Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері. Органикалық эволюцияның негіягі еркшеліктері


  Қолдан сұрыптау және оның әдістері



бет59/231
Дата31.12.2021
өлшемі303,27 Kb.
#23808
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   231
15.  Қолдан сұрыптау және оның әдістері.

 

Қазіргі кезеңдегі қолдан сұрыптау. Н.И. Вавиловтың сұрыптаудағы еңбектері. Қолдан сұрыптаудың әдістері. Инбридинг әдісі. Аутбридинг әдісі. Полиплоидия әдісі Аллополиплоидия. Жаппай сұрыптау. Жеке сұрыптау. Трансплонтация әдісі.    Әріден будандастыру әдісі

 

Қазіргі кезеңдегі қолдан сұрыптау. Қолдан сұрыптау дегеніміз - өсімдіктің жаңа іріктемелері мен жануарлардың қол тұқымдарын және микроағзалардың халық шаруашылығына қажетті штаммаларын алу әдістерінің жиынтығы.

Сұрыптауды адам мыңдаған жылдар бұрын өсімдіктер мен үй хайуанаттарының өнімділігін арттыруға пайдаланды. Әбу Нәсір Әл-Фараби сұрыптаудың жетістіктері сұрыптаушылардың көрегендігінің жемісі деп, оны өнердің бір саласына жатқызады. Өзінің еңбектерінде Дарвин қолдан сұрыптаудың екі түріне ерекше көңіл бөлді.

1.Бағалы белгілері бар дараларды сақтауға және көбейтуге бағытталған мақсатсыз сұрыптау. Мысалы, сүттілігі басым, дені сау, ірі қара малдың төлін көбейту, киім тоқу т.б. үй тұрмысқа қажетті бұйымдарды тігу-тоқу мақсатында.

2.Іріктемелер мен қол тұқымдардың жақсы білінген бір немесе бірнеше белгілерін барынша жақсы дамытуға бағытталған мақсатқа сай сұрыптау. Мысалы, сұлу, шабысы жылдам жылқы тұқымдары, аңды жақсы қуып жете алатын, иісшіл иттер тұқымы. Еттілігі мол ірі қаралардың сүттілігін арттыру мақсатында жүргізілетін сұрыптау.

Қолдан сұрыптаудың дұрыс жолдарын негіздеген Дарвин, оның құпия болып келген әдістерін ғылымға айналдырды. Қолдан сұрыпталу кезінде де мутацияның жүретіндігі анық. Мутациялар сыртқы ортадағы өзгерістермен байланысты. Сонымен қатар мутацияларды тәжірибе жолымен алып, жануарларға, өсімдіктер мен микроағзаларға қолдан сұрыптау жүргізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет