Автор : «Илиада» мен «Одиссей» поэмалары ту рал ы Көне жазба ескерткіштеріне Гомердін «Илиада», «Одиссея» поэмалары жатады. «Илиада» жэне «Одиссей» поэмаларының шығарылган уакыты туралы ешкандай мәлімет жоқ. Әлі күнге осы екі поэмага байланысты шешілмеген күрделі мәселелер көп. Сондыктан «Илиада», «Одиссей» поэмаларының шыккан уакыты тарихи жагынан дәлелденбеген. сюжеті Троян соғысы туралы, гректің Троя (Илион) каласына жорығы жайлы батырлық аныздан алынган.
Автор: Агамемнон мен Ахиллес арасындагы араздык. Агамемнон ахейліктерді менменси шолып өтті де, тіл катты:
Агамемнон: - Жарайды, кайтаруга келістім. Халыктың өліміне мені күйдірмесе болғаны. Кемелерді дәл бүгін камдасын да, гекатомбага шалатын өгіздерді арта бастасын. Кеме басшысы етіп ахейліктердің данышпаны Одиссейді белгілейміз; Аполлонды райынан қайтарар кұрбандық беріп, Хризеиданы әкесіне жеткізеді. - Патша енді даусын көтере сөйлейді. - Бірак айырылган олжаның орнын оздерің толтыруларың керек! Ахей әскелерінің ортасында жалғыз менің сыисияпатсыз қалуым маскара гой!
Автор: Ахиллес қатты жауап қайырды:
Ахиллес: - Дандайсыган Атрид, сенің кұлқыныңда тойым жоқ! Саған деген сыйлықты біз кайдан аламыз? Ортаға жиған казынамыз жоқ: жорык олжалары бірден бәріміздің бөлісімізге түседі. Ал үлеске түскен олжа болса, оны ең бір жетесіз жауынгердің өзінен кайтып алу ұят кой. Егер сен казір өз үлесінді берсең, Зевс жар болып Трояның берік қорғанын бұзганда саған үш-төрт есе етіп олжа байлар едік!
Автор : Агамемнон найзасымен жер шаншып, ызалана айқайлап жіберді:
Агамемнон : - Қуланба, айбынды Ахиллес! Үлесіме сен ие болып, маған қол қусырып отыр демексің ғой? Жоқ, егер ахейліктер менің олжамның орнын лайықты сыймен толтырмаса, онда мен өз колыммен толтырамын. Хризеиданың орнын басатын тап сенің колындагы түтқын қыз Брисеиданы алып кетемін. Бұл жерде менімен ешкімнің үзеңгі қағыстыра алмайтынына және сенен каншалықты жогары түрғаныма көзінді жеткізу үшін, жаңағы ойымды дэл қазір жүзеге асыратыныма, құдайлардың атымен ант етемін!
- Арсыз, жауыз, құлқынның құлы! Сенің әміріне бас ие қояр кім бар?! Мен троялықтармен қырқысуға осында өзім үшін келді гой деймісің?! Приам ұрпағының маған деген қылдай киянаты жоқ: олар менің үйір-үйір жылкым мен табын-табын өгіздерімді айдап алган жоқ, даламды таптаған жоқ, қойнымдагы катынымды алып қашқан жоқ. Мен мұнда сенің інің Менелайдың намысын жыртып, кек кайыргалы келдім! Оның қадірін біліп түрған сен жоқсың, енді келіп кан майданда қабырғам қайыскан еңбегім үшін ахейліктердің берген сыйын тартып аламын деп қыр көрсетесің! Жаны тәтті жалмауыз төбет! Біз жорықка шыққанда ғой, сен шатырыңның саясында калып шарап ішуге кұмарсың, сонан соң, өзгенің үлесіне езеурей жүгіресің. Мен қан төгуді каламаймын, әйтпесе, бұл кылығың сен үшін өмірінде көрсеткен соңгы зәбірің болар еді. Бірақ бұдан былай сен үшін шай касқа шықпаспын!
Автор: Қатерлі дабыл кагылмай тұрып-ақ троялықтардың катарынан сымбатты бір жауынгер шыға келді. Иығына кабыланның шұбар терісін жамылыпты, колына соғыс найзасынын екеуін ұстаган. Қарсыластары оны бірден-ақ таныды, бұл Еленаны алып қашкан, аскан сұлу Парис Приамид болатын. Ол ахейліктерге тақалып келді де, даусын көтере тіл катты:
Парис Приамид - Аргивяндар, сөзіме кұлак салындар! Орталарыңда ержүрек жауынгер бар ма екен?! Приамның ұлы Париспен жекпе-жек шығатын қайсың бар?!
Автор: Осы кезде Приам тәрізді иығына қабыланның шұбар тсрісін жамылған, сұлу тұлғалы, қарасақал жауынгер күймедеи ырғып түсіп, троялықтарга қарай беттеді. Парис болса қарсыласының жакындауын күтіп тұрып қалған еді. Кенет оның өңі қашып, айналасына дегбірсіздігіне қарағыштай берді. Ол Атридтің Менелайын таныған еді.
Автор: Елшілерге жакын келген Агамемнон толқыған үнмен тіл қатып:
Агамемнон: - Не болды, айбынды Одиссей, сөйле жылдамырак, не деп жауап берді Пелид? Кемеміздің түбінен жаудың бетін қайтаруға келісс ме екен, жоқ әлде тәкаппар көнілі бүрынгыша қаскөйлікке толы ма екен?
Одиссей: - Патша, - деп жауап берді Одиссей, айтқан әміріңнің бәрін де жеткіздім мен оган. Түбімізге жетер ашуды тастап, ахейліктерге комек көрсет дедім. Сенің оган Брисеиданы кайтарып қана қоймай, колынан өнері төгілген тағы да жеті күңді қосып беретініңді айтып уәде бердім. Оның ренішін жуып - шаю үшін беретін сыйлықтарыңның бәрін де атап шықтым: он талант алтын (талант - салмақ өлшемі, 26,2 келіге тең), жиырма алтын ыдыс, үш аяқ мосының жаңадан соғылған жетеуі, он екі ат. Бұған коса Трояны басып алғанда алтынды, мыс пен ақ темірді калауынша кемесіне тиейтінін және тұткынға түскен троялык жиырма күңді бірінші болып тандайтынын да айттым. Микенге қайтып оралған соң үш қызыңның бірін беріп, өзіне күйеу бала ететініңді, ескі салт бойынша ешкандай калың мал алмайтыныңды, керісінше, бұрынсонды болмаган жасауды өзің беріп, теңіз жағасындағы байлыққа бөккен жеті сәулетті калаңды сыйға тартатыныңды да жеткіздім. Ант етейін, Атрид, сенің ұсыныстарыңның бірде-бірі ұмыт қалған жоқ, мұны менің жолдастарым да қуаттайды.
Автор: Ешкім тіс жарып үндеген жоқ. Батыр сөзін жалғай берді.
Одиссей: Менің сөзімді Ахиллес ашуга булыгып, шыдамсыздана тындап отырганын сезіп калдым да, басқаша үгіттеп те көрдім. Мен троялыктардың бетпе-бет ұрыска шыққан кезінде оны кандай ерліктер күтіп түрганын айттым... Ахейліктсрдіц арасынан өзіне тірі жанды тең санамаган Гекторды да жеңетінін айттым... Трояны жеңушінің мәңгілік даңққа бөленетінін де айттым...
- Пелид не деді? - деп Агамемнон шыдамсыздана сұрады.
- О патша, - деп күрсінді Одиссей, - менің сөзімнің бэрі де желге ұшқанмен тең болды. Ахиллес сенің сыйлыгыңныц бәрін де кабылдамады: кемелер мен әскерді Гекторды коргаудың тәсілін өздері ойласын деп, саган, ахейліктерге сәлем айтты.
Автор Ол Патроклдің даусын алыстан-ақ естіді. Досы коймастан. тағатсыздана шакырып келе жатыр. Ахиллес мойнын бұрды.
Сұмдык бақытсыздык, Пелид! - деп айгайлайды Патрокл.
Патрокл: - Ержүрек ахейліктер дұшпанның жезінен жеңілейін деді. Кескілескен ұрыс кемелердің дәл түбінде жүріп жатыр!
Автор: Ахиллес түнерген күйі тіл каткан жок. Патрокл өршелене сөйледі:
Патрокл : Жібір түрің жок кой, Ахиллес! Ашуыңды басып, ахейліктерге көмектесетін де түрің жок. Онда шайкаска мені босат, сенсен жауынгерлеріңді косып бер жаныма. Мүмкін тың күшпен троялықтарды тойтарармыз: оларды ұрыс әбден титыктатқан гой.
Автор: Сонда Ахиллес терең күрсініп алып, досына жауап берді:
Ахиллес: - Менің ашуымды сөз етіп кажеті жок, Патрокл. Шегі жоқ ашуды жүрекке сақтау мүмкін емес. Бірак мен ахейліктерге айтқанмын: кашан менің лагерімнің кақпасына ұрыс такалмайынша кару көтермеймін. Айткан сөзімде түруым керек. Ал сенін жөнің бөлек. Егер үрыска шыгамын десең, карсы емеспін. Сауыт-сайманым мен атымды ал. Менің мәңгі өлмес аттарым күбыла желі Зефирден жаралған: олармен ешкім үзеңгі кағыстыра алмак емес. Шайкаска мирмидондарды алып шык. Олар жаумен жағаласуга жібермейсің деп, көптен құлагымнын кұрыш етін жеуде. Тойтар троялыктарды, Патрокл, бірақ мынаны есіне сакта: егер дұшпанды күремен тықсырып шығатын болсаң, әрі карай өкшелемей-ак кой! Кейін кайтаратын бол, мұны мен сенен каггы өкінемін, саган бұйырамын! Ерлерді каусаткыш Гекторға карсы сені жалғыз жіберуден коркамын, тагы да айтарым, сен толық жеңіп шыкпауың керек. Ахейліктер әлі де болса менен көмек сүрап, кінәсін өтесін.
Автор: Бұл уакытта үясынан шыга ұшқан сонадай каптап, ұрыс даласымен мирмидондар да жүгіріп келе жатыр еді. Ең алдындағы кемеде ахейліктердін көзіне оттай басылып, дулыға мен жарқырауык сауыт киген колбасшы келе жатты. Шайкас алаңын қуанышты айкай кернеді. «Ахиллес! Ахиллес!» - деп шуылдады ахейліктер. Троялықтар қалтыраған күйі кейін шегінді. Кеме тубіндегі кескілес өзінен-өзі токтады. Ахиллестің сауыт-сайманын асынган Патрокл кемелерді коршаған троялықгардың тобырына екпіндей соктыкты. Оның өкшесін баса, жолындагы троялыктарды баудай түсіріп, мирмидондықтар да риып келеді. Троялыктар кемеден серпіле берді. Көбісі күрен какпасының аузына карай кашты.
Достарыңызбен бөлісу: |