Популяция толқыны және олардың эволюциядағы ролі. Популяциялық толқын дегеніміз – бұл популяцияда дарақтар санының өзгеруі. Популяциялық толқын ұғымын С. Четвериков енгізді, оны тіршілік толқыны деп те атады. Сандардың ауытқуы әр түрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Мысалы, жыртқыштарнемесе паразиттер және басқалардың санының жыл мезгілдері, зілзала және сүргін (тасқын, топан су ), адамның араласуынан өзгеруі. Популяциялық толқынның негізгі эволюциялық рөлінің мәні санның артуы барысында іріктелуге арналған материалдар орнының өте көбірек болып кетуінен. Дарақтар саны ең көп болып, толқын шегіне жеткенде іріктелуде фенотиптер мен геонтиптерді қисапсыз таңдап алу қолданылады. Әйтсе де толқын құлдырау нүктесіінде тұрғанда тіршілік үшін кұрестің күшейтіні соншалық, тек қана ең бейімділері тірі қалады. Мұндай жағдайда іріктелу қысымы өте жоғары болады. Сондықтан жаңа толқынды егер гендер ығып кетпесе, ең жақсырақ ағзалардың ұрпақтары түзіледі.Популяция толқынды зерттеу кезінде көрсетілген тағы бір маңызды проблема түрлердің экологиялық және эволяциялық өзара байланысты сандарының тәуелділігі болып табылады. Мысалы, жыртқыштар және олардың олжалары, паразиттер мен олардың иелері, қоректік бәсекелестік жағдайдалардағы жақын туыстас түрлер және тағы басқаларды айтуға болады.