Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері


Эволюциялық бағыттардың арақатынасы



бет51/131
Дата20.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#109266
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   131
Байланысты:
Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары жән-emirsaba.org

Эволюциялық бағыттардың арақатынасы. Эволюцияның бұл негізгі бағыттары немесе эволюция жолдары — бір-бірімен тығыз байланысты. Тарихи даму барысында олар бірін-бірі жалғастырып немесе алмастырып отырады. Жоғары сатыдағы жаңа топтар ароморфоз жолымен пайда болып, жаңа мекен орталарына тарала бастайды. Жаңа тіршілік жағдайында идиоадаптация нәтижесінде ағзалар сол ортаға қоныс теуіп, өзінің құрылым дәрежесін сақтай отырып бейімделеді, оның барлық жерін мекендейді. Ағза мен орта жағдайлары арасындағы қарым-қатынас қарапайым күйге көшкен кезде жалпы дегенерация жүре бастайды. Идиоадаптацияға қарағанда ароморфоз әлдеқайда сирек байқалатын, органикалық дүние дамуындағы жаңа кезең болып саналады. Ароморфоздың байқалуы идиоадаптацияға жаңа мүмкіндіктер ашып береді, соның нәтижесінде даралар саны артады, ареал кеңиді
23. Филогенетикалық топтар эволюциясы.


Филогенез түрлері. Эволюциялық дәлелдемелер. Филогенетикалық топтардың түзілу ережелері.

Берілген жүйелеулер, палентологиялар, биогеографиялар, салыстырмалы анотомиялар мен басқа да биологиялық пәндер үлкен нақтылықпен жоғарыдағы түрлердің кез-келген деңгейіндегі эволюциялық процесс барысын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Әртүрлі биотикалық және абиотикалық қоршаудағы, сыртқы ортаның әркелкі жағдайы кезінде әртүрлі топтардағы эволюциялық процестер барысын салыстыру тарихи даму ерекшеліктерінің көптеген топтары үшін ортақ сипатты бөліп алуға мүмкіндік береді.



Филогенез түрлері. Эволюциялық дәлелдемелер. Филогенез формаларының ішінде негізінен кез-келген токсондар өзгерісі мен екіншілік – параллелизм мен конвергенция жатқан біріншілік – филетикалық эволюция мен дивергенцияны бөліп көрсетуге болады.

Филетикалық эволюция – бұл бір филогенетикалық діңде (барлық уақытта мүмкін болатын дивергенттік бұтақталу есебінсіз) жүзеге асатын өзгеріс. Мұндай өзгерістерсіз ешқандай эволюциялық процестер жүре алмайтындықтан, филеткалық эволюцияны эволюцияның элементарлы формаларының бірі деп есептеуге болады.
Түзу сызықпен жылқы тегінің дамуы: фенокодус – эогиппус – миогиппус – парагиппус – плиогипус – қазіргі заманғы жылқы – филетикалық эволюция мысалы. Филетикалық эволюцияны «таза» күйде (дивергенциясыз эволюция ретінде) эволюциялық процестің салыстырмалы қысқа периоды түрінде сипаттауға болады. Бірақ ол эволюция процесінің тоқтамайтындығын көрсетеді.


Дивергенция – таксондар эволюциясының басқа біріншілік формасы. Әртүрлі жағдайдағы сұрыптау бағытының өзгерісі нәтижесінде ағаштың діңінен өмір бұтағы тәрізді, бірегей тектердің дивергенция әрекеті жүріп отырады. Дивергенцияның бастапқы сатысын түрлік қоныстанудың жекелеген бөліктеріндегі қандай да бір белгілері бойынша ерекшеліктердің туындауы мысалында тіршілік деңгейден байқауға болады. Популяция дивергенциясы түртүзілуге алып келуі мүмкін. Формалар дивергенциясының тамаша мысалы – Байкал жағалауындағы көптеген түрлермен Галапагосс аралдарындағы азғана тектік түрлердің морфофизиологиялық ерекшеліктері бойынша саналуандылықтың туындауы.
Түрге қарағанда (макроэволюциялық деңгейге) өте ірі топтар мен түр ішіндегі (микроэволюциялық деңгей) дивергенция процестерінің принциптік ұқсастықтарына қарамастан олардың арасында микроэволюциялық деңгейдегі дивергенция процесінің қайтымды болатындығының маңызды ерекшелігі бар, екі айырылған популяция эволюцияның келесі сәтіндегі шағылысу жолымен бірігіп, бірегей популяция ретінде қайта тіршілік ете алады. Макроэволюциядағы дивергенция процестері қайтымсыз: бір рет туындалған түр ата-аналық пен қосылыса алмайды (филетикалық эволюция барысында сол және басқа түрлер өзгеретін болады).
Дивергенция мен филетикалық эволюция – филетикалық түрдің барлық өзгерістерінің негізгі және табиғаттағы кез-келген көлемдегі әрекеттің жүруінің біріншілік формасы.

Конвергенция – бұл екі немесе бірнеше топтар дараларының ұқсас фенотиптік келбеттерінің қалыптасу процесі. Конвергенция (конвергенттік даму) – Жердегі тіршілік дамуындағы анық құбылыстардың (феномендердің) бірі.
Конвергенттік ұқсастық дивергенттікен барлық уақытта жай ғана ерекшеленбейді. Мысалы, ХХ ғасыр ортасына дейін нағыз кеміргіштермен (Rodenia) қоянтәрізділердің (Lagomorha) туыстығы ортақ тектердің топтар дивергенциясына негізделген. Тек арнайы зерттеулер ғана қояндарды, үй қояндарын, сенімділікпен нағыз кеміргіштерге емес, шығу тегі бойынша тұяқтыларға жақын ерекше жақын отрядқа жатқызуға мүмкіндік берді. Қазір қоянтәрізділердің кеміргіштермен ұқсастығы дивергентті емес, конвергентті екендігі анықталған.
Конвергенция топтар эволюциясының формасы секілді кез-келген деңгейдегі эволюциялық процесс үшін тән болып саналады: әртүрлі тұқымдас, отряд, соңында, әртүрлі класс (акулалар, ихтиозаврлар мен дельфиндер денелерінің формасы бойынша ұқсастық) түрлерінің конвергенциясын табуға болады. Бір класс ішіндегі конвергенттік даму мысалы болып «қасқырлардың», «аюлардың», «көртышқандар» мен т.с.с қалталы және қағанақты сүтқоректілердің арасындағы бірдей биологиялық формалардың туындауы табылады. Тасманиялық қалталы қасқыр (Thylacinus cynocephalus) мен кәдімгі қасқырдың туындауы бүтін қауымдастықтың эволюциялық процесінің ұқсас бағыттарымен анықталады. Отряд ішіндегі конвергенция мысалы ретінде ашық кеңістіктегі «секіргіштің» биологиялық типінің тәуелсіз туындауын есептеуге болады.
Конвергенттік дамудың өзіндік формасы параллелизм түрінде – біріншілік дивергирленуші және генетикалық жақын топтардың ұқсас фенотиптік қалыптасуы қарастырылуы мүмкін. Параллель дамудың классикалық мысалы болы тұяқты сүтқоректілер: Оңтүстік Америкадағы литоптерн (Litopterna) Арктогестегі жұптұятылар (Perissodactyla)екі тобының филогениясы саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет