Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері. Органикалық эволюцияның негіягі еркшеліктері


Популяцияның генетикалык құрылымының өзгеруі- эволюцияның элементарлы құбылысы



бет169/231
Дата31.12.2021
өлшемі303,27 Kb.
#23808
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   231
Байланысты:
ДӘРІС ЭВОЛЮЦИЯ 15 АПТААА

13. Популяцияның генетикалык құрылымының өзгеруі- эволюцияның элементарлы құбылысы.

 

Популяциядағы генетикалық-анатомиялық процестер. Популяция ішілік полиморфизм.  Миграция. Популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруіндегі миграцияның маңызы. Гендердің дрейфі. Гендердің ағымы.

 

 Популяциядағы генетикалық-анатомиялық процестер. Эволюциялық дамудың негізі популяциядан басталады. Фенотиптері біркелкі өсімдіктер мен жануарлардың табиғи популяцияларына жасалынған генетикалық зерттеулер, популяция рецессивті мутацияларға толы болатыны дәлелденді. Яғни, эволюцияның қоры популяцияда рецессивті ген түрінде болады. Мутациялардың қанықпасы әбден жоғарылаған кезде, аллельді рецессивті гендері бар даралардың будандасуы мүмкін. Бұл кезде мутациялар фенотипте білініп, табиғи сұрапталудың бақылауында болады. Мутациясы бар популяция даралары мен мутациясы жоқ даралар будандасқан жағдайда гетерозиготалы даралар пайда болып отырады. Сөйтіп, популяциядағы әрбір түр күрделі гетерозиготалы жүйе болып табылады. Табиғи жағдайларда әр популяцияның өзіне тән генофондысы болады.



Генофонд – түрдің немесе баса жүйелік топтың популяция гендерінің жиынтығы. Популяцияның генетикалық құрылымы дегеніміз-ондағы әр түрлі генотиптер мен аллельдік гендердің өзара қатынасы.

В.Иоганссен 1903 жылғы «Популяциядағы тұқым-қуалаушылық және таза түрлер» атты еңбегінде, табиғи популяциялардағы генотиптердің гетерогенділігінің сұрыпталу әрекетіндегі маңыздылығын дәлелдеп көрсеткен. Сонымен бірге табиғи сұрыпталудағы таза түрлердің гомогенділігі өте тиімсіз әрекетке соқтыратыны айтылған. Бұдан кейін орыс генетигі С.С.Четвериков ХХ ғасырда эволюциялық теорияны генетикамен байланыстыра отырып зерттеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет