Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері. Органикалық эволюцияның негіягі еркшеліктері


  Эволюцияның элементарлы факторлары



бет172/231
Дата31.12.2021
өлшемі303,27 Kb.
#23808
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   231
Байланысты:
ДӘРІС ЭВОЛЮЦИЯ 15 АПТААА

14.  Эволюцияның элементарлы факторлары.

 

Мутация-эволюцияның элементарлы факторы. Популяция толқыны және олардың эволюциядағы ролі. Оқшаулану- генетикалық айырмашылықтарды күшейтетін фактор.

 

Мутация-эволюцияның элементарлы факторы. Мутация (латынша mutatio - өзгеріс) туралы ұғымды ғылымға 1900 жылы Мендельдің заңдарын қайта ашқан ғалымдардың бірі голландиялық ботаник Г.Де –Фриз болды. Ағзадағы ДНҚ-ның саны мен  құрылымының өзгеруін мутация деп аталады. Мутация – эволюциялық әректтің бастамасы, оның пайда болу жағдайына қарай бірнеше түрлері бар.



Пайда болатын мутациялардың кейбіреулері ағзаға жағымды, кейбіреулері жағымсыз әсер етеді. Эвоюцияның қоры популяцияда рецессивті ген түрінде болады. Мутациялардың қанықпасы әбден жоғарылаған кезде, аллельді рецессивті гендері бар даралардың будандасуы мүмкін. Бұл кезде мутациялар фенотипке білініп, табиғи сұрыпталудың бақылауында болады. Мутациясы бар даралар мен мутациясы жоқ даралар будандасқан жағдайда гетерозиготалы даралар пайда болып отырады. Әрбiр  түрдiң популяциясы генотипi жөнiнен алуан түрлi болып келеді. Жыныстық жолмен көбейетiн түрлердiң популяциялары ғана емес,   жыныссыз көбею қабiлетi бар түрлердің  де популяциялары әр түрлi биотиптерден тұрады. Мутациялық және комбинациялық  өзгергiштіктегi ерекшелiк тәжiрибе жүзiнде тұқым қуалайтын өзгергiштiкке шексiз жол ашады.

Бiр түрге қатысты әр қилы популяциялардағы  мутациялық әрекеттің бағытында  бiр – бiрiнен айырмашылығы бар болады. Мысалы: бiр түрдiң  популяцияларының бiр хромосомасында 12-ге дейiн түрлiше инверсия табылды. Осының  нәтижесiнде табиғи популяциялардың өкiлдерiнде инверсия сипаты жөнiнен бiр – бiрiне ұқсамайтын храмосом түрлерiнiң бiрнешеуi табылды.

Бiр түрге қарасты әр қилы популяцияларда  микроэволюциялық әрекет үшiн түрлiше генетикалық алғы себептер пайда болады.

Әр түрлi экологиялық жағдайларда мекендеушi  популяциялар  абиотикалық, биотикалық  факторлардың әр қилы әсерiнiң  толқуына  түседi. Көлемдi орманды түрлерде бұл факторлардың әсерiнiң айырмашылығы айқын байқалады. Бұл жағдайларда популяциялардың құрылымының динамикалығы белгiлi бiр популяцияда әсер етушi сыртқы факторларға арнаулы жауап реакцияларының қалыптасуына себеп болады. Осыған байланысты солтүстiкте көп тараған бунақденелілердің көбiнде жеке даму мерзiмi ұзаққа созылады да  генерациялар саны кемидi. Бұған керiсiнше оңтүстіктегі түрлердің даму мерзiмi қысқарады, генрациялар саны артады.

Микроэволюциялық процесс өте күрделi бейнеде жүредi. Себебi табиғи сұрыптау бiр мезгiлде қатар әсер етушi  факторлардың нәтижесiнде жүрiп отырады. Осы тұрғыдан Т. Я. Бей – Биенко қалыптастырған  қоныс ауыстыру принципi ерекше назар аударуды қажет етедi. Бұл принцип ареалдары бiрнеше мыңдаған  аймақтарды немесе бiрнеше вертикаль белдеулердi қамтитын көп тараған жануарлардың немесе өсiмдiктердiң  түрлерiне жатады. Аймақтық қоныс аударуда орманның солтүстiк  бөлiгiндегi көшпелі аймақтық түрлер құрғақ жерлерді  мекендейдi. Олар бiртiндеп жылжып отырып ылғалдау жерлерге:  әуелi мезофитiк (орта құм) жерге, одан кейiн гигрофиттiк (ылғалы көп)  жерлерге ауысады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет