Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері


Эволюцияның негізгі бағыттары мен жолдары



бет114/131
Дата20.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#109266
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   131
Байланысты:
Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары жән-emirsaba.org

22. Эволюцияның негізгі бағыттары мен жолдары.


Эволюциялық прогресс. Эволюциялық регресс. Эволюциялық прогрестің негізгі жолдары. Эволюциялық бағыттардың арақатынасы.
Тірі табиғат эволюциясы — үздіксіз және бейімділік сипатта жүріп жататын әрекет. Тіршілік өте қарапайым формада пайда болып, одан күрделі құрылысты ағзаға дейін біртіндеп дамыды. Алайда күрделеніп дамумен қатар кейде ағзалардың құрылыс дәрежесінде қарапайымдану және қайсыбір мүшелердің жойылуы да болып отырды. Ендеше, органикалық дүниенің даму тарихын жете түсіну үшін эволюцияның негізгі багыттары мен жолдарын ажырата білу керек.

Биологиялық прогресс. Органикалық дүниенің дамуы барлық замандар мен кезеңдерде жердің геологиялық және климаттық жагдайларына сәйкес жүріп жатты. Ол жағдайлардың өзгеруіне байланысты өсімдіктер мен жануарлар дүниесі де өзгеріп отырды. Органикалық дүние эволюциясының негізгі бағыты биологиялық прогресс болды. Биологиялық прогресс ағзалардың қарапайым төменгі сатыдаи жоғары сатыларға дейін көтеріліп, құрылыстардың күрделенуі, даралар санының артуы, ареалдың кеңеюімен байланысты жүрді. Бұл әрекет кей жағдайда морфофизиологиялық регресс негізінде сипатталды. Бұған пара-зиттік тіршілік етуге бейімделген қүрттар мен кейбір жәндіктердің құрылысының қарапайымдануын мысал етуге болады. Ондай ағзалар тіршілік үшін күресте жеңіп шығып, соның нәтижесінде даралар санынын артуына, ареалдың кеңеюіне әкеліп соғады. Қазіргі кезде биологиялық прогресс жағдайында тұрған ағзалар қатарына жабық тұқымды өсімдіктер, жұмырқұрттар, бу-нақденелілер, сүйекті балықтар, құстар және сүтқоректілер жата-ды.

Биологиялық регресс. Прогреспен қатар табиғатта биологиялық регрес те жүріп жата-ды. Мұның нәтижесінде даралар санының кемуі, ареалдың таралуы және түрдің жойылуы байқалады.
Соңғы мәліметтер бойынша өсімдіктер әлемінде қырықбуындар мен шаңжапырақтардың, ал жануарлардан адамның іс-әрекетіне байланысты суыр, теніз мысығының, т. б. биологиялық регресі жүруде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет