2.Субмәдениеттер мен контрмәдениеттер. Субмәдениет (лат. sub — төменгі, нем. kultur — мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.
Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі болды. Ол тек техникалық жетістіктер, ғылыми ашылуларға ғана байланысты емес. Сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты. Сондай заман нәтижелерінің бірі - фанатизмнің (табынушылықтың), психологиялық талғамдағы ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына, жынысына қарамай, бір идея толқынына біріктіруі, яғни «субмәдениет» ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді. Субмәдениет өкілдерін, қала көшелеріне шықсаңыз, міндетті түрде көресіз және бірден танисыз. Өйткені олардың киім киістері де, өздерін ұстауы да, сөйлеулері де өзгеше. Сiздерге бiр топ бейформалды бiрлестiк өкiлдерi, атап айтқанда, басынан аяғына дейiн қап-қара киiнген, бет-келбетiн де қарамен бояп алған адамдар немесе үстi-басы металдан жылтырап тұрған, не басқа да «ерекшелiгi» бар, өзгелерге ұқсамайтын жастар кездестi ме? Шынымен де, бұл қызық сұрақ болғанымен, оның астарында үлкен мәселесi бар. Бұл «ерекше адамдар» белгiлi бiр субмәдениет өкiлдерiн құрайды. Осы субмәдениет бiздiң қоғамдағы жастар арасында белең алып барады. Субмәдениет – жастардың өзiндiк қоғам құрып, белгiлi бiр топ iшiндегi бейформалды, яғни, қоғамнан бөлек бiрлестiгi, осы бiрлестiк мәдениетi. Ошағы Батыстан бастау алатын субмәдениет ұғымы қазiр бар әлемде кең таралған. Оған, әсiресе, жасөспiрiмдер көп қызығады.
Жастардың арасындағы субмәдениет туралы сөз қозғамас бұрын, алдымен бұл түсінік астарында не жатқандығын анықтап алу керек. Айқындап алуға деген қажеттілік қазіргі күнде тек «жастар субмәдениеті» ұғымына ғана қатысты емес, сонымен қатар «жастар», «субмәдениет» түсініктеріне де өзіндік талдау, түсіндірулердің көбейіп кеткендігінен туып тұр.
Егерде шынайы және бұқаралық мәдениет өздерінің мақсаттары мен құндылықтары жағынан айырмашылықтары болса, үстемдік етуші мәдениетке орай субмәдениет және контрмәдениеттер, яғни әр түрлі әлеуметтік топтардың: жастардың, кәсіби, аймақтық топтардың, т.с.с. мәдениеті айырықшыланады. Бұларды, басқаша сөзбен айтқанда, жарым-жарты мәдениеттер немесе мәдениет ішіндегі «мәдениет» деп атайды.
Әлеуметтанушылар кейінгі жылдары жастар мәдениетіне көп көңіл аударып жүр. Өйткені ұзақ жылдар бойы әлеуметтік біркелкілікке жетекші болған социалистік қоғамда жастарда ерекшелікті құндылықтар болған емес және болмайды да деп есептелді. Ешкімге ұқсамайтын өзіндік, әдептенген мінез-құлық формаларының көрінуі аномалия, әлеуметтік ауытқушылық, Батысқа еліктеушілік деп бағаланды.
Шығарма мазмұнының ұлттық сипаты мына негізгі факторларға:
- мәдени құндылықты жасаушының өз шығармаларында осы халық үшін, сол ұлт үшін аса маңызды көкейкесті мәселелерді көтере білу қабілетіне байланысты;
- ұлттық мәдениет дәстүрін, соның ішінде халықтық этиканы, педагогиканы, медицинаны, дінді, өнерді шебер қолдана білуіне байланысты;
- қоғамдық ғылымдар, философия, мораль, теология жөнінде жазылған еңбектерде, көркем шығармаларда ұлттық психологияның ерекшеліктері, яғни ұлттық мінез-құлық, ұлттық сезім, ұлттық қарым-қатынас және т.с.с. терең ашылумен байланысты;
- өмірде бар ұлттық мектептер мен мәдениеттегі бағыттарға арқа сүйеуге байланысты.
Сөйтіп, мәдениетті әлеуметтану тұрғысынан зерттеу адамның ішкі дүниесін, оның тұлғалық өзегін зерттеуге сөзсіз итермелейді. Бұдан тыс мәдениет өмір сүре алмайды.