Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері. Органикалық эволюцияның негіягі еркшеліктері



бет61/231
Дата31.12.2021
өлшемі303,27 Kb.
#23808
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   231
Қолдан сұрыптаудың әдістері.

Инбридинг әдісі деп - өсімдіктер мен жануарларды туыстас ағзалардың өзара будандасып көбеюін айтамыз. Жоғары өнімді жаңа іріктемелер мен қолтұқымдар алуда мәні зор. Сұрыптаушылар будандардың жаңа формаларын алу үшін пайдаланатын инбридингті салалары таза гомозиготалы болуы керек. 10-12 ұрпағында белгілердің ажырауы тоқтайды. 6-7 ұрпағын таза сала ретінде пайдаланылады. Одан кейін біртіндеп депрессиялық әрекет пайда болады. Бұл әдісті арпа, бидай, бұршақ т.б. өсіру үшін қолданылады. Инбридинг нәтижесінде бірден гомозиготалы дараларды алуға болмайтындықтан таза гомозиготалы салаларды (линия) алу  барысы бірнеше ұрпаққа созылады. Ч. Дарвин өсімдіктерге жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде инбридингтің өсімдіктер үшін зиянды екенін, ал айқас тозаңданудың пайдалы екендігін айтады.

Аутбридинг әдісі деп – бір- біріне туыс емес ағзалардың будандасып көбеюін айтамыз. Туыс мес ағзаларды будандастыру кезінде гомозиготалы жағдайдағы зиянды рецессивті мутациялар гетерозиготалы жағдайға көшеді де, буданның тіршілік әректіне әсер етпейді. Аутбридинг нәтижесінде пайда болатын бірінші буын ұрпақтарының тіршілік қабілеттері ата-енелік түрлерге  қарағанда жоғары болады. Көпшілік жағдайда бірінші буын ұрпақтарында гетеросиз құбылысы байқалады. Гетерозис – ата-енемен салыстырғанда тіршілік қабілетінің және түсімділігінің артуы. Гетерозс ұғымын алғаш рет ғылымға 1914 жылы американдық генетик Шеел енгізген. Гетерозис құбылысын Ч.Дарвин жүгері өсімдігіне жүргізген тәжірибелерінен бақылаған болатын. Жүгері будандарының ата - енелік түрлерге қарағанда күшті қарқындылықпен өсуін Ч.Дарвин ата –енелік гаметаларының тұқым қуалау қасиеттерінің әр түрлі болуымен байланыстырды. Гетерозисті құбылыс инбридингті саланы өзара будандастыру нәтижесінде анық байқалады.  Аутбридинг сұрыптаудың негізгі бір әдісі болып табылады. 

Полиплоидия әдісі- өсімдіктердегі тұқым қуалайтын өзгергіштіктің бір түрі. Мұнда өсімдік жасушаларындағы гаплоидты хромосома санының еселеніп көбеюін полиплоидия деп атайды. Академик П.М.Жуковскийдің айтуынша «адам баласы полиплоидия өнімдерімен тамақтанады». Мысалы, бидай, картоп, қант қамысы, мақта, темекі, алма, цитрусты жемістер түрлері және  бақша өнімдері полиплоидтар болып табылады. Полиплоидтардың пайда болуы митоз немесе мейоз әрекетінің бұзылуынан болады. Мысалы, а) митоздық бөлінуде кейде хромосомалар полюстерге бөлініп ажырап кетпейді және жас ядролар түзбей бұзылған ядрода қалып қояды. Егер бұл әрекет диплоидты хромосома жиынтығы бар сомалық жасушаларда болса, мұндай жағдайда хромосомалары екі есе көп «тетраплоидты» жасуша бірден пайда болады. ә) мейозды бөліну кезінде хромосомалар саны екі еселеніп, бірақ бөліну ұршығы бұзылса, екі ядро түзілмейді. Екі еселенген хромосома бір ядрода қалып қояды, оны диплоидия  «2п» деп атайды. Диплоидты хромосомалар жиынтығы бар жасушамен қалыпты бөлінген «1п» хромосомалар жиынтығы бар жасуша ұрықтанса, триплоидты «3п» жасуша пайда болады, т.б. Яғни, хромосомалар санының бірнеше еселенуінен полиплоидты түрлер пайда болады. Қазіргі кезде бөліну ұршығын бұзатын, бірақ хромасомалардың бөлінуіне бөгет жасамайтын кейбір химиялық қосылыстармен (колхицин, ауранция, азот(ІҮ)оксиді-N2O) әсер етеді.   

Аллополиплоидия - әр түрлі түр және туыстардың екі немесе бірнеше тұтас геномдарының қосылып, көбеюінен болады. Бұл әдіс кезеңінде түр аралық будандардың тұқым бермеуі. Бұл кедергіні жеңіп шығу генетиеа мен сұрыптаудың зор табыстарының бірі болды. 1924 жылы Г.Д. Карпеченко түраралық будан алды. Ол орамжапырақ пен шомырды будандастырды. Бұл екі түртің хромосомаларының жиынтығы 18-ден, ал гаплоидты жиынтығы 9-дан. Бұл жағдайда гибрид хромосомаларының саны 18 болғандықтан, мейоз әрекеті жүрмейді. Осыдан кейін будан хромосомаларының санын екі есе көбейтіп еді, олардың саны 36-ға жетті. Хромосомалардың саны екі еселеудің барысында мейоз әрекеті жүріп, шомыр мен орамжапырақ хромосомалары өз жұптарын табудың нәтижесінде конъюгацияланды. Осы жолмен алынған будан тұқым беретін болды. Оларды ата-енесімен салыстырғанда бұршаққындары өте ұқсас, бірақ түсімді мол беретін будан алынды.

Сұрыптау жұмыстары нәтижесінде халық шарушылығы мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен қатар эволюциялық әрекеттер де жүріп отырды. Кезінде И. В. Мичурин сұрыптау жұмысының үш әдісін пайдаланды.

1) будандастыру;

2) сұрыптау;

3) дамып келе жатқан будандарға орта жағдайлармен әсер ету.

«тәрбиелеу» немесе ментор әдісі.     

Сұрыптау әдісі: жаппай,  жеке

Жаппай сұрыптау – бастапқы материалдардан сұрыптаушы үшін тиімді бірнеше  белгілері бар даралар топтарын бөліп алу. Олардан жақсы өнім алу үшін көптеген белгілеріне байланысты жаппай сұрыптауды пайдаланады. Жақсы жемдеуді ұзақ уақыт соза отырып ірі қара малдың күйін келтіріп алады. Осы әрекеттің нәтижесінде ірі қараның қантамыр, тынысалу және т.б. жүйелерінің дмуы жүреді.  Мысалы, етті тұқымды қазақтың ақ бас сиыры мен сүтті қолтұқым даланың қызыл сиыры шықты.

Жеке сұрыптау – адамның назарын аударатын белгілері бар және олардан ұрпақ алуға болатын жекеленген дараларды бөліп алуға негізделеді. Туыстық жағынан жақын малдарды будандастыру әрекеті арқылы жүргізіледі. Жеке сұрыптауда таза салалар (линиялар) қолданылады. Асыл тұқымды мал зауттарында мұнай дараларды ядро ретінде пайдаланады.

Трансплонтация әдісі – қолдан ұрықтандыру әрекеті негізінде түр санын арттыру үрдісін айтамыз.  Қазақстан республикасында 1965 жылы академик Ф. М. Мұхамбетқалиевтің басшылығымен  экспериментальдық биология институтында  трансплантация әдісімен дүние жүзі бойынша алғаш рет қозы алынды. Қазіргі уақытта осы әдіс арқылы Қазақстанда Қызыл кітапқа енген арқардың санын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп, өз нәтижелерін берді.

Әріден будандастыру әдісі – мүлдем туыс емес ағзаларды будандастыру әрекетін айтамыз. Бұл әдісте өсімтал ұрпақ алу өте қиын. Әйтседе Қазақстанда Н.С.Бутарин, А.Е.Есенжолов және А.И.Жандеркиндер биязы жүнді қойларды жабайы арқармен будандастырып, түраралық будан – арқар-мериносты шығарды. Бұл қолтұқым биік таулы жерлерде жайылып жүруге өте төзімді келеді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет