Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов


-ші лекцияға арналған бақылау сұрақтары



бет53/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   114
7-ші лекцияға арналған бақылау сұрақтары:
1. Мәдениеттің мәні және оның әлеуметтік маңызы
2. Мәдениет, өркениет ұғымдарына талдау жасаңыз.
3. Экономикалық, саяси, құқықтық мәдениет ұғымдарын ажыратыңыз.
4. Білім беру әлеуметтануының зерттеу пәні.
5. Білім беру ұйымдарының қызметтілігі.

8 Тақырып. Отбасы және гендер әлеуметтануы. Жастар әлеуметтануы.
Жоспары

  1. Қоғам мен отбасының өзара байланыстылығы мәселесі.

  2. Некелік-отбасылық қатынастардың тарихи типтері мен түрлері.

  3. Жастар әлеуметтанулық білім жүйесінде.

  4. Мемлекеттік жастар саясаты. Қазақстандық және әлемдік тәжірибе.


1. Қоғам мен отбасының өзара байланыстылығы мәселесі.
Отбасы әлеуметтануы - отбасының құрылуын, дамуын және өмiр сүруiн, неке-отбасы нақтылы мәдени, әлеуметтiк-экономикалық жағдайдағы қатынастарын оқытады.Отбасы институты қарапайым қоғамдарда отьасы бірден-бір шынайы, ақиқат жұмыс істейтін институт.
Отбасы дегенiмiз не? Оның белгiлерi қандай? Отбасы қоғамда қандай рол атқарады? Бұл сұраққа ертедегi ғұламалардан бастап қазiргi заманғы ойшылдарға дейiн жауап беруге тырысты. Отбасыны оның шығу тегін, аңызын көптеген ғылымдар оқытады: социология, саяси социология, психология, педагогика, демография, құқық, этика (әдеп), политология (саясаттану), тарих т.б., әдебиетте әр түрлi анықтамалар табуға болады. қай ғылым тұрғысының көзқарасынан қарасақ та кез-келген отбасы туралы анықтама толық болады. Отбасы-бұл әлеуметтiк бiрлiк, оның мүшелерi тұрмыстың ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершiлiкпен және өзара көмекпен байланысты. Негiзiнде отбасы әйел мен ер, ата-ана мен бала арасындағы некеге негiзделген немесе қандық туыстыққа негiзделген тарихи белгiлi бiр ұйымға ие қатынастар жүйесi болып табылады.
Оның негiзгi белгiлерi:
а) некелiк немесе оның барлық мүшелерiнiң қандық туыстық байланысы;
б) бiр жердегi бiрге өмiр сүруi;
в) ортақ отбасылық бюджет (қазына).
Бұл жерде заңдық жақтары мiндеттi емес. Басқа да белгiлерi нақты емес: бiрге өмiр сүру қашанға дейiн созылады бiр апта әйтпесе бiрнеше жыл; бүкiл отбасы бюджетiнiң қанша бөлiгiне әрбiр мүше кiредi т.б. Мұндай белгiлер объективтiлеу боп көрiнер едi.
Үлгiлi отбасы-адамның бақытының маңызды, жақсы бiр бөлiгi. Қоғам сондай мықты, жақсы отбасыға назар аударады. Отбасының құрылуы, некеге тұруы заңмен реттелсе де жетекшi рол атқаратын мораль (адамгершiлiк). Мынаны атап айту керек, некенiң көптеген жақтары оған отыратын адамдардың арымен бақыланады. Ойланып, ақылменен отырған неке-сәттi, жақсы болады, ал ойланбай отырған неке-елiктiргiш болады.
Неке-бұл тарихи келiсiлген, қоғамдық рұқсат етiлген және реттелген әйел мен еркек арасындағы қатынастар, олардың құқығын бiр-бiрiне мiндетiн, балаларына, өз ұрпақтарына, ата-аналарына қатынастарын орнатады. Басқаша айтсақ, неке-ол отбасының дәстүрлi құрылу құралы, оны қоғамдық бақылау қоғамның өзiн өзi сақтауы мен дамуының бiрден бiр қаруы, жолы.
Адамгершiлiкпен некеге тұру реттелiп отырса, айырылысу яғни ажырасу да адамгершiлiкпен жүргiзiледi. Егер ерлi-зайыптылар арасындағы сыйластық, достық, татулық, сүйiспеншiлiк жойылса, отбасы емес, онда некенiң бұзылуы адамгершiлiк боп есептеледi.
Отбасы қатынастарында оның күрделiлiгiне, ерлi-зайыптылардың жеке қатынастары барысында көптеген қайшылықтар тууы мүмкiн, олар тек қана адамгершiлiкпен, моральмен реттелiп отырады. Адамгершiлiк нормалары отбасы қатынастарын реттеуде қарапайым болғанымен, мазмұны мен мағынасы жағынан кең. Мiне, солардың негiзгiлерi: ерлi-зайыптылар арасындағы сүйiспеншiлiк, махаббат; олардың бiр-бiрiне тең қатынаста болуы, бiрiнiң бiрiне бағынышты болмауы; ерлi-зайыптылар арасындағы және отбасы мүшелерi арасындағы қамқор қатынастар; балаларды жақсы көру, отбасыда кездесетiн қайшылықтарда шешудегi ептiлiк; тұрмыста бiр-бiрiне көмек көрсету.
Ерлi-зайыптылардың өзара сүйiспеншiлiгi, теңдiгi, бiр-бiрiне көмегi күнделiктi отбасыда кездесетiн көптеген азды-көптi сұрақтарды шешуге, әр түрлi пiкiрлер мен көз қарастардың қарсы келiп қалуларын реттеуде негiзгi болып табылады.
Бала тәрбиелеудегi адамгершiлiк мiндеттер ерекше маңыз алады. Бала тәрбиесiндегi отбасының мiндетi табысты болады, егер де отбасыда татулық, сыйластық, бiр-бiрiне көмек, балаларға саналы талап қою, еңбектi құрметтеу сияқтылар орын алса.
Отбасының қызметi функциясы (мiндетi)-оның белсендiлiгiн көрсету құралы. Барлық қоғамда отбасы өз мiндетiн орындайды: халық санын ұдайы өсiру, бұған физикалық (бала туу) және адамның отбасыда рухани-адамгершiлiктi ұдайы өндiру; Шаруашылық–тұрмыстық. Отбасының шаруа­шылық-тұрмыстық мiндетi жеке қосалқы шаруашылығымен, бау-бақшасымен, отбасы мүшелерiнiң өз-өзiне қызмет етуiмен, тұрғын жайдағы санитарлық-гигиеналық тазалық, отбасы бюджетiн сақтаумен көрсетiледi; Тәрбие. Отбасының әлеуметтiк тәрбиелiк мiндетi ата-аналардың балаларға рухани – адамгершiлiк, саяси, әдептi тәрбие берумен айқындалады; Бос уақытты пайдалану мен ұйымдастыру. Оның мақсаты - отбасы мүшелерiнiң таланттарын, мүмкiндiктерiн жемiстi ету, рухани байлықтарын белсендi демалуға пайдалану.
Халықты ұдайы өсiруде биологиялық аспектi мен бiрге баланы оқыту мен тәрбиелеуде отбасыны ешқандай да қоғамдық мекемемен ауыстыруға болмайды. Бала тек қана отбасыда ең бiрiншi нәтижелi өзiн қалыптастырады. Қазiргi жағдайда қоғам, әлеуметтiк институттар (мектеп, лицей, жоғарғы оқу орны т.б.) беретiн тәрбиенi қандай отбасы бере алады. Бiрақ балаға отбасы берген адамгершiлiк-психологиялық тәрбие оның бойында ұзақ сақталады, мүмкiн өмiр бойы сақталар. Бала отбасыда өмiрдiң әлiппесiн танып бiледi.
Отбасының тиiмдi және экономикалық iс-әрекетi қоғам өмiрiмен тығыз байланысты, сондықтан да мемлекет немқұрайлы қарап отырмайды. Егер ұзақ уақыт бала тәрбиесiне мемлекет онша қатысты болмаса, қазiр ол мемлекеттiк және отбасылық iс боп саналады. Отбасы балаға адамдар арасында өмiр сүруге үйретедi, оған белгiлi саяси-идеялық көзқарастарды, әлемдi танушылықты, адамгершiлiк нормалар мен ережелердi егедi. Бала отбасыда адамгершiлiк нормаларымен танысады, үйренедi. Осында балада мiнез-құлық қалыптасады, жеке адамгершiлiк-психологиялық жақтары қалыптасады.
Тәрбие-ұлы iс: онда адам тағдыры шешiледi.
Тәрбие күнделiктi отбасы мүшелерiмен, туысқандармен басқа да отбасы мүшелерi араласатын адамдармен баланың қатынасуы, араласуымен iске асырылады. Бала мектепте, техникум, лицейде, жоғарғы оқу орнында, өндiрiсте еңбекте болса да отбасының тәрбиелiк мiндетi жойылмайды, тәрбиелiк әсер жасөспiрiмдiк кезде, ержеткенде де тоқталмайды. Жақсы ортада өнегелi отбасыда өскен бала өз iс әрекетiнде қоғамдық немесе өз коллективiнiң мүшелерiнiң пiкiрлерiн басшылыққа алып қана қоймады, өз туыстарының, жақындарының пiкiрлерi маңыздырақ болады. Туылған кезде бойымызда жоқ, бiрақ бiзге өмiрде керек нәрселердiң бәрi тәрбиемен берiледi. Барлық жеке адам өздерiн қоғамдық пайдалы еңбекпен қалыптастырады.
Әр жылы еңбек еткен адам кезектi еңбек демалысына шығады, сәтi келгендерi еңбек демалысына шығады, сәтi келгендерi демалыс үйлерiнде, санаторийлерде демалады, тынығады. Сонда да болса ең жақсы демалып тынығатын, физикалық күш жинайтын, моральдық, психологиялық жәрдем алатын жерiмiз отбасы, отбасы боп табылады. Бiрақ отбасыда қатынастар әр түрлi қалыптасады: Ұнамды, жағымды және жағымсыз, терiс, бұлар адамға әр түрлi әсер етедi. Мiне, осы жерде отбасының коммуникативтi функциясы-адамдарды қатынасуда, бiрiгуде қанағаттанарлық қажеттiлiгi маңызды роль атқарады.
Социологтар неке мен отбасының рухани-адамгершiлiк негiзi махаббат пен парыздық, жауапкершiлiк пен мiндеттiң бiрлiгi деп атап көрсетедi.
Махаббат дегенiмiз не? Махаббат адамның күрделi, сырлас қатынастарының бiрi, әйел мен еркектiң табиғи және әлеуметтiк байланысының бiрлiгi, яғни табиғи – биологиялық қажеттiлiгi мен адамгершiлiк-әдеп, физикалық және психологиялық қатынастары.
Отбасылық қатынастардың ерекшелiгi адамгершiлiк нормаларының, принциптерiнiң ерекшелiгiн анықтайды. Бiрiншi орында ата-ана махаббат, достық пен өзара қамқорлық, ерлi-зайыптылық, ата-аналық, қыздың, ұлдың парызы және өзара қамқорлығы, еркектiк және әйелдiк абырой, бiр-бiрiнiң мақтанышы, ерлi-зайыптылық тазалық, берiлгендiк, өзара сыйластық, рухани және идеялық бiрлiк т.б. алады. Ерлi-зайыптылардың арасындағы әйел мен еркектiң өз аттарына сай болуы.
Әйелге тән қандай қасиеттер? Әйелдiк қасиеттерге мейiрiмдiлiк, жұмсақтық, сезiмнiң әсемдiгi мен нәзiктiгi, аналық қамқорлығы, балаға ғана емес үлкендерге де, оқығандығы-тәрбиелiлiгi, берiлгендiгi, үнемi ерiн моральдық жағынан демеп отыруға дайын болуы, ерiнiң бойына өзiне деген сенiмiн арттыру, өзiнiң және ерiнiң қасиетiне мәпелеп қарау.
Қандай қасиеттер ерлерге тән? Ерлерге тән қасиеттер деп мыналар болып танылады: оқығандығы-тәрбиелiлiгi, әйелге (қызына, қарындас-аналарына) көмекке әрдайым дайын болуы, оларға физикалық және моральдық жағынан кеңпейiлмен көмек көрсету, жинақылық, салауаттылық, тұрақтылық, парасатты ой, өзiне сенiмдiлiк, мақсатқа ұмтылушылық т.б.
Өмiрге оптимистiк көзқарасы, кездескен қиындықтармен тапқыр да жiгерлi кресе бiлу, сергектiк, жарқын, әзiл түсiнетiн, физикалық, рухани күшке ие, сезiмтал және жақындарына ынталы назар сап отыру, отбасысына, балаларына қамқор болу осылардың – бәрi ерлерге тән қасиеттер. Еркек нәзiк, ақылды сезiнуге, ойлауға, бейiм болған сайын өзiне әйелдердi көбiрек тарта түседi. Ерлердiң үй шаруасында әйелге көмектесуiн оның қасиетiн төмендеткенi деп түсiнедi, бұл дұрыс емес.
Отбасы - үш махаббаттың: ерлi-зайыптылардың, ата-ананың, баланың махаббаттарының қорытпасы. Ол парыздан, берiлгендiктен, мақсат-мүдделердiң бiрлiгiнен ажырамайды.
Қазiргi кезде отбасыны әлеуметтiк-таптық белгiсiне – жұмысшы отбасыны, ауыл-шаруашылық қызметкерлерiнiң (фермер, кооператор, арендатор) отбасысы; екiншiден, қалалық, ауылдық (орналасу түрiне қарай); үшiншiден бiр ұлтты, ұлтаралық (ұлттық белгiсiне), төртiншiден, өмiр сүру кезеңiнде (жас отбасы, бала күтiп отырған отбасы, орта жастағылар отбасысы, үлкен жастағылар отбасысы, қарттық жастағылар отбасысы т.б.); отбасы мүшелерiнiң санына қарай (баласыз отбасы, аз балалы, көп балалы отбасы т.б.) сипатталады.
Егер отбасының үш түрiнiң (әлеуметтiк-таптық белгiсiне, орналасу түрiне, ұлттық белгiсiне) сипаты қарапайым болса, өмiр сүру кезеңi мен сандық құрамына байланысты түрлерi көп айырмашылыққа ие.
Жас жұбайлар отбасы. Бұл ендi ғана пайда болған отбасы.
Жас отбасы. Бұл көтпеген кедергiлерде (отбасылық) жұбайлық өмiрде кездестiрген олардың әрқайсысы өмiрде тек бiр махаббаттың аз екендiгiн түсiнген отбасы.
Бала күтiп отырған отбасы. Бұл кезеңде әйелдiң өзгеруi байқалады, болашақ әке де өзгерiстер болады. Бiр-бiрiне шектен тыс қамқорлық пайда болады. Мұндай қатынас болашақ ана мен балаға екi есе керек.
Жұбайлық өмiрдiң орта жасындағы отбасы (үш жылдан он жылға дейiнгi бiрге өмiр сүргендер). Бұл кезең бұл отбасылар үшiн жауапты да қиын кезең. Нелiктен? өйткенi тап осы кезеңде жұбайлық өмiрiне пыстырады, өзара қатынастағы бiрқалыптылық жалағастырады. Дау-жанжалдар туа бастайды, осы кезеңге отбасының ажырауы, бұзылуы тап келедi. Жұбайлық өмiрдiң үлкен жасындағы отбасы (он-жиырма жылдық бiрге өмiр сүргендер). Мұндай отбасылардағы ерлi - зайыптылардың моральды - психологиялық ахуалының сәттi болуы – көбiне олардың адамгершiлiк қасиеттерiнiң байлығына, өзара көнбiстiгiне, қажеттiлiктерi мен мүдделерiнiң сай келуiне байланысты.
Жұбайлық өмiрдiң қарттық жасындағы отбасы. Бұлар бiрнеше он жылдар бiрге өмiр сүргендер. Уақыттың екi қанаты бар: бiрi-қуанышыңды әкетедi, екiншiсi-көз жасыңда сүртедi, құрғатады. Мұндай жағдай олардың балалары некеге тұрып, немерелерiнiң пайда болуымен пайда болады. Ерлi-зайыптылар өмiрдiң жаңа кезеңiн бастайды, бiрi-ата, екiншiсi-әже болады, отбасыда жаңа мiндеттер қалыптасады.
Отбасының белгiлi бiр бөлiгi баласыз, аз балалы, көп балалы отбасыны құрайды.
Баласыз отбасы-мұнда он жылға дейiн бiрге тұрып бала болмағандар жатады. Мұндай отбасылардың әрбiр үшiншiсi ерлер тарапының талабымен ажырасады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет