Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері. Органикалық эволюцияның негіягі еркшеліктері



бет181/231
Дата31.12.2021
өлшемі303,27 Kb.
#23808
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   231
Байланысты:
ДӘРІС ЭВОЛЮЦИЯ 15 АПТААА

Табиғи сұрыпталудың мәні. Табиғи сұрыпталу жайындағы ілім органикалық дүниенің тарихи дамуының объективтік заңы ретінде Ч.Дарвин теориясының негізгі бөлімі болып саналады. Қазіргі кезде биологияда Дарвин теориясының негізгі жағдайларының дұрыстығын дәлелдеуші көп және жан-жақты материалдар қорланды. Дарвин теориясында табиғи сұрыпталу табиғатта жүріп жатқан процесс мағанасында түсіндіріледі. Бұл әрекетте дамып келе жатқан ағзаға орта жағдайының тигізген әсерлерінің нәтижесінде өмір сүруі және дамуы үшін пайдалы белгілерге ие болған жекеленген даралар (индивидумдар) сақталып қалады.

Табиғи сұрыпталу кезінде кері әрекетте көрініс беруі мүмкін, ол -элиминация – сыртқы орта факторларының ағзаға тигізетін зиянды өзгерісі, оның тіршілігіне теріс ықпал етеді, ондай өзгерісті даралар ең алдымен құрып кетеді немесе өсіп-өне алмайды. Мысалы, бір топ торғайларға жыртқыш құстар шабуыл жасағанда, ең алдымен олардың ішінен қандай да бір кемістігі бар құстар қолға түсіп жем болады. Швециядағы бақылаулар бойынша қырғи 50 шақты торғайлардың ішінен бір көзі соқыр торғайларды ұстап, жеп отырған. Бұндай факторлар, құстардағы элиминация, түр үшін бағасы кем дараларда болатындығына дәлел. Бір жағынан өзгергіштіктің сипаты, ал екінші жағынан элиминация сипаты өзара тығыз байланыста болғандықтан табиғи сұрыпталудың бағыты осыларға байланысты екенін түсіну қиын емес. Осыған орай табиғи сұрыпталуға қандай жағдайлар қолайлы екендігін айтуымызға болады. Даралар саны көп болып, олардың мекендеген ортасының жағдайлары алуан түрлі болса, өзгеру варианттары да көп болады, демек табиғи сұрыпталу үшін бастапқы материалда мол болады. Ағзаға пайдалы өзгерістің қандайы болса да, ол ұрпаққа берілетін болса ғана сұрыпталу үшін мәні болады. Ең соңында табиғи сұрыпталу әрекеті бір бағытта қанша ұзақ уақыт жүріп отырса, соншалықты нәтижелі болып шығады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет