Еуразия халықтары тарихына байланысты академик әлкей марғҰланның этнотарихи зерттеулері



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі165,03 Kb.
#6152

WWW.ENU.KZ

 

 



А. Б. Билял  

Алматы қ., Қазақстан 



 

ЕУРАЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ  

АКАДЕМИК ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАННЫҢ ЭТНОТАРИХИ ЗЕРТТЕУЛЕРІ  

 

Туған халқымыздың аяулы азаматы, Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, филология 

ғылымдарының  докторы,  профессор,  Қазақ  ССР-інің  еңбек  сіңірген  ғылым  қайраткері  -  Әлкей 

Хақанұлы Марғұланның (1904-1985) қазақ тарихына қосқан үлесі ӛте зор және оның этнотарихи, 

этномәдени  мұрасы  ӛте  бай,  теңеуі  жоқ  ғұлама  ғалым  болып  саналады.  Академик 

Ә.Х.Марғұланның  аса  бай  ғылыми  мұрасын  зерттеу,  марғұлантану  саласын  дамыту  әлі  де 

жүргізіліп келеді.  

Қазақ елінің Кеңес ӛкіметі кезеңінде кӛптеген тарихи проблемалары кӛлеңкеде қалды. Бұл 

арада негізгі концептуалды тарихи жайлардың кӛбі, әсіресе ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің 

ӛмірі мен қызметіне, мұраларына жан-жақты талдау жасап, оларды кӛпшілік қауымға жеткізіп, 

ғылыми айналмаға енгізу бүгінгі тарихшылардың басты міндеті [1,б.1].  

Ә.Х.Марғұлан  1943  жылы  «Хандар  жарлығының  тарихи  маңызы»  атты  диссертациясын 

Алматыда қорғады. Бұл ізденіс Еуразия номадтардың жазба ескерткіштерін зерттеудің ең алғашқы 

бастамасы болатын. Жан-жақты ғылыми-зерттеу жұмыстарында Әлкей Хақанұлы Орта ғасырлық 

Қазақстан  қыпшақтарының  этномәдени  ортақтығының  ӛзекті  мәселелеріне  едәуір  кӛңіл  бӛліп 

және  оларды  жоғары  бағалап  отырды.  Қыпшақ  мәселесін  қазақ  халқының  шығу  тегінің  шешуші 

кілтінің бірі деп қараған. Бұл күңгірт мәселенің әр түрлі аспектілеріне ол ерекше кӛңіл бӛлді.  

1951  жылдан  бастап  1960  жылға  дейінгі  он  жыл  ішінде  Ә.Х.Марғұлан  және  экспедиция 

ұжымы қола және темір дәуірінің  ескеркіштерін зерттеді. Орталық Қазақстанда 30-35 ғасыр жыл 

бұрын, түрлі-түсті металлға бай кен орындарының негізі болғанын, сол уақытқа тән бұл ӛңірде тӛл 

мәдениет  орталығының  бірі  болғандығын  дәлелдейді.  Дәл  сол  дәуірде  Жезқазған,  Успенск, 

Қоңырат және Саяқ аймақтары мыс пен жез кен  орындарының болғандығы, Атасуда қалайы кен 

орындары,  Степнякта  алтын  мен  жез  кен  орындары  игерілгені  анықталды.  Осылайша,  Орталық 

Қазақстан  ежелгі  ірі  металлургия  ошағы  және  ежелгі  мәдениеттің  ірі  орталығы  ретінде  ғылыми 

айналымға  енгізілді.  Ә.Х.Марғұланның  ең  үлкен  ірі  ғылыми  жаңалығының  бірі  ол  Беғазы-

Дәндібай  мәдениетін  айқындап  және  оның  ғылыми  нәтижелерін  арнайы  монография  ретінде 

жарыққа шығаруы еді [2, б.1]. Бұл еңбек туралы ӛз алдына арнайы ғылыми талдама жүргізуге де 

болады.  

Ә.Х.Марғұланның «Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті» атты кітабы бірнеше 

он  жылдық  зерттеу  жұмысының  қорытындысы  болып  келеді.  Мұндай  маңызы  зор  тиянақты 

монографиясының  шығуы  Қазақстан  этникалық  тарихында  аса  маңызды  оқиға  болып  саналады. 

Ӛйткені,  Орталық  Қазақстан  қола  дәуірінің  соңғы  кезеңі  бойынша  бұған  дейін  мұндай 

фундаменталдық  еңбек  жарияланып  кӛрген  емес.  Бұл  еңбекте  Орталық  Қазақстанда  мекендеген 

кӛне  тайпалардың  этникалық  және  мәдени  тарихы  жайында  ӛте  күрделі  проблемаларға  шешім 

табылған.  Ә.Х.Марғұланның  бұл  кітапта  Орталық  Қазақстанда  ӛз  мәдени  кешендерімен, 

молаларымен,  шаруашылық  түрімен,  ұқсастығы  жоқ  қол-ӛнер  бұйымдарымен,  андрон  атты 

мәдениетінің  соңында  ерекше  дамып,  оның  нұсқасы  бойынша  қола  мәдениетінің  жаңа  дәуірі 

Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшелігін кӛрсете алу, сол кездегі ғылыми прогресстің бір кӛрнісі 

деп санауға болады [3, б.2].  

Андрон  мәдениетін  уағыздайтын  тайпалар  кең  Еуразия  кеңістігінде  таралып  біркелкі 

дамымады.  Екі  үлкен  территорияда  яғни  Енcай  (Енисей)  мен  Обь  және  Орталық  Қазақстан 

ӛңірлерінде Қарасук мен Беғазы-Дәндібай мәдениетіне ие болған тайпалар ӛз заманында бір саты 

жоғары  болғандығы  байқалады.  Негізгі  себебі  ол  экономикалық  негіздің  ӛзгеруі  яғни  ұтымды 

кӛшпелі  мал  шаруашылығына  кӛшуі.  Орталық  Қазақстанда  бұл  процесс  б.з.д  Х-ІХ  ғғ.  ӛтті, 

сондықтан да, соңғы қола дәуірінің кӛшпенді тайпалар мәдениеті, ол шынында «Беғазы-Дәндібай 

мәдениеті»  деп  аталады.  Дәл  осы  кезде  әшекейленіп  ӛрнектелген  ыдыстардың  ерекше  жаңа 

түрлері  пайда  болады:  қыл  мойынды  құмыра  пішінді,  тұлғасы  қампайған  (Сангіру,  Шортанды-

бұлақ), шар тәрізді түбі домалақ, шығыңқы бүйірлі кесе т.б. (Беғазы, Дәндібай, Сангіру, Айдарлы) 

бұның бәрі кӛшпенді ӛмірге кӛшкенінің белгісі болып саналады [4, б.2].  

Тағы да бір айта кететін жағдай С.И.Вайнштейн Еуразиядағы кӛшпелі мал шаруашылығымен 

айналысатын  тайпалардың  шаруашылық-мәдени  типін  екі  дәуірге  бӛлінетін,  бірінші  -  алғашқы 

кезеңі  ол  шаруашылық-мәдени  типінің  қалыптасуы,  екінші  –  соңғы  кезеңі  ол  қалыптасқан 



WWW.ENU.KZ

 

 



шаруашылық-мәдени типтің күнелтуі (существование). Ерте кезеңі б.з. І ғ. ортасына дейін, соңғы 

кезең б.з. І ғ. ортасынан қазіргі этнографиялық заманға дейін жалғасып келеді дейді автор[5,б.2].  

Осының  нәтижесінде  Орталық  Қазақстанда  ежелгі  кӛшпелі  тайпалардың  шаруашылық-

мәдени типі, яғни мал шаруашылығы оның ішінде жылқы шаруашылығы, тағамтану оның ішінде 

қымызды  дайындау  түрлері,  қымыздың  түрлері,  сақтау  түрлері,  қалай  қымызбен  емдеу,  қандай 

уақытта биені сауу т. б., сонау Беғазы-Дәндібай кезеңінен бастап б.з. І ғ. ортасына дейін кӛшпелі 

кӛне тайпалардын шаруашылық-мәдени типі қалыптасты деп айтуға болады. 

Сонымен, Беғазы-Дәндібай мәдениеті  дәуірінде пайда болған ерекше жаңа ыдыс аяқтар түрі 

арнайы сүт тағамдарын оның ішінде қымызды сақтау мен пайдалану үшін жасалған мәлім болып 

отыр.  Мұндай  қыл  мойынды  құмыра  пішінді,  тұлғасы  қампайған,  шар  тәрізді  түбі  домалақ, 

шығыңқы  бүйірлі  ыдыс  аяқтар  тек  ғана  Беғазы-Дәндібай,  Қарасук  мәдениеттерінде  кездесетіні 

аян.  Ә.Х.Марғұланның пікірін  қолдай  отырып,  біздер  қымыздың  пайда  болған  уақытын  бірнеше 

ғасырға тереңдетуге мүмкіндік туып отыр деп санаймыз. Қымызға байланысты ең кӛне мәліметтер 

Гомер (б.з.д. ІХ ғ.) мен Геродота (б.з.д. V ғ.) кездеседі, біздің ойымызша қымыздың пайда болған 

уақыты  ол  б.з.д.  ХІІ-Х  ғ.,  яғни  қола  дәуірінің  соңында  Беғазы-Дәндібай  мәдениетінің  орнығу 

уақытымен байланыстырамыз. Оған дәлел біріншіден - сол уақытта кӛшпелі мал шаруашылығына 

кӛшуінің  үлкен  себебі,  негізінен  жылқы  шаруашылығының  дамуы,  екіншіден  –  ыдыс-аяқтардың 

ерекше  түрлері  жасалғаны  оның  ерте  және  орта  қола  дәуірінде  мұндай  ыдыс  аяқтардың 

кездеспейтіндігі,  үшіншіден  -  сол  уақытта  қола  дәуірінің  соңында  Беғазы-Дәндібай,  Қарасук 

мәдениеттерінің экономикалық және мәдени жағынан ерекше дамуының негізінде болған жәй деп 

қараймыз.  

Қорыта келгенде қымыз қазақтардың емге жақсы шипалық қасиеті бар, татымды, дәмді тағам 

ретінде, құнарлы асы, сусыны деп, яғни сонау Беғазы-Дәндібай мәдениеті кезінен б.з.д. ХІІ-Х ғғ. 

пайдаланып  келе  жатыр  деп  айтуға  болады.  Орталық  Қазақстанда  Беғазы-Дәндібай  мәдениеті 

уақытында  қымыз  сақтау  және  пайдалану  үшін  жасалған  ыдыс-аяқтар,  кӛне  тостағандардың 

алғашқы түрлері деп санауға болады.  

Беғазы-Дәндібай  мәдениетінің  ӛркендеген  тайпалар  батысында  Ұлытау,  шығысында 

Абыралы,  Шыңғыс  таулары,  оңтүстігінде  Жетіқоңырдан  Ертіс  бойына  дейінгі  Нұра,  Сарысу, 

Кеңгір  ӛзендері  бойлары  мен  Қызылтау,  Бұғылы,  Қызыларай,  Қарқаралы,  Баян-ауыл  таулары 

аралығындағы  кең  жазықтарды  қоныс  еткен  [6,  б.3].  Осы  үлкен  кең  байтақ  Орталық  Қазақстан 

жерлерін андрон мәдениетін уағыздаушы тайпаларының тікелей ұрпақтары еуропеоидтар исседон 

мен аримаспылар[7, б.3] мекен етті деп айтуға ғылымда мүмкіндік бар сияқты. 

Ә.Х.Марғұланның  еңбектерінде  Түрік  әлемі  адам  ӛркениеттінің  ең  кӛне  орталықтардың  бірі 

ретінде кӛрсетіледі. Бұл заттық мәдениет ескерткіштерінің зерттеуіне негізделген Кіндік Азияның 

ежелгі тарихын түсінуде ең жаңа жолдарының бірі болып саналады.  

 Ш.Ш.Уәлихановтың  зерттеу  еңбектерінсіз  Қазақстанда  тарихи  ғылымның  дамуы  мүмкін 

емес.  Ә.Х.Марғұланның  ғылыми  шығармашылығының  бір  кезеңі  -  ол  қазақтың  ұлы  ғалымы 

Ш.Ш.Уәлихановтың  шығармаларын  жинақтау  мен  жүйелеу  және  басылымға  шығару  болды  [8, 

б.3]. 

Ә.Х.Марғұлан  археологиялық  зерттеу  жұмысының  барысында  Сарыарқа  даласының  түпкір-



түпкіріне  экспедицияларды  ұйымдастырып  Орталық  Қазақстанның  40  ғасырлық  мәдениетін 

зерделей келе кешенді зерттеулер жүргізді. Соның арқасында Дешті-Қыпшақ жері тек шығыстан 

батысқа  қарай  кӛшпелі  этностардың  миграциялық  жолындағы  бос  жер,  тек  ғана  транзиттік 

территория болды деген концепцияларға алғаш рет тойтарыс берді.  

Әйгілі  Орта  Азия  тарихшысы  В.В.Бартольд  «ең  соңғы  мәдени  орындарының  бірі  Сыр 

жағалауы  мен  Қаратау  қалаларының  арасындағы  жер»  [9,  б.3],  ал  онан  әрі  солтүстікке  қарай 

жайылған  жерлер  адам  тұрмайтын  дала  деп  жазған  болатын.  Әлкей  Хақанұлы  Марғұлан  ӛзінің 

ұстазынан  асып,  мұндай  орынсыз  пікірлерді,  ӛзінің  құнды  концепциялары  мен  жарияланған 

еңбектерімен жоққа шығарды.  

Ӛйткені,  Ә.Х.Марғұлан  Дешті-Қыпшақ  тұрғындарын,  оның  экономикалық  құрылымын, 

шикізат  байлықтарын  зерттеудің  маңыздылығына  ерекше  кӛңіл  бӛлген  ғалым.  Әлкей  Хақанұлы 

қыпшақтарға  тән  тек  ғана  кӛшпелі  тұрмыс  емес  екендігін,  қыпшақтар  мал  шаруашылығы, 

егіншілік,  сауда,  темір  қорыту,  әр  түрлі  қолӛнер  кәсіптерімен  шұғылданғанын,  яғни  кӛп  салалы 

шаруашылықпен  айналысқанын  ғылыми  тұрғыдан  дәлелдей  алды.  Сӛйтіп,  қыпшақтардың  сауда-

саттық,  экономикалық  және  этномәдени  байланыстарының  кӛп  салалы  болғандығы  туралы 

нақтылы қорытындылар жасады.  



WWW.ENU.KZ

 

 



Орта ғасырларда әрбір тәуелсіз мемлекеттің ӛзінің ерекше дербес басқару жүйесі, тілі, жазуы, 

жері болды. Қыпшақтарда да ӛзіндік ерекше руналық (бітік) жазуы болды. Бітік (жазу) – кӛне ғұн 

дәуірінен келе жатқан ескі сӛз. Ол Орхон жазуларында кездеседі. Кейбір зерттеушілер піс-у, пыш-

ақ деген сӛздің піш-пішу, кесу, деген сӛзден дейді. Кӛптеген ғалымдардың зерттеулерінше, «бітік» 

сӛзі  ғұн  заманында  қытайлар  айтатын  «піт»  сӛзінен  шыққан,  ол  ашық  бетке  түсіретін  қаламның 

ұшы.  


Бітік  (жазылған  сӛз),  бітмек-жазу-сызу,  тарихи  дәуірлерде  Орта  Азияда,  Қазақстанда 

әкімшілік  құрған  ордалардың  барлығына  белгілі  сӛз.  Олар  бұрын  араб,  парсы  тілін  білмесе  де, 

бітік  жазуды  білген.  Олардың  тілінде  айтылатын  сӛз:  «Ол  бітік  бітті»  –  ол  жазу  жазды.  Моңғол 

дәуірінен  бұрын  қазақ  ӛлкесінде  жазуды  қадірлеген  белгілі  тайпалар:  Қыпшақтар,  Қаңлылар, 

Үйсіндер,  Оғыздар,  Қарлықтар,  Керейлер,  Наймандар,  Шектілер,  Қияттар,  Басымілдер,  Оңгіттер 

(Уақтар).  Олардың  жазу  білетін  атақты  бітікшілері,  абыздары,  бақсылары  Қазақстанның  кӛп 

жерінде топ-топ жазулар қалдырып отырған [10, б.4]. 

Орхон  бітік  жазуын  кӛп  қолданған  елдің  бірі  қыпшақтар,  оларды  Ә.Х.Марғұлан  түрік  тілді 

этникалық топқа жатқызып, олардың түп тамыры ғұндар деп санады. 

Қазақ елі орыс әліппесіне дейін үш түрлі жазу әліпбиін қолданып келген болатын, олар – кӛне 

Таластан Орхон-Енисей ӛзені бойында тараған Орхон (V-ІХ ғ), содан кейін соғдылықтар арқылы 

жеткен  ұйғыр  (ІХ-ХV  ғ),  және  араб  әріпімен  енген  жазулар  (ХІV-  ХХ  ғ).  Бұл  тарихи  дәуірлерде 

Қазақстан  ӛлкесін  мекен  еткен  Түрік  қағандығы,  жеке-жеке  билік  құрған  елдер  -  қыпшақтар 

(Қыпшақ  хандығы,  VІІІ-ХІ  ғ),  Қаңлы  ордасы,  Керей  ұлысы,  Найман  ұлысы,  Қарлық  хандығы, 

Қарахан хандықтары, Моңғол дәуірінен кейін Ӛзбек, Қазақ хандықтары.  

Жоғарыда  келтірілген  хандықтар  осы  үш  жазуды  еркін  қолданып  отырған.  Жазуды  әр  түрлі 

заттарға,  теріге,  киізге  («Киіз  кітап»),  ағашқа,  сүйекке,  темірге,  кірпішке,  тастарға  түсірген. 

Осындай жазулардың Қазақстанның тау-тастарында тізбектеліп тұруы соның айқын дәлелі.  

Орхон,  ұйғыр  жазуын  кӛп  заман  бойы  қолданған  елдер  –  оғыздар,  қыпшақтар,  наймандар, 

керейлер,  меркіттер,  оңгіттер  (уақ  тайпасы).  Бергі  кезде  олар  қазақ  хандығына  қосылды.  Кӛп 

ғалымдардың  зерттеуінше  ол  тайпалардың  ілгеріге  ұмтылуға  басқан  ізгі  мақсаттарын  тасқа 

түсірген. Олардың мекендеген жері Оңтүстік Алтай, Орхон бойы, Селеңгі ӛзенінің бас жағы, Гоби 

даласы  болған  (Еника,  Мураяма,  С.В.Кисилев,  Пигулевская).  Басқа  да  бір  топ  ғалымдардың 

пікірінше  руна  (Орхон)  жазуының  шыққан  жерлері  –  Жетісу  ӛлкесі,  Шу,  Іле,  Ыстық-кӛл,  Талас 

ӛңірі.  Орхон  жазуын  бұл  ӛлкеде  ең  алғаш  рет  мәдениет  дүниесінің  үлесіне  айналдырған  елдер  – 

ғұндар,  үйсіндер,  қаңлылар.  Бітік  жазуы  Түрік  қағандығынан  бұрын  дүниеге  келген  деп  Авел 

Ремюза,  Пельс,  П.М.Мелиоранский,  С.Е.Малов,  С.В.Киселев,  А.М.Щербак  т.б.  ғалымдар 

жақтайды. Ордос, Дунхуан, Гоби даласы, Ертіс бойы, Жетісу, Дунай ӛзенінің бойындағы руналық 

таңбалары әлі толық зерттелмей келеді.  

Ғұн  дәуірінде  тасқа  қашалған  бірнеше  тас  жазулар  Қазақстанда  кездеседі.  Бәрінің  де  жазу 

әдісі,  үлгісі  Орхон  жазуымен  бірдей.  Олардың  бір  тобы  Орталық  Қазақстандағы  Жаңаарқа 

ауданына қарасты Қалмақ қырған тауының оңтүстік бүйірінде жалпақ қара тастың бетін бүтіндей 

алып  жатыр.  Сонымен  қатар  тасқа  ойып  түсірілген  керуеннің  суреті  бар.  Екінші  тобы  Елек 

ӛзенінің  жоғарғы  жағындағы  жерді  қазып  жатқанда  табылған.  Оған  ұқсас  бір  топ  жазу  сол  Елек 

ӛзенінің  тӛменгі  ағысында  да  бар.  Ең  ӛкініштісі  ол  жазуларды  жақсылап  тексеріп  оқып  шыққан 

ешкім жоқ.  

Әлкей  Хақанұлының  концепциясы  бойынша  қазіргі  кезде  ӛз  дәлелін  тауып  отырған  тағы  да 

бір  тамаша  пікірі  бар.  Тарихи  деректерде  кездесетін  қыпшақ  пен  қимақ  деген  екі  этникалық 

атауларды  теңдестіруге  болмайтындығын,  және  жеке  қимақ  тайпасы  бар  екендігін  ол  теріске 

шығарды.  Ӛйткені,  қимақтар  ру  немесе  тайпа  ретінде  қазақтардың  үш  жүзінің  субэтникалық 

тарихында жеке ру, тайпа болып кездеспейтіндігін айтады [11, б.5].  

Ә.Х.Марғұлан  Еуразия  халықтары  әсіресе  түрік  номадтардың  тарихи  аңыз-жырларға, 

хиқаяларға,  шежірелерге  жаңа  ғылыми  тұрғыдан  алғаш  рет  терең  қарастыруға  жол  ашып  берді 

десе  болады.  Ӛткен  ғасырда  Әлкей  Хақанұлы  қазақ  халқының  тарихын  ежелгі  тарихи  жыр-

аңыздар  арқылы  кӛрсете  алған  бұл  ӛте  дұрыс  жаңа  бағыт  деп  айтуға  болады.  Бүкіл  жыр, 

аңыздарды жинап, талдап олардың алғашқы хронологиясын жасап, бес кезеңге бӛледі: «бірінші  - 

кӛне  кезеңдегі  жырлар  «Кӛк  бӛрі»,  «Ақ-қу»,  «Құт»,  «Ұмай»,  «Құбас-Шеріп»,  «Ер  тӛстік»,  «Ақ-

Кӛбек»,  «Құла-Мерген»,  «Шолпан-Мерген»,  екінші  оғыз-қыпшақ  дәуіріне  жататын  жырлар 

«Қорқыт»,  «Қазанқап  пен  Донбауыл»,  «Алпамыс»,  «Қозы  Кӛрпеш-Баян  сұлу»  VI-XII  ғасырлар, 

үшінші  –  «ноғайлы»  кезеңіндегі  жырлар  «Бӛген  батыр»,  «Едіге»,  «Қобыланды»,  «Ерсайын», 

«Қамбар»,  «Мұсахан  мен  Қазтуған»,  «Орақ  пен  Мамай»,  «Ертарғын»  т.б.,  XIII-XVI  ғасырлар, 


WWW.ENU.KZ

 

 



тӛртінші  кезең  -  қазақ  батырлар  жырлары  «Абылай»,  «Қара-керей  Қабанбай»,  «Қанжығалы 

Бӛгенбай»,  «Сүйіндік»,  «Олжабай»,  «Есімхан»  XVII-XVIII  ғасырлар,  бесінші  XIX-XX 

ғасырлардағы  жыр-аңыздар  «Исатай»,  «Махамбет»,  «Бекет-Батыр»,  «Кенесары»,  «Наурызбай», 

«Жанқожа» т.б.» [12,б.5] тарихи хронологиялық ұғымға баулиды. 

Сонымен,  ақын-жыршы  мен  шежіреші-қария  қазақ  қоғамының  ішінде  қоллективтік  жадын 

сақтап  жырлайтын  жеке  тәуелсіз  кіші  топтардың  бірегейі.  Егерде  ақын-жыршы  мен  шежіреші-

қарияны салыстырса олар бір-бірімен тығыз байланыста болды, кей-кезде ақын-жыршы шежіреші 

де болды, кей-кезде керісінше. Бірақ біздің ойымызша ақын-жыршы (тарихи аңызды жырлайтын) 

тарихты  жыр-аңыз  арқылы  жалпы  қазақ  халқының  дамуын  ішкі  және  сыртқы  әлеуметтік,  саяси, 

мәдени,  тарихи процесстерін  жырлап  халыққа жеткізіп  отырды,  ал  шежіреші-қария  негізінен  ру, 

арыс,  жүз  шежіресінің  (аталас,  ата  баласы,  ру,  арыс,  жүз  генеологиясын)  дамуын  кӛрсетті.  Осы 

тұрғыдан  қарағанда  жыр-аңызды  жырлайтын  ақын-жыршының  рӛлі  шежіреші-қариямен 

салыстырғанда  біршама  жоғары  болып  келеді.  Негізінен  Ә.Х.Марғұланның  тарихи  жыр-аңыздар 

әке  жыршыдан  бала  –  жыршыға  (шәкірт  –  жыршыға  Б.А.)  мирас  болып  қалады  деген  пікір  ӛте 

орынды. Ӛйткені тарихи жыр-аңыздарда үлкен тарихи хабарлы оқиғалар сақтаулы, оны ер жеткен 

кісіге  бірден  ұғып  түсіне  алу  қиын,  сондықтан  біздің  ойымызша  бір  ізділік  болмай  тарихи 

фактілер бұрмаланып дұрыс баяндалмайды. Осы себептерге байланысты ақын-жыршы ӛз баласын 

немесе  шәкіртін  кішкентай  кезінен  бастап  дұрыс  тәрбие  беріп  үйретеді.  Бала  жасынан  жыр-

аңыздарды жатқа оқып үйрене бастайды да, ӛз жадын, ӛз елі хақында ой ӛрісін әрқашан дамытып 

отырады. Ер жеткен соң ӛз білімін әрі дамытып ӛз әкесінің (немесе ұстазының) ісін жалғастырушы 

болып  есептеледі  де  ақын-жыршы  болып  аталады.  Әрине  қазақ  қоғамының  ішінде  әркім  ақын-

жыршы  немесе  шежіреші  бола  алмайды,  сондықтанда  бұл  іс  тек  мұрагерлік  сипатта  болып 

отырды.  Ақын-жыршы  мен  шежіреші-қариялардың  негізгі  рӛлі  ол  хабар-мұрағаттық,  ұжымдық 

(этностық)  жадын  сақтау,  қазақтың  ауызша  тарихын  жыр-аңыз  бен  шежіре  арқылы  болашақ 

ұрпақтарға  жеткізу,  қазақтың  ұлт  санасын  жетілдіру,  ӛз  отанына  деген  патриоттық  сезімдерін 

ояту,  ал  ең  негізі  олар  тарихшылардың  ролін  атқарды.  Ақын-жыршы  мен  шежіреші-қариялар 

негізінен  қазақ  қоғамында  бір  халықтың  тарихын  сонау  сақ,  үйсін,  ғұн,  қаңлы,  оғыз,  қыпшақ 

дәуірлерінен бастап осы ХХ ғасырдың басына дейін күрделі ӛзгеріссіз жеткізді, бұл таң қаларлық 

жәй деп санауымыз керек. 

Қазіргі  кезде  Ә.Х.Марғұланның  этнотарихи  тәсілін  пайдаланып,  оған  қоса  жаңа  ізденістер 

арқылы ежелгі тарихи жыр-аныздардың, шежірелердің тарихи маңыздылығын қайта қарап, оларды 

қазіргі  заманға  лайықты  тұрғыдан  талдап  жаңадан  табылған  жазба  және  заттық  деректермен 

салыстырып  қазақ  халқын  қалыптастырған  сақ,  үйсін,  оғыз,  түрік,  қыпшақ  тайпалардың  бұрын-

соңды  ашылмаған  ақтаңдақ  беттерін  ғылыми  тұрғылықтан  толықтыруға  болады.  Ол  үшін 

біріншіден  далалық  жыр-аңыздарды,  шежірелерді  тарихшылар,  ауыз  әдебиетшілер,  этнографтар 

бірлесе отырып, бір бағытта кешенді түрде зерттеулер жүргізілуі қажет.  

 

Әдебиеттер тізімі: 

 

1.



 

Библиография ученых Казахстана. «Наука» Каз ССР, 1984. - С.13-14. 

2.

 

Каженова



 

Г.И. Маргулан  -  этнограф,  археолог,  филолог.  //Сборник  материалов  конференции. 

Маргулановские чтения. - Жезказган, 1998. - С.257, - С. 259. 

3.

 



Ахинжанов С.М., Макарова П.А., Нурумов Т.Н. К истории скотоводства и охоты в Казахстане. 

- Алма-Ата, 1992. - С.6-7. 

4.

 

Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального 



Казахстана. - Алма-Ата. Наука, 1966. - С. 263. 

5.

 



Вайнштейн С.И. Мир кочевников центра Азии - М., Наука, 1991. - С С. 288-289.  

6.

 



Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. - Алматы, 1999. - бб. 231-333. 

7.

 



Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального 

Казахстана. - Алма-Ата. Наука - С. 409. 

8.

 

Маргулан  Д.А.  О  научном  наследии  А.Х.Маргулана  //Сборник  материалов  конференции. 



Маргулановские чтения. - Жезказган, 1998.- С. 36. 

9.

 



 

Бартольд В.В. Соч. - М., 1965. - Т. I. - С. 225; Т. V. - С. 195 

10.

 

Бартольд В.В. Кыпчаки. Соч. М., 1968. Т. V. - С. 549., Т. V. - С. 508. 



11.

 

Ахинжанов С.М. А.Х.Маргулан и некоторые вопросы истории кыпчаков //Сборник материалов 



конференции. Маргулановские чтения. - Алма-Ата, 1989. - С. 24. 

WWW.ENU.KZ

 

 



12.

 

А.Х.Маргулан О характере исторической обусловленности казахского эпоса. 1946. № 2 - С. 75-



81. 

 

 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет