Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері. Органикалық эволюцияның негіягі еркшеліктері


«Табиғи сұрыпталу» әрекетінің жүру жайы



бет182/231
Дата31.12.2021
өлшемі303,27 Kb.
#23808
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   231
Байланысты:
ДӘРІС ЭВОЛЮЦИЯ 15 АПТААА

«Табиғи сұрыпталу» әрекетінің жүру жайы. Табиғи сұрыпталу әрекеті эволюцияның элементарлы факторы сияқты даралардың барлық тіршілік белгілері мен қасиеттеріне  әсер етеді. Сұрыпталу көрінісі әуелі фенотип бойынша көрініске ие болады. Фенотип бойынша сұрыпталу принципіне орай генотиптік сұрыпталу өтеді. Осындай сатылы екі жақтылық сұрыпталу әрекеті эволюциядағы фенотиптік өзгергіштік пен фенотиптің маңыздылығын айқындай түседі. Дарвин көрсеткендей сұрыпталу кезінде бір белгі ғана өзгеріп қоймай, гендердің әр түрлі белгілерге жауап беруіне орай, басқа белгілердің де өзгеретін принципін полифен немесе полейтропия деп атайды. Мысалы, дрозофила шыбынындағы мутация әрекеті. Полифенді мутация кезінде шыбынның қанаты, көзінің түсі, аяқтарының ұзын-қысқалылығы қатар көрініс берді. Жаңа биология ғылымы көрсеткендей, сұрыпталу бірлігі бір белгінің ғана емес, тұтас ағза генотипінің өзгеруімен жүреді. Табиғи сұрыпталу әрекетінің жүру жайына айқын мысал – индустриялық құбылыс. Ақ көбелектерді сұр көбелектердің ығыстыруы. Түйелердің шөлдегі тіршілікке бейімделу жағдайы арқылы да табиғи сұрыпталуды түсіндіруге болады. Жантақты жеу үшін еріннің, таңдайдың және тілдің құрылысы мен жабыны ерекше болып келеді. Бұл бейімділіктер қоректік бәсекелестікті азайтады, өйткені осындай тікендері бар шөпті жеушілер тіпті шөлде де көптеп табылмайды. Май жинақталған өркешті тек қана кенеулі қосымша қоректік заттардың көзі ретінде ғана емес, ағза үшін іште туындайтын су көзін  пайдалануға мүмкіндік беретін мүше деп санауға болады. Кеудесінде, шынтағында және тізесіндегі көн – ерекше құрылысты тері түйенің өте қызған құмға күймей жатуына мүмкіндік беріп, салалы жүні түйені ыстықтан және суықтан қорғайды. Түйе күшті, майлы және жеңіл табандарымен шағалдармен көтеріліп, сусымалы ыстық құммен тұрақты жүре алады.  Табиғи сұрыпталу әрекетінің тірі ағзалар популяциясына ықпал ету дәрежесі табғи сұрыпталу қысымының қарқындылығымен түсіндіріледі. Жыландар популяциясындағы микроэволюцияның жүру мысалы (Natrex Sipedon). Ори аралында (солт.Америка) шұбар жыландардың 4 түрі А.Б.В.Г. ақ түсті – А, сұр түсті Б,В.Г. – қара жолақты болды. Элиминацияға ұшыраушы қара жолақты түрлері болды. Сарғыш түсті  тастар үстінде қара жолақтылар көрініп қалып отырды.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет