2. Саяси модернизация теориясының негізгі бағыттары, олардың эволюциясы және саяси тәжірибемен байланысы. «Саяси модернизация» дегеніміз саяси жүйенің әлеуметтік мақсаттардын, жаңа үлгілеріне бейімделу қабілетінің үнемі және табысты түрде өсуі және тек қорларды ғана қадағалауға мүмкіндік беретін жаңа институттар түрін ғана емес, сонымен бірге үкімет пен халық арасында тиімді байланыс орнату үшін арналар құру» осылайша, әлеуметтік талаптарды қанағаттандыру, орталықтандырылған мемлекет пен саяси қатысу - саяси саладағы модернизацияның негізгі сипаттамасы.
Модернизация мақсаты — modernity, немесе қазіргі уақыт жағдайы ретінде танылатын белгілі бір жетістікке жету. Бұл жағдайдың дамыған үлгісі ретінде нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік экономика танылады. Модернизация мен жаһандану үрдістерін байланыстырса, онда қарым-қатынастардың капиталистік жүйесі тек модернизациялық қана емес, сонымен бірге жаһандану үрдістердің де негізінде жатқаны анықталады.
Модернизация теориясы құрылған негіздеме мына классиктердің еңбектерін көрсетуге болады, өйткені олар белгілі бір дәрежеде осы мәселені көтерген: О.Конттың адамзат дамуындағы үш кезең идеясы, К.Маркстің тарихи материализмі, М.Вебердің «рационализадиясы» (ұтымды ету), Г.Зиммелдің «абстракциясы», Ф.Теннистің «қауымдастығы» мен «қоғамы», Э.Дюркгеймнің «механикалықтан органикалық ынтымақтастыққа» өтуі, Т.Парсонстың «әлеуметтік жіктеу» рөлін талқылауы т.б.
«Модернизациялық» үрдіс мәні мен оның аяқталу критерийлерін ашатын «модернизация теориясы» XX ғасырдың 50-ші жылдарының соңы мен 60-шыжылдарының басында қалыптасты. Жаңа теория әртүрлі ғылымдар тоғысында пайда болды:модернизацияны айрықша тұжырымдамасының қалыптасуына экономистер үлкен үлес қосты. 1960 жылы Ұлыбританияда жарық көрген У.Ростоудың «Экономикалық дамудың кезеңдері» атты еңбегінің мәні зор, оның «Коммунистік емес манифест» деген тарауы да ерекше. Кәсіби саяси ғылымдар ортасында модернизация теориясының жеке қағидаларын 1950 жылдары негізінен американдық ғалымдар талкылады. Модернизация теориясының қалыптасуына Т.Парсонстың қоскан үлесін ерекше атауға болады.
Модернизация теориясының кейбір жақтаушылары, мысалы, Т.Парсонс қазіргі индустриалды қоғам үшін демократия авторитаризмнен қарағанда тиімдірек деп есептеді. Экономикалық даму мен демократия арасындағы өзара байланысқа талдауды С.Хантингтон жасады, ол дамушы елдердегі демократиялык режимнің тұрақтылығы осы коғамда нарықтық экономиканың қаншалықты тамыр жайғанына байланысты деп көрсетті.
Модернизациялау үдерісі барысындағы саяси өзгерістерді зерттеп, сипаттауға саяси дамудың әртүрлі тұжырымдамалары бар. Мысалы, саяси теорияның мынандай ғылыми бағыттарын бөліп көрсетуге болады: 1) «модернизация»; 2) «даму»; 3) «артқа қалу» (немесе субдаму) және 4) «тәуелділік».
Демократиялық модернизациялану үдерісінің жіктелісін американдық зерттеуші К.Менгес үсынды. Ол он сатыны бөліп көрсетті, ол үшін алты негізгі елдің дамуын мысалға алды.
Сипаты жағынан циклдік болатын кезеңдер жіктелісін В.Шейнис үсынды:
Біріншісі — дағдарыс пен бұрынғы режимнің моральды-саяси оңашалануы;
Екіншісі - осы коалициялардың жеңісі немесе жартылай жеңісі;
Үшінші фаза - бұрынғы режиммен гендік жағынан байланысы бар, бұқара көңілін қайта өзіне аудара алған көшбасшылар мен ұйымдардың билікке қайта оралуы.
Демократиялық мордернизацияның өзіндік, қазақстандық жолын ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынды: «Халықтың көпшілігі қолдаған қазақстандық жол - сызбаны көз жұма көшіре салу емес, өзіндік жолды іздеуге ұмтылу. Мұнда біз басшылыққа алатын басты қағида — қан мен хаосқа толы демократия бізге керек емес. Біздің демократиямыздың негізі — саяси, әлеуметтік және халықаралық тұрақтылық».