Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері



бет65/131
Дата20.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#109266
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   131
Байланысты:
Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары жән-emirsaba.org

Биосфера эволюциясы.. Биосфера тіршілік пайда болған күннен бастап пайда болды. Алайда барлық қалған Жердің географиялық қабаттарына әсер еткен тірі кабат ретінде ол бұдан 3,5 миллиард жыл шамасында бұрын өзін көрсете бастады. Бұл фотосинтездің ағзалардың едәуір тобында жүзеге аса бастаған кезі еді. Содан бері биосфера ұзақ эволюциялық жолдан өтті. Тіршіліктің жеке формаларының эволюциясы ғана есте болып отырған жоқ. Биосфераның өзі эволюция жолымен бірте-бірте дамыды және басқа географиялық қабаттарды өзгертті. Пайда болу үдерістері мен биосфераның эволюция жолымен бірте-бірте дамуын «Тіршіліктің шығу тегі» және «Макроэволюция» сала пайда болды. Шындығында биосфера болып табылатын, яғни ғарыштық сипат алған тірі заттың тарихи дамуындағы сол кезеңдерді қысқа-ша сипаттап көрейік.


Биосфера эволюциясының маңызды кезеңдері:
• тіршіліктің пайда болуы;
фотосинтез есебінен автотрофты қоректенудің пайда болуы;
• екінші реттік (оттекті) атмосфераның пайда болуы;
• озондық калқаның пайда болуы;
• тірі ағзалардың құрлыққа шығуы және оның, орын тебуі;
• топырақтың түзілуі;
• атомдардың биогендік өрістеуінің тұрақты биохимиялық айналымының калыптасуы;
• ағзалық шөгінділі және метаморфозды таужыныстардың түзілуі;
• саналы адамның пайда болуы;
• ноосфераның пайда болуы.
Home sapiens түрі - кез келген тірі ағзалардың басқа түрі секілді биосфера кұрам бөліктерінің бірі. Антропогендік ықпал сезілетіндіктен дәрежеге жеткенге дейін адам биомассаның құрам-бөліктерінің бірі болып қала берді. Шамалап айтқанда бұл отпен аяқтан шалып аң аулау және егін шаруашылығы байтақ аумақта климатты өзгертуге жеткізген ерте көне заманда басталды.
Сонан соң адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің өрісі өскен сайын өсе түсті. Айтарлықтай мөлшерге жеткенге дейін оларды антропогендік факторлардың жеке тобына бөлді. Адамның ықпалы біртіндеп бәрін қамти алатындай дәрежеге жетті. Ал шаруашылық әрекеттің жағымсыз салдары қоршаған ортаның үйлесімін өзгертті.
Ғылыми-техникалық алға басу барысындағы адамның іс-әрекеті жаһандық экологиялық дағдарыстың пайда болуына негізгі себеп болды.


30. Ноосфера.


Ноосфера ұғымы. Адамның іс- әрекетінен табиғи заңдылықтардың бұзылуы. Ғаламдық экологиялық проблемалар.


Ноосфера. Ноосфера — В. И.Вернадский қалыптастырып енгізген ұғым. Бұл — «саналылар сферасы». Ноосфера биосфера дамуының жоғары кезеңі деп есептеледі, одан адамзаттың саналы іс-әрекетінің салдары жаппай сезіліп тұрады. Қазіргі кезде ноосфераның шекаралары биосфераның шекараларына тура келеді. Өйткені жерде адам іс-әрекетінің салдары сезілмейтін аумақ іс жүзінде қалған жоқ. Тіпті егер де «адам аяғын баспаған орындар» бола қалғанның өзінде олар атмосферада антропогендік шығарындылардың қандай да болса бөлшектері немесе сол қосылыстарды топырақтан немесе судан және т.б. табуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет