Дербес компьютердің құрылысына оның логикалық ұйымдастырылуы, құрылысы және ресурстары жатады.
Дербес компьютердің құрылысына оның логикалық ұйымдастырылуы, құрылысы және ресурстары жатады.
Қазіргі заманғы дербес компьютерлердің құрылысы магистральдік - модульдік принціпке негізделген.
Модульдік принціп бойынша қолданушы өзіне қажетті компьютер конфигурациясын жинай алады және оны қалауынша жаңарта алады.
Көптеген компьютерлердің құрылу негізі Джон фон Нейман (1945 ж.) приципіне негізделіп құрылған:
Бағдарламалық басқару принципі – бағдарлама бір-бірінен соң нақты бір тізбекпен автоматты түрде процессор арқылы орындалатын командалар жиынтығынан тұрады.
Бағдарламалық басқару принципі – бағдарлама бір-бірінен соң нақты бір тізбекпен автоматты түрде процессор арқылы орындалатын командалар жиынтығынан тұрады.
Жадының біртектілік принципі – бағдарлама және берілген мәліметтер тек бір жадының ішінде ғана сақталады; берілгендерге орындалатын әрекеттерді командаларға да орындауға болады.
Адрестілік принципі – негізгі жады құрылымдық тұрғыдан нөмірленген ұяшықтардан тұрады.
Компьютерлер негізін электрондық және электромеханикалық элементтер мен құрылғылардан құралған — аппаратура (HardWare) құрайды.
Компьютерлер негізін электрондық және электромеханикалық элементтер мен құрылғылардан құралған — аппаратура (HardWare) құрайды.
Компьютерлер әрекетінің принципі арифметикалық логикалық және басқа да операциялардың нақты анықталған тізбегінен, алдын-ала берілген — бағдарламасын (SoftWare) орындаудан тұрады.
КОМПЬЮТЕР АРХИТЕКТУРАСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Компьютердің негізгі логикалық түйіндеріне мыналар жатады:
процессор;
желілік шина;
негізгі (оперативті) жады;
дисктік жинақтаушылар;
енгізу және шығару құрылғылары.
Барлық құрылғыларды қосу жүйелік магистральдар (шиналар) арқылы орындалады. Барлық сыртқы құрылғыларды қосу контроллер, адаптер, карталар арқылы жүргізіледі.
Магистраль – электронды схеманы қосатын ұяшықтардан тұратын өткізгішті құрылғы. Ол компьютердің барлық құрылғылары арасында байланыс орнатып, ақпарат алмасуды жүргізеді.
Магистраль – электронды схеманы қосатын ұяшықтардан тұратын өткізгішті құрылғы. Ол компьютердің барлық құрылғылары арасында байланыс орнатып, ақпарат алмасуды жүргізеді.
Магистраль көп өткізгішті жолдардан тұратын, көп разрядты үш шинадан тұрады:
1) Адрестік шина – ол арқылы жедел жады ұяшықтарының адресі жіберіледі.
2) Мәліметтер шинасы – ол арқылы жедел жадыдан процессор регистріне және керісінше мәліметтерді көшіру орындалады.
3) Командалық шина – ол арқылы жедел жадыдан процессормен орындалатын командалар келіп түседі. Командалар байттар түрінде ұсынылады.
3) Командалық шина – ол арқылы жедел жадыдан процессормен орындалатын командалар келіп түседі. Командалар байттар түрінде ұсынылады.
Контроллер – шеткері құрылғылар немесе каналдар қатынасын орталық процессормен байланыстыратын құрылғы. Шеткі құрылғылар шинаға тікелей емес, ал өздерінің контроллері (адаптері) немесе порты арқылы келесі схема түрінде қосылады:
ҚОСЫМША ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
Конструкторлық тұрғыдан ДК жүйелік блок түрінде болады, оған арнайы қосқыштар арқылы басқа құрылғылар жалғанады. Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғылар ішкі құрылғылар деп, ал жүйелік блоктан тыс сыртындағы құрылғылар – сыртқы (шеткері - перифериялық) құрылғылар деп аталады.
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ:
Жүйелік блок
Монитор
Пернетақта
Тышқан
Компьютердің ең негізгі бөлігі . Формасы бойынша корпус түрлері мынадай болады: Desktop – жазық корпус (көлденеңінен орналасатын); Tower – баған түріндегі (тігінен орналасатын).
Жүйелік блок
Корпустың алдыңғы жағында Power – іске қосу, Reset – қайта қосу, қоректену және ДК жұмысының индикаторлар батырмалары болады.
ЖҮЙЕЛІК БЛОКТЫҢ НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ:
Жүйелік (аналық) тақта;
Қоректендіру блогы
Қатқыл диск немесе
винчестер;
Дискет салғыш;
DVD, CD диск салғыш;
Компьютерге басқа құрылғыларды қосуға арналған шлейфтер.