Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері



бет120/131
Дата20.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#109266
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   131
Байланысты:
Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары жән-emirsaba.org

Қызметтер алмасуы. Негізгі қызметтер ауысымы мүшелер эволюциясындағы ең ортақ әдістерінің бірі. Қызметтер алмасуының мысалын он аяқты шаяндардағы аяқтардың жіктелуін келтіруге болады. Барлық аяқтардың негізгі қызметі- жүзу, ал екінші- жүру мен қармау болып табылады. Эволюция процесінде барлық аяқтар қызметінің кеңеюі жүреді.
Өсімдіктерде қызметтер алмсуының мысалдары өте көп. Өсімдіктердегі түйнектердің түзілуі өсімдіктің сәйкес мүшелерінің қызметтерінің алмасуы нәтижесінде жүзеге асады.


Филогенздегі мүшелер түзілуінің өзара байланысы. Мүшелер мен жүйелердің эволюциялық өзара қатынастарының күрделі қасиеттері гетеробатмиясы мен компенсациясы, орынбасу принциптерін талдау кезінде көрінеді. Мүшелер орынбасуы егер эволюция процесінде бір мүше жойылып, тектердегі оның қызметін қандай да бір басқа мүше немесе құрылым орындай бастағанда жүзеге асады. Мүшелердің орынбасу мысалы болып хорданың алдымен шеміршектерге содан соң сүйекті омыртқалыларға аламасуы табылады. Өсімдіктердегі субситуация принциптері кактус тектес формалардағы қабықтар мен сабақтардың филодилермен филлокладийлер түзілуі кезінде көрінеді: фотосинтез қызметі жапырақтан сабаққа өтеді.

Гетеробатмия. (гетеро – басқа және bathmos –дәреже, саты) мүшелер түзілудің бұл әдісі мүшелер эволюциясының әркелкі қарқын табиғатында жиі көрініс беріп, ағзаладың әртүрлі бөліктерінің дамуының әрқилы деңгейін береді (А.Л.Тахтаджян). Ағзада салыстырмалы түрде өзара функционалды әлсіз байланысқан мүшелердің толықтай жүйесімен мүшелері болады.

Компенсация. Гетеробатмиямен принципті ұқсас құбылыс мүшелердің әрбір ірі жүйелердің эволюциясында байқалады: бір мүшелердің жылдам өзгерісі сол жүйедегі басқа мүшелердің өзгеру қарқынының ұзақ кешігуін компенсациялауы мүмкін. (Н.Н.Воренцов, 1961). Мысалы, кеміргіштер қатарындағы белгілі бір тіршілік етіу жағдайына асқорыту мүшелері жүйелерінің мамандануы негізінен асқазанның құрылыс ерекшеліктерімен азғана дәрежеде тіс жүйесінің құрлысына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет