Бiр балалы отбасы. Мұндай отбасылар қалады 53,6%, ал ауылдың жерде 39-40% құрайды. Мұндай отбасының әрбiр екiншiсi ажырасады. Бұдан бала санының аздығына байланысты отбасы ажырасады деп қарамау керек, ерлi-зайыптылар осылайша ұзақ уақыт бiрге тұра алмайтындықтан келесi баланы өмiрге әкелуге тәуекел етпейдi. Мұндай отбасыдан шыққан балалардың жан-жақты дамыған, моральды-психологиялық жақсы қалыптасқан адам болуы екi талай. Көптеген психологтар мен социологтар мұндай адамдарда жауапкершiлiктiң болмауы, еңбек сүйгiш еместiгi, жеке басып ойлаушылық, адамдармен қалыпты қатынас жасау алмауын көрсетедi.
Аз балалы отбасы (бiр, екi балалы). Социологтар мен политологтардың бақылауы бойынша екiншi баланың туылуы бiр балалы отбасыға қарағанда отбасының тұрақтылығын 3 есеге артады екен. Бұл отбасылардың әрбiр алтыншы, жетiншi жұбы ғана ажырасады.
Көп балалы отбасы-үш баладан көп балалы отбасы. Бұл отбасыларда ажырасу сирек болады, болған жағдайда да ол ерiнiң күнәсiнен болуы мүмкiн. Бұл жерде ананың еңбегi зор, сондықтан да қазiргi кезде әйелдердiң көпбалалы болуға ұмтылуы кем.
Толық емес отбасы. Мұндай отбасыда ата-ананың бiреуi ғана болады (көбiне жалғыз басты ана). Мұның себебi-ерлi-зайыптының бiреуiнiң қайтыс болуы, ажырасу немесе некесiз туылған бала, жалғыз басты әйелдiң бiреудiң баласын асырап алуы т.б. Мұндай типтегi отбасы әлеуметтiк сапасыз, тиiмсiз. Мұндай отбасыдағы балалар көп уақыттарын үйден тыс өткiзедi, себебi аналары жұмыста болады. 50% заң бұзушылар осындай отбасылардан шыққандар.
Жеке, қарапайым отбасы.Мұндай отбасыны балалы, баласыз ерлi-зайыптылар құрайды. Олар ата-аналарынан, туыстарынан бөлек, өздерiнше өмiр сүредi. Сондықтан да олар өз өмiрлерiн қалай құрғылары келсе солай жасайды.
Күрделi отбасы. Бұл отбасы бiрнеше ұрпақ өкiлдерiнен тұрады. Социологтардың зерттеулерi бойынша қазiргi кезде жасы 20-ға дейiнгi жас жұбайлардың 65% осындай отбасыларда өмiр сүредi. Мұндай отбасыларда тұрмыс ұтымды жөнге салынған, жастардың бос уақыты көп, болмайтын нәрсеге ұрыс-керiс аз болады. Отбасының әр мүшесi басқа отбасы мүшелерiнiң көзқарасына ықыласпен қарайды.