Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері


Адамның іс- әрекетінен табиғи заңдылықтардың бұзылуы



бет66/131
Дата20.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#109266
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   131
Байланысты:
Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары жән-emirsaba.org

Адамның іс- әрекетінен табиғи заңдылықтардың бұзылуы. Басты проблеманың міндеті мынада: ғылым мен техниканың дамуына байланысты адамның «санасыз» іс-әрекеттері салдарының сезілуі барған сайын күшейіп барады. Ластану түрінде «табиғатқа антропогендік кысым көрсету», табиғи ресурстарды көп мөлшерде тұтыну, өзге тірі тіршілік иелерін ығыстырып, жою өсе түсті. Жағымсыз әсердің мүмкіндігінше азырак, сезілуіне жету қажет.
Алайда адамның өз іс-әрекетінің оғаш қылығы оның өмір сүруіне қауіпті болып барады.. Мысал ретінде денсаулықтың экологиялық себептерін келтіруге болады.


Ғаламдық экологиялық промблемалар Қазіргі кезде адам іс-әрекетінің биосфераға әсері туралы мәселе ерекше шиеленісіп түр. «Экология» бөліміндегі акпараттардың барлығы адам мен биосферанын. өзара карым-қатынасы проблемасына, олардың өзара әсерлесуі және өзара шарттасуына арналған. Шын мәнінде экологиялық проблемаларды шешуге арналған мәселе - бұл адамзат өмірін сақтауға барабар мәселе болып табылады. Сонымен, адамзаттың басты экологиялық саясатының негізгі бағыттары мынадай:
• өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының калдықсыз өндірісін жасау; оған қоса электрэнергияның экологиялық таза болуы;
• қоршаған ортаның өнеркөсіптік, ауыл шаруашылығы және көлік қалдықтарынан ластану проблемасын шешу;
• жаһандық, климаттық өзгерістер проблемасын шешу;
• адам санының есу проблемасын шешу;
• Жоғары өнімді ауыл шаруашылығының қолтұқымдарын және өсімдіктер іріктемелерін, микроорганизмдер сеппелерін шығару;
• биологиялық сан алуандық пен табиғи бірлестіктерді сақтау.
Егер осы проблемалар шешімін тапса, адамзаттың сақталып қалу мүмкіншілігі бар. Егер қоршаған ортаға жағымсыз жағдайлар шешілмесе, адам өз үйі — Жер ғаламшарынан айрылады да, сөзсіз қаза табады.
АЛҒЫ СӨЗ
Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері. Органикалық эволюцияның негіягі еркшеліктері. Эволюция құблысын зерттеу принциптері мен әдістері. Биология ғылымдары жүйесінде ілімінің алатын орны оның философиясымен байланыстылығы. Эволюцияның негізгі прблемалары.

Эволюция ілімі студенттердің диалектикалық материалистік көзқарастарын қалыптастырады, биологиялық ойлау қабілетін арттырады, ой өрісін кеңейтеді, оларға табиғат құблыстардың статистикалық әдіс арқылы зерттеуді үйретеді және табиғи құблыстардың себеп салдары байланыстарын түсіндіреді. Студенттердің эволюция теориясын игеру, олардың қазіргі заман биологиясындағы күрделі материалдарды өз беттерімен талдау, синтездеу қабілеттерін дамытады.


Эволюция ілімінің негізгі мәселелерін биологиядан жүргізілетін мемлекеттік емтихан бағдарламасына енгізілген . Генетика, цитология, экология секілді жалпы биологиялық ғылым салаларының негізгі қағидалары ілімінде эволюциялық мазмұнға ие болады. Эволюция ілімін оқытуда осы принципті кең көлемде пайдалану студенттердің ойлаудың диалектикалық құбылыс екендігін түсінуіне және материалды игеруде догматикалық көзқарастарды теріске шығаруына, бұзуына мүмкіндік жасайды. Бұл принциптің тәрбиелік маңызы да жоғары.
Дәрістер жинағының мазмұны эволюция теориясы пәнінің логикалық құрлымына сәйкес түзіледі. Қазіргі заман эволюция теориясының негізін микроэволюция жайлы ілім құрайды. Бұл көпшілік жағдайда генетиканың және экологияның деректеріне негізделеді. Сондықтан эволюцияның негізін түсіндіру үшін бұл ғылымдарды жақсы білу қажет.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылық өнімдерін көбейту аса маңызды болып тұрған кезде медециналық зерттеу жұмыстары қарқынды дамып жатқан кезде, бүкіл табиғат бұзылып жатқан кезде, табиғат ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану проблемасы адамзаттың алдында тұрған негізгі прблемаға айналады. Бұл мәселелерді шешуде эволюция теориясының практикалық маңызымен танысу бағыты да орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет