Ф 03-01 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет1/11
Дата28.10.2022
өлшемі401,13 Kb.
#45924
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Ф.7.03-01

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Мемлекеттік тілді оқыту кафедрасы

Мамандыққа кіріспе пәні
бойынша лекция

6В03220 - Журналистика мамандығы үшін

Шымкент, 2020

Жұмыстық оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 30.06.2016 жылғы №2 бұйрығымен бекітіп, қолданысқа енгізген Абай атындағы ҚазҰПУ әзірлеген жоғарғы оқу орындарының орыс бөлімі студенттеріне арналған «Кәсіби қазақ тілі» типтік оқу бағдарламасы негізінде 5В010900 – Математика мамандықтарының студенттері үшін жасалды.

Құрастырғандар: _________________ ф.ғ.к., доцент Тұрабаева, оқытушы, магистр Сағи Ә.Ә.


«Мемлекеттік тілді оқыту» кафедра мәжілісінде қарастырылған. № ____ хаттамасы
«______» _______ 2020 ж.

«Мемлекеттік тілді оқыту» кафедрасының меңгерушісі: __________ ф.ғ.к., доцент Тұрабаева Л.Қ.


«Филология» факультеті мақұлдаған № ___ хаттамасы «____» __________ 2020 ж.

ӘК төрайымы: _________________ А.Абитиярова

М. Әуезов атындағы ОҚМУ оқу – әдістемелік кеңесі баспаға ұсынған


№ ___ хаттамасы «____» __________ 20 ж.

1-лекция
Курстың пәні және міндеті
«Журналистика кіріспе» курсының пәні журналистиканың қоғамдағы орны, оның ұйымдастырылуы мен қызмет істеу тәсілдері туралы тиянақты ұғымдар. Осыған орай журналистиканың арналымы (предназначение), оның қоршаған ортамен, билік жүйесімен, мәдениетпен және жеке тұлғамен өзара қарым-қатынасы, қоғам дамуын ілгерілету жөніндегі міндеттері, редакция, арна қызметкерлеріне қойылар талаптар тізбегі, журналистика қызметінің әсерлілігі мен пәрменділігі, баспасөз бостандығы мен жауапкершілігі туралы мәселелер сөз етіледі.Пәнді игеру барысында бакалавриат студенттері жаратылыс құбылыстарының, әлеуметтік теориялар мен бағдарламалардың өмірге енгізілу әдістерінің,қоғамды реформалаудың, әртүрлі топтық мүдделер тоғысуының, әлеуметтік және рухани өмір динамикасының,әлеуметтік ой-сана мәдениетінің баспасөз тәжірибесімен тығыз ұштасып жатқанын аңдайды.
Оқытылатын пәннің негізгі міндеті – шәкірттерге әдіснамалық-танымдық бағыт-бағдар сілтеу. Олар теориялық ұғымдар мен проблемаларды, журналистика өркендеуінің тенденциялары мен заңдылықтарын, өткен заман ойшылдары мен белгілі жезқалам шеберлері жинақтаған бай өнегені қазіргі жағдайға лайықтап қолдануды үйренеді. Соның арқасында олардың әрқайсында кәсіби-дүниетанымдық ой-пікір қалыптасады. Осы ретте еске алар бір жайт: студенттің дүниетанымдық және мәдениой өрісі тек осы пәннің арқасында тұтаспайды, оған экономика, философия, тарих, әдебиеттану, жаратылыстану, кибернетика сияқты пәндер кешені өз үлесін қосады. Бұл ғылыми бағыттар журналистикаға жалпы, әмбебаптық сипатта әсер етсе, журналистика оларға арнаулы, нақты қолданбалы ғылым ретінде ықпал етеді.
Қазіргі кезеңде журналистика туралы ғылым білімнің жеке саласы, өзіндік ортасы ұйысқан журналистиканың жалпы теориясы ретінде көш түзеді. Журналистика жалпы теориясының өзіне тән ерекшелігі – журналистика ғылымының күнделікті практикамен оперативті, жедел қарым-қатынасында, олардың бір-біріне жедел ықпал-әсерінде. Студенттерді өмір үдерістерін хаттамалау, репродукциялау, баяндау, бейнелеу, модельдеу, талдау шеберлігіне баулу журналистикатану саласының жоғарыда айтқан әрі теориялық, әрі қолданбалық сипатынан өріс алады, осы заманғы динамикалық журналистикадағы кәсіби нәтижелілік пен пәрменділік жеке бастық және қоғамдық сұраныстан, азаматтық позициядан туындап отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет