Ф 03-01 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


-лекция Ақпарат құралдарының типологиясы мен жүйесі



бет6/11
Дата28.10.2022
өлшемі401,13 Kb.
#45924
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
8-лекция
Ақпарат құралдарының типологиясы мен жүйесі
Әлеуметтік орта – әртүрлі индивидтер мен типтердің жиынтығы.Баспасөз – сан түрлі, сан сипатты әлеуметтік үдерістердің айнасы. Табиғат аясында, әлеуметтік алаңда ойын өрнегін көрсетушілер легін журналистикатану ғылымы типологиялық жағынан зерттейді, ретке келтіріп отырады.
Ең алдымен типология дегеніміз не? Осы мәселенің басын ашып алайық. Ол, қарапайым тілмен айтқанда, типтер‑түрлер туралы ғылым. «Современный словарь иностранных слов» атты сөздік оны гректен таратады. Typos – таңба, үлгі + …logos – сөз, ұғым, ілім. Аталған сөздіктің түсіндірунше, типология дегенміз – ғылыми әдіс, оның негізінде жинақталған модель мен типтің көмегімен объектілер жүйесін бөлшектеу және топтастыру жатыр (Современный словарь иностранных слов. – СПг: «Дуэт» «Комета», 1994. С. 608). Мәскеуде 1982 жылы басылып шыққан «Әлеуметкерлік зерттеулердегі типология және жіктеу» («Типология и классификация в социологических исследованиях» (С. 8.) атты кітапта типологияға мындай анықтама беріледі: «зерттеліп отырған, белгілі бір қасиеттерге ие нысандар (объектілер) жиынтығын топтарға жіктеудің ғылыми тану әдісі». Социологиялық әдіснамалық әдебиетте теориялық және эмпирикалық типология туралы жиі сөз қозғалады. «Теориялық типология – әлеуметтік құбылыстар сипатын теориялық орнықты өлшемдер арқылы мүлтіксіз (идеал) теориялық үлгілер негізінде жинақтау» (Ядов В.А. Социологическое исследование: методология, программа, метод. – М., 1972. С. 190 ‑ 191). Ал эмпирикалық (грек. emperia – тәжірибе) типологияны біз «бір мезгілде бірнеше өлшемде қарастырылатын әлеуметтік объектілердің (немесе құбылыстардың) орнықты жиынтығы» ретінде сипаттаймыз (Ядов В.А. Социологическое исследование: методология, программа, метод. – М., 1972. С. 186 ‑ 187).
Кез келген сала, оның ішінде журналистика саласында типология жасау үшін жіктеудің формаландыру әдісі қолданылады. Бұның өзі әбден дұрыс, өйткені сан мен сапа жағынан жедел өскен мерзімді баспасөздің, теле‑ және радио бағдарламалардың типологиясын жасау үшін объектінің сипат кеңістігін анықтап алу керек, олардың ортақ қасиеттерін табу қажет. Сонда ғана оларды қандай типке жатқызылатыны белгілі болады. М.В. Шкондиннің пікіріне жүгінер болсақ, «ТИП ол... сол топқа ортақ қасиеттерге ие бір топ басылымдардың бейнесі (образы)» (Шкондин М.В. Система средств массовой информации как фактор общественного диалога. – М., 2002. С. 100).
Француздардың journal сөзінен бастау алатын «журналистика» ұғымын зерттеушілер әртүрлі әліптейді. Біріншіден, зерттеу міндеттеріне қарай таратады. Екіншіден, журналистика туралы сөз қозғағанда, пән ауқымына деген көзқарастарды еске алады. Үшіншіден, кейде журналистика құбылысын түсіндіргенде, зерттеушінің субъективті пікірі де белең алып кетеді. Дей тұрғанмен көпшілік зерттеушілер «журналистика» анықтамасын оның қызметі немесе жүйенің жекелеген компоненттерінен іздейді.
Осы ретте бірнеше автордың пікірін мысалға келтіре кетейік. Мәселен, М.М. Ковалева былай деп жазады: «журналистика – қоғамдық және шығармашылық қызмет түрі, оның мағынасы ақпарат алу, оны өңдеу және тарату». Ал Евгений Павлович Прохоров 1972 жылы шыққан «Большая советская энциклопедияда» журналистиканы зәру ақпаратты жинау, өңдеу және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мерзімді (периолически) тарататын қоғамдық қызмет түрі деп жазады. Ал кейінірек шыққан «Введение в журналистику» оқулығында ол бұл ұғымды кеңейте түседі. Онда ол журналистиканы әлеуметтік институт, қызмет түрлерінің жүйесі, кәсіптер жиынтығы, шығармалар жүйесі, бұқаралық ақпарат тарату арналарының кешені, сонымен қабат оқу пәндерінің жиынтығы деп біледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет