабақшадан бастап үш тұғырлы тілді енгізіп отырған шенеуніктер құлақтарына құйып 
алса  екен  дейміз,  себебі  ана  тіліне  негізделмеген  билингвизмнің  тұлғаның  ұлттық  сана-
сезімінің қалыптасуына, ұлттық дәстүр, мәдениет рухында тәрбиеленуіне нұқсанын тигі-
зеді.  Қазақтың  ұлт  ретінде  жойылып  кетуіне  жол  ашады,  өйткені  тіл  жойылса,  ұлт  та 
жойылатының естен шығармауымыз керек. 
Қазақ  тілінің  тағдыры  үшін  күрес  соңғы  жүз  жылда  бірде-бір  толас  тапқан  жоқ. 
Хакім  Абайдың  заманын  айтпағанда,  Әлихан  Бөкейханов,  Ахмет  Байтұрсыновтар 
бастаған  алып  топ  тіл мәселесіне  ерекше  мән  беріп,  оның  шексіз  байлығын,  суреткерлік 
қуатын, бейнелігі мен саздылығын көркемдік сапаға жеткізді. Олармен қатарлас  уақытта 
қазақ тілінің мәртебесін саяси жолмен анықтауда қазақтың біртуар тұлғасы С. Сейфуллин 
көп еңбек сіңірді.  
ХХ  ғасырдың  20-30  жылдарында  «Ақ  жол»  газетіне  «Затқа  ат  іздеу,  ұсынысқа  сөз 
іздеу»  атты  арнайы  мақала  жазып,  тілді таза ұстау,  ол  үшін  терминдерді  пайдалана  білу 
жөнінде де білікті пікір қосты. Онда «революцияны» төңкеріс, "коммунисті" еншілес деп 
аударуға  келіспеді.  Бұл  сөздерді  және  «большевик»  атауын  аудармай  пайдалануды 
«Центральный  Комитет»  дегенді  «Орталық  Комитет»  деп  алуды,  «председатель», 
«начальник»  дегендерге  «төрағасы»,  "бастығы"  деген  сөздерді  балама  етуді  ұсынды  [8,   
32 б.]. Бұл атау, терминдер жөніндегі С.Сейфуллиннің ұсынысының қабылданып, тілімізге 
солай еніп кеткеніне қазір куә болып отырмыз. C.Сейфуллин «Ұлт мәселесі һәм Қазақстан 
құрылысы»  деген  мақаласында  ұлт  мәселесі  Қазақстанның  Қазақ  Республикасы  аталып, 
«өзінің  кіндік  үкіметін  сайлағаннан  бері»  шешілді,  қазақтың  жерлері  енді  жиналып 
біртұтас  мемлекет  болғанын  айтады.  Бірақ  бұл  ұлт  мәселесінің  сыртқы  шешілген  түрі 
екендігін,  шын  мағынасында  ұлт  сипатындағы  ішкі  мәселелер  әлі  шешілмегенін  Қазақ 
Республикасының  үш  жылғы  тәжірибесі  көрсетті  дейді.  Бұл  істің  қазақта  жұмыскер  ұлт 
әлеуметтік  табын  қалыптастыру,  іс-қағаздарды  ұлттық  тілде  қазақша  жұргізумен 
байланыстылығын  айтады.  «Милиция,  инспектор  -  орыс,  қазақшадан  бір  ауыз  білмейді» 
[9,  11  б.]  -  дейді.  «Жоғарғы  аткомдарға  барсаң  тағы  тілмәшсіз  болмайды.  Осы 
кемшіліктерге көз салмай, теріс қарап күңкілдеп, қолын сілтеп үміт үзгендер бар» - деген 
Сәкеннің сөздері ғасырға жуық уақыт өтсе де, әлі өзектілігін жойған жоқ.  

 
44 
Ұлт  зиялыларының  осы  мақалаларында  ұлт  мәселесі  білім  мен  сақтықты  қажет 
ететіндігін  ескертеді.  Аталған  мәселелердің  шешілуін  ол  қазақ  жұмыскерлерін 
ұйымдастырумен,  оларды  оқыту,  партия  және  кеңес  ісіне  кеңінен  тартумен 
байланыстырады.  Қазақ  азаматтары  Қазақстанда  үкімет  басқармаса  ұлт  мәселесі 
шешілмейтіндігін де көрегендікпен көрсете білді. 
Сонымен қатар ұлт зиялылары ауыл шаруасына түскен бірыңғай салық, ақша-қазына 
комиссариаты,  Ақмола  губерниясының  кеңес  комитеті,  Қазақстан  Республикасында 
жаңадан  аудандар  құру,  егіннің  жиылуына  байланысты  сауда–саттық,  Қазақстанда  әуе 
кемесін жүргізу мәселелерімен қатар Қазақстан мекемелерінде кеңсе істерін қазақ тілінде 
жүргізу туралы өз ойларын да ашық жеткізіп отырды.  
Кеңестік кезеңдегі «Еңбекші қазақ» газетінің басылымында жарияланған «Қазақты - 
қазақ дейік, қатені түзетейік» [10, 211 б.] деп айтылса, бүгінгі күні Елбасымыздың «Қазақ 
қазақпен  қазақша  сөйлессін»  деген  сөздеріндегі  қандай  астарлы  үндестік  пен  зерделі  ой 
жатқандығын тани аламыз. Ғасыр басындағы ұлт зиялылары 1920 жылы құрылған Қазақ 
автономиясы  «қырғыз»  деп  дұрыс  аталмай  отырғандығын,  бұл  бұрынғы  патшаның 
қазақты кемсітуінің көрінісі екендігін, тарихи шындықтың бұрмаланып келгенін айтады. 
Сондықтан мемлекет атын «Қазақ Республикасы» деп өзгертіп, мемлекеттік тіл қазақ тілі 
болуы керек дейді. Қазақстанның Орталық үкіметі «киргиз» деген есімді жойып, «қазақ» 
деген есімді қолдануға жарлық (декрет) шығаруы қажет. Сөйтіп, тарихи қатені түзетейік 
деген  тұжырым  жасап,  өзінің  қазақ  халқы  алдындағы  азаматтық  парызын  өтеді  деп 
айтуымызға әбден болады. 
Ұлт зиялыларының қазақ тілін өркендетуде іс қағаздарын барлық мекемелерде қазақ 
тіліне көшіру мәселелерін айта келе, азаматтарға ынта керек екенін, жігер қайрат болса, ер 
жігіттің істей алмайтын ісі жоқ екеніне де тоқталады.  
Кеңестік  кезеңдегі  ұлт  зиялылары  Қазақстанның  алдында  тұрған  төрт  түрлі  ірі 
мәселе 
туралы 
сөз 
қозғайды. 
Олар: 
қаржы-қаражатты 
тиімді 
пайдалану, 
ауылшаруашылығын  оңалдыру,  сауда  мен  кәсіпті  дамыту  және  әлеуметтік  тұрмыста, 
кеңестік  құрылыс  жасауда  қазақ  тілін  жүргізуді  көңілдегідей  ілгерілендіру,  міне, 
осыларды жиылысқа келетін уәкілдер жете қарастыруы қажеттігін ескертеді. 
Сонымен  қатар  қазақ  тілінің  тарихта  кездестірген  қиындықтары  мен 
дағдарыстарының  себептерін  де  көрсете  отырып,  қазақ  халқы  үш  ғасырға  жуық  орыс 
отаршылдығының  қыспағында  болып,  ұлт  ретінде  жойылып  кетудің  аз-ақ  алдында 
тұрғандығына  басты  назар  аударған  бойы  орыстандыру  саясатын  жүргізіп,  қазақ  тілінің 
қолданылу аясын тарылтып бақты. 
1930-1950  жылдары  ұлт  пен  тілді  қадір  тұтқан  қазақ  зиялылары  түгелге  жуық 
атылғаны белгілі. 
Сол  жылдары  қазақ  тілінің  жайынан  түңілген  халық  қаһарманы  Бауыржан 
Момышұлы  1950-ші  жылдары  Қазақстанның  партия  хатшысына  мынадай  хат  жолдаған: 
«Ана  тілінен  бірнеше  жағдайлар  себеп  болып  ажыраған  ел  «азған  ел»  атанып,  кейіннен 
аты  өшіп,  ұрпақтары  бұршақша  бытырап,  қардай  еріп,  құмға  сіңген  судай  дерексіз 
жоғалып  кеткенін  тарихтан  кездестіруге  болады.  Ондай  сормаңдай  ел  бұрыңғы  кезде  аз 
болмағанына  тарихта  дәлелдер  аз  емес»  [5,  11  б.].  Осы  хатында  Бауыржан  Момышұлы 
жоғарғы  оқу  орындарында  қазақ  тілі  мен  әдебиеті,  тарихи  міндетті  пән  болу  керек  деп 
ұсыныс айтады. 
1950-60- шы жылдары да қазақ тілінің, оны қадір тұтатындардың көрген қорлығы аз 
емес.  Академияның  Тіл-әдебиеті  институтының,  Жазушылар  одағының,  әдеби 
басылымдардың  жұмысынан  «ұлтшылдық»  тапқан  Компартия  Орталық  Комитетінің 
қаулылары ашық күнде ойнаған найзағайдай әсер берді. Сол шақтың шындығы: өз тілінен, 
дәстүрінен, тарихынан жерігендер байқалып қалды. Міне, осылар «домбыра қажет емес», 
«қазақ  тілі  мәдениетке  жарамсыз  тіл»  деп  ұялмай  сөйлейтін  болды.  Мәңгүрттік  пен 
көзқамандықтың жаңа дәуірі осылай туды. 

 
45 
Ұлт мектептерінің жабылуы, облыстық, аудандық газеттердің тек орысша шығуы  – 
«интернационализм мен халықтар достығы принциптеріне сәйкес келеді», - деген зиянды 
түсінік  қалыптасты.  Осыдан  бір-екі  жыл  бұрын  ғана  «ұлтшыл»  деген  айыппен  әбден 
ықтырылып,  қуғын-сүргінге  ұшыраған  қазақ  зиялыларынан  -  «жүз  тілде  сөйлейтін 
планетаны» - қазақ жерінде пайда болған жаңа интернационалистер планетасын сан қилы 
теңеулермен құбылта да көпірте мадақтау талап етілді [11, 363 б.]. 
«Әдебиет  пен  өнер  қайраткерлері  үшін  халық  ерлігін  бейнелеуден  артық 
қызғылықты да шабытты міндет жоқ деп ойлаймын, - деді сол кездегі КСРО-ның бірінші 
хатшысы  Л.Н.  Брежнев  Қазақ  әдебиеті  мен  өнерінің  Москвадағы  онкүндігінде  әзірлік 
туралы  1955  жылғы  27  қазанда  сөйлеген  сөзінде,  -  Төрелігін  өздеріңіз  айтыңыздаршы: 
біздің  көз  алдымызда  орасан  көп  адамдар  көшіп-қонып,  жаңа  көп  ұлтты  коллективтер 
қалыптасып,  жаңа  семьялар  пайда  болып,  астық  үшін  қажырлы  күрес  жүріп  жатыр:  бұл 
шайқаста нағыз ерлер өсіп, есейіп, олардың мінез-құлқы шыңдала түсуде. Бұл күрес, бұл 
ерлік  еңбек  біздің  жазушыларымыздың,  суретшілеріміздің,  композиторларымыздың, 
актерлеріміздің оларды тарихта қалдыруына лайық емес пе?» [12, 75 б.]. 
Бірақ, «көсем басшының» әдебиет пен өнер қайраткерлерін қанша «қайраса» да, бұл 
тақырып  тарихта  қалатындай  күші  бар  шабытты  шығармалар  туғыза  алмады.  Себебі, 
біздің  ойымызша,  ұлттық  мүдде  екінші  қатарда  қалған  «ұлы»  дүрбелеңді  ұлттық  тарих 
пен өнерді тамсана жырлай алмауы – табиғи нәрсе. 
Ал, ана тілінің шын жанашырлары мерзімді басылым беттерінде қазақ тілі мәселесін 
көтерді.  Филология  ғылымының  кандидаттары  М.Дүйсенов  пен  Ә.Нарымбетов 
«Лениншіл жас» газетіндегі  «Сөйлеу тіліміздің мәдениеті» деген мақаласында ұлт тіліне 
жете маңыз берілмей отырғандығын,  «енді қазақ тілі пайдаға аспайды, орыс тілін жақсы 
білсек,  сол  жетеді»  деп  теріс  ойлаушылар  қатары  көбейіп  келе  жатқанын  айтып  дабыл 
қақты.  Авторлар:  «Ана  тілін  жақсы  білу  тек  қазақ  тілі  мен  әдебиетін,  тарихын  зерттеп 
жүрген  жолдастарға  ғана  емес,  ол  барлық  мамандықтағы  (юриске  де,  инженерге  де, 
дәрігерге де, сауда қызметкерлеріне де т.б.) қазақ жолдастарға да керек. 
...Қазақ  жастарының  арасында,  тіпті  кейбір  жауапты  қызметтегі  жолдастар  қазақ 
тілін  жақсы  біле  тұрып,  әңгімелесіп  отырған  адамның  қазақша  сөйлегеніне  қарамастан, 
орысша  жауап  беріп,  орысша  сұрақ  қояды.  Ол  ана  тілінде  сөйлеуді  өзіне  кемістік  деп 
түсінеді де, өзінің балаларын да осылай тәрбиелейді. Олардың балалары «қазақша білесің 
бе?» десе,  «Фу, біздің үйде ешкім де қазақша сөйлемейді» деп беттерін тыржитады. Бұл 
балалардың  бойында  жастайынан  өз  ана  тіліне  деген  менсінбеушілік  әдеті  пайда  бола 
бастайды. Сондықтан балалардың ата-аналары олардың өз ана тілін жетік білуіне ерекше 
назар аударуы керек» [13, 417 б.] – деп жазды. 
Белгілі  ғалым  Т.  Кәкішұлы  «Түркістан»  газетіне  жазған  «Ол  тіл  үшін  осылай 
күрескен!..»  деген  мақаласында:  «Н.С.  Хрущев  егер  коммунизмді  ертерек  көргілерің 
келсе,  онда  орыс  тілін тезірек  меңгеріңдер  деуі  мұң  екен,  КСРО  Ғылым  академиясының 
жанынан  Орыс  тілі  институты  ашылып,  жер-жерлерде  орысша  үйретуге  ұран  тасталды, 
мәжіліс  –  жиындар  жаңбырдан  кейінгі  саңырауқұлақтардай  қаптап  кетті.  Оның  үстіне 
біздің жәреуке Қазақстанда Қазақ ССР Оқу министрі Ә. Сембаев ешкіммен ақылдаспай өз 
жарлығымен қазақ тілін орыс мектептерінде оқытуды тоқтатып тастады. Оған «әу, мұның 
қалай?» деп айтуға Орталық партия комитетінен де, үкімет тарапынан да ешкім шықпады» 
[14, 25 б.] – деп еске алады.  
Алайда кеңестік қазақ зиялысының сапалы жаңа күш ретінде жарты ғасырдан астам 
уақыт  өте  келе  қалыптасуына  әлемдік  өркениеттегі  іргерілеулер,  республиканың 
экономикадағы,  әдебиет  пен  өнердегі,  ғылым  мен  техникадағы  табыстары  тікелей  әсер 
етті.  Қ.  Сәтбаевтың,  М.  Әуезовтің,  И.  Есенберлиннің,  Ш.  Қалдаяқовтың,  К.  Байсейіто-
ваның,  А.  Жұбановтың,  Ж.  Молдағалиевтың,  Ғ.  Мүсіреповтің,  Б.  Момышұлының,  Н. 
Алдабергеновтің, Ш. Аймановтың, Ә. Марғұланның, Қ. Нұрмахановтың тағы басқалардың 

 
46 
шығармалары  мен  жеңістері  сананы  ашып,  танымды  тереңдетті,  ұлтжанды  намыс  отын 
жақты, ұрпаққа өнеге болды [15, 177 б .]. 
Кеңес  дәуірінде  қордаланған  қазақ  тілінің  мәселелерін  шешу  1980  жылдардың 
ортасында  қайта  құру  заманында  көтеріле  бастады.  Соның  нәтижесінде,  1989  жылы 
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы құрылды. Бұл қоғамды құруға сол тұстағы зиялы қауым 
өкілдері ерекше ат салысты. Қоғамның алғашқы жылдарындағы жұмыстарының пәрменді 
болуына  қоғамның  президенті,  академик  ғалым  Әбдуәли  Қайдари  белсенділік  танытты. 
Осы  белсенді  ұйымның  арқасында  барлық  облыстарда,  ірі  қалаларда  бөлімдер  ашылды. 
«Қазақ тілі» қоғамы қазақ мектептері мен балабақшаларының, орта арнаулы және жоғары 
оқу  орындарында  қазақ  бөлімдерінің  ашылуына  көп  күш  салды.  Халықтың  санасын 
оятуда, ұлттық мүддені насихаттауда, қазақ тілінің лайықты орынға ие болуында қазақтың 
ұлттық  шығармашылық  интеллигенциясы  өзінің  тарихи  миссиясын  атқарды.  Ұлттық 
интеллигенция өкілдері 1989 жылы алғашқы тіл туралы заңның қабылдануына, «Ана тілі» 
газетінің  жарыққа  шығуына  үлес  қосты  және  өз  кезеңіндегі  міндеттерін  абыроймен 
атқарды.  
Тәуелсіздік алуымызбен бірге тіліміз де еркін  дамуға мүмкіндік алды. Елбасы Н.Ә. 
Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы үнемі айтып 
келеді. Бірақ шешімін таппай келе жатқан түйінді мәселелер әлі де көп. 
Сонымен,  академик  М.Қ.  Қозыбаев  «тіл,  тарих,  әдебиет  –  ұлттың  жаны  мен  қаны, 
рухани  болмысы»  [16,  221  б.]  дегендей,  ұлт  руханиятының  қайнар  көзі  ана  тілімізді 
дамытып,  жетілдіруге  және  шынайы  Қазақ  мемлекетінің  тіліне  айналдыру  үшін 
әрқайсымыз табандылық танытуымыз қажет.  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет