Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов


Мәдениеттің негізгі элементтеріне ең алдымен тіл жатады



бет45/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   114
Мәдениеттің негізгі элементтеріне ең алдымен тіл жатады. Ол-адамзат тәжирибесін сақтау мен болашақ ұрпаққа берудің обьективтік формасы. Демек, тіл адамдардың қатынас құралы, ойлаудың тікелей шындығы бола отырып, олар туралы мәлімет берудің құралы болып табылады.
Белгілі бір халықтың дүниені қабылдауына тән ұғымдар, ұғымдар жүйесі тіл арқылы бейнеленеді, ол кез - келген мәдениеттің алғашқы негізі. Барлық халықтар дүниені өзінше, ерекше түрде меңгереді, оның ұсақ-түйектеріне дейін ойлайды.
Тіл мәдениеті тіркеуде де маңызды рөл атқарады. Олай болатыны мәдениет дене қимылымен, әдет-ғұрыппен, ыммен, бимен т.т. тарайды. Заттарда және басқа формаларда өмірден өткен ұрпақтар ой құрылысын, өз қабілеттері мен дағдыларын қазіргі заманға жеткізеді. Бірақ мәдениетті жеткізудің ең сиымды да тиімді, дәлме-дәл жолы болып табылатын тілге ештеңе де келмейді.
Қазіргі жағдайда қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылатын Қазақстанда барлық азаматтар тегіне, тіліне және басқа да жағдайларына қарамастан заң алдында тең, сондай-ақ тілдер теңдігіне де кепілдік берілген. Мемлекеттік тілмен қатар қолданылатын орыс тілі елімізде ресми тіл болып табылады. Тіл проблемасның бұлайша өз шешімін табуы мәдениетіміз дамуына септігін тигізетіні даусыз. Республикамызда қазақ тілі шынайы өзінің мемлекеттік деңгейіне жетуі үшін алдымен оған қазақ жастары патриоттық, отаншылдық танытуы қажет.
Екіншіден, ұлттық мәдениетті және кез келген басқа мәдениеттің негізгі элементтеріне сенім мен білім жатады. Сенімде адамдардың шынайы бейімділігі, кұнделікті қызметінде нені басшылыққа алатындығы айқындалады да, ол мінез-құлық үлгілерінен, нормалары мен дағдыларынан т.т. көрініс табады. Сенімдер табиғи обьектілерімен және әлеуметтік жағдайлармен байланысты болады да, өз бойында белгілі бір ғылыми және дағдылы мәліметтер мен ақпарат енгізеді.
Үшіншіден, мәдениеттің құндылық-танымдық жүйесі оның маңызды компоненті (құрамды бөлігі) болып алады. Құндылық дегеніміз-бұл белгілі бір қоғамдық заттың, құбылыстың қажеттілігі, ынтаны, мұддені қанағаттандыру қасиеті. Құндылықтар әлеуметтік субьекті өз қажеттерін саналы тұрде сезінуі нәтижесінде, қоршаған ортамен олардың сәйкестігінде, демек, бағалау актісінде жүзеге асатын құндылық қатынасы нәтижесінде қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет