Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері


Филогенетикалық топтардың түзілу ережелері



бет117/131
Дата20.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#109266
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   131
Байланысты:
Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары жән-emirsaba.org

Филогенетикалық топтардың түзілу ережелері. Табиғатта эволюцияның негізгі екі бағыты бар: арогенез жолымен топтардың дамуы мен аллогенез жолымен топтар дамуы. Бұл жолдар тығыз байланысты болып, тұрақты түрде кезектесе отырып, бірінен-біріне өтеді.
Эволюцияның басқа бағыттарын (мамандану мен реуипсс) жаратылысы бойынша, арогенез бен аллогенездің жекелеген жағдайлары ретінде қарастыруға болады.
Ароморфоздар (топтың арогенезін анықтаушы) мен алломорфоздарды (топтың аллогенезін анықтаушы) ретінде барлық уақытта нақты кәдімгі тіршілік ортасында туындайтындығын атап өткен жөн..
1. Аллогенез – бірдей масштабтағы адаптациялармен ерекшеленетін жаңа түрлердің туындауымен бір адаптивті аймақ, ішіндегі топтар дамуы. 
2.Арогенез - адаптивтік аймақтың кеңейуінің болуымен және бұрындары болмаған қандай-да бір ірі бейімделушілікті топтың иеленуі нтижесінде басқа табиғи аймаққа шығушы топтар дамуы.

Аллогенез ағзалардың – топтар мүшелерінің функциялануы мен құрылысының ортақ ерекшеліктері негізінде жүреді. Мұндай адаптивтік аймақ шамасындағы топтар дамуы барлық адаптивтік аймақтардың тірішілік етуінің шектелген мерзімімен ұзақ периодқа созылуы мүмкін.
Аллогенез кез-келген топта байқалады. Әрбірінен көптеген өмірлік түрлер түзілетін манолиофиттер мен бунақденежегіштер бөлімінің мысалында аллогенез жолымен эволюция бағытын суреттеуге болады. Аллогенез қандай да бір белгілі бір жағдайлармен адаптивтік аймақ ішіндегі әрбір филогенетикалық формалардың белгілі мамандануымен байланысты. Кейде мұндай мамандаудың соншалықты алысқа енетіні сондай, мамандану жайлы топ дамуының жекелей типі ретінде айтуға болады. Мамандану бұл топтардың тіршілік етудің ең тар жағдайына (адаптивтік аймақтың тарылуына) бейімделумен байланысты аллогенездің шекті нұсқасы.


Арогенез. Палеонтологиялық жазбалар көрсеткендей, бір табиғи аймақтан екіншісіне негізінен азғана санды топтармен (ерекшеленетін) салыстырылатын жекелеген топтар ғана түседі. Бұл арогенез деп аталатын өтулер негізінен салыстырмалы үлкен жылдамдықпен жүзеге асады: арогенез жолында жаңа аймаққа жете алмай «интераралық» аймақта көптеген аралық топтар жойылады. Бірақ жаңа табиғи аймаққа түскен бұтақ кең аллогенез жолына шығады. Топарды арогенез жолына алып келетін ірі, принциптік бейімделулер араморфоз деп аталады (А.Н.Северцов). Салыстырмалы кішігірім масштабтағы арогенез мысалы ретінде құстар класының туындауы мен жарыққа шығуын қарастыруға болады. Белгілі бір бейімделу (табиғи) аймағына енеотырып қазіргі заманғы құстардың ата-тектері ұшу мүшесі ретінде қанаттың, төрт камералы (төртқұлақты) жүректің туындауының, жылықандылықпен ауадағы қозғалысты бағдарлаушы ми бөлімдерінің дамуының арқасында ғана тіршілік ете алды. Құрылыс пен функцияланудағы осы барлық өзгерістер триастық, динозаврлардың қандай-да бір топтарының орогенезге тап болуына алып келді. Қазіргі заманғы шөлдік, далалық, суда жүзгіш және тау құстарының бейімделгіштігі ең жекелеген ерекшеліктердің – ароморфоздың туындауымен анықталса, ал құстар класының ішідегі эволюция типі аллогонезбен анықталады.
Өсімдіктер эволюциясында өткізгіш қантамыр жүйелерінің, эпидерманың, устицьенің, сондай-ақ жұмыртқа салу мен шағылысу түктерінің туындауы жоғары өсімдіктердің құрғақ жаулауында үлкен маңызға ие болды.
Осы барлық өзгерістердің – ароморфоз екендігі, ал эволюция типтерінің – арогенез екендігі күмәнсіз. Эволюция барлық уақытта күрделену жолымен жүрмейді. Жаңа адаптивтік аймақтың толығуына алып келетін арогенез кейде ең қарапайым құрылыстың морфофизиологиялық дегенерацияның – регрестің туындауының негізінде жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет