Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов


Құжаттарды зерттеу әлеуметтанулық әдіс ретінде



бет22/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   114
4.Құжаттарды зерттеу әлеуметтанулық әдіс ретінде.
Әлеуметтік зерттеудегі гипотеза-әлеуметтік обьектілер туралы әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланыстардың сипаты мен мәні туралы ғылыми болжам.
Эмпирикалық зерттеудің аса маңызды ерекшелігі қоғамдық топтар жағдайы, адамдардың қоғамдық, топтық саналарын ескере отырып, әлеуметтік мәселелерге сапалы талдау жасауға мүмкіндік беретін, ақпарат жинаудың өзіне тән әдістер қолданылуынан көрінеді. Эмпирикалық әлеуметтік зерттеудің төрт негізгі әдісі көрсетіледі: құжаттарды талдау, бақылау, сауалнама жұргізу және әлеуметтік тәжирибе.
Әлеуметтануда құжат деп ақпарат беру немесе сақтауға арналған, адам арнайы жасаған затты айтады. Сонымен, құжаттар мынандай топтарға бөлінеді:

  1. ақпараттың техникалық құралдарда белгіленуіне орай ерекшеленетін құжаттар.
    Бұның өзі үш түрді қамтиды:

а)жазба түріндегі құжаттар, оған қолжазба мен баспасөз басылымдары жатады;
б)секенографиялық құжаттар, бұған кино, фото, бейнелеу, сурет түріндегі құжаттар саяды;
в)фонетикалық құжаттар, яғни дыбыспен берілетін магнитофон, кұйтабақ жазбалары жатады. Айта кететін бір жай, құжаттық ақпаратты сақтайтындардың жаңа түрлері мыналар: микрофильмдер, ЭВМ дискісі, т.б. Жазба құжаттардың кең тарағаны архив материалдары, статистикалық есептемелер, ғылыми жарияламалар, баспасоз басылымдары, т.б.;

  1. құжаттың тұпнұсқасының статусына жатқызылғандар немесе авторына бөлініп берілгендер ресми және ресми емес құжаттарға ажыратылады. Ресми құжаттар деп лауазымды адамдардың, қызметкерлердің арнайы дайындаған құжаттарын айтады. Бұған мемлекеттік статистика мен мемлекеттік архив мәліметтері, жиналыс хаттамалары, т.б. жатады. Ал ресми емес құжаттарды жеке адамдар жасайды, яғни хаттар, кұнделіктер, т.б. ресми емес деп атауға болады;

3) ақпараттың сақталу көзіне орай ол бастапқы және екінші рет жасалған құжаттар болып екіге бөлінеді. Бастапқы құжаттар — тікелей бақылаудың немесе сауалнама өткізудің негізіңде алынған мәліметтер, ал екінші қатардағы құжаттар бастапқы құжаттарды сипаттаушы немесе қорытындылаушы болып саналады;
4) мақсат-міндетке қарай ажыраған құжаттар, бұған зерттеу бағдарламасына сәйкес ғалымдардың кұшімен алынған материалдар, басқа да мақсаттар үшін жасалған қолдағы құжаттар жатады;
5) мазмұнына қарай бөлінген құжаттар. Бұлар экономикалық, құқықтық, тарихи, техникалық, т.б. болып топтасқан. Зерттеуші өз қызметінде көбіне-көп жазба құжаттармен, әсіресе әдебиеттермен, баспасөз басылымдарымен және машинкаға басылған материалдармен жұмыс істейді. Ол тұрақты тұрде статистикалық тұпнұсқалар, есеп беру баяндамалары, мақалалар, сондай-ақ қоғамдық пікірді білдіретін баспасөз және теледидар мәліметтеріне арқа сұйейді.
Құжаттармен жұмыс істегенде зерттеуші олардың сенімділігіне назар аударуы қажет. Осыған орай құжаттан алынар ақпараттың сенімділігін тексерістен өткізетін ережені білу шарт. Мұндай ережеге мыналар жатады:

  • Оқиғаларды суреттеуден оларға берілген бағаны ажырата білген дұрыс. Оқиғаларға берілген бағадан фактілер әлдеқайда сенімді болады. Кейде құжатгарға берілген баға болады, бірақ оларды суреттейтін жағдай толық берілмеген болып шығады. Әдетте мұндай құжаттарға кұмәндана қарау керек;

  • Құжатты құраушының оны дайындаудағы ниетін, мотивін анықтаған жөн. Өз жұмысы жөнінде есеп беріп отырған автор өзінің еңбегін асыра көрсетуге тырысады. Ал бақылаушы органдар, керісінше, жұмыстағы кемшіліктер мен қателіктерді теріп жазады;

  • Құжатты әзірлеуші адамның фактілерді, т.б. іріктеп алу әдісін де білген жөн. Бастапқы құжат екінші рет жасалған құжатка қарағанда әлдеқайда сенімді болады;

Құжатты дайындау кезіндегі елдің, ұжымның, т.б. жағдайын білу шарт. Сонда ғана құжаттың сол уақыттағы жағдайды обьективті беруі немесе бұрмалап отырғандығы анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет