Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов



бет48/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   114
Контрмәдениет - (лат. contra - қарсы және cultura - өңдеу, егу) - 60-70 жылдары батыс елдерінің жастары арасында таралған қазіргі буржуазиялық мәдениетке рухани қарсылықты көрсету формасы. Әлеуметтік құндылықтан, моральді нормалар және тұтынушылық қоғамның құлықтық идеалдары, стандарттары мен жалпы мәдениет стереотиптері, өмір салтынан ашық бас тартуымен танымал.
Жастардың бейформалдық бірлестіктерге кіруінің бірнеше себептері бар:

  1. Отбасындағы түсініспеушіліктер, отбасына қарсы шығу

  1. Мектептегі үлгермеушілік және мектеп ұжымынан оқшаулану

  1. Барлық адамдар сияқты юолуды қаламау

  1. Тұрақталу қалауы, өзіне көңіл аудартқысы келеді

  1. Криминалдың әсер етуі

  1. Мода қуу

  1. Батыстық бейнеге еліктеу

  1. Өмірлік мақсаты болмау

  1. Жас ерекшелік, эмоционалдық қажеттілік т.б.

Әлеуметтік – құқықтық критерии бойынша бейформалдық бірлестіктер
3-ке жіктеледі:
1. просоциальді(жағымды бағыттағы)- жастарға жағымды, белсенді әсер ететін.
2. асоциальді(бейтарап түрде)- бос уақытты өткізу үшін құрылған.
3. антисоциальді(жағымсыз бағыттағы)- жастарға кері әсерін тигізетін бірлестіктер.
Жастар субмәдениеті
Жалпы, субмәдениет - жас адамдардың ресми емес қатынастарының, олардың ерекше өмір сүру стилі мен тәртіптерінің, белгілі бір қағидалары мен құндылықтарының нәтижесі және «МЕН-ОЛАР» жүйесіндегі өздерін көрсетудің, дамытудың бір жолы деп айтып кеткендей,жастар субмәдениетінің өзіндік құндылықтары мен тәртіп нормаларын культқа айналдыруға уақыты жеткілікті жас адамдар аса көп шоғырланған үлкен мегаполистерге тән феномен екендігін айта кеткен жөн.
Жастар субмәдениеті - жастардың үлкендер әлеміне толықтай бейімделуі жүргеннен соң, әрі қарай өз мәнін жоятын дамудың белгілі бір кезеңі, яғни жеке адам дамуының өтпелі сатысы. Жастардың ресми емес қатынастары және олардың өздеріне ғана тән мақсаттарын табуы жеке субмәдениеттің қалыптасуының себебіне айналады.
Жастар субмәдениеті - киген киімнен, сөйлеу мәнерінен, жаргондардан және айрықша әуестенулерден көрініс табатын үлкендер әлеміне, қоғамның ережелері мен құндылықтарына деген өзіндік қарсылық. Мәселен, готтардың келбетi қорқынышты фильмдердегiдей үрей туғызады. Готтардың орташа жасы негізінен 15-19 жас аралығында. Олар өлілердің тыныштығын Готтар арасында жиі кездесетін тағы бір келеңсіздік, өздеріне қол салуға бейім тұратындығы. алып, қабірлерді қиратып, қорым басында ойларына келгенді істеп жатады. Готтардың сойқаны өздеріне қол салумен ғана шектелмейді, олар жазықсыз жандарды қатыгездікпен өлтіруге де бейім екендігін бірқатар оқиғалар айғақтайды.
Олардың өзiндiк символы – қара түнек. Түнде жүрiп, сиқырмен айналысып, зираттарда түнейдi екен. Сондай-ақ эмо дегендердiң өзiнше тағдырлары бар көрiнедi, олар өздерiнiң тамырларын кесiп, тек қара мен алқызыл түстi ғана мойындайды. Ал скинхэдтер, яғни тақырбастылар туралы әңгiме басқаша. Бұдан да өзге субмәдениеттер бар. Мысалы, компьютерлiк, ақпараттандыру технологияларын жаңғыртушылар. Зиянды хакерлер бiрлестiктерi де жоқ емес.
Эмо (emo) — эмоция, сезiм, көңiл-күй; кид — бала, нәресте. Екеуiн қосқанда пәктiк пен тазалықтың жұптасуы жымдасып тұр. Бұл эмолықтардың өздерiне берген атауы. Астарында қоршаған ортаны сәбилерше сезiнiп, көрсете бiлетiн адам деген тұжырым жатыр. Олар әдеттегi адамдардай емес, бәрiн жүрегiне жақын қабылдайды. Мәселен, дүкенде жақсы көретiн кәмпиттерi таусылып қалды делiк, эмо үшiн сол күн қайғы-қасiретке, жылауға толы күн болады-мыс. Егер, жақын досымен сөзге келiп қалса, бұл жылау айдан жылға ұласатын көрiнедi. Махаббатта бiрiн-бiрi құлай сүйсе, Ромео мен Джульетта секiлдi қабiрге бiрге кiруге дайын. Тiптi, эмолықтар арасында қол тамырларын кесiп, өздерiн өлiмге қиюшылық та жиi орын алады7 Эмолықтар жаңбырлы күнi жылап жүргендi ұнатады. Себебi, жздерiн жастарымен қоса, жаңбыр суы шайып, "әдемi" сезiмге бөлейдi. Мұндай күндерi олар кiл қара түстi киiмдер кисе, көңiл-күйлерi орнығып, қуанышқа бөленгенде — қараға күлгiн-қызғылт, сондай-ақ, өзге де көзге түсетiн ашық түстердi араластыруға тырысады. Үнемi рок музыкаға елiтiп жүру де эмолықтарға тән қасиет. Негiзiнен эмо тарихы да музыкамен тiкелей байланысты. 1985 жылдары өзгелерге ұқсамайтын ерекше әуездерде ойнай бастаған вашингтондық топты жұрт "Эмо" деп атаған. Бұл әуездер бiр тыңдағанда сол кездегi панктерге ұқсағанымен, онда вокал мен лириканы эмоциямен орындау басым болған. Эмо да басқа музыкалық стильдер секiлдi өзгерiстерге ұшырады. Бүгiнде эмолықтардың әнұранына айналған музыкалық стиль — рок. Олар әр кеш сайын қолдарына гитара ұстап, билеп, ән салады.
Белгілі бір субмәдениеттің өкілі болып табылатын жастардың психологиялық ерекшеліктеріне келер болсақ, ол мына бір жайттардан көрініс табады: ата-аналары мен мектеп тарапынан болатын бақылаулардан босауға деген ұмтылыстан, эмоцияға аса берілгіштіктен, жасөспірімдік әсірелеушіліктен, өмірге қатысты ойларының тым мінсіздігінен, адамгершілік ұстанымдарының тұрақсыздығынан, жеке адами құндылықтарының қалыптаспауынан.
Жастардың өмір сүру қалпы және тіршілік ұстанымы контрмәдениет шеңберінде болуы мүмкін емес сияқты. Себебі субмәдениет – жалпы мәдени құндылықтар мен нормаларға қайшы келмейтін жалпы мәдениеттің бір бөлігі, ал контрмәдениет – жалпы мәдени құндылықтар мен нормаларға қайшы келетін жалпы мәдениеттің бір бөлігі. Айталық, хиппи құбылыс ретінде алғаш АҚШ-та 60-жылдардың басында өзгеріп кеткен қажеттіліктер мен оны қанағаттандыра алмаушылық мәселелері негізіндегі контрмәдениетті көңіл күйдің көрінісі ретінде пайда болды. Ал Батыс және Шығыс Еуропа елдеріндегі «тақыр басты» жастар қозғалысының пайда болуы, оның Ресейдегі қатыгездену және саясаттану тарихы - бұл да жастар субмәдениетінің емес, контрмәдениетінің көрінісі. Қазақстан - белгілі дәстүрлер мен жаңашылдықты өзіне жинақтаған ерекше мемлекет. Біздің жастар, бір жағынан, қоғамның инновациялық потенциалы болып табылады және білім алуда, жаңашылдықты қабылдауда, мамандығы бойынша өсіп-өркендеуде және өмірдің басқа да салаларында жеткілікті белсенді. Бірақ сонымен қатар тәрбие мен құндылықтарды мұра ретінде қабылдаудағы дәстүрлерді де ұмытпайды. Дәл осы санадағы дәстүрлілік пен діл ерекшелігі жастардың ерекше субмәдениетінің қалыптасуын тежеп тұр.
Негізі, жас адамдардың наным-сенім, өмір, бақыт, туыстарына деген махаббат, денсаулық, отбасы секілді құндылықтарға қарым-қатынастары оның рухани-адамшылық ішкі күйзелісі мен өмірлік мақсаттарын асыра бағалауымен байланысты. Біріншіден, жастар субмәдениеті жас адамдардың өз қолдарымен жастар үшін құрылады. Одан барлық адам бірдей өтпейді және субмәдениет қазіргі әлеуметтік-мәдени ұстанымдарды жоюға емес, керісінше, жастарды сол қоғамның бөлшегі етуге негізделеді.
Субмәдениет - бұл қоғамның жай кедергі жасамауына болатын жастардың әлеуметтік белсенділігінің алаңы. Қазіргі жастардың жеке, өзіндік өмірге бүгінгі аса қиын және динамикалық (қозғалысты, көп сырлы) кезеңде аяқ басатындығын ұмытпауымыз керек. Оларға нағыз өмір туралы нақты кеңестер беріп, уақытында өз өмірлік тәжірибемізбен бөлісіп, олардың бастан кешіргендеріне сыйластықпен қарауымыз қажет. Буындар арасындағы түсініспеушілік, негізінен, сол кезеңнің әлеуметтік құрылымдарын, өмір тарихтарын білмегендіктен туындайды. Тарихтың белгілі бір кезеңіне қазіргі ғылыми биіктен қарап, бүгінгі түсініктер тұрғысынан саралап, дәуір психологиясын ескермей, мәселені сол заман адамдарының қандай көзқараспен танығандығын назардан тыс қалдырып жатамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет